400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты химия елі

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыс жүргізуге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №53 мектеп-лицей

Химия пәні мұғалімі: Жұбаназарова Р.А.

Тақырыбы: «Қызықты химия елінде»

Мақсаты:

Оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, химиядан алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету және ғылыми жобалармен айналысуына түрткі болу.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, слайд, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар.

Барысы:

І.жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов «Қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы. Осы іс-шарада өздеріңізге пайдалы мағлұматтар аласыздар деп ойлаймыз.

ІІ.жүргізуші:

Біз көрермендермен ойын ойнасақ; мен сіздерге көрсетпей бір элементті аламын да оның қолданатын жерін, қасиеттерін айтамын сіздер оны табасыздар.

Немесе көрермендердің арасынан шығып белгісіз элементтің қасиеттерін, қолданылуын айту арқылы белгісіз затты табасыздар.

Алтын: бұл бағалы металлды адамдар әшекей ретінде қолданады.

Күміс: Бұл бағалы металлдан әшекейлер, ыдыс- аяқтар жасайды және оның залалсыздандырғыш қасиеті бар.

Вольфрам: Бұл металл берік, осы металдан электр шамының сымын жасайды.

Алюминий: Бұл металл жемірілуге төзімді, ойткені оның оттектік қабықшасы бар, осы металлдан уйдегі каструльдер жасалған.

Йод: Бұл элемент медицинада қанды тоқтату және залалсыздандыру үшін пайдаланады.

Көміртегі: Бұны біз отын қылып та жағамыз, барлық тірі ағзалардың бойында кездеседі, аллатропиялық түр өзгерістері алмаз және графит.

Кальций: бұл элемент сүйектің құрамында болады.

Азот: бұл газ ауаның негізгі құрамды бөлігін құрайды.

Фтор: бұл элемент жетіспегенде тіс жегісі ауруы пайда болады.

Кремний: Бұл элемент құмның құрамына кіреді.

Көмірқышқыл газы СО2 : Бұл газды біз тыныс алғанда бөліп шығарамыз.

Сынап: Сұйық металл градусниктер жасауда пайдаланылады.

Мыс: Тоқ желісінде қолданылатын металл.

Неон: жарнамаларға жарық беретін газ.

Аргон: машиналарды сваркалайтын газ.



Жұмбақтар жасырамыз:

1. Өзім газбын, менімен демаласың, 

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.   

           ОТТЕК, ОКСИГЕНИУМ   -O2

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

         СУ,    -  H2O

3. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктін торына ілігеді.   

      КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ -CO2

4.  Ең жеңіл элемент саналады,

   Периодтық жүйе осыдан басталады.

        СУТЕК, АШ – H551. Осы затпен ескі үйді аластайды,

5. Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.       

 Эс – S - күкірт

6. Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес.

        АС ТҰЗЫ, - NaCL

7. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны.  

         ТЕМІР - Fe

8. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады      

    ҚОРҒАСЫН, ПЛУМБУМ - Pb


Оқушылар тұрмыста қолданылатын «Пайдалы тәжірибелер» көрсетеді. Тәжірибенің құпиясын ауызша айтады.

  1. Матаға жағылған зеленка ертіндісінен қалай тазартуға болады?

  2. Бал мен моенездің құрамы таза екенін немен анықтауға болады? Йод

  3. Бітелген құбырды қалай тазалауға болады? Сілті мен су.

  4. Күміс әшекей, күміс қасықтарды қалай тазалауға болады? Фольга, ас содасы ерітіндісі, ыдыс, су.

  5. Киімге жабысқан сағызды қалай тез алуға болады? Тырнақты лактен тазалайтын затпен.

Енді қызықты химиялық тәжірибелер

Балауызды үрлемей қалай сөндіруге болады? Ас содасы, уксус берілген.

Қантты марганцовкамен араластырып калай сіріңкесіз жағуға болады?

Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынында ұстаса, ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып, әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жаңа бастайды.

Бөтелкеге сілті құйып фольга саламыз бөтелке аузына шар қоямыз да шар үрленгенде оны алып сіріңкемен жағамыз.

Пышақсыз қан- калий радонидине темір хлоридін қосамыз сонда қызыл түс береді.

Қорқынышты жылан- құмның үстіне Құрғақ спиртті қойып устіне кальций глюканатын қойып жағамыз.

Отсыз түтін- калий карбонатына аммиак ерітіндісін қосамыз оған тұз қышқылы ерітіндісін қосамыз сонда түтін шығады

Вулкан түзілуі- аммонийдихроматын жаққанда жасыл түсті хром оксиди түзіледі

Мен химияны жақсы көрем сөзін ватамен қышқыл ерітіндіге батырып көрінбейтін қылып жазамыз жазылған қағазға пульвиризатормен фенолфталейн ерітіндісн шашыратқанда жазу шығады.



Химия, жыр әніміз шаттанамыз,

Табысын пайдаланып мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан,

Қойнауың алтын, күміс жатқан аңыз.

Осымен сабағымызды аяқтаймыз!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі