400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Балаларға географиялық пішіндер мен түстерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттері дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызызықты математика

Білім беру саласы: Таным Оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Қызықты математика Мақсаты: Геометриялық пішіндер мен түстерді ажырату. 1-ден 4-ке дейін санауға үйрету. Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту. Таңертең, түс, кеш ұғымдарымен таныстырып, уақытты бағдарлауды үйрету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Билингвальді компонент: Бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре. Сөздік жұмыс: Таңертең, түс, кеш. Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкері тышқан, сандар, пішіндер, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық. Осы жақсы лебіздерді, Бір-бірімізге сыйлайық!

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер қай мезгіл туралы айылғанын табасыңдар?

Күн жылынып, қар еріп, Сай-салаға қашады. Ағаш басы бүршік жарып, Гүл бәйшешек ашады. Айтыңдаршы, балалар! Қай мезгіл деп ойлайсыңдар? (көктем мезгілі)

Суретпен жұмыс.

–Балалр, көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер бар? –Күн жылынады, қар ериді. Ағаш бүршік жарады. Жыл құстары ұшып келеді. –Қандай жыл құстарын білесіңдер? –Қарлығаш, аққу, тырна.

Тосын сәт. (Есік қағылады, ішке ертегілер елінен келген тышқан кіріп келеді.)

Тышқан: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Тышқан: Мен ертегілер елінен келдім. Ертегілер елінде « Білгір алтау» бәйгесі болғалы жатыр. Мен сол бәйге қатысқым келеді. Сондықтан көп нәрсені білігім келеді. « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – дегендей білім алғым келеді. Сендердің оқу қызметтеріңе қатысуға бола ма? Балалар: Әрине, қатысуыңызға болады! Тәрбиеші: Сонау, ертегілер елінен алыстан келдіңіз, шаршаған боларсыз! Жоғары шығыңыз, жақсы келдіңіз! Сонымен біздің топтың балаларыда «Білгір алтау» бәйгесіне қатыса алама? Тышқан: Әрине, қатысуға болады. Алайда мына бірнеше логикалық тапсырмаларды орындау керек. Сонда ғана қатысуға болады. Тәрбиеші: Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба? Балалар: Иә, тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма: Уақытты бағдарлау туралы жұмбақтар.

Күн шығады аспаннан, Ұйқымыздан оянып, Беті, қолдымызды жуамыз. Анамызға ереміз, Біз бақшаға келеміз. (Таңертең)

Күн төбеде тұрғанда, Тамақ ішіп аламыз. Біз тәртіпті баламыз, Тәтті ұйқыға батамыз. (Түс)

Күн ұяға батқанда, Анамызды күтемыз. Апай: «Сау болыңыз!» деп, Біздер үйге қайтамыз. (Кеш)

2-тапсырма: Сандар туралы тақпақтар айту және санамақтар айту.

Аяла: Мені білгін келсе, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрамын.

Аян: Бірден кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Бірге бірді қосқанда, Иіліп мен шығамын.

Асима: Екіден соң әрқашан Үш саны боп қаламын. Қос мүйізі майысқан Ұлттық ою саламын.

Інжу: Достар мені төрт дейді, Беске бірім жетпейді. Бірақ үшке ағамын, Жақсысымын бағаның.

Айару: Әр қолда саусақ бес – бестен Шықпас тегін ол естен Біліп санның шамасын Мысал ойлап табасың.

Санамақ айту:

Мерует: Бір дегенің бесік, содан шықтық өстік. Екі дегенің елім, өзен тауым көлім. Үш дегенім үміт, үміт артар елім. Төрт дегенім төзім, төзе білім өзім Бес дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

3-тапсырма: Логикалық тапсырмаларды орындау.

Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды? (Төртбұрышты доп болмайды.)

Ағашқа төрт торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (Екі торғай қалды.)

Оң қолымда екі алма, Сол қолымда екі алма. Қосып едім барлығын, Болып шықты қанша алма? (Төрт алма)

–Оң қолымдағы алманың түсі қандай? –Қызыл алма. –Сол қолымдағы алманың түсі қандай? –Жасыл алма.

Сергіту сәті: 1дегенде тұрайық, 2,3,4 алақанды соғайық. Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.

4-тапсырма: Пішіндер туралы тақпақ айту. Пішіндердің түсін және қандай пішін екенін тез әрі жылдам айту. Топтың ішінде қандай пішіндер бар екенін айту. «Кім жылдам?» дидактикалық ойын.

Гүлсім: Пішіндерді үйрендім Қабырғасы тік сайлы. Үш бұрыш бұл үйлердің Шатырына ұқсайды.

Мирас: Бөлініп – ақ екіге, Отырған сәт шетінде. Төртбұрышта ұқсайды Үстелдердің бетіне.

Тышқан: Мен бүгін көп нәрсені үйрендім. Енді ертегілер еліндегі «Білгір алтау» бәйгесіне қорықпай қатысамын. Сендерді қатысуға шақырамын. Сау болыңдар, балалар!

Қорытындылау:

Тәрбиеші: Балалар барлығымыз бірге қызықты санамақ санаймыз. Бес кәмпитім көп еді, Сараңдығым жоқ еді. Бір кәмпитім атаға, Бір кәмпитім әжеге, Бір кәмпитім мамаға, Бір кәмпитім папаға. Өзіме жете ме? (Жетеді, бір кәмпит қалады.)

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Таңертең, түс, кеш ұғымдарын білу; Нені игерді: Қоршаған ортадан оң жақтағы, сол жақтағы заттарды таба білуді және1-ден 4-ке дейін санауды ; Нені білді: Геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратуды;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі