Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты логика-математикалық сауаттылықтың бастамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика мен логиканы тереңдете оқыту оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, оның ақыл ойының дамуына, қоршаған болмысты танып, білуіне көмектеседі. Бұл математика және логика әлемінде оқушылардың математикалық білім, біліктерін қалыптастырып, ой — өрісін кеңейтуді шығармашылығын қиялдау қабілетін дамытуды және ұлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Математика мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есалиева Гулмира Сұлтанбайқызы

Түркістан облысы,Отырар ауданы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Қызықты логика-математикалық сауаттылықтың бастамасы

Математика мен логиканы тереңдете оқыту оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, оның ақыл ойының дамуына, қоршаған болмысты танып, білуіне көмектеседі.

        Бұл математика және логика әлемінде оқушылардың математикалық білім, біліктерін қалыптастырып, ой — өрісін кеңейтуді шығармашылығын қиялдау қабілетін дамытуды және ұлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Математика мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Авторлық бағдарлама жазуда  алдыма мақсат қойдым.

Мақсаттары:

  • Оқушыларға математикалық білім, білік дағдыларын игерту. Математика әлемінде үйірмесінің  мазмұны  танымдық іс — әрекет пен өздігінен білім алуға бейімдеу.

  • Ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралар мен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру.

Математикалық білімді өмірде қолдануға жан- жақты дайындықты жүзеге асыру.

          Міндеттері:

  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету.

  • Ақыл ойын, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту.

  • Математиканың қоршаған болмысты таным білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктерді қалыптастыру.

  • Оқушының өмір тіршілігіне қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

  • «Математика» пәнінің мазмұны аркылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,  сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып,салт-сана, халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру.

  • Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту.

  • Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.

  • Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.

  • Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін. Қосудың және көбейтудің қасиеттерін. Жакшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуын ретін, тәртібін. Есептің құрамдас бөліктерін және оны шығару үдерісін кезеңдерін білуі тиіс.

Сандарды жазбаша көбейту баған түрінде және бөлу  тәсілдері.

Оқушы білуі тиіс:

— санның квадраты және кубы туралы;

— есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйренуді;

-ондықтан аттай ауызша қосу және азайтуды;

— қалдықпен бөлу және тексеруді үйренуді;

— көп таңбалы сандар,разрядтар және класстар туралы;

-амалдардың орындалу ретін;

Оқушы игеруі тиіс:

-санды көбейту мен бөлуді;

-кестелік көбейтуді;

-санды және шамаларды салыстыруды;

— көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді меңгеруді;

есептерді теңдеу құру арқылы шығаруды;

есептер шығаруды.

       Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының болмауынан, түсінбеуі салдарынан мұғалім жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Егер білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытады.

Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

4-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған

«Қызықты логика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Қызықты логика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

«Қызықты логика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты логика»  бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.

Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.

«Қызықты логика»атты авторлық бағдарлама оқушылардың математика пәнінен білімін толықтыру үшін құрылған. Оқушыларға қызықты тапсырмалар беру арқылы математикалық білімдерін жетілдіру курстың басты болжап отырған мақсатын білдіреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12