400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

«Қызықты грамматика» Қазақ тілі 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
/Қазақ тілінен факультативтік курс бойынша орта мектептің 3-сынып оқушыларына арналған / Авторлық бағдарламаны құрастырушы : Кабдулмажитова Бахыт Сайлауовна Бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

Бескөл ауылы

КММ «Парасат» мектеп-лицейі








«Қызықты грамматика»

Қазақ тілі 3-сынып

/Қазақ тілінен факультативтік курс бойынша орта мектептің 3-сынып оқушыларына арналған /

Авторлық бағдарламаны құрастырушы : Кабдулмажитова Бахыт Сайлауовна

Бастауыш сынып мұғалімі










2021жыл

Тақырыбы: «Қызықты грамматика»

Мақсаты:

-Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту

-сауатты және көркем жазуға үйрету.

Міндеттері:

-оқушыларды өмір талабына сай білімді етіп тәрбиелеу;

- дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту;

-өздіктерінен дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

-сауатты көркем жазуға дағдылану арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйренеді;

-оқушылардың қажетті шеберлік пен дағдылары қалыптасады және баланың жалпы тұлғалық дамуына,ойлау,есте сақтау,қиялдау,елестету сияқты жақсы қасиеттерінің үйлесімді дамуы қалыптасады;


«Қызықты грамматика» бағдарламасына

қойылатын талаптар:


- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;

- сауатты жазуға, мәтіннің мазмұнын өз ойымен толық аша білуіне мүмкіндік беру;

- ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

- қызықты жаттығулар арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру.






Түсінік хат

«Қызықты грамматика» - факультатив курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі .

Оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше.

Қазақ тілі пәніне қосымша сабақ ретінде «Қызықты грамматика» факультатив сабағын алу себебім: оқушыларға әрбір сабақты сапалы меңгерту үшін олармен қосымша ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтап, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастырып , өз ойын нақты жеткізе алатын шығармашылық қабілеттерін ашу.

Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ- оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.

Осы курс арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.




















Қызықты грамматика (факультатив) 3-сынып 34 сағат

№

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

күні

1

Тіл және сөйлеу

1


2

Дыбыс және әріп

1


3

Дауысты дыбыстар

1


4

Дауыссыз дыбыстар

1


5

Шығармашылық жұмыс .Ертегі құрастырамын

1


6

Мәтін . Мәтіннің түрлері

1


7

Қаратпа сөз

1


8

Қыстырма сөз

1


9

Мазмұндама жазып үйренейік «Кішкентай Қаныш»

1


10

Тест тапсырмалары

1


11

Сөз және оның құрамы

1


12

Түбірлес сөздер

1


13

Диктант «Құмырадағы су»

1


14

Сөйлем мүшелері

1


15

Тұрлаулы мүшелер

1


16

Тұрлаусыз мүшелер

1


17

Жалаң және жайылма сөйлем

1


18

Сөз тапары Зат есім

1


19

Негізі және туынды зат есім

1


20

Зат есімнің тәуелденуі

1


21

Диктант «Сантастағы орман »

1


22

Етістік

1


23

Негізгі және туынды етістік

1


24

Болымды және болымсыз етістік

1


25

Сын есім

1


26

Негізгі және туынды сын есім

1


27

Сан есім

1


28

Есептік және реттік сан есім

1


29

Тест жұмысы

1


30

«Қызықты грамматикалық тапсырмалар»

1


31

«Кім тапқыр?»

1


32

Мақал-мәтелдер жаттайық.

1


33

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттаймыз

1


34

Жыл бойы өткенді қайталау

1






























1 Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Мақсаты: Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас  жасауында сөйлеудің  манызын,сөйлеудің тіл  арқылы жүзеге асатынын ұғындыру;

1-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құра .Әңгімелеу үшін сөйлеудің қай түрін қолданасың?


2- тапсырма. Жұмбақты оқып,шешуін тап.

Күндіз сөйлеп тынымсыз,
Түні бойы тұр үнсіз. (Радио)


Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
4363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі