400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қызықты математика" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағынан 6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызықты математика» сайысы

Күні: 17.01.2019 ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық Оқушыларға өз бетінше жұмыс бере отырып, есептер шығарыуда алған білімдерін қолдана білу,шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділігікке,еңбекке тәрбиелеу.

Қатысушылар: 6 «ә», 6 «б» сынып оқушылары.

Сайыс төрт бөлімнен тұрады.

  1. Викториналық сұрақтар

  2. Ойлан тап

  3. Бейне есеп

  4. Шырпымен есеп

І тур

І топ.

  1. Жұп сан дегеніміз не? (2 - ге бөлінетін натурал сандар)

  2. 10 - ға қандай сандар бөлінеді? (0 цифрымен аяқталатын сандар)

  3. 4 қойдың неше аяғы бар?(16)

  4. Ең үлкен 2 таңбалы сан? (99)

  5. Миллионда неше нөл бар? (6)

  6.  Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  1. Өзара кері сандар дегеніміз не? (Көбейтіндісі 1 - ге тең екі сан)

  2. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді 2 - уі түсіп қалды.Ағашта неше алма қалды? (Қайыңда алма өспейді)

  3. Екі қатынастың теңдігі  (пропорция)

  4. Егер тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3)


ІІ топ

1. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?(5)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)

3. Кит 250000 кг. Ол неше тонна? (250т)

4.1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59)

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

6. 3 кесіндіден құралған фигура?( үшбұрыш)

7. Үстел беті төртбұрышты, оның 1 бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

8. 1 жанұяның 3 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның  қанша баласы бар? (4)

9. Тақ сан дегеніміз не? (2 - ге бөлінбейтін натурал сандар)

 10. Қандай сандар 5 - кебөлінеді? (жазылуы 0 және 5 цифрына аяқталатын натурал сандар)





ІІ тур

Ойлан тап!

  1. Заңдылық

  2. Мақал-мәтел

  3. Логика

  4. Ережелер

  1. Заңдылық

  • Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап (19)

  • Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап (18,30)

  • Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап (121)

  • Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап (108)

  1. Мақал-мәтел

  • Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)

  • Досыңды үш күн сынама (Үш жыл сына)

  • Бір кісі қазған құдықтан (мың кісі су ішер)

  • Екі жақсы қас болмас (екі жаман дос болмас)

  1. Логика

  • Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

  • Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12)

  • 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? (1 кг)

  • Адам есектен неге құлайды? (жерге)

  • Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (адамның есімі)

  1. Ережелер

  • Санның бөлігін табу үшін - ... (санды осы бөлшекке көбейтеді)

  • Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру үшін - ... (бөлімін өзгеріссіз қалдырып, аралас санның бүтін бөлігін бөліміне көбейтіп, көбейтіндіге алымын қосып бөлшектің алымына жазады)

  • Екі бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін - ...( бөлшек бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін тауып, бөлшек бөлімдеріне бөліп толықтауыш көбейткішті тапқан соң, оны бөлшектің алымы мен бөліміне көбейту керек )

  • Бөліндіні бөлшек түрінде жазу үшін - ... (бөлінгішті бөлшектің алымына, бөлгішті бөліміне жазу керек ).

ІІІ тур

Бейне есеп

І топ

  1. Автомобиль 1 сағ 15 минут уақытта екі қаланың арасындағы қашықтықтың 25%-н жүрді.

Сұрақ: Автомобиль осыжылдамдықпен екі қаланың арасындағы қашықтықтың 80%-ін неше сағатта жүреді?

ІІ топ

  1. 6 кг алманы кептіргенде 1,5 кг алма алынды.

Сұрақ: Алманы кептіргенде алғашқы массасының неше процентін жоғалтты?

IV тур

Шырпымен есеп.

V.Қорытынды. Балалардың ұпай саны есептеліп, марапатталады.




№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі КММ














«Қызықты математика»


(6 сыныптар аралығында өткізілетін сайыс сабақ)





Пән мұғалімі: Оспанова Асем Мейрамбековна










2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі