400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қызықты математика "Ойлайық та, ойнайық!" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты математика пәні бойынша оқушылардың математика пәніне қызығушылығын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойлайық та, ойнайық»

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, толықтыру,пысықтау.

2.Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы өз білімін көрсете білуге үйрету, тапқырлыққа берілген тапсырмаларды жылдам, дұрыс орындап,білім мәресіне жеткен оқушыларды анықтау.

3.Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа баули отырып логикалық ойын дамыту.

Көрнекілігі: Билер суреті, хат, кесте, күз бейнесі, пішінді суреттер, тест тапсырмалары

Жүрісі:

І. Ұйымдастыру:

ІІ. Психологиялық дайындық

  • Қазақтың билері кімдер?

  • Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

  • Төле бидің шешендігінен мысал келтірейін

  • Бір күні бір жас бала Төле биге келіп былай деп сұрақ қойыпты: «Билік артық па, әлде дүние – мүлік, байлық артық па?- депті.

  • Сонда Төле би былай деген екен:

Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.

Өзің бімесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

1-слайд.(Түсіндіру)

  • «Математика» сөзін естігенде көз алдарыңа, ойларыңа не оралады?

  • Ойымызды жинақтайықшы

  • Алғаш математика пәнімен танысқанда нені үйрендіңдер?

  • Қосу, азайту, сан, цифр, пішін, есеп, ғылым т.б (топтастыру әдісі)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Олай болса, математика ғылымының шығу тарихы туралы түйгендерімізді ортаға салып пысықтайық

  • Ғылым туралы алғашқы мәліметтер қай елдерде пайда болды?

  • Қандай салалары бар?

  • Математикамен шұғылдану адамды неге үйретеді?

  • Жаңа сабақты хабарлау

  • Бүгінгі сабағымызда тапқырлыққа бірнеше қызықты тапсырмалар беріледі. Сондықтан сабақтың тақырыбы «Ойлайық та, ойнайық!»

-деп аталады.

- Алғашқы тапсырмамызды көтеріңкі көңіл – күймен орындап көрейік. Қозғалысқа берілген тапсырма (Кесте толтыру)

ІҮ. «Көңілді қадам!»

Ү. Сызбаға сандарды жаз

27, 4, 18, 8, 15, 140, 21, 20, 9, 10, 12,60

2 –ге бөлінетін сандар 3 – ке бөлінетін сандар

  • Пішіндерге берілген ( деңгейлік тапсырма ) үш қатарға.

ІҮ. Қарындашты қағаз бетінен көтермей сызық бойымен суретті сал.

  • Енді, балалар, бұл тапсырма үш қатарға

берілген кім жылдам сызып шығар екен?(Тақтада сызу)

ҮІ. «Тіл өнері » (Математикалық жұмбақ есептердің жауабы орыс, ағылшын тілдерінде айтылады)

  • Математикалық тест ( Математика пәнінен алған білімдерін тексеру. Деңгейлік тапсырма) жауаптары параққа жазылып, жоғары көтеріліп тексеріледі.

Сергіту сәті: «Күз» өлеңі бойынша

ҮІІ. Зерде» Мақал – мәтел айтудан жарыс «Кім жылдам?» ойыны

  • «Қалт етпей қағып ал, Жауабын тез тауып ал?»

Логикалық есептер ( жауаптары тыңдалады)

  1. Сыныпта 18 оқушы отыр. Олардың үшеуін тақтаға шығарды.

Сыныпта қанша оқушы болды?

  1. Дорбада 8 асық бар еді. Асықтарды төрт баланың әрқайсысына

  1. асықтан тиетіндей және 2 асық дорбада қалатындай етіп қалай үлестіруге

болады?

  1. Жануардың 2 оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар.

Бұл хайуанның қанша аяғы бар?

  1. Сағат тоғыз қарашы,

Ешкімнің жоқ таласы.

Он толғанда есепте,

Қанша минут арасы?

  • Келесі бөліміміз «Сиқырлы сандық» деп аталады

  • Қандай сиқырымен келді екен?

  • - Ребус шешу (авторы айтылады)


  • Үйге тапсырма: №6 «Көшпелі бұлт»

- Бағалау:

  • Балалар, өздерің айтыңдаршы бүгінгі сабақта кім жақсы ат салысып отырды?

  • Үш оқушы шығарылып (Үздік математик , Білгір математик, Жас математик атағы беріледі) марапатталады.

  • Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет! Алдағы уақытта да осы оқушылар сияқты жетістіктерге жете берулеріңізге тілектестік білдіремін!

  • Сабақ аяқталды.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1035
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі