Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемі»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу.Сол жақты, оң жақты , жоғарыда, дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертен, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсе ,Апта күндерін атап білу, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге құлшылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үйлестірлмелі материалдар, сәбіздер, бақша,тәулік бөліктері суреттер, қолшатыр
Құрал-жабдықтар: мольберт,проектр, аудио жазба
|
Оқу іс-әрекет кезеңі |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық кезең |
Қонақтармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. «Қайырлы таң» -деп айтамыз, Бір болып, кеште қайтамыз. |
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең |
Тәрбиеші: -Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Тәрбиеші: -Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бұл мезгілде ауа-райы қандай болады? Тәрбиеші: -Күз мезгілінде жапырақтар түсі қандай, күзде қандай көкөністер жинаймыз? Тәрбиеші:- Бүгін аптаның қай күні? Қызықтыру сәті : Балалар сендер қызықты математика еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Ал, ендеше, балалар поезд боп тұра қалайық, қызықты математика еліне барайық. Қимылды ойын: «Поезд»Тіл ұстарту жаттығу. Пыш, Пыш, пыш, пыш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. Гу,гу,гу,гу гуілде Қалып қойма біріңде. Кәне,балалар тоқтайық.Пыш-ш-ш-ш. Балалар міне біз «Қызықты математика еліне» келіп қалдық. Ой, балалар қараңдаршы, бұл не? Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Білім патшалығы " Қызықты математика " еліне қош келдіңдер. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді ақылды, мейірімді, еңбекқор, өте білімді екендерінді естідім. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Сыйлығымды алу үшін көп еңбектенулерін керек. Мен сендерді әртүрлі тапсырмаларымен сынағым келеді, сендерге дайындаған тапсырмаларым бар. Сендер орындайсындар ма? (Аудио жазба) Тәрбиеші: Балалар қоянның тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше қоянның алғашқы тапсырмасы жұмбақтардың шешімін табу. Жұмбақтар шешу. 1)Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз, балабақ шамызға келеміз. бұл қай кезде болады?(таңертен) 2) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз, қыдырамыз ,бұл қай кезде болады?.(күндіз) 3) Күн батады қызарып, анамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады ?(кеш) 4) Уйлерде шам қызарып, демалады әлем деп, әлдилеп ақ әжем ертегі оқиды. Бұл қай кезде болады (түн) Тәрбиеші:- Ал, балалар енді геом.пішіндерді еске түсірейік. Шаршының суреті. -Балалар бұл қандай пішін? -Неге шаршыны дейді екенбіз, қанекей шаршының қабырғаларын, бұрышын санайық?(санайды) -Түсі қандай? Үшбұрыш суреті. -Бұл қандай пішін? -Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық? -Түсі қандай? Шеңбер суреті. -Бұл қандай пішін? -Шеңбердің бұрышы бар ма? -Шеңбердің түсі қандай Бұның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? Д/о «Бос торларды сәйкес пішіндермен
толтыр» Сергіту сәтті: Ал,балалар тұрайық, Алақанды ұрайық Қолды белге қояйық, Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп Белімізді жазайық Жоғары төмен қарайық, 1,2,3,4 Көзбен оңға қарайық, Және солға қарайық. Айналдырып алайық Бойымызға күш жинап, Бір сергіп алайық. Балалар қоянның тапсырмалары әлі көп. Бірақ қоян жалғыз емес, оның көжегі бар екен. Олардың қарны ашып қалды, тамақтандыруымыз керек. Ол үшін бір тапсырма орындайық, балалар? Балалар қоян нені жақсы көреді? Сәбіз қайда өседі? Бақшада өссе, ол неге жатады? Бақшада тағы қандай көкөністер өседі? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазір бақшаға барып, қоянға ұзын сәбіздерді, ал оның көжегіне арнап қысқа сәбіздерді теріп алайық. Балалалар ұзын сәбіздерді біз кімге апарамыз? Ал қысқа сәбіздерді кімге апарасыңдар? - Жақсы балалар, жарайсыңдар! Балалар қоянның тапсырмалары аяқталы.Қоян сендерге риза боп қалды.Ол сендерге арнап тәтті сыйлықтар дайыдады. Оны топқа оралғасын, мен сендерге беремін.Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ал, қазір қоянмен қоштасып, поезға отырып, тобымызға оралайық. Балалар: Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. Гу-гу,гу-гу гуілде. Қалып қойма біріңде. |
-Жақсы -Күз мезгілі. Күзде дала салқын болады, жаңбыр жауады, салқын жел соғады, адамдар жылы киінеді. Сары,ток сары, кызыл, жасыл Картоп, сәбіз, қияр, қызылша. -Жұма. Ия, барғымыз келеді. Балалар бір бірінің артына тұра қалып поездің дыбысын салады. Қоян Сәлеметсіз бе Қоян! Ия! Ия! орындаймыз. Ия. Танертен Күндіз Кеш Тун Шаршы 1,2,3,4 Көк Үшбұрыш 1,2,3 Жасыл Шеңбер Жоқ. Қызыл Геометриялық фигуралар Балалар берілген үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасайды. Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды. Сәбізді Бақшада Көкөніске Сәбіз,орамжапырақ т.б. Бақшада Картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызылша т.б. Қоянға Көжегіне Балалар қимылмен жасайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Қолшатыр рефлексиясы. -Балалар қолшатырда берілген суреттерді бір бірлеп алып, өз ойларыңды айтып беріңдер? -Айдар сен қандай суретті таңдайсын?Неліктен? - Ерсұлтан сен қандай суретті таңдадың? Неліктен? |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5-көлеміндегі сандарды тура санайды ,заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,геометриялық пішіндерді ажыратады.
Түсінеді: "Биік" ,"аласа" ,"ұзын", "қысқа" ұғымдарын дұрыс қолданады.
Меңгереді:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қызықты математика әлемі» ортаңғы топқа арналған ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз