жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қызықты география» интеллектуалдық ойыны Сынып:9
«Қызықты география» интеллектуалдық ойыны
Сынып:9
Сайыстың мақсаты: танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділік: оқушылардың география бойынша алған білімін арттыру,олардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Дамытушылық: өз ойын білу, шешендік өнерін дамыту, география пәні бойынша іскерліктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың саяси, ұлттық санасын ояту, жеке тұлғаларды үлгі ете отырып, олардың патриоттық сезімдерін тудыру.
І
кезең- « Сұрақ –жауап»
ІІ кезең -
«Қызықты төрттік»
ІІІ кезең - «Тіл
өнер»
ІV кезең- «Иә-жоқ»
V кезең-
«Адасқан әріптер»
Көрнекіліктер:
1. Қазақстанның физикалық картасы.
2. Слайдтар.
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар,
Бүгінгідей жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер, білім, адалдық, ар намысты,
Жоятын надандық қой елсіз індет.
дей отырып, 8 «А», «Ә» сыныптары арасында өтетін «Қызықты география» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ойынымызға сегіз оқушы қатысады.
Бүгінгі ойынымыздың әділ –қазыларымен таныс болыңыздар.
Сайысымыздың барысына тоқталсақ, сайыс бес кезеңнен тұрады, әр кезең белгілі бір ұпаймен анықталады. Әр кезең сайын төмен ұпай жинаған оқушылар ойынан шығып отырады.
І кезең -«Сұрақ -жауап» дей келе біз алғашқы кезеңінді бастайық.
- Оқушыларға
география сабағынан осы күнге дейін
өткен тақырыптарынан қарапайым сұрақтар
қойылады, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы
ұсынылады.
- Қатысушы дұрыс жауап
берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
1.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 16 желтоқсан)
2. Қазақстанның жер көлемі қанша? (2724,9 мың км.²)
3. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)
4. Сауырдың ең биік нүктесі қалай аталады? ( Мұзтау)
5. Қазақстанның ең суық жері? (Атбасар)
6. Қазақстанда шілденің орташа температурасы қанша? (+28 +30)
7. Көктемнің аяғы, күздің басында болатын атмосфералық құбылыс? (Үсік)
8. Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін жер? (Батыс Алтай)
9. Қазақстан аумағының батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы? (3000 км)
10. Қарақия ойысы орналасқан жер? (Маңғыстау түбегі)
11. Қазақстан аумағының 10% жерін алып жатқан жер бедері ?
(Биік таулар)
12. Ембі желін алғаш сипаттап жазған ғалым (Ш. Уәлиханов)
Бұл кезеңде аз ұпай санын жинаған 1 оқушы ойынан шығады.
ІІ кезең – «Қызықты төрттік»
Бұл кезеңде оқушыларға төрт ұяшық беріледі.Әр ұяшықта 20,30,40,50 ұпайлы сұрақтар жасырылған. Оқушы таңдаған сұраққа жауап бере алмаса, қарсыластары жауап беріп ұпайды өз қоржынына алады.
-
50
40
30
20
Климат
50
40
30
20
Тәуелсіз
Қазақстан
50
40
30
20
Өзен
50
40
30
20
Жер бедері
Климат 20
Қазақстан аумағындағы ең ыстық ай? (Шілде)
Климат 30
Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?
(Арктикалық, Қоңыржай, Тропиктік)
Климат 40
Қазақстанның оңтүстігінде қар жамылғысының қалыңдығы қанша?
(10-15 см)
Климат 50
Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 1600мм жауатын жер?
(Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы)
Тәуелсіз Қазақстан 20
Республикамызда Конституция қай жылы қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)
Тәуелсіз Қазақстан 30
Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда)
Тәуелсіз Қазақстан 40
Республикамызда қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады? (131 ұлт пен ұлыс)
Тәуелсіз Қазақстан 50
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес қай жылы Алматыдан астанамыз Ақмолаға көшірілді? (1997 жыл)
Өзен 20
Қазақстанда ірілі-ұсақты қанша өзен бар? (85 мың)
Өзен 30
Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын не дейміз?
(Жылдық ағын)
Өзен 40
Қазақстандағы ең лай өзен? (Сырдария)
Өзен 50
Ертіс өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы қанша? (1700)
Жер Бедері 20
Республика жер бедерінің ең биік нүктесін ата?
(Хантәңірі (6695 м)
Жер Бедері 30
Сарыарқаның ең биік шыңы? (Ақсораң (1565 м)
Жер Бедері 40
Қазақстан жеріндегі Алтай тау жүйесі нешеге бөлінеді?
(3 ке. Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай, Қалба жотасы)
Жер Бедері 50
Жер қойнауының даму кезеңінде қанша эра бар және оларды ата?
(5 эра. Архей, Протерозой,Палеозой,Мезозой, Кайназой)
Бұл кезеңде ойынан ұпай саны аз жинаған екі оқушы шығады.
ІІІ кезең- «Тіл өнер»
Мұнда берілген жұмбақ тапсырмаларды үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жауап береді.
1. Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады? (Кітап)
2. Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы,
Жүргенде білінбейді басқан ізі? ( Күн мен ай)
3. Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен? (Су)
4. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады? ( Күн)
5. Ай үстңіде алтын тас,
Алайын десем табылмас? (Жұлдыз)
6. Дәу қара құс көрінеді,
Көзінің жасын төгеді? (Бұлт)
7. Ол келсе орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды,
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды? (Жел)
8. Орманнан жалпақ даладан,
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады? (Аю)
Бұл кезеңде ұпай саны аз екі ойыншы шығады.
ІV кезең- «Иә-жоқ»
1.Еуразия
материгінің кіндігі ШҚО, Абай ауданы,
Жидебай ауылында орналасқан.
2.Қазақстан
Каспий теңізі арқылы Иран, Әзербайжанға
шыға алады.
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель.
4. Қазақстан 6 елмен шектеседі.
5.Қазақстанмен ең ұзын шекараласатын ел-Рессей.
6. Қазақстанның ең биік нүктесі-Мұзтау шыңы.
7.Қазақстанда бес экономикалық аудан бар.
8.Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы-Мұғалжар тауы.
9.Қазақстанның аласа таулы өлкелері-Мұғалжар,Сарыарқа, Маңғыстау.
10.Тұран жазығының Сырдария өзені екіге бөліп жатыр.
11.Елімізге Орта Азия мен Иран келетін ауа массасы қоңыржай.
12.
Қазақстан
жерінде соғатын желдер-Ебі желі, Сайқан
желі, Шілік желі,
Арыстанды-Қарабас
желі, Қордай желі, Мұғалжар желі.
13. Қазақстан климатынының типі- қоңыржай континентті.
14. Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-і орналасқан.
15.Қазақстанда ұзындығы 1000км –ден асатын 7 өзен бар.
Осы кезеңде ұпай саны аз жинаған 1 оқушы ойынан шығады.
V кезең- «Адасқан терминдер»
-
№
Терминдер
Анықтамасы
1
Материк
А
Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, беткейлері қия болып келетін биік бөлік.
2
Флюгер
Ә
Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат.
3
Шығанақ
Б
Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы.
4
Тау
В
Желдің бағытын анықтайтын құрал.
5
Мұхит
Г
Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан бөлігі.
6
Лава
Д
Мұхиттың, теңіздің, көлдің құрлыққа сұғына кіріп жатқан бөлігі.
7
Теңіз
Ж
Жан-жағынан су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі.
8
Арал
Е
Құрлықтың суға тереңірек енген бөлігі.
9
Шығанақ
О
Мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшау тұратын бөлігі.
10
Түбек
М
Дүниежүзіндегі мұхиттарды бір-бірімен жалғастырушы.
11
Бұғаз
С
Мұхиттың, теңіздің құрлыққа кіріп жатқан бөлігі.
Қорытынды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген