Білім беру саласы:
«Таным»
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы:
«Қызықты
математика»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан
және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты
бағдарлау бөлімі бойынша өткен білімдерін
бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау
қабілеттіліктерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика
сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
уйрету.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,
әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі, сандар,
әр-түрлі фигуралар, тақта, суреттер.
-сабақтың жүру
барысы;
-ұйымдастыру
кезеңі;
ШАТТЫҚ
ШЕҢБЕР:
Армысың, мейірімді
Аспан-Ата
Армысың, қайырымды
Жер-Ана
Армысың, шұғылалы
Алтын-күн
Армысың, балабақша
дос-жаран.
Таңертең тұрған кезде аналарың
қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң
тілейік.
-Қайырлы таң көздерім, сендер
ояныңдар!!!
-Қайырлы таң құлақтарым,
сендер ояныңдар!!!
-Қайырлы таң саусақтарым
сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды,
қолдарын шапалақтайды.
-Жарайсыңдар
балалар!
Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі
күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
-Бүгін бізде қарапайым
математикалық ұғымдар туралы ашық оқу
іс-әрекеті.
Қызықтыру сәті: әуенмен «Білім
ханшайымы» келеді.
Білім
ханшайымы: Сәлеметсыздер ме Балалар!
Сәлеметсізбе балалар!
Білім
ханшайымы: Балалар мен мектептен келген
Білім ханшайымымын.
Сіздерді мектепке барады деп
естіп келдім. Мектепке барғыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Білім
ханшайымы: Олай болса мен Сіздерге құр
қол келген жоқпын.Өзіммен бірге Сіздерге тапсырмалар ала келдім.
Тапсырманы дұрыс орындасаңдар мектепке
қабылданасыңдар.
Тәрбиеші: Қош келдің Білім
ханшайымы.
Біздің балалар ақылды және
Сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды.
Сіз жайғасып балаларымыздың
білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар Білім ханшайымы
қандай тапсырма әкелді екен, қарайық.
1-Тапсырма
-
Жылдың төрт мезгілін
ата?
-
Қәзір жылдың қай
мезгілі?
-
Бір жылда неше ай
бар?
-
Бір аптада неше күн
бар?
-
Бүгін аптаның нешінші
күні?
-
Қәзір тәуліктің қай
мезгілі?
2-тапсырма: «Қандай
геометриялық пііндерді білесіңдер?»
Тәрбиеші: Балалар 2-тапсырмада
былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ
қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарысына үш
бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының
жоғарғысына шаршыны, төменгі бұрышына шеңберді
орналастыр.
Сергіту
сәті:
Бойың сергек тік
ұста
Емін-еркін
тыныста
Деміңді ішке тез
алда
Сол қалпыңды соз
алға
Қол ұшына қара
да
Ұшбұрыш сыз
ауада
Оң қол да бос
тұрмасын
Шеңбер жасап
зырласын
Д/ойын «Қай пішінге
ұқсайды?»
Балаларға жәшіктен әр түрлі
геометриялық пішіндерді алу ұсынылады, әуенге қосылып билейді де,
әуен тоқтағанда қолдарыңдағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш,
төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
3-тапсырма:
1-ден 10-ға дейін тура және
кері санау
Д) ойын «Жоғалған
сан»
Санардың көршісін
табу
Аталған санның көршісін
атау.
4-тапсырма: карточка берілген
кеңістікті бағдарлау үйдің суреті.
Мен сендерге қайда не
салатындарыңызды айтамын, сендер мұқият тыңдап айтылған суретті
салыңдар жарайма балалар!
Б: Иә,
жарайсыңдар.
Т:Енді балалар Білім
ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын
қарайық.
5-тапсырма: Логикалық
есептер.
-
Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты
алып келді, оның біреуін ініме бердім
Менде неше доп қалды?
(1)
-
Қолда қанша саусақ бар?
(саусақтарын көрсету)
-
Ағашта 5 құс отыр, оның 2-уі
ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
-
Себетте 2 алма, табақта 3
алма, қосқанда барлығы болады неше алма?
Білім ханшайымы: Балалар
сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір-бірлеріңе
көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Сіздерді мектепке
қуана-қуана қабылдаймыз.
Енді мен басқа балабақшаға
барамын, сау болыңыздар.
Әуенмен білім ханшайымы шығып
кетеді.
Қортынды: Балалар, бүгін
қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді
пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1-ден-10-ға дейін тура мен
кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз, Апта
күндерін білеміз.
-жарасыңдар балалар, бәріміз
келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн
жақсы.
Сау саламат
болайық.
№46 «Балбұлақ бөбекжайы» МКҚК
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі:
Батырова Мөлдір
Қарағұлқызы