400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қызықты математика" 4- сынып бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме мол мүмкіндік ала алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты матемаика

Күнтізбелік жоспары

34 - сағат

Қазіргі таңда факультативті сабақтар оқушылардың білімін шыңдау және тереңдету, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бастауыш сыныптағы математика пәнін оқытудағы ең басты міндет баланың логикалық ойын дамыту. Оқу әдістемелік көмекші құралдарымен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын есеп, жұмбақ, басқатырғыштар пайдалану тиімді. Ол үшін сабақтан тыс факультативті сабақтарда немесе жеке топтық жұмыстардың (вариативті сағаттардың) көмегімен баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра аламыз. Сондықтан 4- сыныптағы факультативті сабақтарды ұйымдастыру барысында қызықты математика сабағына дайындаған күнтізбелік жоспарды ұсынып отырмын.

Түсінік хат


Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бастауыш сыныптарына арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Логикалық математика - оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлы түрде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз ұштастыра отырып оқушылардың математикадан алған білімдерін жетілдіру, тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін жақсартады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл – ой деңгейін қалыптастырады. Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Бағдарлама «Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарларын» пайдалана отырып жасалды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, ізденімпаздыққа және сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру. Оқушының ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйрету.

Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Сабақты тартымды да қызықты ойын түрінде жүргізу оқушылардың ынта – ықыласын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі. Өткен сабақтар бойынша есептеу тәсілдерін пысықтап, зеректігі мен алғырлығын ұштауға мүмкіндік береді. Осындай тапсырмаларды тапқырлықпен, ізденімпаздықпен орындаған оқушылардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже беруде.











«Қызықты математика»

4 – сынып

қ/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Математика ғылымының шығу тарихы.

1

2

Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу.

1

3

Ойлан,тап!

1

4

Даналардан шыққан сөз.

(Математика ғылымы туралы ұлы ғұламалардың айтқан сөздері).

1

5

Масса, ұзындық, уақыт бірліктеріне логикалық жаттығулар.

1

6

Арифметикалық ребустар.

1

7

Күрделі теңдеулер шешу.

1

8

Қанша, қандай пішін бар?

1

9

Логикалық жаттығулар.

1

10

Сандар қатарын жалғастыр.

1

11

Олимпиада есептері.

1

12

Қозғалысқа берілген тапсырмалар.

1

13

Қызықты тапсырмалар


14

«Біле жүрейік»

(Математикалық ережелер).

1

15

Геометриялық конструктор.

1

16

Ауданды табуға берілген тапсырмалар.

1

17

Киелі сандар сыры.

1

18

Мәтіндік есептер.

1

19

Санжұмбақтар шешу.

1

20

Тапқырлыққа тапсырма.

1

21

Өрнектер (Санды, әріпті өрнектер, өрнекті ықшамдау).

1

22

Жиын. Жиындарды біріктіру.

1

23

Ұлттық ойынға қатысты есептер.

1

24

Шифрлы жазба.

1

25

«Зерде»

(Математикалық өтірік өлеңдер құрастыру, мақал-мәтелдер).

1

26

Комбинаторика элементтеріне берілген есептер.

1

27

Рим цифрын білеміз бе?

1

28

Санның үлесін табу.

1

29

Математикалық викториналар.

1

30

Жаңылтпаш кімді жаңылтпас.

(Математикалық жаңылтпаш есептер шешу).

1

31

«Есепші», «Кім жүйрік?» Микрокалькулятормен жұмыс.

(Математикалық ойындар).

1

32

Қайталау

1

33

Тест тапсырмалары.

1

34

«Математика – ғылымдар патшасы» сайыс.

1



Тунгатарова Айгуль Туйешиевна

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы - Көкшетау-2010, «Келешек-2030». Глазырина Л.Л.

  2. Қызықты математика. 4-сынып Алматы- 2011. Ақпаева Ә.Б., Лебедева Л.А.

  3. ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы – 1998.

  4. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» - 2005. Оспанов Т. Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж. Қ.

  5. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. Алматы – 1995. Елубаев С., Елубаева С. 1-4 сыныптар

  6. Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау. Шымкент – 2008. Бейсеков Ж., Жақсыбаева А., Қамбарова Ж.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
76 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
4747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі