І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қызықты қазақ
тілі» -
факультатив курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ
тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы
курс арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып
сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ
тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі
мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі
қарастырылады.
Өзектілігі:
-
Мемлекеттік тілге құрмет
қалыптастыру;
-
Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында
оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай
туғызу;
-
Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың
өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;
-
Балада болашаққа деген басқаша көзқарас
қалыптастыру.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін
жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы
әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы
білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға
тәрбиелеу. Сонымен қатар, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың
ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген
құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген
жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге
баулу.
Міндеттері:
-
Балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай
білуге және табысқа жетуге үйрету;
-
Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне
үйрету;
-
Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға
жетелеу;
-
Қазақ тіліне деген
қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтиже:
- Еркін ойлауға мүмкіндік
алады;
- Ақыл-ойын
дамытады;
- Ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиеленеді;
- Тіл байлығы
жетіледі;
- Жан-жақты ізденушілігі
артады.
«Қызықты грамматика»
факультатив
курсы 2-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат,
жылына 34 сағатты қамтиды.
ІІ. Факультатив курсының
базалық мазмұны.
Таңдау курсы төмендегідей 7 бөлімнен
тұрады:
-
Тіл
және сөйлеу.
-
Дыбыс пен әріп.
-
Сөз.
-
Сөйлем.
-
Сөз
таптары.
-
Жыл
бойы өткенді қайталау.
-
Сөйлеу мәдениеті.
Тіл және сөйлеу (3
сағат)
Дыбыс пен әріп. (10
сағат)
-
Дауысты дыбыстар. Оның түрлері. (1
сағат)
-
Жуан дауысты дыбыстар. (1
сағат)
-
Жіңішке дауыты дыбыстар. (1
сағат)
-
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. (1
сағат)
-
Буын. (1 сағат)
-
Дауыссыз дыбыстар. (1
сағат)
-
Қатаң дауыссыз дыбыстар. (1
сағат)
-
Ұяң
дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)
-
Үнді дауыссыз дыбыстар. (1
сағат)
-
Тасымалдау. (1 сағат)
Сөз (6 сағат)
-
Сөз
ойла, тез ойла. (1 сағат)
-
Адасқан әріптер әлемі. (1
сағат)
-
Мағынасы жуық сөздер. (1
сағат)
-
Қарама – қарсы мағыналы сөздер. (1
сағат)
-
Көп
мағыналы сөздер. (1 сағат)
-
Өз
біліміңді тексер. (1 сағат)
Сөйлем (3 сағат)
-
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. (1
сағат)
-
Хабарлы сөйлем. (1
сағат)
-
Сұраулы сөйлем. (1
сағат)
-
Лепті сөйлем. (1 сағат)
Сөз таптары (5
сағат)
-
Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім. (1
сағат)
-
Бас
әріптен басталып жазылатын сөздер. (1
сағат)
-
Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік. (1
сағат)
-
Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім. (1
сағат)
-
Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім. (1
сағат)
Сөйлеу мәдениеті (3
сағат)
Біз
деген – көмек. (1 сағат)
Жыл бойы өткенді қайталау (3
сағат)
-
Дыбыстық талдау. (1
сағат)
-
Өз
біліміңді тексер. (1 сағат)
-
Қорытынды бақылау тесті. (1
сағат)
ІІІ. Күнтізбелік-тақырыптық
жоспар. 2016 – 2017 оқу жылына
арналған
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Жұмыстың түрі
|
Тіл және сөйлеу – 3
сағат
|
1
|
Мектеп - білім ордасы.
|
1
|
|
Топтық жұмыс, жекеленген үлестірмелі
парақшалармен жұмыс.
|
2
|
Біздің сынып.
|
1
|
|
Жалпылай тапсырмалар беру, пікірталас, жұппен
жұмыс.
|
3
|
Мен
және менің достарым.
|
1
|
|
Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс
жасау.
|
Дыбыс пен әріп – 10
сағат
|
4
|
Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.
|
1
|
|
Жекелей, жалпылай жұмыстар
жүргізу.
|
5
|
Жуан дауысты дыбыстар.
|
1
|
|
Топпен сөзжұмбақтар шешу, жекелей пікір
білдіру.
|
6
|
Жіңішке дауыты дыбыстар.
|
1
|
|
Жекелей, жұптық жұмыстар
жүргізу.
|
7
|
Жуан және жіңішке жұп
дауыстылар.
|
1
|
|
Топтық, жұптық жұмыстар.
|
8
|
Буын.
|
1
|
|
Жекелей үлестірмелі парақшалармен
жұмыс.
|
9
|
Дауыссыз дыбыстар.
|
1
|
|
Топтық, жалпылай
жұмыстар.
|
10
|
Қатаң дауыссыз дыбыстар.
|
1
|
|
Жекелей, жұппен жұмыс.
|
11
|
Ұяң
дауыссыз дыбыстар.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық жұмыстар
жүргізу.
|
12
|
Үнді дауыссыз дыбыстар.
|
1
|
|
Топпен, жекеленген
жұмыстар.
|
13
|
Тасымалдау.
|
1
|
|
Жұптық, жекеленген жұмыстар
жүргізіледі.
|
Сөз – 6 сағат
|
14
|
Сөз
ойла, тез ойла.
|
1
|
|
Жекеленген үлестірмелі парақшалармен
жұмыс.
|
15
|
Адасқан әріптер әлемі.
|
1
|
|
Жекеленген, жұптық
жұмыстар.
|
16
|
Мағынасы жуық сөздер.
|
1
|
|
|
17
|
Қарама – қарсы мағыналы
сөздер.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық
жұмыстар.
|
18
|
Көп
мағыналы сөздер
|
1
|
|
Топтық жұмыстар
жүргізіледі.
|
19
|
Өз
біліміңді тексер.
|
1
|
|
Жұптық, жекеленген
жұмыстар.
|
Сөйлем – 3 сағат
|
20
|
Сөйлемдегі сөздердің
байланысы.
|
1
|
|
Жеке, жұппен, топтық,
фронтальды.
|
21
|
Хабарлы сөйлем.
|
1
|
|
Жекеленген жұмыстар
жүргізі.
|
22
|
Сұраулы сөйлем.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық жұмыстар
жүргізі.
|
23
|
Лепті сөйлем.
|
1
|
|
Жалпылай, жекелей тапсырмалар
орындау.
|
Сөз таптары – 5
сағат
|
24
|
Заттың атын білдіретін сөздер – зат
есім.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық
жұмыстар.
|
25
|
Бас
әріптен басталып жазылатын сөздер.
|
1
|
|
Топтық, жекеленген тапсырмалар
беру.
|
26
|
Заттың қимылын білдіретін сөздер –
етістік.
|
1
|
|
Жалпылай, топтық тапсырмалар
беру.
|
27
|
Заттың сынын білдіретін сөздер – сын
есім.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық
жұмыс.
|
28
|
Заттың санын білдіретін сөздер – сан
есім.
|
1
|
|
Топтық, жекеленген
жұмыстар.
|
Сөйлеу мәдениеті – 3
сағат
|
29
|
Жұмбақ әріптер.
|
1
|
|
Жекеленген, топтық тапсырмалар
беру.
|
30
|
Жыл
мезгілдері.
|
1
|
|
Жекеленген жұмыстар.
|
31
|
Сіз
деген – әдеп,
Біз
деген – көмек.
|
1
|
|
Топтық, жекеленген
жұмыстар.
|
Жыл бойы өткенді қайталау – 3
сағат
|
32
|
Дыбыстық талдау.
|
1
|
|
Жекеленген жұмыстар.
|
33
|
Өз
біліміңді тексер.
|
1
|
|
Топтық, жекеленген жұмыстар
жүргізу.
|
34
|
Қорытынды бақылау тесті.
|
1
|
|
Жекеленген, жұптық жұмыстар
жүргізу.
|
VI. Қорытынды бақылау
жұмыстарына арналған материалдық
қор.
Үлестірмелі парақшаларға
арналған тапсырмалардың
үлгілері.
-
Сөздерді буынға бөліп
жаз. Алма, тарақ, қайшы,
қарындаш, ою, қамшы, орақ,
күрек.
-
Мына сөздерді қатыстырып
сөйлем құра. Мектеп, орман,
қар.
-
Сөздерді буынға бөліп
жаз. Орамал, қар, жапырақ, сөмке, нан, кәмпит,
қараңғы, бал.
-
Мына сөздерді қатыстырып сөйлем
құра. Қыс, шана, сабақ.
-
Сөздерді буынға бөліп
жаз. Теледидар, үстел, қарындаш, тақта, өрмекші,
гүл, кітап, ара.
-
Мына сөздерді қатыстырып сөйлем
құра. Ана, мереке,
мұғалім.
Зат есім тақырыбына
арналған.
І нұсқа
-
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар
қойылады?
А) Қайда?
Ә) Кім? Не?
Б) Неге?
-
Кім? сұрағына жауап беретін сөзді
тап.
А) мұғалім
Ә) шана
Б) құстар
-
Нелер? cұрағына жауап беретін сөзді
тап.
А) балықшы
Ә) Айгүл
Б) кітаптар
-
Оқушы деген сөзге қандай сұрақ
қойылады?
А) кім?
Ә) қашан?
Б) не себепті?
-
Егінші, суаншы,
суретші деген сөздерге қандай сұрақ
қойылады?
А) не?
Ә) нелер?
Б) кім?
ІІ нұсқа
-
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар
қойылады?
А) Кім? Не?
Ә)Қайда?
Б) Неге?
-
Не? сұрағына жауап беретін сөзді
тап.
А) бала
Ә) шана
Б) сауыншы
-
Кімдер?cұрағына жауап беретін сөзді
тап.
А) қала
Ә) көгершін
Б) оқушылар
-
Ана деген сөзге қандай сұрақ
қойылады?
А) кім?
Ә) қашан?
Б) не себепті?
-
Балықшы, дәрігер,
бақташы деген сөздерге қандай сұрақ
қойылады?
А) не?
Ә) кім?
Б) нелер?
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын
сызыңдар.
1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз,
бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ. (15
сөз)
2.
Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел,
ал, екі, үш, тіл, гүл. (15 сөз)
3.
Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен
дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым.
(19 сөз)
Дауыссыз дыбыстардың астын
сызыңдар.
1. Бағдаршам, қара, алма, жер,
тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн,
сәлем. (15 сөз)
2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам,
дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе,
табақ, сөз, дыбыс. (15 сөз)
3. Метепке келдік. Сыныпта
отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға
алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін. (16
сөз)
Буынға бөліп
жазыңдар.
1.
Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін,
жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын. (15
сөз)
2.
Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш,
қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп. (15
сөз)
Кім? Не? деген сұрақтарды сөздің үстіне
жазыңдар.
1.
Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана,
торғай, табақша, дәрігер, құс. (15 сөз)
2.
Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл,
Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт. (15 сөз)
3.
Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам
мен әжем үшеумiз сусын iштiк. (16 сөз)
Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп
жазыңдар.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта,
пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға. (15
сөз)
2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже,
қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға. (15
сөз)
3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл,
әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу. (15
сөз)
1.
Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым.
Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi. (16
сөз)
2.
Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас
iштiк. Менiң ұйықтағым келдi. (15 сөз)
Қыс.
Қыс
келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым.
Менiң досым Еркiн шаңғы тептi. (16 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi.
Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша. (17
сөз)
1.
Бүгiн бiрiншi сабақ – есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен
есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн. (16
сөз)
Есепте.
Сен
тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады.
Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы. (19
сөз)
Қол еңбегi.
Бiз
сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен
қидым. Қызыл жiппен тiктiм. (14 сөз)
Сурет.
Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер,
бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi
салдым. (17 сөз)
Көктем.
Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене
шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы. (15
сөз)
Наурыз.
(15
сөз)Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып
жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз
мерекесi
Жуан, жiңiшке
жалғаулар.
1.
Ойындар.
Күндер
жылы. Ауа
таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр.
Ойындар бәрi қызық. (16 сөз)
2. Жаз.
Жаз
келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен
терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу. (17
сөз)
Әншi.
Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға
ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады. (15
сөз)
Жазғы каникул.
Оқу
жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға
барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын. (18
сөз)
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
-
М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру
педагогикасы» 2005 жыл.
-
«Қызықты грамматика» жұмыс дәптері.
«Алматы кітап» баспасы 2012жыл авторы:
З.Муфтибекова.