"Қызықты математика" сыныптан тыс іс-шара

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қызықты математика" сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 1 -сынып білім алушыларына арналған сыныптан тыс шара жоспары.Бастауыш сынып мұғалімдерінің бір кәдесіне жарары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Сыныптан тыс шара

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Калкаева Р.К.

Күні:

01.03.2024ж

Сынып: 1Г

Қатысушылар саны : 31

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Қызықты математика»

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін саралау,ой  ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.
Ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды тапқырлыққа,жылдамдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Бір-бірлеріне көмектесуге,ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Бастал

уы

«Психологиялық дайындық»
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» дегендей 1 «Г» сыныбында өткелі жатқан «Қызықты математика» сайысына қош келдіңіздер!

Сайыс кезеңдері

1 – кезең «Ұшқыр ой»
2 - кезең «Ойна да ойла»
3 – кезең «Кім жылдам?»
4 – кезең «Математикалық ребус»
5 – кезең «Сиқырлы фигуралар»
6 – кезең «Математикалық жұмбақтар»

Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық

Оқушылар сабаққа дайындалады.



Слайд

Ортасы

1-кезең «Ұшқыр ой»  6 сұрақ беріледі, Әр сұраққа ойланып жауап беру қажет.

1. Жарты қаздың салмағы 3 кг болса,ал тұтас қаздың салмағы қанша? (6 кг. Жартысы 3 кг ,онда тұтасы 6 кг болады)
2. Арбаға парлап жегілген бір ат 10 км жүрген болса,екі ат неше км жүреді?(
10 км)
3. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?  (Қыздар екеу, ұлдар екеу)
4. Торда 12 құс отыр,оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?
 (12 құс, себебі тордан ұша алмайды)
5. Алмұрт алмадан ауыр,алма шабдалыдан ауыр.Сонда алмұрт ауыр ма,әлде шабдалы ауыр ма? 
(Алмұрт ауыр)


2 – кезең. «Ойна да ойла» «Тиінге көмектес», «Көбелекті гүлге қондыр» ойыны .10 және100 көлеміндегі сандарға берілген мысалдар шығарылады.Әр тиіннің тұсына ілінеді.


3 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны.Ауызша өрнектер оқылады.Тақтаға шыққан оқушылар жылдамдатып жауабын тауып,шапалақпен ұрады.

-3 пен 4 санының қосындысы.

-6 мен 2 сандарының айырмасы.

-9 бен 5-тің айырмасы

-7 мен 3 –тің қосындысы

Осылайша жалғаса береді

4 - кезең. Математикалық ребус шешу.

5-кезең. «Сиқырлы фигуралар»

6 – кезең Математикалық жұмбақтар


1.Аулада үш үйрек

Қорада бес үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?


2.Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі?

Қане кім тез шешеді?


3.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады?

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?


4.Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?


5.Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқтар нешеу,бас нешеу

Жауабын кім табады?


Бұдан соң қосымша тапсырма беріледі





Сұрақтарға жауап береді











Мысалдар шығарады.



Сұрақтарға жауап береді









Жұмбақтарды шешеді





































































Слайд



























































Қима

қағаздар




Аяқталуы


Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Жеңімпаз оқушыларды марапаттау.


Мадақтау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2024
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі