400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру. Бағдарламада 10 көлеміндегі сандарды, кестелік қосу, азайту, теңдік, теңсіздік, сөз есеп шығару сияқты тақырыптар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық
Сабақтың мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары, слайд

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек, 2 топ: үшбұрыш, 3 топ: төртбұрыш

Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым,
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос

Тәрбиеші: 
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ:
1. Кім шапшаң?
2. Қандай сан жетіспейді?
3. Логикалық есептер
4. Келіңдер, есептейік
5. Кім жылдам?

1. 
Кім шапшаң.
0-ден 7-ге дейінгі сандар шашылып жатады. Сандарды рет – ретімен, қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып шығу.( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.)

2. Қандай сан жетіспейді?

Сандар қатарындағы жоқ санды тауып, жазу. 0, 1,..., 3, 4,..., 6,....

3. Логикалық есептер.

1. Айгүлде үш мысық, Айнұрда екі мысық Қосқанда барлығын Болады неше мысық? (3+2=5)
2. Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
3. Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 - 5=0)

Сергіту сәті. Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қара еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің

4. Келіңдер, есептейік.
Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
1 – тапсырма
Дөңгелек ------ Үшбұрыш ------ Тіктөртбұрыш
1+1= -------------- 2+2 = ----------- 2+1=
2+3= -------------- 3+1 = ----------- 3+2=
5 - 2 = ------------ 4 - 2 = ----------- 5 - 3 =
2 - 1 = ------------ 4 - 1 = ----------- 3 - 1 =

2 – тапсырма:
Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің ішіне цифрмен жаз


5. Кім жылдам?
-І-топ: Сана да жаз.(суреттер беріледі)
ІІ-топ:5 санының құрамын анықта
ІІІ-топ:3 қызыл машина
2 көк машина
Барлығы: 5 машина
3+2=5

Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына береміз. Топтарды марапаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі