жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызықты грамматика дәптері

1
ҚЫЗЫҚТЫ
ГРАММАТИКА

УДК 373
ББК 74.244.5
27.01.2021
Рецензенты:
Мұқатаев О.О. педагог мастер, Қазақстан Республикасы «Өркениет» ғылыми-
әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері;
Қызықты грамматика /құрастырған.: Босымбаева А.А., Тілеубай Б.М.,
Байғараева А.Б., Сариева М.М. – Шымкент қаласы: бастауыш сынып
мұғалімдері, 2020. – 67б.
ISBN 978-631-8271-78-6
Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп элементтерін дұрыс
жазуын, әдеби ауаттылығын, көркемдік эстетикалық талғамын арттыру,
грамматикалық мағлұматтарды меңгертуге бағытталған
УДК 373
ББК 74.244.5
«Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығының 2021 жылғы «27» қаңтардағы №1
хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды
ISBN
© ҚР «Өркениет» ҒӘО, 2021
978-631-8271-78-6

3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«ÓRKENIET» ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ БАСПАСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
Рецензенттер:
Рецензенттер: «Órkenіet» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері
О.О. Мұқатаев
Құрастырған: Шымкент қаласы №64 Ж.Аймаутов атындағы мектеп -
гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Босымбаева Ажар Абдураимовна
Шымкент қаласы №64 Ж.Аймаутов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі Тілеубай Бибігүл Молдабекқызы
Шымкент қаласы №64 Ж.Аймаутов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі Байғараева Айнұр Бейнбетқызы
Шымкент қаласы №64 Ж.Аймаутов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі Сариева Мөлдір Мырзаханқызы
© Қазақстан Республикасы «ÓRKENIET» ғылыми-әдістемелік орталығы
2021 жыл

4
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, қоғам
дамуындағы жаңа бағыттар еліміздің болашағы, бүгінгі мектеп оқушыларын
оқытуға жаңа міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта
қарауды, сонымен қатар қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір
талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыруды қажет етеді. Жана
үрдістерді әр сабақтың мақсат - міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің
шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сауатты және көркем жазу оқушыларды
нақтылыққа баулиды. Оқушы қабілетінің ерекшелігіне, психологиялық жағдайына
жазу тікелей байланысты. «Қызықты грамматика» оқытудың басты мақсаты –
оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп әлементтерін дұрыс
жазу, сөздерден сөйлем құрастыра білу, грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
«Қызықты грамматика» дәптері 34 сабаққа негізделіпжасалынған, 5 бөлімнен
тұрады . Әр сабаққа тақырыптың деңгейіне қарай 4-5 жаттығудан берілген.
Бірінші жаттығуда – үлгідегі әріп элементтерін және сөздерді көркем жазуға
негізделген.
Бұл тапсырманы оқушы өз бетімен орындайды.
Екінші жаттығуда – өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды
жаттай отырып, қатесіз әрі көркем етіп көшіруге негізделген.
Үшінші жаттығуда – Сауатты, көркем етіп көшіріп жазуға ынталандыру
мақсатында ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру, сө здерге
дыбыстық талдау жасау,
сөздерді буынға бөліп жазу жаттығулары ұсынылған.
Төртінші, бесінші жаттығуларда – оқушының шығармашылық қабілетін ашуға,
танымдық ойлау шеберлігін шыңдауға бағытталған. «Венн диаграммасы»,
«Топтастыру», «Ішіне-сыртына», «5 минуттық эссе жазу» әдіс-тәсілдері, сонымен
қатар «Сөз терім», «Оқиық, ойланайық» ойындары, ой әсемдігін мәнерлі жазбаша
тілде жеткізуге, қысқаша мәтін құруға, сурет бойынша әңгіме жазуға негізделген.
Жыл аяғында оқушылар көркем жазуды, қатесіз көшіріп жазуды сапалы және
нақты
орындауға үйренеді.
Оқу пәнінің мақсаты :
Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп элементтерін дұрыс
жазуын, әдеби ауаттылығын, көркемдік эстетикалық талғамын арттыру,
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Міндеттері :
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына , ақыл –ойының дамуына,
интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін
қалыптастыруға мүмкіндіктерін туғызу .
Зерделеу, есте сақтау, түсіну дағдыларын дамыту. Өзіне деген сенімін
арттыру.
Оқушыны белгілі бір тақырып көлемінде ой жүйесін құруға, образға ену,
топпен талқылауға бағыттау.

5
Әріптерді қосып, буын, сөз жазу машықтарын жетілдіріп, жазу
жаттығуларын ұдайы жүргізу .
Жеке сөздерді,сөйлемдерді қатесіз көшіруге және айтылуы емес жазылуы
бойынша дұрыс жазуға машықтандыру
Күтілетін нәтиже :
1. Әріп әлементтерін, әріптерді көркем жазуға қалыптасады
2. Оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, теріп жазу
әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
3. Мәтінді көшіріп жазу, өлеңдерді , мақал – мәтелдерді, жұмбақ –
жаңытпаштарды жатқа жазу, ойдан әңгіме құрастыру біліктіліктері дамиды .
4. Таным белсенділігі артып,шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктері
дамиды.
5. Оқушы өздігінен ізденуге үйренеді, көркем жазуға қалыптасады
6. Оқушының өзін-өзі тану қабілеті дамып, оқу әрекеті және оның нәтижелері
бойынша өзіне-өзі ұдайы талдау жасауға, өзіне баға беруге қалыптасады.
7. Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы шығарма, эссе немесе хат жазу,
өлең құрастырады, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Қатесіз, көркем жазуға
дағдыланады.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
1. «Көркем жазу» сабағында үйрету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу;
2. Пәннің мақсаты комплексті түрде ескерілуі тиіс.
3. Берілген тапсырмалар жоспарлы түрде,белгілі бір жүйемен,оқушылардың басқа
пәндерден алған білімдерінің негізінде жүргізілуге тиіс.
4. Психологиялық,педагогикалық және гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс.
5. Берілген жаттығулар оқушы дайындығының деңгейіне сәйкес болуы және
денсаулығын сақтауға бағытталуы тиіс.
6. Оқушының өзіндік жұмысына құрметпен қарау.
7. Оқушы шығармашылығына дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру.
Таңдау сабағының тақырыбының мазмұны.
Оқушыларға жазу дағдыларын меңгертуде алдымен сөздерді, сөйлемдерді,
мәтінді, өлең жолдарын мән беріп оқығанын, жете түсінуін қадағалау. Әрбір сөзді
қатесіз , көркем жазу үшін мәтіндегі, өлеңдердегі түсініксіз сөздерге түсініктеме
берілуі қажет.
Оқушының көшіріп көркем жазуға , жатқа жазуға қызығушылығын арттыру
мақсатында қызықты өлең жолдары , жұмбақтар , жаңылтпаштар , мазмұнды
мәтіндер енгізілген.
«Көркем жазу» дәптерінің соңғы жаттығуларында оқушыны ынталандыру үшін
мәтін құрастыруға, эссе жазуға, сурет бойынша сөйлем құрастыруға
тақырыптардың атына сай суреттер енгізілген. Тақырыпқа сай берілген суреттер
оқушыны жан- жақтылыққа, танымдық ойлау шеберлігінің шыңдалуына, ой
әсемдігін көркем жаза білуіне жетелейді.

6
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде -- жуан айтылатын дауысты дыбыстар.
Екінші бөлімде -- жіңішке айтылатын дауысты дыбыстар.
Үшінші бөлімде – қатаң дауыссыз дыбыстар.
Төртінші бөлімде – ұяң дауыссыз дыбыстар.
Бесінші бөлімде – үнді дауыссыз дыбыстар.
Әр бөлімде дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы
мағлұмат беріледі.
Оқушы дыбыстық талдауға, көп нүктенің орнына әріптерді қоя білуге, сөздерді
буынға бөліп жазуға, өлең жолдарын, мәтіндерді қатесіз, көркем жазуға үйренеді.
Осындай жаттығулар арқылы оқушының жазба тілі қалыптасып, жазуға деген
ептілігі арта түседі.
Оқушы мәтін құрастыруға, сөзжұмбақтар шешуге, сурет бойынша әңгіме
құрастыруға қызығушылық қабілеті артады.
Білімді меңгеру деңгейін тексеру
1 . Оқушылар жаттығуды тиянақты орындауға тырысады.
2 . Сабақта өтілген тапсырмалар қорытындыланады.
3 . Сұрақ – жауап әдісі арқылы білім бекітіледі .
4 .Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.
Оқушылардың сабақ барысында алған білім мен біліктіліктерін байқау және бекіте
түсумақсатында оқыған өлеңдері , жаттаған жұмбақ , жаңылтпаштары, сөздерден
сөйлем құрап жазуы , топтастыру жұмыстары қамтылған.Ұсынылып отырған
«Көркем жазу» бағдарламасының әрбір сабағы оқушының қызығушылығын оята
білсе, жазуға ынталандырса,оның мақсаты толық орындалған болып есептеледі.
Әдістері:
1. Көркем жазу
3. Ойын әдістері
4. Топтастыру
5. Мағынаны білу
6. Ситуациялық сұрақтар
7. Сұрақ-жауап
8. Ой толғанысы
9. Ой шақыру
10. Салыстыру

7
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі.
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Г. Ж. Тұрдалиева
2. Бастауыш сынып журналдары 2003 жыл, 2005 жыл, 2010 жыл
3. Кіші жастағы оқушылардың жазба тілін дамыту. С.Р. Рахметова
4. Озық тәжірибе журналдары 2013 жыл. 2014 жыл
5. «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы 1995 жыл М.Болоқаев
6. Көркем әдебиет. 2003 жыл . К.А. Сатыбалдиев. К. Т. Байғабылова
7. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы 2003 жыл. Бидана Қабатаева. Бижан Игенбаева.
8. Қазақ тілі оқулығы 2 сынып « Атамұра» 2013 жыл
9. Әдебиеттік оқу 2 сынып «Атамұра» 2013 жыл. Б. Т. Қабатай. С.Р. Рахметова
10. «Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру» Алматы 2012 жыл. М.А.
Ускенбаева .
Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі
1. Халық даналығы Алматы 1976 жыл. Б. Адамбаев.
2. « Ел аузынан» Алматы 1995 жыл. Б. Адамбаев.
3. Қуырмаш журналдары 2011. жыл , 2013 жыл.
4. Мөлдір бұлақ журналы 2010 жыл.
5. Ана тілі оқу хрестоматиясы 2003 жыл. Б. Қабатаева. Б. Игенбаева.
6. «Асыл сөз» Жалын 1987 жыл. Б. Ысқақов.

8
2-сынып
(Барлығы 34 сағат,аптасына 1 сағат)
№ Мазмұны Сағат
саны
Зерттелетін материал
мазмұны
Оқушыларға
берілетін тапсырма
Мерзімі
Дауысты дыбыстар
1. Жуан дауысты дыбыстар
1 Дауысты А а
дыбысы
1 Көркем жазуға
төселдіру.
Эссе жазу 5/09
2 Дауысты О о
дыбысы
1 Әріп элементтерінің
емлесін дұрыс салу.
Көп нүктенің
орнына тиісті әріпті
қойып жазу
13
3 Дауысты Ұ ұ
дыбысы
1 Көшіріп жазу кезінде
әріп элементтерін дұрыс
жаза білу.
Өлеңнің мағынасын
ашу.
19
4 Дауысты Ы ы
дыбысы
1 Әрбір әріп
элементтерінің емлесін
дұрыс салу
Көп нүктенің
орнына әріпті қойып
жазу
26
2. Жіңішке дауысты дыбыстар
5 Дауысты Әә
дыбысы
1 Әріп элементтерінің
емлесін дұрыс салу.
Көп нүктенің
орнына тиісті әріпті
қойып, көшіріп жазу.
3/10
6 Дауысты Ее
дыбысы
1 Әріптерді қол үзбей,
тұтастыра, көркем жазу.
Жеті қазынаға
қатысты сөздер
ді теріп жазу.
10
7 Дауысты Ии
дыбысы
1 Жазу кезінде әріп
ұқсастықтарына көңіл
бөлу.
Өлең жолын
құрастыру .
17
8 Дауысты Өө
дыбысы
1 Сауатты және таза,
көркем жазуға
төселдіру.
Мәнерлеп оқу.
Кестені толтыру
24
9 Дауысты Үү
дыбысы
1 Сауатты, көркем жазу. Мақал- мәтелдердің
жалғасын табу.
7/11
10 У у дыбысы 1 Әрбір әріп
элементтерінің емлесін
дұрыс салу.
Күн аттарын жазу 14
11 Дауысты Э э
дыбысы
1 Әрбір әріп
элементтерінің емлесін
дұрыс салу.
Тақырыпты ашу.
Жұмбақты шеше
білу.
21
12 Дауысты Юю
дыбысы
1 Сауатты, көркем жазу. Мағынасын
ашу,мақалдар
жаттау.
28
13 Дауысты Яя
Дыбысы
1 Көшіріп жазуға
төселдіру
Сөзжұмбақты шешу. 5/12

9
Дауыссыз дыбыстар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар
14 Дауыссыз Кк
дыбысы
1 Көшіріп жазу
кезінде әріп
элементтерін дұрыс
жаза білу.
Өлеңнің мағынасын ашу. 12
15 Дауыссыз Ққ
дыбысы
1 Әрбір әріп
элементтерінің
емлесін дұрыс салу
Жаңылтпашты жатқа
жазу.
19
16 Дауыссыз Пп
дыбысы
1 Сөздер арасындағы
қашықтықты сақтап
көшіріп жазу.
Буындардан сөз құрап
жазу.
26
17 Дауыссыз Сс
дыбысы
1 Әріп элементтері
арасындағы
қашықтықты сақтап
жазу.
Жұмбақтың шешуін
табу.
9/01
18 Дауыссыз Тт
дыбысы
1 Көркем жазуға
төселдіру.
Тест жұмысына
дайындық.
16
19 Дауыссыз Фф
дыбысы
1 Әрбір әріп
элементтерінің
емлесін дұрыс салу.
Жұмбақты шеше білу. 23
20 Дауыссыз Хх
дыбысы
1 Әріп элементтерінің
емлесін дұрыс салу.
Кейіпкерге хат жолдау. 30
21 Дауыссыз Һһ
дыбысы
1 Әріп емлесін үлгі
бойынша орындау
«Сөз терім» ойынын
ойнау.
6/02
22 Дауыссыз Шш
және Щщ
дыбыстары
Жазу кезінде әріп
ұқсастықтарына
көңіл бөлу.
Өлең мағына
сын түсініп оқу.
13
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар
23 Дауыссыз Б б
дыбысы
1 Әрбір әріп
элементтерінің
емлесін дұрыс салу.
Тақырыпты ашу.
Жұмбақты шешу
20
24 Дауыссыз Вв
дыбысы
1 Қол үзбей, тұтастыра
жазу.
Тірек сөздерді
пайдаланып мәтін құрау.
27
25
Дауыссыз Г г
дыбысы
1 Әріптерді салу
ережесіне көңіл бөлу.
Өлеңнің мағынасын
ашу.
6/03
26 Дауыссыз Ғ ғ
дыбысы
1 Сауатты, көркем
жазу.
Өлеңдер жаттау. 13
27 Дауыссыз Д д
дыбысы
1 Әріптердің
әрқайсысының
жазылу емлесін білу.
Сурет бойынша әңгіме
құрау.
20
28 Дауыссыз Ж ж
дыбысы
1 Әр әріпті өз
емлесімен салуды
үйрету.
Сурет бойынша мәтін
жазу
3/04
29 Дауыссыз З з
дыбысы
1 Партада отыру,
дәптерді қою
ережелерін еске
түсіру.
Өз ой-пікірін жазу 10
3. Үнді дауыссыз дыбыстар

10
30 Дауыссыз Лл
дыбысы
1 Сөздер арасындағы
қашықтықты сақтап
көшіріп жазу.
Сипаттау мәтінін құрау. 17
31 Дауыссыз Мм
дыбысы
1 Әріптерді салу
ережесіне көңіл бөлу.
Сурет бойынша сөйлем
құрау.
24
32 Дауыссыз Нн
және ң дыбысы
1 Сөздерді қатесіз,
көркем етіп жазу.
Әңгіме құрастыру. 8/05
33 Дауыссыз Рр
дыбысы
1 Сөздерді
байланыстырып
жазуға үйрету.
Дыбыстық талдау
жасау.
15
34 Көркем етіп
жазайық.
1 Әріп емлесін үлгі
бойынша жазып
шығу.
Сурет бойынша әңгіме
құрастыру.
22
Барлығы: 34

11
1 сабақ Дауысты А а дыбысы
1 – жаттығу. Аа әрпін сөздерді көркем етіп жаз.
2 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, көшіріп жаз.
Ұнатамын көркем жазу сабағын,
Әріптерді әп-әдемі жазамын.
Жаңылтпаш, жұмбақ, өлеңдерді,
Қызыға жаттап аламын.
3- жаттығу. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп , көшіріп жаз.
1. Ақыл- тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2. Ақыл жастан , асыл тастан шығады.
3. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

12
4 – жаттығу. «Алғашқы ұстазым» тақырыбына шағын эссе жаз.

13
2 сабақ Дауысты О о дыбысы
1 – жаттығу. О о әрпін және сөздерді көркем жаз.
2 жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Отан
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан үлкен.
Қазақстан – туған ел!
3 – жаттығу Сөзжұмбақтың шешуін тауып , аттарын жаз
о
р
м
а

14
н
1. Тіп – тіке құлағы 4. Ағаштың аты
Елеңдеп тұрады. 5. Қай жәндікке қарап
2. Бал беретін жәндік тікұшақ жасауды үйрендік?
3. Ара бағушы адам
4 жаттығу. Мына сөз тіркестерін қолдана отырып, «Туған жер» тақырыбына
әңгіме жаз.
алыс
кетсем
күні де
ыстық
биік
таулар
қыр
гүлдері
қиқулап
ұшқан
құс

15
3 сабақ Дауысты Ұ ұ дыбысы
1-жаттығу. Ұ ұ әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Бұл - бұлбұл, Бұлбұл - құс,
Бұл - дүлдүл. Дүлдүл - ат.
3 жаттығу. Мына сөздерге тиісті әріптерді қойып, көшіріп жаз.
Ұ ма? Ү ма?
Б...лб...л, к...рек, қ...стар, қ...рт, т...лкі, ...йрек, т...йме, ...шқыш.
Ұ Ү

16
4 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті.
Жан-жақтан күн күркіреп ,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
5– жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.

17
4 сабақ Дауысты Ы ы дыбысы
1 – жаттығу. Ы ы, І і әріптерін және сөздерді көркем етіп жаз.
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына ы әрпін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
... стық ... лди
... дыс ... нтымақ
... рыс ... қылас
3-жаттығу. Дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жаз.
Тоқу-тоқыу жібу-жібүу жону- жоныу
Оқу-оқыу жүру-жүрүу ору- орыу
Тору-торыу күлу-күліу алу-алыу
Ы
Ы

18
4-жаттығу. Күн аттарын толықтырып жаз.
Бірінші күн -
Екінші күн -
Үшінші күн -
Төртінші күн -
Бесінші күн -
Алтыншы күн -
Жетінші күн -
5 – жаттығу. Мына сөздердің ішіндегі сандарды сөздермен толықтырып жаз.
К2-лік, 7қарақшы, 6ауыз, 6бақан, 5ік , 7ген

19
5 сабақ Дауысты Ә ә дыбысы
1 – жаттығу. Әә әрпін және сөздерді көркем жаз
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жаз.
Жұмбақ
... рі шешен, ... рі ... нші, ... рі күйші ,
... р үйде бар, тапқышым, к ... не, тапшы ?
Шешуі : ( )
3- жаттығу Өлеңді көшіріп жаз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4- жаттығу Мына сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз.

20
Әтеш, әлем, әнші, әскер, сәукеле, әжей, дәрігер, әліппе, әріп
5-жаттығу. «Менің әжем» Өзіңнің әжең туралы жаз

21
6 сабақ Дауысты Е е дыбысы
1 –сабақ Ее әрпін көркем жаз.
2 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз.
Екеуі тыңдап, Біреуі сөйлеп,
Екеуі көреді, Екеуі оларды көтеріп келеді .
Шешуі : ( , , , )
3 –жаттығу. Жемістердің атын 1- қатарға, көкөністердің атын 2 – қатарға көркем
етіп жаз.
Жемістер :
Көкөністер :

22
4- жаттығу. Жеті қазынаның мағынасын түсініп, жеті қазынаға қатысты сөздерді
теріп жаз.
1. Жүйрік аты – 5. Қақпан – тұзақ -
Жігіт қаны, қанаты. Ау жылымы, әдісі
2. Қыран құсы - 6. Өнер - білім,
Қарым күші қуаты. Байлығының мәндісі.
3. Алғыр иті - 7. Қазан – ошақ,
Бастан берік сенімі. Берекесі тірліктің.
4. Берен мылтық, Осы жеті
Сөнбес оты, серігі Қазынасы жігіттің.
1. 5.
2. 6.
3. 7.
4.
7 сабақ Дауысты И и, дауыссыз Й й дыбыстары
1 – жаттығу. Ии және Йй әріптерін көркем жаз.
2 жаттығу. Оқиық, ойланып жауап жазайық .

23
«И» мен «й» - ді
Күніне,
Неше үйретем ініме.
«И» - ді неге қысқа «й» деп,
Түсінбейді түгіне.
Қайтем оны,
Білмеймін?
Нендей амал іздеймін?
и және й әрпі кездесетін сөздерді жаз.
1.
2.
3 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып көшіріп жаз.
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты.
Сонда да тікұшақ,
Моделі сияқты
Шешуі: ( )
3 жаттығу. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.
Қайың, мойын, үйрек, қайың, ойын, түйе, жайын, айна, ине, илеу,
итмұрын, ителгі, киік, икемді.

24
4 – жаттығу. Өлең жолын құрастыру .
сыйлаймын,
тыңдаймын.
аламын,
баламын.
8 сабақ Дауыссыз Ө ө дыбысы
1 – жаттығу. Өө әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, көшіріп жаз.
Әлди, әлди, бөпешім,
Әлпештейін, көкешім.
Тербетейін, жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

25
3- жаттығу. Түбір сөздерге қосымшаның тиістісін жалғап жаз.
Өнер ...ші
өрмек ...шік
қой ...дық
көл ...паз
орын ...шы
4 – жаттығу. Сурет бойынша «Біздің көл» тақырыбында мәтін құрап жаз.

26
9 сабақ Дауысты Ү ү дыбысы
1-жаттығу. Үү әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 – жаттығу . Бөліктердің ортасына ү дыбысын қойып, мағыналы сөздерден
сөйлем құрап жаз.
ү
3– жаттығу. Өлеңді жатқа жаз
Ана -- біздің күніміз
Ана -- біздің күніміз,
Ана -- біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
к
т
г
ріш
йе
л

27
4– жаттығу . Мақалдардың жалғасын тауып, көшіріп жаз.
1. Ел іші - ...
2. Жері байдың...
3. Өз елім - ...
4. Отансыз - ...
Ормансыз - ...
10 сабақ Дауыссыз У у дыбысы
1 – жаттығу. Уу әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз .
Уықтардың барлығын,
Уыққапқа сал күнім.
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал күнім.

28
3 – жаттығу. Дауысты у дыбысы бар сөздерді күннің қатарына, ал дауыссыз у
дыбысы бар сөздерді айдың қатарына жаз.
Тау, қауын, жуан, ауыл, ту, тулақ, қуаныш, науа, Дәурен, дауылпаз,
қауынғақ, алуан, хайуанат, тауық.
4 – жаттығу . Мәтінді көшіріп жаз. Уу әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында
жазылуына назар аудар.
Менің атым - Уәли. Мен сурет салғанды жақсы көремін. Әкем
маған түрлі бояу, қылқалам, қарындаштар әкеліп берді. Мен әдемі
сурет салдым.

29
11 сабақ Дауысты Э э дыбысы
1 – жаттығу. Ээ әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 – жаттығу. Көшіріп жаз және есіңе сақта.
Экран, аэроклуб, элеватор, аэроплан, экспедитор, экскаватор, эстрада,
экология.
3 – жаттығу. Электр шамы туралы сөз ұйқасын құрастыр.
Сөз ұйқасы
... алмұрт
... барша жұрт.
4 – жаттығу. Бос торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толықтыр.

30
э
э
э
э
э
12 сабақ Дауысты Ю ю дыбысы
1 – жаттығу. Ю ю әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.
2 – жаттығу. Жаңылпашты жатқа жаз.
Жаңылпашты
Оюшы ою ойды,
Оюды ойша ойды.
Оюшы оюын
Ойынан ойлап ойды.
3-жаттығу. Сөздерді дұрыс байланыстырып, көркем етіп жаз.
Бұлбұл қарқылдайды
Шымшық қаңқылдайдайды
Қарға сайрайды
Қаз шықылықтайды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген