жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ
Қызықты
география».
(Интеллектуалды
сайыс)
Сайыстың
тақырыбы: «Қызықты
география»
Сайыстың
мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының география пәнінен
алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру
Сабақтың
түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі:
слайд, интерактивті
тақта.
Сайыстың
шарттары:
І. Таныстыру
І. Кім
тапқыр
ІІ. Адасқан
әріптер
ІІІ. Жеті
жұмбақ
ІV. Сиқырлы
сандар
V.
Ситуациялық
сұрақтар
VІ. Ойлы болсаң, озып көр Топ басшылар сайысы
Жүргізуші: Білгенге білім- байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай
Үйренсең өнер-білім -өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің ордасындай.
Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол-көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.
Асыл сол- ақыл, білім бойда барлық.
Кезі келді міне ойланарлық.
Оқысаң ғылым қорын білім алар,
Көңілдің кірейк басқан көзін ашар.
Осы айтқан сөздерін санамызға сақтай отырып,
ойынымызды бастаймыз.
Сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ
қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
1.
____________________________________________________________
2.
_____________________________________________________________
3.
______________________________________________________________
Олай болса
сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, таныстыруды
бастаймыз.
І.Таныстыру
Сайыскерлерімізбен таныс
болыңыздар:
1. 5«а» сыныбынан
шығып отырған «Материктер»
тобы
2. 6 «а» сыныбынан
шығып отырған «Мұхиттар»
тобы
І.
“Кім тапқыр?” (Бұл кезеңде
сайыскерлерімізге 20сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған
жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)
1)“Ұлы
географиялық ашулар
заманы” қай
ғасырдың аралығында болды?
(XV-XVIIIғасырлар)
2)
Тау жыныстары тегіне
қарай нешеге бөлінеді, оларды ата ?
(Магмалық, шөгінді,
метаморфтық тау жыныстары)
3) Желдің бағыты
мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар,
флюгер)
4) Белгілі бір
жердегі ауа райының көп жылдық режимі?
(Климат)
5) Атлант
мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико 8742 метр)
6) Жер
сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады?
(Сейсмология)
7) Экваторға
қарай соғатын жел? (Пассат)
8) Ауа райын
зерттейтін ғылым? (Метеорология)
9) Жер
қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі?
(Мантия)
10) Күн мен
жердің арақашықтығы? (150млн км)
11) Жеке
жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика)
12) Атмосфералық
қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)
13) Қазақстанның
ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі)
14) Планеталардың
күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)
15) Атмосфераның
ең төменгі қабаты қалай аталады?
(Тропосфера)
16)
Күнді айнала қозғалатын
ғаламшарлар жолы қалай аталады?
(Орбита )
17)
Алғашқы қазақ ғарышкері
кім?
(Тоқтар
Әубәкіров)
18)
Қазақстан Республикасы
орналасқан материкті ата
(Еуразия)
19) Жердің су қабығы қалай аталады? (Гидросфера)
20) Тынық мұхиттың ең терең жері қалай аталады? (Мариан шұңғымасы 11022 метр)
ІІ. “Адасқан
әріптер?” (Бұл кезеңде
экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден
география пәніне қатысты сөздер шығару
керек)
1) ТСААШМБ
МАСШТАБ
2) АТРОИБ
ОРБИТА
3) ТВОЭРАК
ЭКВАТОР
4) ДЕНАИИМ
МЕРИДИАН
5) АРФЕТАСОМ
АТМОСФЕРА
6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР
ІІІ. «Жеті
жұмбақ» (Сайысымыздың
бұл кезеңінде 9ұяшық берілген, әр ұяшықтың ішінде география пәніне
қатысты 1жұмбақ жасырылған. Топтар бір-біріне кезек бере отырып, 3
ұяшықтан таңдауға тиіс.Егер таңдаған топ жауабын білмесе, келесі
топ жауап береді.)
1) Тұрғыны жоқ
елдер
Үйі жоқ
қалалар,
Ағашы жоқ
ормандар
Суы жоқ
теңіздер,
Бұл
не?
ЖАУАБЫ:
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА
2) Бар ма,жоқ
па
Оны анық
білмейсің.
Ол жоқ
жерде
Өмір сүріп
жүрмейсің
Жауабы:
АУА
3) Бір нәрсе
бетінде жоқ ой мен қыр,
Өзінің
кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар
салып қарасаңыз
Келбеті жер
жүзінің көрініп тұр.
Жауабы:
ГЛОБУС
4) Өркеші бар,
түйе емес,
Не ақ отау – үй
емес.
Бір орнында
тұрғаны,
Не болады бұл,
кәне?
Жауабы:
ТАУ
5) Туған жердің
белбеуі,
Шұбатылып
қалыпты,
Керемет-ау
кернеуі –
Тасты кесіп,
жарыпты!
Жауабы:
ӨЗЕН
6) Бір зат бар
дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс,
жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат
жан-жануар арасында,
Мәңгілік
өсіп-өніп өмір сүрген
Бұл
не? Жауабы:
ЖЕР
7) Жер өзегі
атанған,
Ең орталық
бөлігі,
Бұл
не?
Жауабы:
ЯДРО
8) Сурет
жұмбақ. Мүсінінің алдындағы тақтайшаға «Күнді
тоқтатып, Жерді айналдырушы» деген сөздер жазылған зерттеуші
кім? (Николай
Коперник)
9) Орталық Азияға бірінші өтіп, Ыстықкөл, Жетісу
төңірегіне саяхат жасаған қазақтың тұңғыш географ- ғалымы
кім? (Шоқан
Уәлиханов)
VІ. Сиқырлы
сандар
І топқа
А 8848м --- Гималай
Б 41% --- Қызыл теңіздің тұздылығы
В 9 --- ғаламшар
Г 11022 м ---Мариан шұнғымасы
Д 510 млн км --- Жердің ауданы
Ж 24 сағат --- тәулік
ІІ топқа
А 6995 м --- Хан тәңірі
Б 40000 км --- Экватордың ұзындығы В 2-5 см --- Тақталардың ығысуы
В Г 40000 км --- Экватордың ұзындығы
Г 2900 м --- Мантия
Д 1 см- 100 м --- Атаулы масштаб
Ж 150млн км ---Жер мен күннің ара қашықтығы
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар, дей келе білім - адам баласының ортақ қазынасы. Келесі кезеңіміз «Ситуациялық сұрақ» Әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі.
V. Ситуациялық сұрақтар
І топқа
1 Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады.
Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған.
2 Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңдар. Олар сіздерге Кенгуру деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер.
Жауабы : Австралия материгі
ІІ топқа
1 Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк және қай халық.
Жауабы: Антрактида материгі және зерттеушілер.
2. Италияда Ит үңгір деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлады. Неге?
Жауабы: Газ жерден 1 м-ден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлады.
VІ. Ойлы болсаң, озып көр Топ басшылар сайысы
А - ЕҢ суық материк --- Антарктида
Ә - Еуразияның ішкі тұйық алабына жататын өзен --- Әмудария
Б - Жердің географиялық қабығы --- Биосфера
Г - Жердің кішірейтілген бейнесі ---Глобус
Ү - Еуразияның оңтүстігіндегі мұхит --- Үнді
М - Планда кішірейтіліп көрсетілген сан --- Масштаб
П - Ертедегі ежелгі құрлық --- Пангея
Т - Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз --- Темірқазық.
Э - Жердің дөл ортасынан бөліп жатқан сызық --- Экватор
Л - Жердің беткі қатты қабаты --- Литосфера.
О - Абсолюттік биіктігі 200 м -ге дейінгі жазық --- Ойпат
Қ-Жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын аймақ------Қорық
Ц- Жер сілкінісінің әсерінен пайда болатын толқын------Цунами
Ең, ең,
ең....
1)Дүние жүзіндегі еңбиік тау?
(Гималай)
2)Дүние
жүзіндегі ең үлкен арал?
(Гренландия)
3) Дүние
жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)
4)Дүние
жүзіндегі ең кіші материк?
(Аустралия)
5) Дүние
жүзіндегі ең үлкен көл? (Каспий)
7)Дүние
жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)
8)Дүние
жүзіндегі ең суық материк?
(Антарктида)
9)Дүние
жүзіндегі ең терең шұңғыма?
(Мариан)
10)Дүние
жүзіндегі ең үлкен ел? (Ресей)
11)Дүние
жүзіндегі ең үлкен шөл? (Сахара)
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білімнің шыңына
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
География сырына,- дей отыра сайысымызды аяқтаймыз.
Қорытындылау.
Осымен «Қызықты
география» сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайсымыздың
жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді сарапшы ұстаздарымызға
береміз.
(Марапаттау
рәсімі)
Алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген