400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты грамматика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО
Үржар ауданы
Қарақол ауылы
«Қарақол орта мектеп-бақша»
Сыныптан тыс сабақ 3 сынып Даукенова Раушангүл Төкеновна
Сабақтың тақырыбы: Қызықты грамматика(сыныптан тыс сабақ).

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыруға арналған жаттығулар орындау.

2. Ақыл –ойын, логикалық ойлау жүйесін, тілін дамыту. 3. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сыныптан тыс сабақ, сайыс сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, құрастыру,шешу,жарысу. Сабақтың көрнекілігі: тірек сөздер,суреттер,шар, музыка т.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың мақсатымен таныстыру .Сайыс түрінде өтетіндіктен үш топқа бөлінеміз. Әділ қазы алқасын сайлап аламыз. Психологиялық дайындық:

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тарасса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру 2. Тездет,бірақ қателеспе! 3. Кім тапқыр? 4. Қызықты тапсырма 5. Құрастыра білу де өнер 6. Кім озар? 7. Ұпай қосу.

Сайыстың ұраны:(хормен) Асау тұлпар арынды,оқуға сал барыңды. Біз жүректі қайраттымыз,жігерлі де ,айбаттымыз!

1. «Алғырлар» тобы:

Алғыр тобы алға шық, Алда болсаң жол ашық. 2. «Ұшқырлар» тобы:

Ұшқыр кетер алысқа, Қарсыласым қалыспа! 3. «Білімділер» тобы: Бұл жарыста қалма бос, Біліміңе білім қос.

2. « Тездет, бірақ қателеспе!» қазақ тілі пәнінен сұрақ-жауап,сөзжұмбақ шешу: орысша жазылған сөздерді қазақ тіліне аудару.

3. « Кім тапқыр?» әріптері ауысып кеткен сөздерді табу, орысша, ағылшын тіліне аудару .

4. «Қызықты тапсырма» фонетикалық жаттығулар орындау, дыбыстарға байланысты өлеңдер оқу( үй тапсырмасы үйден жаттап келген өлеңдері)

5. «Құрастыра білу де өнер» өлең жолдарын толықтыру, ақындық қабілеттерін байқау.

6. «Кім озар?» сызба бойынша сөйлем құрау.

7. «Ұпай қосу» анаграмма толтыру, әріпке байланысты сөздер табу. Берілген сөзден жаңа сөздер құрау.

ІІ. Қорытындылау : Білімнің мініп алып тұлпарына Қалмай шықтық біз бүгін шыңдарына. «Қызықты грамматика» сайысы аяқталды, -Рақмет баршаңызға, қонақтарға –деп сайысымыздың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын жариялауға сөз кезегін әділ қазы алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі