400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты география. «Тапқырлар» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты география туралы мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты география. «Тапқырлар» сайысы

9 сыныптар
Мақсаты:
1. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекілігі: презентация слайд.
Барысы:

1топ-Қыран тобы 2топ-Сұңқар тобы
1. кезең кім жылдам

2. кезең адасқан әріптер

3. кезең жұмбақ шешіп көрейік

4 Ең, ең,ең......

6. Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

1 - жүргізуші:

Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамидаларды көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең, деп айтсақ артық айтқандық болмас. Біз географияның тек ғылым емес, сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек. Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік талант қажет. Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады.

2 – жүргізуші:

География - ерекше ғылым. Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар мен авантюристер, барлаушыларды таба аласыздар. Олар алтын іздеді, бірақ дүниежүзілік ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді, олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды. Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты. Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды. Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.
1 - жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Тапқырлар» сайысы.Сайысқа

9 сынып оқушылары қатысады. Оқушыларға сәт сапар тілейміз.
2 - жүргізуші
Ақыл - тастан, өнер - жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпайды.
1 - жүргізуші – 2топты ортаға шақырамыз.

1топ-Қыран тобы

2топ-Сұңқар тобы.
Сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.
1. кезең «кім жылдам»

2. кезең « адасқан әріптер»

3. кезең «жұмбақ шешіп көрейік»

4 Ең, ең,ең......сөйлемді аяқтау

6. Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

2 – жүргізуші: «Кім жылдам» кезеңін бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.






I кезең «Кім жылдам»

I-ТОП

1. Жер қыртысының түрлері? (Материктік,мұхиттық)

2. Грек тілінен аударғанда “География”

сөзінің мағынасы? (Жерді сипаттап жазу)

3. Жердің тіршілік қабаты? (Биосфера)

4. Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами)

5. Жердің ауа қабаты? (Атмосфера)

6. Дүниежүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы? (Ф.Магеллан)

7. Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар)

8. Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат)

9. Жер шарының қатты қабаты? (Литосфера)

10. Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология)

II-ТОП

11.Жердің су қабығы? (Гидросфера)

12. “География ұғымын енгізген ғалым? (Эротосфен)

13. Ауа райын зерттейтін ғылым? (Сейсмология)

14.Ең ежелгі біртұтас материк? (Пангея)

15.Жер шарындағы материктер саны? (6материк)

16.Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар? (Меркурий)

17. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

18.Жер шарында қанша мұхит бар? (4мұхит)

19.Ауданы жөнінен ең кіші мұхит? (Аустралия)

20.Жердің ең ортасында орналасқан бөлігі?  (Ядро)

2 кезең: Адасқан әріптер.Сөздерді табу.

ГОЕГАРФЯИ – ГЕОГРАФИЯ

ТВОЭРАК - ЭКВАТОР

АКРТА - КАРТА

АРФИКА – АФРИКА

УЕРАИЗЯ- ЕУРАЗИЯ


3кезең: Жұмбақтар шешу. Әр жұмбаққа 1 ұпайдан. Ең бірінші болып ұпайы аз команда бастайды.
1. Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)

3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
(тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)


4кезең. Ең,ең,ең...

Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл ? (Сахара)

Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)

Ең кішкентай құс (Калибри)

Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)

Ең ірі су жануары (Кит)

Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)

Дүние жүзіндегі ең суық материк? (Антарктида)

Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)


IV тур. Мақал-мәтелдер. Табиғатқа байланысты айту

1.Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

2.Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.

3.Су анасы - бұлақ,
Сөз анасы – құлақ.

4.Сулы жер – нулы жер.

5.Табиғат – тал бесігің.


Қорытынды бөлім

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі.

Марапаттау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі