400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
5көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атауды,кеңісті бағдарлау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Апта күндерін атауды үйрету,балалардың тілін дамыту. 5көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атауды,кеңісті бағдарлау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Апта күндерін атауды үйрету,балалардың тілін дамыту. Мектепке дейінгі балаларға 5көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атауды,кеңісті бағдарлау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Апта күндерін атауды үйрету,балалардың тілін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты математика.


Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы:Қызықты математика.

Мақсаты:

1.Білімділік. 5көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атауды,кеңісті бағдарлау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Апта күндерін атауды үйрету,балалардың тілін дамыту.


2.Дамытушылық.Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып,санау,санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту.


3.Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер ,ойыншықтар,сандар,үйшік.


-Балалар бүгін бізде өте қызықты сабақ болғалы тұр.Қане,ендеше балалар барлығымыз жылулық шеңберіне тұрып,қонақтармен амандасайық:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз

«Сәлеметсіз бе»дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар.

Қане барлығымыз орнымызға отырайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.Наурыз,Сәуір,Мамыр.

-Ал,бір аптада неше күн бар?

-7-күн.Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Ендеше,балалар осы жеті күн туралы кім маған санамақ айтып бере алады?

Айта ғой,Әлімхан.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі-дүйсенбі.

Екіншісі-сейсенбі.

Үшіншісі-сәрсенбі.

Төртіншісі-бейсенбі.

Бесіншісі-жұма.

Алтыншысы-сенбі.

Жетіншісі-сенбі.



Ал балалар мен енді сендерге жұмбақ жасырайын.

Туысқан бес кісі

Бәрінен де бір кіші

Бәрінің де аты бар.

Ең кішісі-шеткісі.(Бес саусақ)

Осы бес саусақ туралы кім санамақ біледі?

Ботагөз: «Біз үйде нешеуміз?»санамағы.

Бас бармақ-әкем

Балан үйрек-шешем

Ортан терек-ағам

Шылдыр шүмек-әпкем,

Кішкене бөбек-мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде бесеуміз.

Іздену-барлау.Дидактикалық ойын: «Үйшік».

Қараңдаршы балалар Жазық далада бір кішкентай үйшік тұр.Сол жазық даламен 1 саны жүгіріп келеді,үйшікті көреді де есігін қағады.Ешкім жауап бермеген соң ішіне кіріп,осында тұра тұрайын деген ой келеді.

Солай 2,3,4,5 сандары келіп барлығы бірге тұрады.

Балалар енді осы сандар шашылып өзінің орнын таба алмай жүр.

Қане осы сандарға көмектесіп жіберейікші.

Сандарды тура және кері санау.

Осы кезде есік қағылады.

Балалар есікті біреу қағып жатқан сияқты естисіңдер ме?Сайқымазақ келеді.

Қош келдің сайқымазақ.

Сен неге көңілсізсің?

Сайқымазақ:-Сәлеметсіңдер ме балалар?

Мен сендерден көмек сұрап келдім.

Маған апайым тапсырма берді,соны орындай алмай жүрмін.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Олай болса балалар Сайқымазаққа көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындайық.

«Көңілді математика»-ойыны.

1.Үйге кірді Алдияр

Оған қоса Мадияр

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала?

(3 бала)

2.Пісіп тұрған төрт алмұрт

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып келді Әлімхан

Қанша қалды алмұрттан?

(2 алмұрт)




3.Табақта 3 алма

Колымда 2 алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

(5 алма)

Біз аздап шаршаған сияқтымыз.Олай болса денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

1дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5-дегенде асықпай.

Орнымызды табайық.

Ал балалар сәл демалып алсақ,енді менің сендерге мынадай тапсырмам бар.Барлығымыз дайын аймаққа орналасып,алдарыңдағы қағазға мына пішіндерді салып көрейік.

Триз әдісімен геометриялық пішіндерді салу.Салған пішіндерді қонақтарға көрсетейікші.

Жарайсыңдар,балалар!

Міне біз әр түрлі пішіндермен де таныстық.

Енді осы пішіндерден ойыншық бейнесін құрастырып көрейік.Не құрастырдық?

Машинанаың бейнесін құрастырдық?

Менің тапсырмамды да өте жақсы орындадыңдар.

Менің сендерге беретін сыйлықтарым бар.

Келген қонақтарға рахмет айтып,қоштасайық.

Күтілетін нәтежие:

1ден 5-ке дейінгі сандарды біледі,тура және кері санайды,геометриялық пішіндерді ажыратады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі