«ҚЫЗЫҚТЫ ЛОГИКА» интелектуалды шоу бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚЫЗЫҚТЫ ЛОГИКА» интелектуалды шоу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, олардың жан-жақтылығын, математика пәніне деген қызығушылығын байқау. Білім алушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалақ құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, ынтасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №48 ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



«ҚЫЗЫҚТЫ ЛОГИКА» интелектуалды шоу бағдарламасы


Picture 23





Физика пәнінің мұғалімі: Елен Жансая Әлімжанқызы









2021-2022 оқу жылы

Тараз қаласы


«ҚЫЗЫҚТЫ ЛОГИКА» интелектуалды шоу бағдарламасы


- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар білім алушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендерғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің үйде оқитын білім алушылар арасындағы ZOOM платформасында өтетін қызықты деректерге толы «Қызықты логика» интеллектуалды шоу бағдарламасына қош келдіңіздер!

Бағдарлама мақсаты: білім алушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, олардың жан-жақтылығын, математика пәніне деген қызығушылығын байқау. Білім алушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалақ құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, ынтасын дамыту. Білім алушылардың мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

- Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға, дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын білім алушыларды таныстырсақ.

1.7 «В» сынып білім алушысы: Дүйсенбек А

2. 8 «А» сынып білім алушысы: Аманқұл Ә

3. 9 «Д» сынып білім алушысы: Нұрдаулетқызы Б

4. 10 «В» сынып білім алушысы:Еркінқызы С


Алдымен бағдарлама шартымен таныс болайық:

  1. Бағдарламаға 7-10 сыныптар арасындағы 4 ойыншы қатысады.

  2. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Дода». Жалпы 6 ұяшықта сұрақтар беріледі. Ойыншылар өздері қалаған ұяшық сұрақтарына жауап беріп, 10 ұпайдан иеленеді.

2-кезең. «Лото». Қиындық деңгейіне байланысты 10 ұпай, 20 ұпай, 30 ұпай берілетін математика, физика, информатика пәндерінен сұрақтар қойылады. Барлық ойыншыларға таңдау беріледі.

3-кезең. «Жүйрік». Ойыншыларға ортақ сұрақ қойылады. Кім алғашқы болып жауап берсе, 10 ұпайды иеленеді.

  1. Бағдарлама барысындағы жинаған ұпай сандарына қарай жеңімпаздар анықталады.







  1. Зейінді байқау

Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)


  1. Қанша?

Бір жанұяда төрт ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (5)


  1. Жұмбақ

Көп болса, асықпайсың,

 Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?             (Уақыт-время-time)


  1. Геометрия

Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)

  1. Тұлғаны таны







(Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж, Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.)


  1. Компьютер

Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ( монитор )


Математика -10

Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі, диаметр (төбесі)


Математика -20

Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

Математика -30

Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады? (5)


Физика -10

Күннің көзі неше рет шығады? (365)


Физика -20

1.Адам организмінде бар зат

2.Заттың үш күйінің біреуі

3.Үш күйде де бола алады

4.Жерде онсыз өмір жоқ (су)


Физика -30

Теңіз не себептен көк болып көрінеді?  (Көк аспанды шағылдырады)


Информатика -10

Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (Вирус)


Информатика -20

Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат? (файл )


Информатика -30

Компьютердің миы? (Процессор)


3-кезең. «Жүйрік».


1.Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңщы біреуін атып алды, неше торғай қалды? (1-торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

2.

(8)



Қорытынды: Құрметті білім алушылар осымен біздің «Қызықты логика» интеллектуалды шоу бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет. Еліміздің болашағы білімді ұрпақта демекші білімді азамат болып өсіңіздер.

Бағдарлама жеңімпазын анықтап, марапаттау жүргіземіз.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2022
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі