Қызықты математика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қысқаша
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Таным (кіріктірілген оқу қызметі)

Бөлімдері: Математика негіздері

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

 Мақсаты:балардың жылдық білімдерін қорытындылау.  

Білімділік: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер,түстер бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылық: балалардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілетерін, қиялын,ұшқырлығын дамыту.

 Тәрбиелік: байқампаздыққа, жылдамдыққа, өзін-өзі көрсете білуге тәрбиелеу. 

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу,санау,ойын, 

Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.

 Алдын ала атқарған жұмыс:сандарды, пішіндерді қайталау.

 Көрнекіліктер: пішіндер,аңдар,жыл мезгілдері, сандар.

Ұйымдастыру кезеңі:- Балалар, қараңдаршы, «Ақбота» тобының балалары сондай ақылды, тәртіпті, ойшыл дегенді естіп, бізге қаншама қонақтар келіп отыр. Біз үшін бұл өте маңызды күн.

- Ең алдымен бүгінгі күнді есімізде қалатындай бір естелік жасап көрейік. Дайынсыңдар ма?

Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Күнге қарап қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Мен қолымды бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Құшақтасып өзіңмен,

Амандасып алайын.

Балалар, қандай ертегілер білесіңдер?
Балалар: «Үйшік», «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Шалқын»,Тиін мен Қасқыр,Кірпі мен Қарға, «Үш аю» т.б Олай болса, бүгін біз осы ертегілердегі кейіпкерлермен кездесеміз.


Қоянның тапсырмасы –

Бір аптада неше күн бар?
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Осылайша өте шықты бір апта

Қасқырдың тапсырмасы -1ден -5 ке дейін сана

Аюдың тапсырмасы- Ойын: «Аталған түсті ал»

Кірпі тапсырмасы- Пішіндерді ата

Тиін тапсырмасы-Түстерді ата

Жарайсыңдар балалар

Ары қарай жыл мезгілдеріне қонаққа барамыз.Бұл жерде бізге қызықты тапсырмалар беріледі егерде соған жауап берсек тәттілер мекеніне жолығамыз.

(Көктем)

1- тапсырма

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем). Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата

Қазір қай ай? (Сәуір).

(Жаз)

2- тапсырма Дидактикалық ойын «Аталған түсті ал»

Шарты:Нұсқау бойынша түсті тез алу. Тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.

(Күз)

3- тапсырма Ойын:«Балық аулаймыз» (сары)Шарты: балалар магнит арқылы балықтарды ұстап балықта берілген тапсырмаларды орындайды.

1.Судың түсін өзгерту.

(Қыс)

4- тапсырма

Суретті бояу

«Сергіту сәті»

Тәттілер мекені

Кім жылдам ойыны арқылы орындарына отыру

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Киімдеріне түстеріне байланысты өз орындарын тез тауып отыру керек.

Әрбір орындыққа пішіндер жапсырылған сол бойынша әр бала өзіне қажетті орынды тауып отырады.

Тәрбиеші: -Балалар суретке қараңдаршы, бұл Математика әлеміндегі зәулім сарай. Сендердің сарайдың есігі ашылғанын көргілерің келе ме? Сарайдың есігі ашу үшін бізге әр түрлі түсті хатқалталарда жасырылған тапсырмаларды орындауымыз керек.

 

Балалар, қане тапсырмаларды орындап, зәулім сарайдың есігін ашамыз ба? Ендеше, кеттік.





1-тапсырма – Қызыл түсті хатқалта

Жемістерді қызыл, пішіндерді жасыл, тәттілерді көк қарындашпен қоршау, Барлық  жасыл түсті заттарды ата.

  2-тапсырма – Көк түсті хатқалта

Жасырынбақ ойыны: «Кім қайда орналасқан?»

Тақтамен жұмыс. Интерактивті тақтада көрсетілген заттар тобына қарап, сұрақтарға жауап береді. Алдында-артында, ішінде-сыртында, биік-аласа, оң жақта-сол жақта деген ұғымдарды салыстыру.

Доптарды Түстеріне қарай орналастыр

3- тапсырма – Жасыл түсті хатқалта Жасыл түсті хатқалтада геометриялық пішіндерге байланысты бірнеше тапсырма жасырынған екен.

  1) Стакандардан пішіндер құрастыру.

  2) Сынған тарелканы түстеріне қарай орналстыру

Тәрбиеші: — Балалар, мына зәулім сарайдың тапсырмалары өте көп екен, ия. Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алсақ, «Көңілді сандар» қимылдарымен орындап бойымызды жазып алайық.

4-тапсырма – Сары түсті хатқалта

1)Ұзын қарындашты қызылға,қысқа қарындашты көк түспен боя.

2)Дайын пішіндерден машина құрастыру.

Ойын : «Қоқыстарды өз орнына сал»

Тәрбиеші: Міне, бізге берілген тапсырмаларды орындап болдық. Хатқалталар ашылды. Математика әлеміне саяхатымыз ешқашан аяқталмақ емес. Алдағы уақытта математика әлемінің түрлі қызықты тапсырмалары мен оқиғаларына куә болатын боламыз.

-Балалар, сендерге біздің саяхатымыз ұнады ма? Қандай тапсырма сендерге ерекше ұнады?

-Қай тапсырманы орындау сендерге қиындық тудырды? Ойларымызды ортаға салайықшы, кәне.

Тәрбиеші: Осымен, «Математика әлеміне саяхат» атты қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметіне арналған ашық оқу қызметіміз аяқталды.

 












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі