Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтан тыс іс - шара 7 сыныптарға арналған.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға,алғырлыққа жетелейтін іс - шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызықты математика»

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Түрі: топтық сайыс
Жоспары:
1. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, топтағы оқушыларды жақсы қырлары мен таныстыру;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Кім жылдам?
4. «Артық сөзді тап»
5. «Математикалық терминдер»
6. «Кім тапқыр?»

Қолданылған нақыл сөздер:
1. «Логика өнері – адамның ақыл - парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал»
Әбу Насыр Әл - Фараби
2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р. Бэкон
Барысы:
Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.
Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы

Логикалық сұрақтар. Тақтадан видео сұрақтар беріледі. Қайсы топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.

«Кім жылдам?» оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.
І топ:

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
    2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
    3. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш
    (параллелограмм)
    4. Бұрышты өлшейтін құрал
    (транспортир)
    5. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі / ғасыр /
    6. Сағатта қанша секунд бар?
    (360с)
    7. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
    8. 7 құрама сан ба, жай сан ба? (жай сан)
    9. Миллионда неше ноль бар? (6)
    10. Ең кіші жай сан? (2)

    ІІ – топ:
    1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)
    2. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (180)
    3. Ең кіші натурал сан (1)
    4. 13 - тің квадраты? (169)
    5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
    6. Қабырғасы 1 - ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
    7.1 сағатта қанша минут бар (60мин)
    8.126 мен 7 көбейтіндісін тап (882)
    9.5 тәулікте неше сағат бар (120 сағ)
    10.Миллиардта қанша нөл бар (7 нөл)


«Артық сөзді тап». Әріптердің орнын ауыстырып, сөз құра және артық сөзді тап. Дұрыс жауапқа 1 - ұпай.
І – топ:

А) зүту В) ратквад С) тепмек
А/ усәле В/ бершең С/ ретеорма

ІІ – топ:

А/ дісінке В/ пециятра С/масиоак
А/ деутең в/ бомр С/кадрват

7.«Математикалық терминдер». С, П, А, К, Т, Ш әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер жазу, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі, 1 - минут.


«Кім тапқыр?». Суретте неше квадрат бейнеленген?
Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.

Қорытынды: Әділ - қазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар
жүргізеді. Жеңіске жеткен топ
«Қызықты математика» сайысында жеңімпаз топты анықтап сыйлықтар беріледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
912
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі