Тақырыбы: «Ойлайық та,
ойнайық»
Мақсаты:
1.Оқушылардың математика пәнінен
алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,
толықтыру,пысықтау.
2.Пәнге деген қызығушылығын
арттыру арқылы өз білімін көрсете білуге
үйрету, тапқырлыққа берілген
тапсырмаларды жылдам, дұрыс орындап,білім мәресіне жеткен
оқушыларды анықтау.
3.Оқушыларды тапқырлыққа,
жылдамдыққа баули отырып логикалық ойын
дамыту.
Көрнекілігі: Билер суреті, хат, кесте, күз
бейнесі, пішінді суреттер, тест
тапсырмалары
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Психологиялық
дайындық
-
Қазақтың билері кімдер?
-
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
-
Төле бидің шешендігінен мысал
келтірейін
-
Бір күні бір жас бала Төле биге келіп былай деп
сұрақ қойыпты: «Билік артық па, әлде дүние – мүлік, байлық артық
па?- депті.
-
Сонда Төле би былай деген екен:
Біліп айтқан сөзге күн
жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың
жетпейді.
Өзің бімесең, білгендерден
үйрен,
Үйренгеннен ештеңең
кетпейді.
1-слайд.(Түсіндіру)
-
«Математика» сөзін естігенде көз алдарыңа,
ойларыңа не оралады?
-
Ойымызды жинақтайықшы
-
Алғаш математика пәнімен танысқанда нені
үйрендіңдер?
-
Қосу, азайту, сан, цифр,
пішін, есеп, ғылым т.б (топтастыру
әдісі)
ІІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:
-
Олай
болса, математика ғылымының шығу тарихы туралы
түйгендерімізді ортаға салып пысықтайық
-
Ғылым туралы алғашқы мәліметтер қай елдерде пайда
болды?
-
Қандай салалары бар?
-
Математикамен шұғылдану адамды неге
үйретеді?
-
Жаңа сабақты хабарлау
-
Бүгінгі сабағымызда
тапқырлыққа бірнеше қызықты тапсырмалар беріледі. Сондықтан
сабақтың тақырыбы «Ойлайық та,
ойнайық!»
-деп аталады.
- Алғашқы тапсырмамызды
көтеріңкі көңіл – күймен орындап көрейік. Қозғалысқа берілген
тапсырма (Кесте
толтыру)
ІҮ. «Көңілді
қадам!»
Ү. Сызбаға сандарды жаз
27, 4, 18, 8, 15, 140, 21, 20, 9, 10,
12,60
2 –ге бөлінетін сандар 3 – ке бөлінетін
сандар
ІҮ.
Қарындашты қағаз бетінен көтермей сызық бойымен суретті
сал.
берілген кім жылдам сызып шығар екен?(Тақтада
сызу)
ҮІ. «Тіл өнері
» (Математикалық жұмбақ
есептердің жауабы орыс, ағылшын тілдерінде
айтылады)
Сергіту
сәті: «Күз» өлеңі
бойынша
ҮІІ. Зерде» Мақал – мәтел
айтудан жарыс «Кім жылдам?» ойыны
Логикалық есептер
( жауаптары
тыңдалады)
-
Сыныпта 18 оқушы отыр. Олардың үшеуін тақтаға
шығарды.
Сыныпта қанша оқушы
болды?
-
Дорбада 8 асық бар еді. Асықтарды төрт баланың
әрқайсысына
-
асықтан тиетіндей және 2 асық дорбада қалатындай
етіп қалай үлестіруге
болады?
-
Жануардың 2 оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы
аяғы, екі артқы аяғы бар.
Бұл хайуанның қанша аяғы бар?
-
Сағат тоғыз қарашы,
Ешкімнің жоқ таласы.
Он толғанда есепте,
Қанша минут
арасы?
-
Келесі
бөліміміз «Сиқырлы
сандық» деп
аталады
-
Қандай сиқырымен келді екен?
-
- Ребус шешу (авторы айтылады)
- Бағалау:
-
Балалар, өздерің айтыңдаршы бүгінгі сабақта кім
жақсы ат салысып отырды?
-
Үш оқушы шығарылып (Үздік математик , Білгір
математик, Жас математик атағы беріледі)
марапатталады.
-
Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге
рахмет! Алдағы уақытта да осы оқушылар сияқты жетістіктерге жете
берулеріңізге тілектестік білдіремін!
-
Сабақ
аяқталды.