Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызықты математика /5 сынып факультатив сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
5-сыныптарға арналған
«Қызықты математика» таңдау курсының бағдарламасы
Жуық жылдардан бері халықаралық математика олимпиадасында еліміздің жүйріктері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, ел ішінде, алысты-жақынды сырт мемлекеттерде жақсы лебіздер туғыза бастады. Мемлекет тарапынан да бұл мәселеге баса назар аударылып, қолдау көрсетіліп, ел болашағы, ғылымның дамуындағы математиканың маңызы айқындала түсті. 2010 жылғы дүние жүзілік математика олимпиадасының (ІМО) Қазақстанның елордасы Астанада өтуі, біріншіден, Қазақстанның толыққанды дербес ел ретінде халықаралық беделін одан ары нығайта түссе, екіншіден, математикаға қызығушылар санын арттырып, олимпиадаға қатысушылардың шабытына қамшы басты. Қазақстан халқының ІМО туралы түсінігін арттырып, математика олимпиадасының да ел намысын қорғайтын биік мінбелердің бірі екенін түсіндіріп, бүкіл ел болып атсалысу керектігін ұғындырды. Соңғы жылдары еліміздің командалары тек ІМО ғана емес көптеген олимпиадаларға қатыса бастады.
Бағдарламаның қажеттілігі мен маңызы:
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын айқындайды, бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Кәзіргі өмір талаптарына сай бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін математиканы тереңдетіп оқыту мазмұнын айқындайтын бағдарлама өте қажет. Математиканы тереңдетіп оқытатын мектептердегі математика пәнімен сабақтан тысқыры ұйымдастырылатын таңдау курстары және басқа түрдегі оқытулар үшін әр мұғалім тарапынан оқу мазмұны, оқу құралы, оқыту әдістемесін қамтыған кешенді бағдарлама жасап жүзеге асыру талабы сөзсіз туындайды.
Қолданыстағы математиканы оқыту бағдарламалары жалпы орта білім беру мен жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқытуға арналған, ал математиканы өркениетті елдер үрдісіндегідей тереңдетіп оқыту бағдарламасы біздің елімізде кәзіргі уақытта жоқ. Осы уақытқа дейін орыс тілінде де, қазақ тілінде де математиканы тереңдетіп оқытуда Ресей мектептеріне ұсынылып жүрілген орыс мемлекетінің ақпарат құралдарында жарық көрген бағдарламалар қолданылып жүр.
Бүгінгі күні тереңдетіп оқытатын (әсіресе қазақ тіліндегі) барлық түрлі оқытулар үшін ұстанатын тұрақты оқу мазмұны қалыптаса қоймаған, оған қажетті оқу құралдары жеткіліксіз, оқыту әдістемесін әр ұстаз мектептің, оқыту мазмұнының ерекшелігін ескере отырып, өз мүмкіндігіне сәйкестіре жасау қажеттігі мұндай бағдарламасыз нәтижеге жету мүмкін еместігін растап, мұғалімнен шығармашылық ізденіс жасауды талап етіп отыр.
Бұнымен қоса Қазақстанның сындарлы саясатының арқасында қазақ елі дербес мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келеді. Қазақ ұлты мемлекетті негізгі құрушы ретінде пайыздық үлесі, орны мен рөлі барған сайын артып, қазақ мектептер саны да барған сайын көбейе түсуде. Міне осылардың барлығы тек күнделікті оқитын математика оқулықтарымыздан тыс, таңдау курстарына, олимпиадалық дайындықтарға, оқулықты тереңдете түсуге, оқушылардың дарынын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге керекті төл тіліміздегі зерттеулерге, ғылми жұмыстарға, оқу құралдарына деген қажеттілікті туындатып отыр. Біз қазақ математиктері халық алдындағы жауапкершілігіміз бен міндетімізді айқын танып, үнемі өзгелерге жалтақтай бермей, өз тіліміздегі оқу құралдарын дайындауымыз керек. Бұған басты себептердің тағы бірі орыс тіліндегі оқулықтарды барлық қазақ тілінде оқитын оқушылар толық түсіне алмайды, ал нағыз дарынды бала сол орыс тілін жақсы білмейтін балалардың арасынан шығуы да мүмкін.
Мектеп оқушыларының республикалық, халықаралық олимпиадаларда жақсы нәтижелерге жетуі, 5 - 6-сыныптардағы алғашқы олимпиадалық дайындығына тығыз байланысты. Осы кезеңдегі алғашқы олимпиадалық дайындықтың жақсы болуы оқушының математикаға деген қызығушылығын оятып, жоғары деңгейдегі олимпиада өресіне көтеріп қана қоймай, оқушының өтпелі кезеңдегі логикасының жетілуіне, ойлау қабілетінің өсуіне де маңызы өте зор. Физика, химия сияқты жаратылыстану пән олимпиадаларына қатысатын балалар үшін де дәл осы кезеңдегі математикалық дайындығы өте жақсы болу керек. Міне, осылардың барлығы даму қарқыны тез, негізгі мектептің алғашқы сатысындағы оқушылардың логикалық қабілетін жетілдірудің қаншама маңызды екенін көрсетеді.
Міне осындай қажеттіліктермен арман мұраттардың жетегінде бірнеше жылғы олимпиадаларға дайындау тәжірибемді негіз етіп, «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары» атты бағдарламамды ұсынып отырмын.
Бағдарламаның ерекшелігі:
-
Білімнің жаңалығы
Жуық жылдардағы ең жаңа материалдар пайдаланылып, қазіргі математикалық олимпиадалардың даму бағыты ескерілді. Соңғы жылдардағы әртүрлі ой дамыту есептер молынан алынды. Соңғы кездердегі тәжірибелерге негізделіп өте көптеген жаңа есептер жасалып, енгізілді. Қытай тіліндегі ең жаңа материалдар пайдаланылды. Ресейдің, Американың да соңғы жылдардағы олимпиадалық есептері кездеседі.
-
Әдіс-тәсілдерінің кең көлемділігі
Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, маңызды кезеңдегі оқушы логикасының дамуына баса мән беріліп, олимпиадалық есептер мұқият талданып шешілді. Маңызды түйіндер, қиын түйіндер жіңішкелей түсіндіріліп, математикадағы маңызды идеялар, маңызды әдістер, жаңаша тәсілдер көрсетіліп, жұмыстың тақырыбын да одан ары аша түседі. Бір есепті көп түрлі жолмен шешу, көп есепті бір түрлі жолмен шешуге жаттықтырады. «мың есепті шығарғанша бір есептің шешу тәсілін меңгеру» маңызды идеясын береді. Бұл оқушының қызығушылығын арттырып, сенімге жетелейтіні даусыз.
-
Оқу бағдарламасының тереңдетілуі.
Біздің қазіргі оқытуымыздың көпшілігі тек ҰБТ-ны негіз етіп, бағдарламадағы кейбір өтілуге тиісті нәрселердің өзі мән берілмей қалып қойып жататыны айдан анық. Ал бұл өзекті мәселелер олимпиадаларда, шетел университеттеріне тапсыруда қиындық ала келетіні белгілі. Біздегі көптеген адамдар математика олимпиадасын күнделікті оқу бағдарламасынан бөле қарайды, бұл мүлде дұрыс емес. Ал бұл бақдарламада көтерілген тақырыптарда осы олқылықтарды ескеріп, арнайы оқыту бағдарламасының аясы кеңейтіліп, оңайдан киынға, таяздан тереңге өтіп, негізгі білімді де терең меңгертіп, оқушылардың ойлау қабілетін тереңдетеді деп сенемін.
-
Алынған тақырыптардың өзектілігі
Алынған тақырптардың барлығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуының маңызды кезеңіндегі 5-6 сынып оқушыларына өте қажетті.
Бағдарламаның мақсаты:
-
12 – 13 жас оқушылардың физологикалық жақтан да, психологиалық жақтан да үлкен өзгерістерге ұшырайтын өтпелі, маңызды кезең. Осы кезеңдегі оқушылар логикасын дамыту, ой-өрісін кеңіту, жан-жақтылы ойлау қабілетін шыңдау. Психолгиалық жақтан тамаша өсіп жетілуін қамтамасыз етіп, байыпты, әр нәрсеге жан-жақтылы талдау жасап, өзі кірісе алатын, өзі шешім жасай алатын, зерттей білетін жеке тұлға қалыптастыру.
-
Олипмиадалық резервті дайындау, келешек ел намысын қорғайтын олипиадинктерге негіз қалау. Математика, олимпиада дайындық бастамалары пәндерінің мазмұндарын үйлестіре отырып, стандарттан тыс математикадан тірек білім мен білік игерумен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін, математикалық дарынын жетілдіру.
-
Дарынды балалрға арналған мектептердің (тіпті жай мектепердің де) қазақша материалға, қазақша бағдарламаға сұранысын қанағаттандыру.
-
Педагогикалық бағыттағы жоғары, орта оқу орындарының қажатін қанағаттандыру. Педагогикалық, метематикалық бағытта оқып жатқан келешек ұстаз студенттердің қажетін қанағаттандыру, тәрбиелеу мақсатына пайдалану.
-
Осы аталған олқылықты толтыратын, кәзіргі кезде үлкен сұранысқа ие болып отырған, жеке тұлғаға бағытталған, олардың тұлғалық ерекшеліктерін ашатын, ұлттық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын, математикаға қызығушылығын тұрақтандыратын, математикалық қабілеттері мен дарындылықтарын ашатын, жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, кәзіргі өмір талабына сай бәсекеге қабілетті, техникалық бағыттағы жоғары оқу орандарына түсіп әрі қарай онда оқуды жалғастыра алатын, кәсіби мамандығына қажетті болатын жеткілікті түрдегі жоғары математикалық мәдениетті қамтамасыз ететін бағдарламаны ұсыну.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Білім беру стандартын қамтамасыз ету;
-
Базалық міндетті білім шеңберін анықтау;
-
Тақырыптық кеңейту бағытын айқындау;
-
Мазмұндық тереңдету мәселелерін айқындау,
-
Оқушылардың білім деңгейіне, мұғалімдердің шеберлік деңгейіне сәйкес міндетті түрде оқытылатын және танысу түрінде оқытылатын білім шеңберін айқындау;
-
Оқушылардың сұранысын қанағаттандыратын жұмыс бағыттарын ұйымдастыру;
-
Өркениетті елдер үрдісіндегі тереңдету бағдарламаларына сараптама жасай отырып, өмір қажеттіліктерін ескере отырып , өз деңгейімізге, қалыптасқан жағдайға беймдей отырып білім беру;
-
Қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру;
Бағдарламаның құрлымдық ерекшеліктері:
Бағдарлама мазмұны түсініктеме хат, курстың күнтізбелік жоспары және курс мазмұны бойынша жасалған оқу құралы, оқушыларға арналған көмекші әдістемелік, танымдық материалдардан тұрады.
Бағдарламадғы ең маңызды нәрсе оқу әдістемелік құралы болып, ол әр тақырып бойынша теориялық негізгі білімдер мен мысалдардан, онан кейін сол білімдер негізінде оқушылардың өз бетімен ізденіп, зерттеп үйренуі үшін практикалық есеп тапсырмалары берілген. Олимпиадалық есептердің қиындық дәрежесі жоғары болатындықтан оқушылар мен оқытушылардың пайдалануына қажетті әрбір есептің шешулері мен нұсқаулары толық берілді. Тіпті кейбір есептердің бірнеше түрлі шешу тәсілдері көрсетілді. Бұл оқушылардың әрбір мәселені жан-жақтылы зерттеуіне, ізденуіне жөн сілтесе,
оқытушылардың сол есепті оқушылардың білім деңгейіне, ерекшелігіне қарай түсіндіруіне жағдай жасайды. Екі-үш тақырыптан кейін сол тақырптарды алған білімдерін тексеріп бекемдеу негізінде тақырыптық олимпиадалар беріліп отырды. Бұл бір жағынан оқушылардың қызығушылығын арттырып, алған білімдерін қайталап, бекемдеуіне жағдай жасаса, енді бір жағынан оқытушылардың оқушларды тексеріп, оқушылардың әр тақырыпты йгеру деңгейін біліп отыруына мүмкіндік жасайды.
Күтілетін нәтиже:
1. Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігі құрылып қазақстандық білім беру реформасын жүзеге асыру үшін тамаша мүмкіндіктер пайда болады;
2. Оқушылар кәзіргі өмір талабына сәйкес сапалы математикалық білім алады;
3. Түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен интеллектуалдық жарыстарға қатысу белсенділігі артады;
4. Оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар жасалады.
«Қызықты математика» таңдау курсының тақырыптық жоспары
V--сынып
Пайдаланылған әдебиеттер: МӘУІТ Ы. «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары», Мәуіт Ы., Табыс Н. «Математика олимпиада және логика ». Аптасына 1 сағат. Негізгі 34 сағат.
Р/c |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|
Теориялық |
Практикалық |
|||
1 |
Сандар сиқыры |
1 |
1 |
|
|
2 |
Сандар сиқыры |
1 |
|
1 |
|
3 |
Сандар сиқыры |
1 |
1 |
|
|
4 |
Фигураларды санау |
1 |
|
1 |
|
5 |
Фигураларды санау |
1 |
1 |
|
|
6 |
Фигураларды санау |
1 |
|
1 |
|
7 |
Артығын табу |
1 |
|
1 |
|
8 |
Артығын табу |
1 |
|
1 |
|
9 |
Фигураларды кесу-құрастыру |
1 |
1 |
|
|
10 |
Фигураларды кесу-құрастыру |
1 |
|
1 |
|
11 |
Фигураларды кесу-құрастыру |
1 |
1 |
|
|
12 |
Фигураларды кесу-құрастыру |
1 |
|
1 |
|
13 |
Өлшеу, құю есептері |
1 |
1 |
|
|
14 |
Өлшеу, құю есептері |
1 |
|
1 |
|
15 |
Өлшеу, құю есептері |
1 |
|
1 |
|
16 |
Тақырыптық бақылау |
1 |
1 |
|
|
17 |
Тиімді тәсіл ( |
1 |
|
1 |
|
18 |
Тиімді тәсіл ( |
1 |
|
1 |
|
19 |
Тиімді тәсіл ( |
1 |
1 |
|
|
20 |
Сиқырлы шаршылар, фигуралар |
1 |
|
1 |
|
21 |
Сиқырлы шаршылар, фигуралар |
1 |
1 |
|
|
22 |
Сиқырлы шаршылар, фигуралар |
1 |
|
1 |
|
23 |
Кестелік есептер |
1 |
1 |
|
|
24 |
Кестелік есептер |
1 |
|
1 |
|
25 |
Судоку |
1 |
1 |
|
|
26 |
Судоку |
1 |
|
1 |
|
27 |
Тақырыптық бақылау |
1 |
|
1 |
|
28 |
Жұмбақ есептер |
1 |
1 |
|
|
29 |
Жұмбақ есептер |
1 |
|
1 |
|
30 |
Лобиринг |
1 |
|
1 |
|
31 |
Лобиринг |
1 |
1 |
|
|
32 |
Ежелгі математиктер жайлы қызық оқиғалар |
1 |
|
1 |
|
33 |
Ежелгі математиктер жайлы қызық оқиғалар |
1 |
|
1 |
|
34 |
Қортынды |
1 |
|
1 |
|