жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қызықты математика
Тақырыбы: Қызықты математика
Өткізген: Мұқышева Ә.Б.
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру.Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Пішіндер?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал
жабдық: суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер,
үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар
пайдаланылады
Билингвизм.
Іс - әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс - әрекеті;
Балалардың әс - әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Сәлеметсіндер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын алайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық!
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар,
балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға
отырып.
- Бүгін бізде
қарапайым математикалық ұғымдар туралы
ашық
оқу - іс
әрекеті.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандар мен жемістерді сәйкестендіру.
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық
2,3,4- алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін
көрсету)
Мынау ненің
суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
Дидактикалық ойын: «Пішіндер»
Шарты: Балалар үшбұрыш деген кезде үш бұрыш жасаймыз, төртбұрыш дегенде отырамыз, шеңбер деген кезде айналамыз.
4 - тапсырма Жұмбақтар.
Жиып-теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?
(Күз)
Шамамен зырлап желетін
Щаңғы, каньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Бұлтты айдай жеміске,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Балшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Көктем)
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы егісте
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Жаз)
Балалар:
Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш,
дөңгелек.
Тәрбиеші:
Айсенім:
Мен шаршымын төрт жағым бар,
Төрт жағым менің бірдей .
Кел ойнайық балақай,
Би билейік солай.
Мен суретпін, мен терезе,
Мен шахмат тақтасы.
Мен тағы теледидармын,
Мен ұйықтайтын жастықпын.
Асель:
Мен шеңбермін, мен шеңбер,
Осындай мен дөңгелек.
Айналамын күн сайын,
Барлық үшін біз керек.
Мен күн және мен ай.
Мен қақпақпын қарасаң,
Көліктің мен дөңгелегі,
Маған жер шары ұқсаған.
Алишер:
Мен тікбұрыш, тікбұрыш,
Қарама-қарсы жақтарым бірдей.
Көңілдімін мен осы,
Кел билейміз досым.
Мені үстелден көп көресін,
Мен тақта, мен экран.
Мен рюкзакпын мен қақпа,
Тез үйренеміз қорықпа.
Інжу:
Мен ұшбұрыш, үш жағым бар.
Үш төбеден жасалған.
Үй төбесіне қарашы,
Мен гой сонда отырған.
Мен сэндвич, мен үтік
Мен торғайдың тұмсығы.
Мен желкен, мен күшік
А, ай, мен әзілдеймін
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
- Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі
кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен
құралған (үшбұрыш, төрбұрыш,
дөңгелек)
Қорытынды:
-Геометриялық пішіндерді кілемшеге
орналастырдық.
-1 - ден 5 - ке дейін тура және кері
санадық.
-Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді
ажыраттық және кілемшеге
орналастырдық.
Білуі
қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық
есептер, жұмбақтар
шешу.
Болу
керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау,
ойлау қабілеттері, дамыған.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген