Қызықты математика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты математика
Материалдың қысқаша нұсқасы











Қызықты математика

ТАНДАУ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мектепке дейінгі даярлық

















оқу жылы















Түсінік хат

   Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады.
 вариатив сабақтар дегеніміз- оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар.
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп,адамгершілікке,ізгілікке, имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.
Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп,сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай,олардың дүниетанымын кеңейтуге,есте сақтау қабілетін нығайтуға,тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.
Математика пәні бойынша вариатив сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті(дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады. Сонымен қатар дидактикалық ойындар, (ұлттық ойындар)математикалық ребустарды, математикалық фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). «Қызықты математика» бағдарламасы мектепалды даярлық топтарында аптасына 1 сағат, барлығы- 32 сағаттан құрылған.





Бағдарламаның мақсаты:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету;

  • көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік;

  • қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру;

  • 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету;

  • санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.



Бағдарламаның міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастыру;

  • балларға дамыту ойындары арқылы ұғымдарды түсіндіру;

  • балларға санамақтарды санауда қолдау;

  • түстеді ажыратып, пішіндерді бояуда көметесу

Күтілетін нәиже:

- Оқушының ой-өрісдамиды;
- ойлау іскерлігі қалыптасады;
- ақыл- ойы жетіледі;
- есте сақтау қабілеті артады;
- қызығушылық қабілеті оянады;
- тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
- оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;
- шығармашылықпен жұмыстанады;
- даму мониторингі айқын көрінеді;

- баланың білуі: қызықты математика оқу іс-әрекетінде ертегі арқылы естептер, мен тапсырмаларды орындай білуі;

- баланың меңгеруі: ойын тапсырмалар арқылы есеп шығаруды тереңдетіп меңгеруі;

- баланың жасай алуы: берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындай алуы.











Түсінік хат

Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымдары мен практикасының ең басты өзекті мәселелері. Қазақстан президентінің 2030- шы жылға арналған бағдарламасында барлық саланың жанаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы бағдарламасындағы жағдайлар атап көрсетілген.

Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесін жақсы жағдайда болуына байланысты.Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардан Қазақстан келешегі байқалды. Жаңа ұлттық тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді.

Балабақшадағы мектепалды тобындағы арнайы өтілетін сабақ кезінде балалар жадында түрлі заттардың қасиеттері сапалық сандық ерекшеліктері туралы ұғымдар қалыптасады. Соның нәтижесінде заттардың пішінін,түсін, көлемін салыстыра білуге олардың кеңістіктегі орнын ажыратуға дағдыланады.

Бағдарламалық материалды балаларға игеру үрдісінде тәрбиеші баланы тек үстірт санауға ғана жаттықтырмай ой енбегіне бейімдеуге олардың қиялын, санасын, зейінін дамытатындай есептерді ауызша шығара білуге үйретеді.

Осы талаптарды ескере отырып, мен вариативтік бөлімде берілгенсағатты «Қызықты математика» сабағына алып мынадай жоспар құрып отырмын.

Ұсынып отырған жоспарым балалардың жас ерекшелігіне лайықталып, мектепалды даярлау бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған.

Сабақ 32 сағатқа жоспарланған. Сабақ ойын түрінде өткізіліп, түрлі математикалық сауықтар (дидактикалық ойын, шытырмандар, логикалық есептер) пайдаланылған.

Бұл жоспарға жұмыс дәптері және «Сөз өнері әлемінде» қосымша көркем сөздер берілген.







Бағдарламаның мақсаты:



Балаларды он санына дейін тура және кері санауды үйрету. Онға дейін сандардың құрамын білуге,жазылуын (+,-) амалдарымен таныстыру.

Геометриялық фигураларды атай және айыра білуге, олардың қасиеттері туралы түсінік беру;

Салыстырмалы әдіс бойынша әр түрлі геометриялық пішіндерді салыстыра білуге үйрету;

Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуін, берілген бағыт бойынша қозғалуға үйрету (алға, артқа, оңға, солға);

Уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, қаламақ пен санамақтар, өтірік өлеңдер баланы қызықтырып, көңіл күйін көтеріп қуанышқа бөлейді. Әдемі машықтар, сөз өнерінің кестелері жақсы ұйқастар бәрі де балаға өсер беріп қиялын қанаттандырады, ойлауын дамытады.

Сабақты ойын түрінде өткізе отыра, баланың ынтасын арттырып қызықтыра түсу. Айналасындағы өмірден алған әсерін, көрген білгенін ойын арқылы танытып, күш жігерін, сезімін арттыру.





















Бағдарламаның мазмұны:

Бұл бағдарлама мектепалды даярлық класының балаларының бойында белсенділік, тапқырлық, ойлау қасиеттерін

қалыптастырады.

Бағдарламаға қызықты тапсырмаларымен жұмыс дәптері және халық ауыз әдебиетінен санамақтар, өлеңдер,

жаңылтпаш, сөз жұмбақтар еңгізілген.

Бұл бағдарлама

  1. Баланың танымдық әрекеттерін қалыптастырады:

  2. Ой-қиялы дамып, ойлау қабілеттерін жетілдіреді;

  3. Үздіксіз дамуын , дүниетанымын кеңейтіп ойлау жүйесін дұрыс қалыптастырады;

  4. Тапсырмалардың көп деңгейлігі баланы жан-жақты тәрбиелейді деп ойлаймын.





Күтілетін нәтиже:

  1. Тапсырмалардың мазмұның түсініп, өздігінен дұрыс, шапшан орындай білуі тиіс;

  2. Баланың қолының бұлшық еттері мен саусақтарын әлсіздігі дамиды;

  3. Сандарды баспа түрінде жаза білуі тиіс;

  4. Халық ауыз әдебиеттерді пайдалана білуі















«Қызықты математика» бағдарламасы



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Қайсысы биік, қайсысы аласа?

1


2

Қайсысы жуан,қайсысы жіңішке?

1


3

Қайсысы үлкен?қайсысы кіші?

1


4

Жиынтықтарға бөл

1


5

Қайда барсаң,соны табасың

1


6

Графикалық диктант

1


7

Бұл қай кезде болады?

1


8

Одан әрі не болады?

1


9

Фигураларды есте сақтап қал және сал

1


10

Сана және көрсет

1


11

Жолдың суретін сал

1


12

Неше зат жасырылған?

1


13

Жанды апта

1


14

Не ауырлау? Не жеңілдеу?

1


15

Фигураларды бөлшектерге бөл

1


16

Адасқан сандар

1


17

Қанша су бар?

1


18

Тепкіле-шапалақта

1


19

Ғажайып қалта

1


20

Қайсысы көп? Қайсысы аз?

1


21

Қай қолымда зат көп?

1


22

Жұбынды тап

1


23

Сандарды ретімен ата

1


24

Қайсысы кең?Қайсысы тар?

1


25

Санамақтар

1


26

Сенде сонша көрсет

1


27

Қандай түс?

1


28

Қайда орналасқан?

1


29

Өлең есептерді шеш

1


30

Қайсысы жүйрік?

1


31

Қандай пішінге ұқсас?

1


32

Кел,балалар ойнайық,ойнайықта,ойлайық!

1








  


«Қызықты математика» бағдарламасы



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Қайсысы биік, қайсысы аласа?

1


2

Қайсысы жуан,қайсысы жіңішке?

1


3

Қайсысы үлкен?қайсысы кіші?

1


4

Жиынтықтарға бөл

1


5

Қайда барсаң,соны табасың

1


6

Графикалық диктант

1


7

Бұл қай кезде болады?

1


8

Одан әрі не болады?

1


9

Фигураларды есте сақтап қал және сал

1


10

Сана және көрсет

1


11

Жолдың суретін сал

1


12

Неше зат жасырылған?

1


13

Жанды апта

1


14

Не ауырлау? Не жеңілдеу?

1


15

Фигураларды бөлшектерге бөл

1


16

Адасқан сандар

1


17

Әжемнің сандығы

1


18

Әжемнің сандығы

1


19

Жұмбақ есептер

1


20

Қайсысы көп? Қайсысы аз?

1


21

Қай қолымда зат көп?

1


22

Жұбынды тап

1


23

Сандарды ретімен ата

1


24

Қайсысы кең?Қайсысы тар?

1


25

Санамақтар

1


26

Сенде сонша көрсет

1


27

КВН

1


28

Қайда орналасқан?

1


29

Өлең есептерді шеш

1


30

Не үйрендік?

1


31

Қандай пішінге ұқсас?

1


32

Кел,балалар ойнайық,ойнайықта,ойлайық!

1






























































МАД «Ә» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтетін күні: Тәрбиеші: Абдирахманова Г.Т.

Білім беру саласы:таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті математикалық дамыту ойындары

Тақырыбы:қайсысы үлкен?қайсысы кіші?

Мақсаты: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Үлкен-кіші, ұғымдарымен таныстыру Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу –ояту























Балаларды сабаққа дайындығын тексеру.

  • Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай


Сабаққа дайындалады.




Сұраққа жауап береді.



Ұйымдастыру-іздену












Оқулықпен жұмыс.

1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т.б.

2. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі — үлкен, екіншісі — кіші. Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Қылқалам қарындаш-тардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

Ойындар.Үлкен-кіші,ұзын-қысқа."Кімүлкен"ойыны.
Мақсаты: Үлкен – кіші, ұзын – қысқа ұғымдарын салыстыра білуді үйренеді.
Шарты: Балалар ормандағы аңдар болып киінеді.Тәрбиеші дәрігер Айболит болады. Аңдар дәрігерге көрінуге келеді. Дәрігер олардың бойларын, салмағын өлшеп қатармен тұрғызады. Баларды саптан таратып жібереді де, қатарға деген кезде балалар сол орындарын табуы керек.

Сергіту сәті:

Кішкентай үлкен емес, 
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Кішкентайы секірді,
Үлкен бала жүгірді.


Оқулықпен жұмыс жасайды.

Екі үйді салытырады.








Екі бала шығады,алғандрыорнында отрып салстырады.




Оындар ойнайды.










Сергіту сәтін қимылмен жасап үйренеді.


Рефлекістік түзету











Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.

Сонымен, бұл сабақта бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік — тынысынан үлкен-кіші, ұғымдарын танып-біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.





Күтілетін нәтиже:

Білу:Үлкен,кіші ұғымдарын білу

Игеру: заттарды салыстыруға игеру

Меңгеру: бір-бірлерін ажырата білуге меңгеру





































МАД «Ә» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтетін күні: Тәрбиеші: Абдирахманова Г.Т.

Білім беру саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті математикалық дамыту ойындары

Тақырыбы: қайсысы көп, қайсысы аз?





Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, сон­ша ұғымдарымен таныстыру. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Дәлелдеу –ояту























"Кім шапшаң?"ойыны арқылы зейінін сабаққа аудару.
Мақсаты: Ойын ережесін сақтау, қимыл- қозғалыстарын дамыту.
Шарты: Жерге жапырақтар, жеміс-көкіністер суреттерін шашып тастап, 3 -4 баланы ортаға шығарып әуен жіберіп сол тоқтағанша билету. Әуен тоқтағанда ортадағы суреттерді себеттеріне жинау керек. Кім көп жинаса сол жеңімпаз атанады


Сабаққа дайындалады.




Ойын ойнайды
































Ұйымдастыру-іздену











а) "Санамақ" жаттау.

ә) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.

б) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлде бұрыш көп пе? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).

Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор — алтау, қияр да алтау. Помидор қанша болса, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең. - Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңтестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмысын ұйымдастыру керек. Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген уғымды балалардын, түсініп білгені жөн.


"Тең тие" ойыны.
Мақсаты: Сан мен затты салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балаларға сыртында сандары бар қайық суреттерін тарату. Сол сыртындағы санға байланысты ананастарды салу керек.
Кім тез тауып салса сол жеңімпаз атанады.



Санамақ жаттап үйренеміз





Оқулықпен жұмыс жасайды.




Сәбіздің бұрыштан екеуі артық,






Ойындар ойнайды.памидорды,қиярды санап, салстырып үйренеді.










Ойын ойнау .заттарды салыстырады


Рефлекістік түзету











Сабақты "Көп — аз, бір", "Қай қолымда кеп" ойындармен қорытындылауға болады.


Сабақта заттарды санына қарай салыстыру арқылы олардың бір-бірінен артық-кемін, қайсысының көп-аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымының тең деген ұғыммен пара-пар екендігін үйренеді.





Күтілетін нәтиже:

Білу:Көп,аз ұғымдарын білу

Игеру: заттарды салыстыруға игеру

Меңгеру: сонша.тең ұғымдарын меңгеру.




МАД «Ә» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтетін күні: Тәрбиеші: Абдирахманова Г.Т.

Білім беру саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті математикалық дамыту ойындары

Тақырыбы: қайсысы уан,қайсысыжіңішке?

Мақсаты: Балаларды жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету: Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Дәлелдеу –ояту
























а) Математикалык, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау







Сабаққа дайындалады.







Ұйымдастыру-іздену












а) Жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстыратынын хабарлайды.

Ағаштың пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімелейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырады.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын са­лыстырып, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін ажыратады.


Дәптермен жұмыс

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, езі салған заттардың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын кез мөлшермен, әрі торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Санамақ жаттап үйренеміз





Оқулықпен жұмыс жасайды.



Дәтерлеріндегі суретті бстырады







Ойын ойнау .заттарды салыстырады


Рефлекістік түзету








Ойындар

"Өз пәтеріңе жайғас", "Өз үйіңді тап", "Қапшықтан неше ойыншық алдың?" ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.


Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.




Ойын ойнап,ойыншықтарды санап қапшыққа жинайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу:Жуан,жіңішке ұғымдарын білу

Игеру: заттарды салыстыруға игеру

Меңгеру: ұғымдарды дұрыс,ұғымды қолдану.





































Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Бағдарламалар. Математика. (1-4 сыныптар). - Алматы: РОНД, 2002.


  2. Оспанов Т.Қ.,Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. -Алматы: «Атамұра», 2005.


  3. Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в иачальной школе. - Алматы: АГУ им. -Абая,2003.


  4. К
    ыдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.


  5. Курманалина Ш.Х. Задачи и упражнения, направленные на развитие интелектуальных умений у младших школьников. - Алматы, 2000.


  6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2001-2004.


  7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. №1, №2 математика дәптерлері. Ісынып.- Алматы: «Атамұра», 2005.


  8. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Оқыту әдістемесі. 4-сынып.- Алматы: «Атамұра», 2000.


  9. 0спановТ.Қ және басқалар.
     Математика. Дидактикалық материалдар. «Атамүра», 2000.


  10. Белошистая А.В.Обучение математике в начальной школе:методичсское пособие- М.: Айрис-пресс, 2006.


  11. Шадрина И.В. Обучение математике в начальных классах.-М., 2003.


  12. Демидова Т.Е., Чижевская Л.И. Методика обучения математике в начальных классах. Курс лекций: вопросы частной методики.- Брянск,2001.


  13. Тонких Л. Математика. Учебное пособие для студентов факультетов подготовки учителей начальных классов. В 2-х книгах. - М., 2002.



Сағашилі орта мектебінің мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісі Абдирахманова Гульсин Тулкибаевнаның «Қызықты математика» таңдау курсын өткізу жөніндегі жұмысына







ПІКІР







Бұл курстың бағдарламасы арқылы оқушылар негізгі пән «Математикадан» алған білімдерін жетілдіре түседі. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар ұғымдарды үйренеді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. Сонымен қатар дидактикалық ойындар,(ұлттық ойындар)математикалық ребустарды, математикалық фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды орындайды, сол арқылы оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығы дамиды. Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады

«Қызықты математика» таңдау курсының мазмұнымен және бағдарламасымен келісемін және жақсы нәтижелер күтемін.











Бастауыш сынып әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі: _________ Г.Ж.Бектурлина





«Қызықты математика» бағдарламасы

Вариативтік бөлім-аптасына 1 сағат, барлығы-32 сағат



Сабақтың

тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны



Көрнекіл.

құралдар

Ойындар,

көркем сөз

Сағ

саныы

Күні

1-2

«Сиқырлы таяқшалар»

Балаларды (5-7) (7-9) таяқшаларды пайдалана отырып, геометриялық пішіндер құрастырып үйрету. Жалғастыра құрастырған ж/е екі таяқша қосып өзгертуге үйрету.Санау дағдыларын қалыптастыра отырып балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Таяқшалар, суреттер, сандар, қарындаш

Д/о

«Неге ұқсайды»



3-4

«Жалғастырып сал» (логикалық ойындар)

Балаларға берілген әртүрлі көлемді дөңгелектерді, үшбұрышты ,сопақшаларды жалғастырып салуға үйрету.Не салғанын, неге ұқсайтынын айтқызып үйрету Шытырман ойындарды ойнауға үйрету. Балаларды табандылыққа логикалық ойлау қабілеттерін арттыру («Көңілді қарындаш» қонаққа келіп балалармен ойын ойнап сурет салады)

Шытырман ойындар, суреттер, дәптер, қарындаш

д/о «Мен бастайын сен аяқта» Дәптермен жұмыс №1



5-6








«Көңілді сандар»








Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Заттарды көзбен салыстырып, жаттықтыру.Қойылған сұрақтарға және берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.Ізденісті шығармашылық іс-әрекетке ықпал ету. Тәрбиеші сиқырлы қолғапты пайдаланып, «Рукавичка» укр.халқының ертегісінің кейіпкерлерімен таныстыру. Атайдың қолғабының сыңарын суреттен кім тез табады.

Суреттер,

«Сиқырлы қолғап» пішіні,ұсақ ойыншықтар, дәптер, қарындаш





Ойын«Сыңарын тап» «Не жетпейді?» санамақ. «Хрестоматия для маленьких» кітабы. Дәптермен жұмыс №2








7-8







«Қай санды білесің?»

Балаларды 20-ға дейінгі сандарды ж/е санауды үйрету. Реттік санды біліп жоғалған санды таба білуді жаттықтыру.Сандарды жаза білуге үйрету. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін тапқырлықтарын дамыту. Дәптерге жазуға төселдіру


Аквариум макеті, сандар, суреттер, жұмыс дәптері.

Д/о «1 санды тап»,


«Балық аулау» Дәптермен жұмыс №3



9-10

Таяқшалармен ойын жаттығу

Геометриялық пішіндерді өмірдегі заттардан көруге айырып айтуды үйрету, олардың кеңістіктегі орнын ажыратуға дағдыландыру. Балаларға төртбұрыш туралы ұғымды айтып түсіндіру, сызылған қағазды қиғызып «монгол» ойынын дайындату.Қайшыны дұрыс пайдаланып, түзу қию әдісін тиянақтау. Балалардың өз бетінше ойлауын, салыстыру, жалпылау қабілеттерін тәрбиелеу.


Таяқшалар, суреттер, әр балаға сызылған қағаз, қайшы.

Жұмбақ/апта күндері/Қ.Жұмағалтев «Жеті ұлы бар бір үйдің» Д/о «Не жасай аласың?» дәптермен жұмыс №4



6

«Монгол » ойыны

Балаларға берілген пішіндерден барлығын қолдана отыра, үлгіге қарап (түйе, сиыр, күшік) пішіндерін жасап үйрету. Балаларды ойлау қабілеттерін, кеңістіктегі қиялын дамыту. Сандарды ретімен санай білуге, 4,5,6 сандардың құрамын білуге жаттықтыру. Берілген сымнан сан жасау. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ептілікке тәрбиелеу.

Әр балаға дайын «монгол» ойынның кесінділері, үлгілер, сымдар, сандар, жұмыс дәптері, қарындаш

Д/о Жоғалған санды жаз, «Қандай саннан құралады», санамақ «Бес саусақ» дәптермен жұмыс №5



7

«Ертегі еліне саяхат»

Балалар берілген сызба бойынша оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен, жуан-жіңішке ұғымдарды пайдалана отырып, бірнеше тапсырмалар орындауға тырыстыру. Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуін қадағалау, көрсетілген бағыт бойынша қозғалу, жүріп немесе жүгіріп келе жатып бағытты өзгерту. Өз бетінше дәптермен жұмыс жасауды қадағалау.

Ертегі елінің сызбасы, суреттер, бетперделер, сызғыштар, жұмыс дәптері, қарындаш

Кері санамақтар, жұмбақтар, д/о «Өз үйінді тап» дәптермен жұмыс №6



8

«Көңілді сандар»

Балалармен он санына дейін тура ж/е кері санауды пысықтау. Сан туралы білімдерін пайдалана білуді үйрету, сандар арасындағы қатынасты түсінуді үйрету. Қағаздарды қиып, сандар жасап, олардың қандай бөліктерден тұратының түсіндіру. Есте сақтау, шығармашылық қиялын дамыту(«Сандар алаңы» плакаты жасалады, балалар таныған, ия болмаса ұнаған санын тандап алады. Тәрбиеші қызықты тапсырмалар ойлап, тауып ойнатады. «Сандар жарысы»)

Плакат «Сандар алаңы» қарындаш, қайшы, түрлі-түсті қағаз, жұмыс дәптері ермексаз

Д/о «Тірі сандар» жаңылтпаштар, дәптермен жұмыс №7









9

Сөздік диктант

Балалардың сабақта алған білімдерін бекіту. Тәрбиешінің айтуы бойынша геометриялық пішіндер, сандар салғызып жаттықтыру. Тор көз дәптердегі шаршыларды айналдыра сызып үйрету. Кеңістік түсініктерін тереңдету ж/е бекіту (солға, оңға, жоғары, төмен) Қағаз бетінде дәптер парағында бағдарлауын дамыту. Айтылған сөзді ұқыпты тындауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар, ребус шешу арқылы қарапайым математикалық түсініктерін дамыту.

Тор көз дәптерлер, қалам, ұсақ ілгек 10 көлемінде, ребустар

Д/о «Қай қолда неше?» «Кім тез шешеді?»



10

«Бақаның тапсырмалары»

Балаларды 1-ден 20-ға дейін еркін санауға ж/е 10 көлеміндегі сандардың құрылымын, таңбаларды пайдаланып шығарып алу. Жолын таба білуге үйретуді жалғастыру.

-аталған күн аттарын ретімен атауға, кеңістікті бағдарлай білуге дамыту

-логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында ойын есептер, дидактикалық ойындарды қолдану,геометриялық фигуралар туралы білімдерін тиянақтау

-халық ауыз әдебиетін пайдалана отыра балалардың көңіл-күйін көтеріп, ойынға, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Бөлме сызбасы,асықтар, ребустар, карточкалар, суреттер, «монгол ойыны»

Д/о «Неге ұқсайды»,, «Санауды жалғастыр», «Қатені түзе» логикалық есептер



11

«Жеті ағайындар»

Уақыт туралы түсініктерін дамытып, апта күндерін ретімен айта білуге үйрету. Таң, күн, кеш, түн деген уақыт мезгілдер туралы түсініктер қалыптастыру. Дидактикалық ойындар , тапсырмалар арқылы уақыт туралы білімдерін қалыптастыру.

Суреттер, математика әдістемелік кітапшалар

Д/о «Тірі апта», Қ/о«Күн,түн» жаңылтпаштар, дәптер мен жұмыс №8



12

Жұмбақ есептер

Балаларды жұмбақ есептің шартын дұрыстап тыңдап, оның жауабын ойланып беруді үйрету.Ұқыпты тыңдауға тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін арттыру. Сиқырлы сандықшадан шыққан тапсырмаларды орындауға талап ету.

Әр түрлі көлемді сандықшалар, ұсақ ойыншықтар, суреттер

Д/о «Кім тез санайды» жұмбақтар шешу, сөз есептер, дәптермен жұмыс №9



13

«Әжемнің сандығы»

Балаларды 20-ға дейін санауға үйрету заттардың, ұнтақ денелердің көлемін анықтауға үйрету (дорбадағы дәнді кесемен өлшеу) Жыл, жылдың төрт мезгілі деген түсінігін қалыптастыру. Дидактикалық ойындар, ребус шешу арқылы қарапайым математикалық түсініктерін дамыту. (Сабаққа «сандығын» алып әже келеді)

Сандық, арпа салынған дорба, кесе, суретттер, ребустар

Д/о «Киіз үйді құрастыр» «Кім тез санайды» ребустар дәптермен жұмыс №10



14

«Не үйрендік?»

Балалармен ай аттары , апта күндерін қайталау. 10-ға дейін реттік ж/е кері санауды білуге үйрету.20-ға дейін сандардың кез келгенінен бастап санауды үйрету. Екі кіші саннан сан жасауды үйретуді жалғастыру. Кеңістікті анықтай білуге , өзі турған жерді сол жағы, оң жағы, алдыңғы-жоғары, төмен деген сөздерді айта және анықтай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Суреттер, математикалық жинақ, сағат үлгілері

Д/о «Қатені түзе», «Көршілерін ата», сөз есептер, дәптермен жұмыс №11



15

КВН

Балалардың геометриялық денелер туралы білімдерін анықтау .Заттардың ұзындығын, енін, биіктігін салыстыра отыра, өлшей білуді жетілдіру.1,2,5,10,20 теңгелерімен таныстыру. Балаларды табандылыққа, ойлау қабілеттерін арттыру, ептілікке тәрбиелеу. Жарыс кезінде өз пікірлерін қолданып, шешімдерін дәлелдей білуді үйрету.

Геометриялық фигуралар, сандар, жолақшалар, теңгелер, суреттер

Д/о «Көршісін тап», «Балық аула» дәптермен жұмыс №12








16

«Математика әлемінде»

Геометриялық денелерді атай ж/е ажырата білулерін қалыптастыру, берілген жолақшаларды (енді ж/е жіңішкесін салыстырып келтіру әдісін тапқызу) Балаларды 20-ға дейін, кейін тура санау қабілеттерін бекіту.Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын дамыту, достыққа тәрбиелеу, ойын түрде білімдерін тиянақтау (сабаққа сиқыршы келіп тапсырмалар орындатады, соңында өзінің қызықты фокустарын көрсетеді)

Жолақшалар, үш түрлі сағат макеті, фланелеграф, геометриялық пішіндер, «сиқырлы » қорап стакан, су, әр балаға таяқшалар

Д/о «Жоғалған санды жаз», «Кілтін тап»



















































Тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты мен міндеттері

Мазмұны

Пайдаланылатын құралдар

Пәнаралық байланыс

Жаңа ұғымдар

1.Логика деген не?

1

Логика пәнімен таныстыру.

Адамның айналадағы әлемді негізгі сезімдік қабылдаулармен абстрактілік ойлау арқылы танитыны туралы түсінік беру.

Баланы алдына қойылған тапсырманы орындауға бар күш жігерін жұмылдырып, өз бетімен жұмыстануға үйрету.


1.«логика» пәнімен таныстыру

2.Ойын «Мен білемін..» (доппен)

3. «Кім байқағыш?» жаттығуы

4.Жыл мезгілдері туралы әңгімелесу

5. «Алдымен не, кейін не?» дид ойыны (барлығымен)

6.Графикалық жаттығу (моншақтарды бояуды жалғастыр)

Доп;заттық, жыл мезгілдері, күн тәртібінің суреттері графикалық жаттығуға тор дәптер (сабақ сайын)

Қоршаған орта, валеология

Логика сөзі туралы түсінік








2.Жұмбақтар Оның құрылымын талдау.

1

Балаларға жұмбақ шеше білуді үйрету.не туралы айтылып жатқандығы, қандай белгісіне қарап ажыратып тапқаның түсіндіре алуды үйрету.Айналаны танып білудің бірме бір шарты жұмбақ шешімін таба білу екендігімен таныстыру.


1.Жұмбақтар туралы әңгімелесу

2.Жұмбақтарды жүйелеу

3.Жаттығу «жұмбақты шешіп, суретін сал»

4.»Ойыншықтар қайда?» ойыны

5.»Бұл қай кезед болады?»жыл мезгілдері туралы әңгімелесу

6.Графикалық жаттығу (үлкен,орташа,кіші дөңгелектер салуды жалғастыр)

Жұмбақтар, оның шешуіне байланысты біренеше суреттері, дәптер

Қоршаған орта, бейнелеу

Жұмбақ құру

3.Бұйым белгілері

Талдау

Жинақтау







1












Балаларды «Бұйым белгілері»ұғымымен таныстыру,заттардың жеке белгілерін бөліп алуға жаттықтыру.Қарапайым талдау,жинақтау жасай отырып, балаларда түрлі логикалық ойлау тәсілдерімен ойлануын дамыту.


1.Бізді қоршаған бұйымдар туралы әңгімелесу

2. «Сиқырлы қалтамен»

«Затты сипап табу»,жаттығуы

3. «Берілген белгілер арқылы затты табу» жаттығуы

4. «Айырмашылығын тап» ойыны

5. «Аталған белгілерге қарай жыл мезгілдерін тап» жаттығуы

6.Графикалық жаттығу (кіші орташа,үлкен шаршыларды салуды жалғастыр)

Бөлме,үй т.б.заттар немесе суреттері,заттық суреттер,жыл мезгілдері суреттері, дәптер





Қоршаған орта








Бұйым белгілері

4.Түс.Пішін.Көлем

1














Бұйымдағы белгі көрсеткіштерін ажыратып,өз таңдауы мен мақсатқа сәйкестілігін дәлелдей алуға жаттықтыру.Нұсқау бойынша тапсырманы орындауға үйретіп, сенсорлық қабылдауын дамыту.Балаға өз ойын тілімен жеткізіп айтуға үйретіп, сөйлеу белсенділігін арттыру

1.Бұйымның негізгі 3 белгісін бөліп алу:түс,пішін,көлем

2. «Кім байқағыш?» жаттығуы

3.Ойын «Дөңгелек,үшбұрыш,шаршы»

4. «Фигураны анықта»ойыны

5. «Түстер» ойыны

6.Графикалық жаттығу








Геометриялық фигуралар,заттық суреттер








математика

Түс,көлемпішн

5.Дәмі.Иісі..

















6.Жанды-жансыз. Қай топқа жатады. Адамның қолдануы

1


















1

Балаларды барлық затқа емес,тек кейбір заттарға тән жеке қасиеттерімен таныстыру.Зат пен оның жасалу материалының ара қатынасын анықтауға жаттықтыру.Баланың тапсырманы орындауға қызығушылығын қолдай отырып, мадақтау









Белгілі бір топқа біріктіруде заттың жеке қасиеттеріне қарай анықтауды үйрету. Адамның өмірде қолданудағы әр заттың маңызын анықтау. Жасалған жұмыстар нәтижесінде анықталатын себеп-салдарлықбұрын кім байланысты көре білуге үйрету.

1.Заттың белгісіндегі өзгеше,ерекшелік қасиетін анықтау (дәмі,иісі)

2. «Дәмін анықта» ойыны

3. «Иісінен тап» ойыны

4.Заттың нышан белгілерін бөліп, ажыратуға жаттықтыру

5.Неден не шығады?жаттығуы

6.Еске сақтауды дамытуға графикалық жаттығу








1.Тақырып бойынша әңгімелесу

Заттың нышан белгісіне қарай топқа біріктіру әдісімен таныстыру.

2.Ойын «жанды-жансыз»

3. «Заттық лото» жаттығуы

4. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы

5.Маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.

6.Графикалық жаттығу

Жемістер (алма немесе лимон т.б.), заттық суреттер














Табиғи материалдар, табиғат суреттері, заттық лото


Қоршаған дүниемен таныстыру















Қоршаған дүниемен таныстыру

Ерекше қасиеттері:дәмі,иісі















Жанды-жансыз

7. Салыстыру. Жасалу заты, түрі

1

Негізгі ойлау операцияларын қалыптастырып, дамыту.Құбылыстар мен заттардың ұқсастығы және айырмашылығын табуға үйрету.Есту, көру қабылдауын дамыту.

1.Заттың барлық нышан белгілері туралы білімдерін бекіту.

2. «Сөздер тізбегі» жаттығуы

3.Жаңа ұғымдармен танысып, үйрену.Ойын «Салыстыру»Қалай салыстыру керек.Қалай салыстыруға болмайды.

4. «Туысын тап» ойыны

5. «Сөзді аяқта» жаттығуы

6.Еске сақтауды дамытуға графикалық жаттығу


Ойыншықтар,бұйымдар т.б.

Заттық суреттер

Қоршаған дүниемен таныстыру

Жасалу заты,түрі

8. Терістеу.

Шектеу











9.Жіктеу.

Жинақтау

(топтау)

1














1

Заттар мен құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтарды көре біліп, ажыратуға, жаттығулар барысында оларды сипаттауға, проблеманың түп мәнін көре білуге жаттықтыру.Өз көзқарасын дәлелдеп, ой пікірін ортаға салып, еркін айта білу қабілетін дамыту.



Заттарды жіктеп бөлуде олардың негізгі және жанама қасиеттерін ажырата білуді таныстыру. Заттарды жіктеп, топтауға олардың өз орнын анықтап табуға үйрету.

Мақсатқа жету үшін объектінің қасиеттерін тауып, қолдана алуға жаттықтыру.

1.Ойын «Балық-құс-аң»

2. «Кері қарай» жаттығуы (бұрын кім (не) болған? Гүл-тұқым, жылқы-құлын т.б.)

3.Ойын «Не жасырдық?»бұйымдармен жұмыс

4. «қарсы сөзді тез ойла» (антоним сөздерді атау)

5. «Ойланып, сөйлемді аяқта» жаттығуы

6.Графикалық жаттығу


  1. «Қатарды аяқта» жаттығуы

  2. «Жіктеу», «Жинақтау» (топтау) ұғымдарымен таныстыру

  3. Шағын топтарда жұмыс:құбылыстар мен бұйым-заттарды жіктеу

  4. Ойын «Мағынасына қарай тап»

  5. Ойын «Дөңгелек-дөңгелекше»

6.Графикалық жаттығу





Бөлмедегі ойыншықтар немесе заттар










Түрлі жануарлар мен заттар суреттері

Қоршаған дүниемен таныстыру










Қоршаған дүниемен таныстыру,математика

Қарсы сөздер











Жіктеу, топтау

10. Не артық? Не жетпейді?

1

Дұрыс емес деп тапқан қатесін алған білімнің негізіне қарай түзетуі,қайшылықтарды көре білуге үйрету. Берілген материалды талдай білуге, зейінін және байқағыштығын дамыту.

1.Берілген суреттегі заттарды салыстыру.Не артық,не жетпейді?

2. «Қалып қойған фигуралар» жаттығуы

3.Ойын «Не несіз болмайды?»

4.Карточкамен жұптық жұмыс «Не несіз болмайды?»

5.Ойын «Кім, не артық?»

6.Үлгі бойынша графикалық жаттығу «заңдылық»


Заттық суреттер, геометриялық фигуралар салынған тізбектер, кеспе қағаздар

математика

Артық

кем

11. Ой қорыту










12.Тірілген фигуралар.

Өзгерулер.

1











1

Байқап, зерттеу фактілеріне сүйене отырып, қорытынды жасай білуге үйрету.Түрлі құбылыстар арасындағы байланысты анықтай білуге, бірінен екінші байланысқа оңай өте білуге жаттықтыру.




Балалардың пішін сұлбасын (фигураны)әбден тәптіштеп, мұқият зерттеп,қорытынды жасай білуге үйрету. Пішіндер (фигуралар)өзгеруіндегі барлық факторларды есепке ала білуін қалыптастыру.Берілген тапсырманы орындауға зейінін шоғырландырып, ойлауын дамыту.

1.Ойын «Алдымен не, кейін не?»

2.Табиғат құбылыстары мен маусымдық өзгерістер:

Байланысы, ауысуы, белгілері

3. «Қорытынды жаса» жаттығуы

4. «Қандай белгісіне қарай»жаттығуы

5. «Сөйлемді аяқта»жаттығуы

6.Графикалық жаттығу



  1. «Мына зат қандай пішіннен құралған?» жаттығуы

  2. «Танграм» ойыны

  3. «Өзгерулер зауытымен» таныстыру

  4. Ойын «ғажайып өзгерген фигуралар»(пішіндер)

  5. Ойын «Не неге ұқсайды?»

  6. Графикалық жаттығу «Суретті аяқта»





Табиғат суреттері











Геометриялық пішіндер,танграм

математикақоршаған д.таныстыр









Матем.

бейнелеу

Қорытынды

Жасау









Өзгерген фигурал

13. Математикадағы логика

1

Логикалық ойын дамытып, математикалық терминдерді шығармашылықпен қолдана алуға үйрету. Нақты затты қабылдауын жан-жақты дамыту.

  1. «Артық сан», «математикалық моншақ», «тығылған қателер» жаттығулары

  2. «Саяхат» ойыны (дәптер бетінде бағдарлау)

  3. «Фигураларды (пішіндерді) сана» жаттығуы

  4. «Суретші қатесі» ойыны

  5. Ойлау мен зейінге арналған диктант

Математикалық моншақ, тығылған қателер,дәптер, геометриялық пішіндер

математика

бейнелеу

Артық сан

Математикалық моншақ,тығылған қателер, бағдарлау




14. Қоршаған ортадағы логика






15. Логикалық жұптар.

Логикалық тізбек

1










1

Қоршаған ортадағы логикалық тізбекті тауып, бөліп ала білуге, қорытынды жасай білуге үйрету. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты анықтай алуға үйрету. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту.



Балаларға ортақ белгіні ескере отырып, логикалық жұптарды құруға үйрету.

Тізбекті соңғы берілген зат-белгісін есепке ала отырып, логикалық тізбектерді құра білуге балаларды жаттықтыру.

Нақты, дәл жауап беруге үйретіп, логикалық ойлауын дамыту.

  1. «Суреттегі көріністерді салыстырайық» жаттығуы

  2. Ойын «Не қайда орналасқан?»

  3. «Тұтас затты бөліктерден тез құрастыр» ойыны

  4. «Тақырып ойлап тап» жаттығуы

  5. Жыл мезгілдері туралы шығарма оқу

  1. «Жұбын тап» жаттығу

  2. «Сөздер тізбегі»ойыны

  3. «Алдымен не, кейін ше»ойыны

  4. «Ұқсастығын тап» жаттығуы

  5. Ойын «Логикалық тізбек»

  6. Графикалық жаттығу «Текшелерді боя»

Заттық суреттер, бөлікке бөлінген тұтас заттар








Заттық суреттер,кеспе қағаздар

Қоршаған дүниемен таныстыру,матем







Қор.дүн.тан.

Матем

бейнелеу

Бөліктерден тұтас затты құру







Бір-біріне сәйкескелетін жұп заттар

16. Логикалық есептер






1

Баланың алған білімдерін қалыпты емес есептерді шешуде қолдана алуын, логикалық ойлауын дамыту.

Түрлі жағдайды ойлауға жаттықтыру.

  1. Логикалық есептер

  2. Ақылдыларға көңілді есептер

  3. «Заңдылығын тап» жаттығуы

  4. Сөздік викторина

  5. Ойын «Логикалық үйшік»

  6. Графикалық жаттығу «жіңішкесызықтар»


Викторина, әзіл өлең, қате есептер











Қор.д.т

матем

Өлең сөз, есептер
















Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Қызықты математика

Тақырыбы: Жұмбақ есептер

Мақсаты: Балаларды жұмбақ есептің шартын дұрыстап тыңдап, оның жауабын ойланып жауап беруді үйрету. Ұқыпты тыңдауға тәрбиелеу, өз ойларынан есеп құрастырып, жасыруға дағдыландыру. Жеке тест жұмыстарын орындауға талап ету.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

І. Шаттық шеңбері

Шаттанайық бәріміз,

Шаттанатын таң атты!

Еліміз бен досымыз,

Шаттансыншы ата-анамыз!.

Балалар шеңберде шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдасты-

рушылық іздену

ІІ. Актуалдау кезеңі

Жұмбақ айту, жұмбақ есептер

ІІІ. Бекіту іс-әрекеті

-Балалар біздер жұмбақ деген не екенін білеміз, математикада да жұмбақты есептер бар, тек оларды тез ойлап, шапшаң шығару керек.

М: Бүкірлеумін, имекпін,

Мойынындай үйректің

Сабағыңды білмесең

Мені аласың күнде сен

ІҮ. Сергіту сәті

Д/О: «Тура, кері!»

Ү. Дамытушылық кезең

А) Кеспе карталармен жұмыс

Б) Санамақ айту

«Бір үйде біз нешеуміз?»


Балапанда бір алма

Қошақанда екі алма

Бұзауқанда жоқ алма

Болады барлығы неше алма?




2 саны


Сандарды тура –кері санай отырып жаттығу жасау

Жеке суретті кеспе карталар беру.


Рефлекстік

Түзету

ҮІ. Бекіту

Д/О: «Ойлан, тап!»

ҮІІ. Қорыту

Бірден кейін тұрады

Бірден кейін тұрағы

Бірге-бірді қосқанда

Шығады ол қай саны

ҮІІІ.Бағалау

Тест жұмыстарын орындау


2 саны


Балалар өздері тәрбиеші көмегімен жұмб.жасырады


Күтілетін нәтиже:

Білді: Жұмбақ есептер шығаруды, өздері ойлап жасыруды білді;

Игерді: Жеке тест жұмыстарын орындауды игерді;

Меңгерді: Ойын шартындағы есепті тез, шапшаң ойлап шығаруды меңгерді.



Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Қызықты математика

Тақырыбы: Әжемнің сандығы

Мақсаты: Балаларды ауызша, жазбаша есептер шығаруға, суретке қарап есеп құрастыруға үйрету. Ұқыпты тыңдауға тәрбиелеу, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Жеке тест жұмыстарын орындауға талап ету.


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

І. Менің Отаным шеңбері

Біз кішкентай баламыз

Қазақстанда тұрамыз

Отанды біз сүйеміз

Мақтаныш оны қыламыз

Балалар шеңберде менің Отаным шеңберін орындайды.

Ұйымдасты-

рушылық іздену

ІІ. Актуалдау кезеңі

Жұмбақ айту, жұмбақ есептер

ІІІ. Жаңа оқу іс-әрекеті

-Балалар біздер жұмбақ деген не екенін білеміз, математикада да жұмбақты есептер бар, тек оларды тез ойлап, шапшаң шығару керек.

Суретпен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

Д/О: «Тура, кері!»

Ү. Дамытушылық кезең

А) Кеспе карталармен жұмыс

Б) Санамақ айту

«Бір үйде біз нешеуміз?»

Слайдпен жұмыс жасау


Балапанда бір алма

Қошақанда екі алма

Бұзауқанда жоқ алма

Болады барлығы неше алма?


Алдарына берілген суреттерге есеп құрастыру

Сандарды тура –кері санай отырып жаттығу жасау


Жеке суретті кеспе карталар беру.


Рефлекстік

Түзету

ҮІ. Бекіту

Д/О: «Ойлан, тап!»

ҮІІ. Қорыту

Мен өзімді қатарға,

Бестен кейін қоямын

Басым бір топ басталып

0-мен бітер аяғым

ҮІІІ.Бағалау

Тест жұмыстарын орындау



Балалар өздері тәрбиеші көмегімен жұмб.жасырады

6 саны


Күтілетін нәтиже:

Білді: Әжесінің құпия сандығындағы есептер шығаруды білді;

Игерді: Жеке тест жұмыстарын орындауды, суретпен есеп құрастыруды игерді;

Меңгерді: Ойын шартындағы есепті тез, шапшаң ойлап шығаруды меңгерді.


Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Қызықты математика

Тақырыбы: Әжемнің сандығы(2сағ)

Мақсаты: Балаларды ауызша, жазбаша есептер шығаруға, суретке қарап есеп құрастыруға үйрету. 20-ға дейінгі сандарды санап, жыл мезгілдері, ҚМҰ түсініктерін дамыту. Жеке тест жұмыстарын орындауға талап ету.


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

І. Шаттық күн шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер.

Балалар шеңберде шаттық күн шеңберін орындайды.

Ұйымдасты-

рушылық іздену

ІІ. Актуалдау кезеңі

Жаңылтпаш айту, жұмбақ есептер

ІІІ. Жаңа оқу іс-әрекеті

-Балалар біздерге үлкен сандық әкеліпті, бұл үйдегі әжелер сандығына ұқсайды.(сандықты ашып, тапсырмаларды орындау)

1)Суретпен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

2)Д/О: «Тура, кері!»

Ү. Дамытушылық кезең

3) Кеспе карталармен жұмыс

4) Д/О: «Қайтала»

5) Д/О: «Кім тапқыр?»

Б) Санамақ айту

«Сана, сана, санашы!»

Слайдпен жұмыс жасау


Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көп шар бар

Бес шар бар.


Алдарына берілген суреттерге есеп құрастыру

Сандарды тура –кері санай отырып жаттығу жасау


Жеке суретті кеспе карталар беру.


Рефлекстік

Түзету

ҮІ. Бекіту

Д/О: «Ойлан, тап!»

ҮІІ. Қорыту

Мен өзімді қатарға,

Бестен кейін қоямын

Басым бір топ басталып

0-мен бітер аяғым

ҮІІІ.Бағалау

Тест жұмыстарын орындау



Балалар өздері тәрбиеші көмегімен жұмб.жасырады

6 саны


Күтілетін нәтиже:

Білді: Әжесінің құпия сандығындағы тапсырмаларды орындауды білді;

Игерді: Жеке тест жұмыстарын орындауды, суретпен есеп құрастыруды игерді;

Меңгерді: Ойын шартындағы есепті тез, шапшаң ойлап шығаруды меңгерді.

Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Қызықты математика

Тақырыбы: Не үйрендік?

Мақсаты: Балалармен ай аттары, апта күндерін қайталау. 10-ға дейінгі сандарды тура, кері санауды білуге үйрету. Кеңістікті анықтай білуге, қарапайым математикалық түсініктерді айыруға үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

І. Шаттық күн шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер.

Балалар шеңберде шаттық күн шеңберін орындайды.

Ұйымдасты-

рушылық іздену

ІІ. Актуалдау кезеңі

Жаңылтпаш айту, жұмбақ есептер

ІІІ. Жаңа оқу іс-әрекеті

-Балалар біздер бүгін қызықты математикадан өткендерімізді қайталаймыз. –Қанша жыл мезгілдері бар? –Жылда неше ай бар, ай аттарын ата? –Апта аттарын ата!

1)Суретпен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

2)Д/О: «Ұшты-ұшты»

Ү. Дамытушылық кезең

3) Кеспе карталармен жұмыс

4) Д/О: «Қайтала»

5) Д/О: «Кім тапқыр?»

Б) Санамақ айту

«Сана, сана, санашы!»

6) ҚМТ-ді қайталау

Слайдпен жұмыс жасау



4 жыл мезгілі бар, 12 ай бар, 7 апта бар Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.


Алдарына берілген суреттерге есеп құрастыру

1,2,3 жина бойға күш! (жаттығу жасау)

Жеке суретті кеспе карталар беру.

Берілген кеспелерге сандарды тура, кері жаздыру.

Партаның алдында, астында, жанында, бетінде, оң, сол жақ

Рефлекстік

Түзету

ҮІ. Бекіту

Д/О: «Ойлан, тап!»

ҮІІ. Қорыту

Сен де, мен де баламыз,

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

ҮІІІ.Бағалау

Тест жұмыстарын орындау



Балалар өздері тәрбиеші көмегімен жұмб.жасырады

8 саны


Күтілетін нәтиже:

Білді: Өткенді қайталауға берілген тапсырмаларды орындауды білді;

Игерді: ӘД-дегі тапсырмаларды орындауды, суретпен есеп құрастыруды игерді;

Меңгерді: Ойын шарттары арқылы өз бетімен жұмыс жасауды меңгерді.

Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Қызықты математика

Тақырыбы: К В Н

Мақсаты: Балалардың геометриялық денелер туралы білімдерін анықтау. Заттардың, ұзындық, енеін, биіктігін салыстырып, өлшей білуге жетілдіру. Балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Табандылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

І. Шаттық күн шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер.

Балалар шеңберде шаттық күн шеңберін орындайды.

Ұйымдасты-

рушылық іздену

ІІ. Актуалдау кезеңі

Әрекеттің жарыс КВН түрінде өтетінін айту. Топқа бөлу.

Д/О: «Тобыңды қорға»

ІІІ. Жаңа оқу іс-әрекеті

-Балалар біздер бүгін қызықты математикадан өткендерімізді қайталаймыз. –Яғни топтасып жарысып өткендерді тапсырма бойынша қайталаймыз.

1)Суретпен жұмыс «Суретті есеп»

ІҮ. Сергіту сәті

2)Д/О: «Кім күшті?»

Ү. Дамытушылық кезең

3) «Тура, кері санау»

4) Д/О: «Қатесін тап!»

5) Д/О: «Кім тапқыр?»

А) Санамақ айту

«Сана, сана, санашы!»

Слайдпен жұмыс жасау



Балалар топқа ат қойып, таныстырады.

Алдарына берілген суреттерге есеп құрастыру

1,2,3 жина бойға күш! (жаттығу жасау)

Жеке суретті кеспе карталар беру.


Сандарды санату.

Берілген есептердің қатесін тауып, мәнән табу.

Алдарына берілген сандарды құрап, қай сан екенін табу.

Рефлекстік

Түзету

ҮІ. Бекіту

Д/О: «Көршісін тап!»

ҮІІ. Қорыту

Тоғыз - торғын тоғайың,
Бауыр, туыс, ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық толы маңайың.

ҮІІІ.Бағалау

Алдарына берілген жоғалған сандардың көршілерін табу.


Балалар өздері тәрбиеші көмегімен жұмб.жасырады

9 саны

Күтілетін нәтиже:

Білді: Өткенді қайталауға берілген тапсырмаларды орындауды білді;

Игерді: ӘД-дегі тапсырмаларды орындауды, суретпен есеп құрастыруды игерді;

Меңгерді: Ойын шарттары арқылы өз бетімен жұмыс жасауды меңгерді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2024
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі