жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қызықты жануарлар әлемі" таңдау курсы 4-сынып
Түсінік хат
Егеменді еліміздің болашағы білімді, сауатты, өнегелі ұрпақ болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай жаңа буын оқулықтарымен оқыту, соның негізінде жасалған бағдарламалар, оқыту мазмұнының жаңартылуы әр бастауыш сынып мүғалімдерінен шығармашылық ізденіспен, жаңаша жұмыс істеуін талап етеді. Жануарлар әлемі – табиғат тартуының тамаша жаратылыс бөлігі. Табиғат-ананың төл перзенттерінің қызықты қылықтары мен жұмбаққа толы сан алуан деректер қоры адам баласын еріксіз таңғалдырары сөзсіз. Табиғат-Ананың шексіз құдіреті бізді таңғалдыруын тоқтатқан емес. Себебі сіз көрмеген, білмейтін тіршілік иелері әлі де көп. Алайда біз олармен бір планетада өмір сүріп жатырмыз. Күн сайын олар туралы жаңалықтар ашылып, тың мәліметтер табылады.
«Қызықты жануарлар әлемі» таңдау пәнінің негізгі мақсаты дүниетану сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру, сабақ үстінде оқушыларға толық мағлұмат беріп, меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан оқушыларды жан- жақты жұмыстануына, табиғат қызықтарын меңгертуде бұл пәннің рөлі ерекше. Ұсынылып отырған бағдарлама 4 - сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. «Қызықты жануарлар әлемі» таңдау курсы оқушыларды қоршаған өмірдің әртүрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруды ескереді. Бұл таңдау курсы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы №500 бұйрығына негізделген.
Оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқыту мақсаты:
-
оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
-
Шығармашылық қабілеттерін арттыру
-
Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу
-
Оқушыларды жоғарғы сыныптарға дайындау
-
табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, салалары мен күйлері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың арасындағы өзара байланысты, өзара тәуелділікті, олардың кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету
-
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
-
Оқыл- ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
-
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік қасиетке, достыққа тәрбиелеу
-
өзінің көңіл-күй ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасты тәрбиелеу;
-
өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және өзін ұстай білуге үйрету;
-
оқушыларда адамгершілік, еңбек және эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастыру, оларды әлеуметтендіру;
-
экологиялық мәдениет пен ойлау стилін тәрбиелеу.- тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті шарттарды білуі;
-
адамның табиғатпен өзара байланысы, өлі және тірі табиғаттар құбылыстарының арасындағы өзара байланыс туралы мысалдар келтіре алуы;
-
Қазақстан табиғатының кейбір ерекшеліктері: өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы жалпы түсінігінің болуы;
-
қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын өзге де халықтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері туралы жалпы түсінігінің болуы
-
бұрынғы зерделенген құндылықтар туралы кең көлемді түсінігінің және құндылық: еңбек, қызмет ету, шындық, үйлесім, сұлулық, руханияттылық, өнегелілік, адамгершілік туралы жаңа түсінігінің болуы;
-
Отанның, отбасы мен қоғамның мән-мағынасын түсінуі;
Оқыту міндеттері:
- туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
- күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
- тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
- танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
- бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
- адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
- жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәннің мазмұнын меңгеру үшін 4-сыныпта аптасына 1 сағатты, яғни 34 сағатты құрайды. Бұл дүниетану пәнін меңгеруге аздық етеді. Сондықтан осындай бағдарламаға сәйкес құрылған таңдау курстары негізінде пәнді тереңдетіп оқытуға болады. Таңдау курсының жоспары 4-сынып дүниетануының негізгі бөлімдеріне сай және қызықты мәліметтер негізінде құрылды. Бұл таңдау курсының тақырыптары жануарлар әлеміне негізделген. Аталған жануарлардың түрлері, шығу тарихы және ерекшеліктеріне көп мән беріледі. Бұл оқушы үшін қосымша көмек ретінде пайдасы зор деп білемін.
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары
Таңдау курсы 4 сыныптар бойынша аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.
І тоқсан - 8 сағат..
ІІ тоқсан - 8 сағат.
ІІІ тоқсан - 10 сағат.
ІҮ тоқсан -8 сағат.
Бағдарлама бес бөлімнен тұрады.
|
№ |
Бөлім атауы |
Бөлінген сағат саны |
|
1 |
«Төрт түлік – халық қазынасы» |
6 сағат |
|
2 |
«Жабайы жануарлар әлемі» |
12 сағат |
|
3 |
«Құстар әлемі» |
6 сағат |
|
4 |
«Теңіз тіршілігі» |
6 сағат |
|
5 |
«Жәндіктер әлемі» |
4 сағат |
Күнтізбелік жоспар
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Сөздік жұмысы |
|
Төрт түлік – халық қазынасы |
|||
|
1 |
Төрт түліктің шығу тегі туралы ұлттық ұғымдар және негізгі қасиеттері |
1 |
Қазығұрт, қамбар ата, ойсылқара, шопан ата, сексек ата, зеңгі баба |
|
2 |
Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің маңызы және төрт түліктің жас ерекшеліктеріне байланысты атаулар |
1 |
Бәсіре, қазы, шұжық, жая, кілегей |
|
3 |
Жылқы –төрт түліктің патшасы |
1 |
Пысқыру, жылқы қосы, қымызмұрындық |
|
4 |
Сиыр- төрт түліктің сыйлысы |
1 |
Селекционер, месқарын |
|
5 |
Түйе- түлік төресі |
1 |
Көнтабанды, көшек, шуда, софмайя |
|
6 |
Қой мен ешкі түлігі (ұсақ малдар) |
1 |
Меринос, шашыратқы, қой басты, түбіт, қылбұрау арқан |
|
Жабайы жануарлар әлемі |
|||
|
7 |
Адам тәрізді маймылдар туралы түсінік |
1 |
Суматралық жас, архипелаг |
|
8 |
Мысық тұқымдас ірі жануарлар |
1 |
Прайд, ілбісін |
|
9 |
Қасқырлар |
1 |
Бөлтірік, поляр |
|
10 |
Түлкілер |
1 |
Кайот, шибөрі |
|
11 |
Аюлар |
1 |
Мығым, қимылсыз күй, гризли, жанат |
|
12 |
Пілдер |
1 |
Матриархаттық, табын, |
|
13 |
Қалталы жануарлар |
1 |
эвкалипт |
|
14 |
Мүйізді күйіс қайыратын жануарлар |
1 |
Волоклюилер, |
|
15 |
Бөкендер, керіктер, окапилер |
1 |
Лира |
|
16 |
Құндыздар, жарқанаттар |
1 |
Эмаль, құнай, қолқанат, эхолокация, |
|
17 |
Қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар |
1 |
Бауырымен жорғалаушы, сауыт, Мохаве |
|
18 |
Айдаһар жыландар, питондар, анакондалар |
1 |
Сезгіш ойыс, Реюньон |
|
Құстар әлемі |
|||
|
19 |
Ұшпайтын құстар |
1 |
Ұшпайтын құстар, |
|
20 |
Суда жүзетін құстар |
1 |
Атырап, мускус |
|
21 |
Альбатростар, дауылпаздар, қоқиқаздар |
1 |
Полюс, Хокер, мүйіс |
|
22 |
Тырналар, құтандар, көгершіндер, кептерлер |
1 |
Тәж, өлексе, моллюскалар, Цинцинатти |
|
23 |
Бүркіттер, қаршығалар, қырандар, мен каракаралар |
1 |
Бакли, түктіаяқ |
|
24 |
Тотықұстар, какадулар, колибрилер |
1 |
Тропиктік, молук, жемсаулы |
|
Теңіз тіршілігі |
|||
|
25 |
Пингвиндер, акулалар, скаттар |
1 |
Шеміршекті, силур |
|
26 |
Киттер, дельфиндер |
1 |
Мүйізпластинка, демтесік, кит әндері, өзен сағалары |
|
27 |
Теңіз жұлдыздары, теңіз қиярлары және теңіз кірпілері |
1 |
Тікентерілі, регенерация, маржан рифтері, |
|
28 |
Медузалар, маржандар, актиниялар |
1 |
Денесі іркілдеген, эмбрион, полип, дернәсіл |
|
29 |
Сегізаяқтар, кальмарлар |
1 |
Кембрий, деликатес |
|
30 |
Теңіз шаяндары, омарлар, мен асшаяндар |
1 |
Бақалшақ, түлеу, хитин, баскөкірек, құрсақ |
|
Жәндіктер әлемі |
|||
|
31 |
Аралар, соналар, көбелектер |
1 |
Тозаң, |
|
32 |
Өрмекшілер |
1 |
голиаф |
|
33 |
Шегірткелер, қоңыздар |
1 |
Туннель, люциферин, |
|
34 |
Тарақандар мен термиттер |
1 |
Плантация |
Үлгі сабақ жоспарлары
№ 1 Тақырыбы: «Жылқы –төрт түліктің патшасы»
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Білімділігі: жылқы түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасын түсіндіру. Жылқы малын өсірудегі халықтық қағидаларда өзіне тән қолайлы табиғи орта жағдайларын және қажетті өсімдік түрлерін, жайылымды тоздырмау жағына ерекше көңіл бөлу. Дамытушылығы: оқушыларды жылқы түрлерін ажырата білуге баулу, ізденушілік қабілеттерін арттыруү Тәрбиелігі: Төрт түлік туралы ата- бабаларымыздан қалған асыл мұрадан өскелең ұрпақ хабардар болып, басты байлықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар, «ұяшық таңдау» ойыны (цифрлар), сызба –нұсқалар, түрлі суреттер және жылқы түрлері Техникалық құрал: слайд Әдіс- тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу, көрнекілік, ой қозғау, тест |
|
|
Психологиялық ахуал |
Сабақта қолданылатын ұранымыз: Дүниетану сөзі: «Жер –Ана, кең байтақ, табиғатты сүйетін» Әрбір сабақ: үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын. Сабақта үнемі есте боларлық ереже:
|
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Топқа бөлу |
Геометриялық фигуралар үлестіріледі |
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады. |
|
Қызығушылықты ояту |
«Ұяшық таңдау» ойыны арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз, бүгінгі танысатын тақырыбымызды білетін боламыз. |
|
|
Сергіту сәті |
«Төрт түлік» биі |
|
|
Жаңа сабақ |
Мақсатымыз: Жылқы жануарының түрлерін топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз. «Ой қозғау» -Қандай төрт түліктерді білеміз? - Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан. Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. (І.Жансүгіров) Қазақ халқы жылқыға төрт түліктің патшасы деп өте дұрыс атау берген. Тіпті қазақ халқы жылқыны «Мал» деп атамай, көбіне «жануар» деген сөз тіркесін қосып айтады. Себебі, көшпенділердің көне заманнан бергі көп өсірген түлігі және басқа түліктердің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны жылқы болған. Жылқы жануарын шаруашылықтың барлық түріне пайдаланған. Еті мен сүтінің емдік қасиеті бар екендігін білген. Басқа түлікпен салыстырғанда кез келген шөппен қоректене бермейтіндігін, лай суды ішпейтіндігін, қысы- жазы өз аяғымен жайылатындығын, жүрісі жүйрік, жеңіл, шыдамдылығын аңғарған. Тіпті денесіне түскен жарасы құрттаса басқа малдардағыдай етіне өтіп ары қарай тереңдеп үңги бермейді. Құрттар етіне жеткенде бірден өліп домалап жерге түсіп қалады. Бұл жылқы малының асылдығын көрсететін ғажап көрініс. Сызбамен жұмыс: Жылқы 1. Шөпқоректі жануар – қарнын қорекке толтыру үшін жайылымда қысы- жазы тебіндеп ұзақ жайылады. 2. Өте есті жануар – жаңбыр жауса да, қатты дауыл тұрса да, күндіз де, түнде де өзінің тұратын жерін адаспай тауып барады. Есту қабілеті мысықтан, иіс сезуі иттен әлдеқайда артық. 3. Кісінеуі – хабар таратушы әрекет 4. Пысқыруы – қауіпті жағдайды білдіреді. Жылқыда 96-97 дыбыс шығару белгілері болады. Сөздік жұмыс: Пысқыру- дыбыс шығаруы, қауіпті жағдайды білдіреді. Жылқыда 96-97 дыбыс шығару белгілері болады. Жылқы қосы- жылқы тобы, әрбір қосқа 1000-ға жуық жылқы топтастырылған Қымызмұрындық- жылқыға байланысты қалыптасқан дәстүр. Қыстан қысылып шыққан ел көктем туысымен биені байлап, оны сауу салтанаты басталады. Мәтінмен жұмыс 1 топ Жылқы түрлері 2 топ Жылқыға байланысты орнатылған ескерткіштер 3 топ Қымыз түрлері 4 топ Гиннестер кітабына енген қазақ қазысы
Оқушылар топ болып өз мәліметтерін қорғайды, ал қалған топтар «түртіп алу» бойынша дәптерлеріне жазып отырады. |
|
|
Ой толғаныс |
Шығармашылық тапсырма: Жылқы туралы өз ойларынан өлең шығару Сабақты бекіту: тест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру |
Оқушылар өз ойларынан өлең шумақтарын құрастырады |
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады. |
№2 Тақырыбы: «Түлкілер»
Мақсаты: Оқушыларға түлкінің тіршілік мекен-жайларына бейімделуі жайлы жалпы түсінік беру. Бейімделу мағынасын түсіндіру. Түлкі жануарының түрлерімен, мекен ету ортасымен таныстыру.
Тілдік міндеттері: бейімделу,өңір.
Күтілетін нәтижелер: Өзгенің ойымен санаса білу және өзгелердің ойын құрметтей біледі.Сұрақтарға өзіне сенімді түрде жауап береді.
Әдісі: Сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: Кайот, шибөрі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Ағаш атаулары бойынша топқа бөлінеді. Ағаш суреттері жасырылған. Ол суретте қандай ағаш түрі екенін тауып, сол бойынша топқа бөлінеді.
«Қайың», «Шырша», «Емен».
ІІ Қызығушылығын ояту: «Бейімделу» деген сөз шығады.
1.Дәнді дақыл.
2.Дәнді дақылдар өсетін алқап.
3.Үй құсы.
4.Шөлге төзімді өсімдік.
5.Одан мата тоқылады
6.Орман дәрігері
7.Бұғы тұқымдас жануар
8.Ешкінің төлі.
9.Үй құсы.
«Бейімделу» сөзінің мағынасына түсінік беру.
Жаңа сабақ
Түлкі сипаттамасы
-Түлкілер –ең кіші жабайы иттер. Олардың аяқтары қысқа, тұмсықтары ұзын жіңішке, құлақтары тікірейіп тұратын үшбұрыш пішінді, терілері қалың және құйрықтары ұзын үлпілдек болады. Түлкілердің көздері мен мұрындарының арасында қара түсті үшбұрыш тәріздес сызық болады,сонымен қатар құйрықтарының ұшының түсі денелерінің қалған бөлігіне қарағанда басқаша түсті болып келеді. Түлкілер қос америка, Еуразия және Африканың орманды, бұтақты және шөлді аймақтарын мекендейді.
ІІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
1-топқа: Түлкінің мінез- құлықтары, қоректенуі
2-топқа: Түлкінің індері, құйрығы
3- топқа: Түлкінің түрлері
ІҮ. Сергіту сәті:
Сөздік жұмыс:
Кайот- үйір құратын, барлық жабайы иттердің ішіндегі ең жылдам жануарлар
Шибөрі- ит тұқымдасына жататын жыртқыш
Ү. Ой қозғау:
1-топқа: Қарсақ суреті беріледі.Оның тіршілігі, қоректенуі туралы не айтуға болады?
2-топқа: Кайот суреті беріледі.Оның тіршілігі, қоректенуі туралы не айтуға болады?
ҮІ. Бағалау: -Екі жұлдыз, бір тілек
Сабаққа өз ойлары мен ұсыныстарын стикерге жазып іледі.
№3 Тақырыбы: «Ұшпайтын құстар»
Мақсаты: Оқушыларға ұшпайтын құстар жайлы түсінік беру.Олардың қатаң табиғат жағдайларына бейімделу қасиеттері жайлы ұғынуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер: құстар түрлерін ажыратып, қорытынды жасай біледі.
Әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық: Амансың ба, Алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем шаттанам!
ІІ Қызығушылықты ояту: - Ертеде бір жолаушы түйесі мен есегіне жүк артып алыс сапарға аттаныпты. Күн жүріп, түн жүріп бір құмды ыстық аймаққа тап келіпті. Ішерге су жоқ, не қалқа болып күннен қорғайтын ағаш та болмай есек әбден болдырыпты. Ал түйенің қиналған түрі байқалмайды. Амалы таусылған есек түйеден көмек сұрапты:
-Түйе, біз бір үйдің бауыр басқан жануарлары едік қой. Мені мына қорлықтан құтқара гөр. Менің жүктерімді өзіңе алып мені жайыма жібер,-дейді есек.Түйе есектің мұңын сабырмен тыңдап, былай деген екен :( Әрі қарай ертегіні оқушылардың қиялымен жалғастырып, ертегіні аяқтау.) Сұрақ:
- Еске пен түйе қандай аймаққа тап болды?
-Ол жерде неге ағаш жоқ?
- Шөлді аймақта өсімдік өсе ала ма?
- Жануарлар тіршілік ете ала ма?
-Олар қалай тіршілік етеді?
- Ұша алмайтын құстар тіршілігі туралы не білеміз?
ІІІ. Мағынаны тану:
Жаңа сабақ
Ұшпайтын құстар – ұша алмайтын құстар. Алайда бұл құстар өте жақсы жүгіретін немесе жүзетін болады. Бұлар негізінен ұшатын құстардан пайда болған. Орнитологтардың ойынша, бұл құстардың мекен ету орталарында олардың жаулары жоқ болғандықтан, ұшу қабілеттерінен айырылған. Әлемде ұшпайтын құстардың шамамен 40 түрі белгілі. Енді сол ұшпайтын құстарға тоқталып өтелік.
Жұпқа бөліну. Ұшпайтын құстарды таңдай отырып, оқушылар жұпқа бөлінеді.
ІҮ Сергіту сәті: Достарменен бір жолда,
Иықтасып жүреміз.
Қиындықта жол ұшын
Береміз деп сенеміз.
Мәтінмен жұмыс. Әр жұпқа бір ұшпайтын құс туралы мәтін бөлініп беріледі. Оқып, өзара талдайды. Нәтижесінде барлығы бірігіп топтастыру құрады.
Ұшпайтын құстар
түйеқұс нанду
э
му
такахе
пингвин
к
иви
какапо кагу
Ү. Ой қозғау:
Кестені толтыру
«Сәйкестендіру»
|
|
Тұмсықтарының ұштарында қоңыздарды иіскеп тауып, ұстайтын танаулары болады |
Өте жақсы сүңгитін құс |
Бастары мен мойындары толығымен қауырсынмен қапталған. |
Күлгін сұр және ақ түсті қауырсындары үшін «орман әруағы» деген ат берілген. |
Ең үлкен, ең биік құс |
Әлемдегі ең алыс қашықтыққа жүгіре алатын құс |
Түнгі және ең ауыр тоты құс |
Қанатсыз сұлтан |
|
Түйеқұс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Эму |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Какапо |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кагу |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Киви |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пингвин |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Такахе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нанду |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытындылау
«Рефлексия ағашы»
- Өзіме пайдалы не алдым?
- Не туралы әлі де білгім келеді?
- Қажетсіз нәрсе болды ма?
Қосымша деректер
Қажетті сызбалар
Төрт түлікке жататын жануарлардың зоология ғылымындағы жүйелік орны
С
үтқоректілер
Тақтұяқтылар Көнтабандылар Жұптұяқтылар
![]()
Ж
ылқылар Түйелер
Қуысмүйізділер
![]()
Тарпан, керқұлан, қаптағай, нар, түйе, арқар, арғалы,
құлан, зебр, есек айыр түйе, гуанако, жабайы тауешкі,
альпака тур, бизон, зубр
Төрт түліктің жабайы тектері, қолға үйретілген уақыттары мен аймақтары
|
р/с |
Төрт түлік түрлері |
Үй жануарларының жабайы тектері |
Қолға үйретілген уақыты |
Қолға үйретілген аймақтары |
|
1 |
Жылқы |
Тарпан, керқұлан |
6-7 мың жыл бұрын |
Қазақстан, Орта Азия |
|
2 |
Түйе |
Жабайы түйе |
7-7,5 мың жыл бұрын |
Азия, Арабия |
|
3 |
Қой |
Арқар, арғалы жабайы қой |
10-11 мың жыл бұрын |
Каспий, Арал аймағы, Алтай |
|
4 |
Ешкі |
Жабайы сақалды және иір мүйізді ешкілер |
11-12 мың жыл бұрын |
Кіші және Орта Азия, Жерорта теңізі маңы |
|
5 |
Сиыр |
Тур |
9-10 мың жыл бұрын |
Еуразия, Жерорта теңізі маңы |
Қорытынды
Қазіргі талап - оқушылардың білім деңгейін жан- жақты көтеру, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны практика жүзінде қолдана білу. Сондықтан бұл көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша факультатив сағаттарын өткізу барысында өте тиімді. Керекті қызықты мәліметтерді интернет желісі арқылы тауып алуға, қолдануға болады.
Осы таңдау курсы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
біздің елімізде және дүние жүзінде мекен ететін жануарлар туралы толық мәлімет біліп шығады, және «Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы біледі және олардан қорғану амалдарында меңгереді. Қоршаған ортаны бақылау дағдысынан, табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен, табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан, қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.
Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі.
Қолданылған әдебиеттер:
-
«Қазақша мал атаулары» Жанәбілев Ш. –Алматы Қайнар 1982ж
-
«Төрт түлік» Кітапбаев Б. Алматы 2008ж
-
«Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары» Алматы Арыс 2005
-
«Төрт түлік» Алматы Өнер 2001 ж
-
«Қолда мал өсіру» Алматы Қайнар 1995 ж
-
«Қызықты биология» Жануарлар әлемі Сәтімбеков Р. Әлімқұлова Р. «Таймас» баспасы 2011 ж
-
«Жануарлар әлемі» балалар энциклопедиясы Д.Алипбаева «Фолиант» баспасы 2014ж
-
«Бәрін білгім келеді» С. Қазақбаева «Алматы» баспасы 2003 ж.
-
«Бастауыш сынып» барлық пәндер бойынша журнал №1 2016ж
19

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген