400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика тақырыбындағы сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп оқушыларына және математика пән мұғалімдеріне керек. Бұл жерде алтыншы сыныпқа арналағн қызықты математика сабағына арналған сабақ жоспары бар. Мұны математика апталығында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылы

«Аманкелді Иманов атындағы

жалпы орта білім беретін лицей – мектеп»

Мемлекеттік мекемесі















САБАҚ ЖОСПАРЫ

6 СЫНЫП

«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»















Пән мұғалімі: К.М.Масугутова



2018-2019 оқу жылы



Сабақ тақырыбы: Шамалардың тура және кері пропорционалдығы

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

Кері пропорционал шамалар туралы түсінік қалыптастыру, тақырыпқа

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):

Білу:  Кері пропорционал шамалар  туралы  білетін болады (барлығы);

Түсіну: Кері  пропорционалдықтың  қасиетін түсінеді (барлығы);

Қолдану: Есеп шығаруда  ережені  қолдана алады (көпшілігі);

Талдау: Кері және тура пропорционал шамаларды  ажырата біледі  (көпшілігі);

Жинақтау: Кері пропорционал  шамаларға  мысалдар келтіре алады (кейбіреуі);

Бағалау:  Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады (кейбіреуі)

  1. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):

Мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау, бағдаршам әдісі

  1. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап шығамын.

7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар

 Сабақ барысы

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

Оқушыларды топқа бөлу

 Стикерлерге ондық бөлшектер, жай бөлшектер және натурал сандар жазылады, сол сандар арқылы  топтарға отырады

Стикерлер, жұмыс парағы

Психологиялық тренинг «Көтеріңкі көңіл-күй»

Оқушылар бүгінгі сабаққа тілегін жазып, бір-біріне береді

 

 Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын

Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады.

 

Үлестірме қағаздар


Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырманы жұптарда өзара тексеріп бағалайды


Негізгі     бөлім

Математикалық диктант /ортақ жеке жұмыс/

Жұмыс кері байланыс парақтары арқылы тексерілетін болады

Оқушылардан сұралатын болады, біліммен бөліседі

а) Сөйлемді толықтырыңдар:

«Екі қатынастың теңдігі…деп аталады»

«Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе артатын (кемитін) болса, онда мұндай шамалар … деп аталады»

«Натурал санды бөлшекке немесе бөлшекті натурал санға бөлу     үшін…»

«Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын  … деп атайды»

Плакаттар, жұмыс парағы

Ой қозғау /топтық жұмыс/

1.      Кері пропорционал шамалар дегеніміз не?

2.      Кері пропорционал шамалардың қасиеті

3.      Кері пропорционал шамаларға мысалдар

Топ жұмысы бағдаршам арқылы бағаланады

Оқушылар топпен талқылайды. Талқылап болғаннан кейін тақырыпты топ баяндамашысы түсіндіреді.

Топтық жұмыс

Оқушылар есептерді топта талықлап содан кейін тақтаға жазатын болады (Әр топтан орындығына стикер жапсырылған оқушы есепті тақтада шығарады)

Венн диаграммасы

Тура және кері пропорционал шамалар

Бөшкеден шыққан басқатырғылар /топтық жұмыс/

№1. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?

№2 Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді?

№3 Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

Оқушыларға бөшке ішіне салынған есептер беріледі.

Қорытынды

Бақылаушылардың, топ басшылардың пікірін тыңдау.

Түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазуды тапсыру

Топ жетекшілері сабақ басында қойылған критерийлер бойынша өз тобын және басқа топтарды бағалайтын болады.

Сонымен бірге оқушылар сабақ рефлексиясын және сабақ барысында түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазып тапсырады.

Бағалау

 




























Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пропорция ұғымдарын дамыта оқыту;
Дамытушылық: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды
оқулық, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл сабақ жаңа ұғымды ашу үшін бейне сөзді шешуден басталады.
1. Қызығушылығын ояту.
,, Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан - цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін,, - деп сабағымызды бастаймыз.
Бейнесөз шешу арқылы төмендегі сөзді шығарып аламыз
/ПРОПОРЦИЯ/


Мұғалім:- Енді осы жаңа сөздің тарихына шолу жасайық, алғаш рет кім енгізген, қандай сөзден шыққан, қандай мағынаны білдіреді екен.

2.Тарихи мәлімет.

«Пропорция» сөзі латынның proportio сөзінен шыққан, ол «өлшемдес», бөліктер арасындағы өзара қатынас мағынасын білдіреді. Қатынастар мен пропорциялар теориясы Евклидтің «Бастамалар» (Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда) кітабында баяндалған.
Евклид өзінің осы еңбегінде пропорцияның негізгі қасиетін де дәлелдеді.
Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс болған еді.
Пропорционалдық тәуелділік архитектура мен өнерде жиі пайдаланылады.
Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты.
Моцарт шығармаларының, Бетховеннің бесінші симфониясының, музыкалық шығармаларының белгілі бір қатаң тәртіпке бағынатынын құрылымдары пропорцияны көрсетеді
Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.
Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8: 15=96: 180 пропорциясын 180
∴ 96 ∴ 15 ∴ 8 түрінде жазған, ал XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180 түрінде жазған.
Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі, өнертапқыш әрі математик Г. В. Лейбниц енгізген.
3. Жаңа ұғымды түсіндіру электронды оқулықтан көрсетіледі.
Оқулықтың түсіндіру кезіндегі тапсырмаларды сол жерде орындатып, тексеріліп отырады

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

  1. Карточкамен жұмыс:

  1. пропорцияның белгісіз мүшесін табу.

  2. пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
    2. Ойлан, тап,,
    Электронды оқулықтағы тапсырмаларды шығару.
    3. Ой – тұжырымдамасы:
    Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады. Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.


ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1. 125 қаздан 4 кг ма
мық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?
а\21, 8кг в\57, 4кг с\28кг д\25кг.
2. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 7, 5: 3, 5 =x: 14
а\ 19, 6 в\7 с\ 3 д\30
3. 1, 75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0, 7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?
а\ 642г в\564, 5 г с\ 542, 5 г д\ 868 г
4. тура пропорцияны көрсет:
а\ 5: 10=8: 4 в\ 2: 3=10: 15 с\ 2: 3=5: 10 д\ 12: 18=3: 2
Үйге тапсырма:






Сабақтың тақырыбы: Пропорция көмегімен есептер шығару

Мақсаты: «Пайыз», «Пропорция» тақырыбындағы білімдерін тереңдету, жай бөлшектер және пайызға арналған есептерді пропорция құру арқылы шығаруды үйрену. Дамытушылық: салыстыра білу қабілеттерін, айырмашылық пен ұқсастық және өз бетімен ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Есеп шығаруда табандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: білімді қорытындылау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру,есептеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа жұмыстар, карточкалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру (математикалық диктант) 8 минут

3. Тақырып, мақсат, жаңа тақырыпқа байланысты тірек сигналдарын беру 10 минут

4. Жаңа білімді алғашқы бекіту 5 минут

5. Топтарға тапсырма беру, тексеру (карточка№1) 8минут

6. Өзіндік жұмыс (карточка №2) 10 минут

7. Бекіту сұрақтары 2 минут

8. Үйге тапсырма беру 2 минут

II.Математикалық диктант

Тапсырмалары Жауаптары 1. Екі санның қатынасы дегеніміз не? Формула түрінде көрсет. 2. Пропорция дегеніміз не? Формула түрінде көрсет. 3. Пропорцияның негізгі қасиеті қалай айтылады? Формула түрінде көрсет. 4. Тура пропорционал шама дегеніміз не? Формула түрінде көрсет. 5. Кері пропорционал шама дегеніміз не? Формула түрінде көрсет.

III. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: пропорция көмегімен мәтінді есептер шығару. Ал, балалар, бүгін біздер пропорция көмегімен пайызға және жай бөлшектерге арналған мәтінді есептерді шығаруды үйренеміз. Ал ол үшін әуелі санның пайызын табуды есімізге түсірейік.

Оқушылар ауызша жауап береді.

Санның пайызын табу үшін: 1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектейді. 2. Берілген санды осы бөлшекке көбейтеді. Мысалы: алпыс санының он пайызын табу үшін, алпысты жүзден онға көбейтеміз, сонда алты шығады. Ал пайызы бойынша санды табу үшін: 1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектейді. 2. Санның пайызын бөлшекке бөледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтінді есептердің түрлеріне мынандай схема құрады. Есептің типі Санның пайызын табу Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу схема

100% - □ □ - х 100% - х □ - □ 100% - □ х - □

IV. Алғашқы бекіту есебі: Туристер 200 км қашықтықты жүріп өтті. Оның 40%-ын машинамен жүріп өтті. Туристер машинамен қанша жол жүріп өтті? Кері есеп құрастыру.

Есептің қысқаша жазылуы

100% - □ □ - х 100% - х □ - □ 100% - □ Х - □ Пропорция = Пропорцияның белгісіз мүшесін табу Х= =80 Жауабы 80 км V.

Топтарға тапсырма беру.

I топ: санның пайызын табуға арналған есептерді шығарады.Топтан бір оқушы тақтаға шығарады.

II топ: пайызы бойынша санды табуға арналған есептерді шығарады. Топтан бір оқушы тақтаға дәлелдейді.

III топ. Проценттік қатынасты табуға арналған есептерді шығарады. Топтан бір оқушы тақтаға дәлелдейді.

Тапсырмалар: 1. Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар? 2. Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар? 3. Товарлың бағасы 120 теңгеге арзандатылған,бұл бастапқы бағасының 15%-ын құрайды. Товардың бастапқы бағасы қандай? 4. 400 г ерітіндіде 20г тұз бар.Тұздың ерітіндідегі проценттік қатынасын табыңдар? 5. Айдағы дененің салмағы жердегі осындай дененің салмағының 16 %-ын құрайды. Егер ғарышкер жерде 70 кг салмағы болса, айдағы салмағы қанша болады? VI.Өзіндік жұмыс. Тапсырма: Жай бөлшектер үшін пропорция құруға арналған схема құрастыру Топтарға тапсырма беру: I топ: санның бөлігін табуға арналған есептерді шығарады.Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді. II топ: бөлігі бойынша санды табу есептерін шығарады. Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді. III топ:бөлшектердің проценттік қатынасын табуға арналған есептерді шығарады. Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді.

Тапсырмалар: 1. Барлығы 600теңге бар.Осы теңгенің 1/ 4- і жұмсалды.Қанша теңге жұмсалды? 2. Баласы 10 жаста.Оның жасы әкесінің жасының 2/7-сін құрайды.Әкесі неше жаста? 3. Өрікті кептіргенде өзінің массасының 0,3-ін жоғалтады.4,8 кг кептірілген өрік жинау үшін неше кг өрік жинау керек? 4. 35 саны 55 санының қандай бөлігін құрайды? VII.Қорытынды. Бекіту сұрақтары: 1. Пайыз бен бөлшектер үшін қандай есеп түрлерін қарастырдық? 2. Бұл есептерді шығарудың неше тәсілін білесіздер? 3. Есеп шығарудың қай тәсілі сізге ұнады?

VIII.Үйге






















Сабақтың тақырыбы:

Пропорционал бөліктер

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қатынас тақырыбын тереңдетіп, пропорцияға анықтама беріп, оның негізгі қасиеті жөнінде білім алу.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №3.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.



.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

Есеп: Шойыннан дайындалған бір бөлшектің массасы 84 г, көлемі

12 см3, екінші бөлшектің массасы 21 г, көлемі 3см3.

Шешуі: 84/21=4; 12/3= 4; 84/21=12/3;

Анықтама: Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

Мысалы: 5 : 15=7 : 21; 5/15= 1/3; 7/21=1/3;

a : b = c : d; немесе a / b=c / d;

a және d- пропорцияның шеткі мүшелері, b және c пропорцияның ортаңғы мүшелері.

Мысалы:

1. 6 : 4 = 12 : 8 6 · 8= 48 , 4 · 12= 48, 48= 48.

2. 0,3 : 1,2 = 0,6 : 2,4 0,3 · 2,4 = 0,72 , 1,2 · 0,6=0,72

3. 2/5 : 4 =6/5 : 12 2/5 · 12 = 24/5= 4,8 ; 6/5 · 4=24/57

1=4; 12/3= 4; 84/21=12/3;

1=4; 12/3= 4; 84/21=12/3;

Анықтама: Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.

a : b=c : d немесе a / b=c / d пропорциясында ad=cb

Мысалы: 5/3,2=x/12,8; x - ? Шешуі: 3,2x=5·12,8

3,2x =64

x= 64 : 3,2

x=20.

Немесе

Анықтама: Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі, оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлгенге тең.

Мысалы:

Анықтама: Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі, оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлгенге тең.

a : b= c : d пропорциясын түрлендіріп, жаңа пропорциялар алуға болады.

  1. ортаңғы мүшелерінің орнын ауыстыру арқылы. a : c=b : d; a·d=b·c.

  2. шеткі мүшелеріннің орнын ауыстыру арқылы. d : b= c : a; a·d=b·c.

  3. қатынастарды кері қатнастарға ауыстыру арқылы. b : a= d : c; b·c= a·d.

  4. пропорциядағы қатнастарды теңдіктің оң жағынан сол жағына орын аустыру арқылы:

c : d= a : b; b : d= a : c; c : a= d : b; d : c= b : a;

Есеп: Түсқағаздардың 3 орамының ұзындығы 45 м, осындай түсқағаздың

6 орамының ұзындығы неше метр?

Шешуі: 3 орам- 45м

6 орам- х м

3 : 6= 45 : x ; x= 6·45:3= 90 (м)

IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау:

  1. Пропорция дегеніміз не?

  2. Пропорцияның негізгі қасиеті.

  3. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табуға болады?

  4. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табуға болады?

  5. Берілген пропорциядан жаңа пропорция қалай алуға болады?

V Жаңа материалды № 76, №77, №79, №81, №83, №85, №87, №89 есептерін шығару арқылы бекіту.

№ 76, №77 (ауызша.





№ 78

№79

№81

№ 83

№85

№87

№89

12,75 м-51 көйлек

х м – 18 көйлек.

Шешуі:

Жауабы: 45 көйлек.





















Тақырыбы: Жұмыс. Бірлескен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа 
және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.  
2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту. Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.  
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.  
Құндылық: Дұрыс іс– әрекет. 
Қасиеттер: білімділік, есептерді тез шеше білу. 
Сабақта қолданылытын технологиялар: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, ақпараттық технология. 
Қолданылатын әдістер: сұрақ -жауап, түсіндіру, ой -қозғау, пікірлесу, дәлелдеу, салыстыру, тестілеу. 
Ресурстар мен құрладар: интерактивтік тақта, слайд шоу, үлестірмелі материал, техникалық құралдар. 
Грамматикалық тақырып: септік жалғау. 
Сабақтың түрі: сайыс сабақ  
Сабақтың өту барысы:   
І.Ұйымдастару кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылар ортағ ашығып, өз қолын кітапқа қояды. 

Мынау кітап. Кітаптан нәр алайық. 

Білімді әдепті болайық,

бір –бірімізді тыңдайық,

сабақты қызықты өткізейік! 

II.Үй жұмысын тексеру. Алдымен, балалар үй жұмысын тексерейік.

Септік жалғау қайталау.


Үй жұмысын тест арқылы тексереміз. 

Тест орындау кезеңі. 

Балалар қандай сөз шықты? Жауап: «Математика әлемі» 

III. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Математика әлемі» 

Бірінші топ: «Білгірлер» Топтың ұраны: « Математика – ғылымдар патшасы» 
Екінші топ: «Тапқырлар» Топтың ұраны: « Тәуелсізелдің тірегі – білімді ұрпақ » 
Еліміздің болашақ ұрпақтары – ертеңіміздің кемеңгері – сендерсіңдер. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз.  
Оқушылар назарын сабаққа аудару.  
Психологиялық дайындық.  
Кел, балалар ойнайық  
Ойлайық та ойнайық  
Қандай жұмбақ болса да  
Шешпей оны қоймайық!  
Балалар сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бірінші дұрыс 
жауап берген топқа қызыл шаршы, екінші жауап берген топқа көк шаршы беріп отырамын. Қызыл шаршы көп жинап, жеңімпаз атануға тырысыңдар.  

1 кезең «Блиц – турнир» «Тапқыш болсаң тауып көр» . Мұнда әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі 
1. Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанд анеше? (2кг)  
2. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)  
3. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әрқайсына қарап 3 мысы қотыр. Үйде неше мысық отыр?(4 мысық)  
4. 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)  
5. 1 ғасырда неше жыл бар?  
6. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0) 
7. 1 сағатта неше минут бар?  
8. Бір тәулікте неше сағат бар?  
9. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)) 
10. Жоқты білдіретін сан (0)
 

2 кезең. Мәтінмен жұмыс.  
а) Мәтінді оқу (оқушылар оқиды, таныс емес сөздерді атайды)  

б) Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркес, 
сөйлем құрастырады 
в) Мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмысы. Екі топ бір –біріне сұрақтар қояды 
г) « Мен аудармашымын» ойыны. Аудармашы абзацқа бөлінген сөйлемдерді аударып, мәтіннің мазмұнын айту.  
3) «Мектепте қандай үйірмелер бар?» тақырыбына оқушылардың өздері дайындаған сұхбатты тамашалау.  

Сергіту сәті. 

Балалар сендер сұрақ –жауап бергенде қандай жалғауларды қолданыңдар? 

3 кезең. Грамматикалық тақырып: Өздік жұмыс. 

1-топ: Ілік септік, барыс септік, табыс септік. 

2-топ: 
Жатыс септік, көмектес септік, атау септік. 


  1. Оқушы: Математика әлемі - сөзің септеу 


  2. Оқушы: үлгі бойынша септеу. 


4 кезең. «Логикалық сұрақ – тапсырмалар»  (интербелсенді тақта)

Тапсырма 1. Ыдыста 10 кесе салқындатылған айран бар. Балалар оның 3 кесесін ішті. Сұрақтар: 1.   Балалар қанша кесе айран ішті?  (10 секунд)

2.   Ыдыста қанша кесе айран қалды?(10секунд)

3.   Ыдыстақаншакесе айран болды?(10секунд)

4.   Ыдыстағы айран қандайболды?(10секунд)

 Тапсырма 2. Жиһаздар сатылатын дүкенде 9 сандық болды. 4 сандық сатылды.

Сұрақтар: 1.Қанша сандық сатылуға қалды? (10 секунд)

2.Қанша сандықтысатыпалуғаболады? (10 секунд)

3.Сандық қайдаболды? (10 секунд)

4.Дүкенде қалғансандықты, сатылғансандықтарғақоссақ, нешеуболады? (10 секунд)

Тапсырма 3. Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?  
Тапсырма 4. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат 
Тапсырма 5.  Қандай ыдыстан тамақты жеуге болмайды? 
Тапсырма 6. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады?

Тапсырма 7.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

 Тапсырма 8. Бала сағат 10-да ұйқыдан тұрды. Егер ол 2 сағат ұйықтаса, нешеде ұйқыға жатқан

Тапсырма 9. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5-те әкелінеді. Сағат 6-да қар еріп, суға айналды. Қар қанша уақытта еріді?


5 кезең. Ой толғаныс. Меніңше математика ... 

«Автор орындығы» стратегиясы 
Қорытынды.  
Жеңген топты марапаттау.  
Рефлексия Рефлексия . Ең жақсы өткен 2 нәрсе не?:

1: 

2:

Еңді қандай 2 нәрсе сабақты жақсартар еді: 1:

2: 
ҮІІІ .Үйге тапсырма:



















Сабақтың тақырыбы:
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер
Сабақ мақсаты:
Оқушылар
- санның (шаманың) бөлігін табу және бөлігі бойынша санды (шаманы) табуға есептер шығарады;
- бірлесіп орындалатын жұмысқа және т.с.с. мәтін есептер шығарады;
- әріпті өрнектер құрастырады және оларды есептер шығаруда қолданады;

Бағалаукритерийлері
Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);
Сұраққа байланысты арифметикалық амалдарды қолдана алады;
Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады

Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар
- санның (шаманың) бөлігін және бөлігі бойынша санды (шаманы) табуға берілген есептердің шығарылуын түсіндіреді;
- мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;
- мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - бөлік;
- шама;
- уақыт, өнімділік, жұмыс;
Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:
- санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін ... керек;
- бөлшекпен берілген бөлігі бойынша санды табу үшін керек;
- орындалған жұмысты табу үшін керек;

Құндылықтарды дарыту
Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын бойға дарыту мақсатында топтық жұмыстар орындай отырып, жақсы қарым-қатынастар орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, ортақ жауапкершілікті сезіндіру

Пәнаралық байланыстар
Физика , информатика

Бастапқы білім
Әріпті және санды өрнектермен жұмыс дағдылары, сандарға қолданылатын амалдар қасиеттерін білу, санның бөлігін, және бөлігі бойынша санды табу, есептің мәтіні бойынша математикалық моделін құра білу.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Cабақтың басы
10 мин
Оқушыларды Жай бөлшектер мен аралас сандарды ҚОСУ, АЗАЙТУ, КӨБЕЙТУ, БӨЛУ деген сөздер жазылған стикерлер таратамын. Стикерлер арқылы оқушылар төрт топқа бөлініп, әр топ стикердегі тақырып бойынша алдыңғы білімдерін еске түсіріп, бүгінгі күннің оқу мақсатына қажетті білімді еске түсіреді. Серпілген сауал әдісі бойынша сабақтың оқу мақсатын анықтау үшін жетелеуші сұрақтар қоямын.
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосуға болды?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Жай бөлшек пен аралас сандарды қалай көбейтеміз?
Жай бөлшектепді қалай бөлеміз?
5-слайд


Сабақтың ортасы 
25 мин
Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?
Шешуі: 1 – цистернаның сыйымдылығы.
(цистерна) бірінші насос 1 минутта бензинмен толтырылады.
(цистерна) екінші насос 1 минутта бензинмен толтырылады.
(цистерна) – 1 минутта екі насостан қатар аққан бензинмен толтырылады.
=15 (мин) екі насос қатар жұмыс істегенде цистерна бензинмен толтырылады.
Жауабы: Екі насос қатар жұмыс істегенде цистернаны 15 минутта бензинмен толтырады.
Мұғалім бағыттаушы сұрақтар арқылы осы есепті шешу үшінуақыт , еңбек өнімділігі, яғни минутына қандй бөлігі толтырылатыны туралы ұғымдарын жете түс індіреді. Соған байланысты формулаларды бере отырып, есепті кестеге салып шығару оңайырақ болатынын айтады.
Насос
Цистернаның сыйымдылығы
Цистернаны толтыру уақыты
Өнімділік
Сабақ мақсаттарына жататын білімді қалыптастыру және оқушылардың дағдысын дамыту үшін Деректердің графикалық органайзерлері әдісін оқу құралы ретінде пайаланамын, оқушылар осы әдіс арқылы тапсырмаларды орындайды. Постер дайындайды.
І топ 
1.Айдана шоколадты 3 минутта, ал Дамир 6 минутта жейді.Олар осы шоколадты бірге неше минутта жеп бітіреді? Жауабы: 2 минут
ІІ топ
Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады? Жауабы: 15 сағат
Құбыр
Хауыздың сыйымдылығы
Жіберілген уақыт
Өнімділік
ІІІ топ
Цирк құрылысын құрылысшылардың бірінші бригадасы 15 айда бітіретін болса, екінші бригадасы оның тең уақытта бітіреді. Құрылысшылардың екі бригадасы бірлесіп жұмыс істесе, цирк құрылысы неше айда салынып бітеді. Жауабы: 6 айда.
Құбыр
Цирк құрылысы 
Жіберілген уақыт
Өнімділік
ІV топ
Үйме шөпті ат бір ай жейді, ешкі екі ай жейді, ал қой үш ай жейді. Егер осы шөпті ат, ешкі және қой үшеуі жесе, олар неше ай жер еді? Жауабы:

Үйме шөп мөлшері 
Жіберілген уақыт
Өнімділік
Дескриптор: 
Білім алушы
жіберліген уақытты және өнімділігін табады;
берілген кестеге жіберілген уақыт пен өнімділігіні жазады.
Осы әдістер арқылы топтық жұмыстардың орындалу барысын бақылаймын, зерттеуге бағыт-бағдар беремін. Оқушылар топтық талқылауға қатысады, топта жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындап болған соң орындаған тапсырмаларын топтар өзара алмасып, өзара бағалау жүргізеді. 

1-тапсырма
Жердің диаметрінің жуық шамасы 12800 км. Ол Күннің 
диаметрінің құраса, Күннің диаметрін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- есептің шартына сәйкес өрнек құрады;
- есептеуді жүргізеді;
- жауабын табады.
Шешуі: 

Жауабы: Күннің диаметрі 1395200
2-тапсырма
а) Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 9 см, ені ұзындығының бөлігін, ал биіктігі енінің бөлігін құрайды. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- шарт бойынша өрнек құрастырады;
- есептеуді жүргізеді.
Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 9 см, ені ұзындығының бөлігін, ал биіктігі енінің бөлігін құрайды. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

Сабақтың соңы

5 мин.
Үй жұмысы 
№584 Қуаттылығы әртүрлі экскаваторлардың бірі жерді 10 күнде, екіншісі 12 күнде, үшіншісі 15 күнде қазады. Олар бірігіп жұмыс істесе, осы жұмысты қанша күнде орындар еді?

























Тақырып: «Жұмыс пен уақыт арасындағы қатынас»

Мақсаты:

Білімділік: Жұмыс және уақыт бірліктерімен және олардың арақатынасымен таныстыру, салыстыруға машықтандыру;

Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелілік: Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, санау, ойын.

Көрнекілік: ребус, плакат, шелек, күн,суреттері,сағат, сандықша.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын кез келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы күн, Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Еліміз аман болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Анамыз ауырмасын!

  • Деніміз сау болсын!

  • Өте жақсы балалар. Сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір-бірлеріңе жақсы тілектер айттыңдар.


Шеңберге тұрып орындайды.


Сәлемдеседі


Тілектерін білдіреді

Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі

Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіру

Балалар мына көоіп тұрған жасыл шелек пен көк шелекке сусымалы заттар мен сұйық заттарды орналастыра қойыңдаршы.

-Өте жақсы, жарайсыңдар!

Жұмбақ жасыру.

Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.

(сағат)

-Балалар, біз бүгін ашық оқу іс-әрекетімізден «Уақыт арасындағы қатынаспен» танысамыз. Мен бүгін сендерді смайликтермен бағалайтын боламын. Қанеки, кім сабаққа жақсы қатысады екн, көрелік.

-Балалар уақыт қатынастары 6-кезеңге бөлінеді.

  1. Таңертең

  2. күндіз

  3. түс

  4. бесін

  5. кеш

  6. түн

Сағат бойынша жұмыс.


-Балалар, бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы сандықша қонаққа келіпті.

-Сиқырлы сандықты ашсақ ішінен не шығар екен?

-сандықтың ішінде неше түрлі тапсырма бар екен.

Қанеки тапсырмамен танысып көрелік.

І-тапсырма

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Оларды атап бер.

ІІ-тапсырма.

  • Уақыт сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІІ-тапсырама

  • Ребусты шеш. Жауабы: уақыт.

-Өте жақсы, балалар! Жарайсыңдар!

-Балалар ал енді бәріміз бір сергіп алайық.

-Уақыт қатынастары туралы тақпақтар айтайық онда.

1.Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады? (таңертең)

2.Сабақ оқып, ойын ойнап,

Серуендеп қайтамын.

Тамағымды ішіп,

Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз)

3.Біз тәртіпті баламыз

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез? (Түс)

4.Ұйқыдан тұрып, беті қолды жуып,

Төсекті жинап тазалықты сақтап,

Таза ауа жұтып, кешкісін үйге қайтамын Бұл қай кез? (бесін)

5.Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез? (Кеш)

6.Үйге келіп кино көріп

Ойыншықтарды жинастырып

Беті-қолды жуып, тісімді тазартып

Ұйықтауға жатамын

Бұл қай кез? (Түн)

Дәптермен жұмыс.

1-қатар:

3сағ+2сағ

4сағ+6сағ

5сағ+5сағ

2-қатар:

1мин+2мин

3мин+5мин

10мин-3мин

Балалар сұйық заттар мен сусымалы заттарды орналастырады.

Балалар назар аударады.

Тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәтін жасайды

Уақытқа байланысты тақпақтарды айтады.

Рефлексивті - түзетушілік

Сандықпен қоштасу.

-Сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап болсақ, сандықпен қоштасайық.

Дидактикалық ойын: Кім жылдам?

Шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беру. Сұрақты мұғалім оқиды.

  • Балалар, біз бүгін оқу іс-әрекет барысында не үйрендік?

  • Қонаққа кім келді?

  • Өте жақсы, балалар. Ал енді тақтада не көріп тұрмыз? Бұл бүгінгі біздің шуақты күніміз. Осыған қанекей барлығымыз алдағы сабақтарымызда осындай болсын деп мына стикерлерді жапсыра қояйық.


Сандықпен қоштасады.


Балалардың жауаптары.


Барлығы бірге стикерлерді жапсырады.

Күтілетін нәтиже:


Біледі:

1-10-ға дейін санауды;

Игереді:

Дидактикалық ойындарды;

Меңгереді:

Есту арқылы санай білуді, уақыт қатынастарын меңгереді.










Сабақтың тақырыбы: Бірлескен жұмыстарға арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

  1. Біліміділік: Санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу дағдыларын арттыру. Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысы есептерінің ережесін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Ойлау, есеп мазмұнын талдау, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдісі:

Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектерге амалдар қолдана білу, санның бөлігі, бөлігі

бойынша сан ұғымдарын шатыстырмау.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекіліктер: проектор

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау. 2 топқа бөліп.

Үй тапсырмасын тексеру № 875

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті тұрмыста екі немесе бірнеше жұмысшы бірлесіп бір тапсырманы орындайтын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, шебер мен оның үйренушісі бірлесіп бір тапсырманы орындайды, құрлысшылардың екі бригадасы бірлесіп бір үй салады. Сол сияқты екі немесе үш құбырдан қатар аққан сумен хауыз толады және т.с.с.

Бір-біріне қарсы қозғалған екі дененің қозғалысы және өзендегі катердің ағыспен, теплоходтың ағыспен қозғалыстары да бірлесіп орындалатын жұмыстарға жатады. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда: орындалатын жұмыс мөлшері, хауыздың көлемі, қашықтығы және т.с.с. шамалар бір бірлік ретінде алынады.

1-есеп. Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады. Екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?

Шешуі (үлгі): 1- цистернаның сыйымдылығы

  1. (цистерна)-бірінші насос 1 минутта бензинмен толтырады.

  2. (цистерна)-екінші насос 1 минутта бензинмен толтырады.

  3. (цистерна)- 1 минутта екі насостан қатар аққан бензинмен толтырылады.

  4. (мин)- екі насос қатар жұмыс істегенде цистерна бензинмен толтырылады.

Жауабы: Екі насос қатар жұмыс істегенде цистернаны 15 минутта бензинмен толтырады.

ІІІ.Үйіміздің іргетасын қалайық.

1. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

2. Жай бөлшектерді қосу.

3. Жай бөлшектерді азайту.

4. Жай бөлшектерді көбейту.

5. Жай бөлшектерді бөлу.

6. Санның бөлігі қалай табылады?

7. Бөлігі бойынша сан қалай табылады?



ІІІ.Есептер шығару. Қабырға тұрғызу.

№847

  1. 1 топқа Еңлік-20 мин;

Әйгерім-30 мин;

Жүйектегі бүлдірген-1. Бірлесіп неше минутта теріп болады?

- Еңлік 1 минутта тереді

- Әйгерім 1 минутта тереді

- 1 минутта жүйектегі бүлдіргенді бірлесіп тереді

мин. –екеуі бірлесіп теріп болады.

2 топқа

  1. 1-ұста 20 күнде

2-ұста 12 күнде

3-ұста 15 күнде

Үш ұста бірлесіп даярласа неше күнде дайын болады?

- 1 күнде 1-ұста даярлайды

- 2-ұста 1 күнде даярлайды

- 3-ұста 1 күнде даярлайды

Үш ұста бірлесіп істеп болады.

Жауабы: Үш ұста бірлесіп істесе 5 күн қажет болады.


ІҮ. Сергіту сәті:

Жұмбақ

Біз санбыз

Сызықпен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып бөлінген

(Бұрыс бөлшек)


Санамақ

Төбеден төрт бөктергі.

Аңдытып қос бөктергі

Шаңқылдаса бір қарға

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап бір дауыстан

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты

Тым тырақай қашыпты

Үш үкі үркіп ұшыпты

Тасқа құлап түсіпті

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап

Топ – топ тоғыз тоқылдақ

Қрғып кеткен топырлап

Сөйтіп қызық іс болды

Бәрі қанша құс болды.

31


№849


Арыстан-2 күн;

Қасқыр-3 күн;

Ит -6 күн

Қой-1. Бірлесіп неше күн жейді?

Жауабы 1 күнде




№851

Бірігіп – 12 мин

Ағасы -24 мин;

Інісі-40 мин;

Қарындасы -?

Аққала-1.



Бірігіп, ауызбіршіліпен, ынтымақпен жасалған жұмыс әр уақытта да нәтижелі болады.

Сабақтың қорытындысы: Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма




























Сабақтың тақырыбы: Бөлшек және процент

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: процент туралы білімін, процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен жазуды; жай бөлшекті, ондыө бөлшекті процентпен жазуды; берілген санның процентін табуды; проценті бойынша санды табуды; бөліндінің проценттік шамасын табуды. Қайталап еске түсіріп, қортындылап қарапайым және күрделі есептер шығару.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін, белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикум, ойын сабағы..

Көрнекіліктері: ноутбуктер, слайд, интерактивті тақта.

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой-толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.

  • Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде" Жағалау" бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.

  • Саяхатты бастамас бұрын логикалық тапсырма және ауызша есептеп шынығып алайық.

Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.

Қымбатты балалар!

Қопа көлінің алыстағы “Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.

Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!

Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?

Жорық қағазын көріп алайық.

-Ал, кемеге отырдық енді дәптерімізід ашып, бүгінгі күнді жазып, мақсатымызды анықтайықтеңіз бетіне шықпас бүрын біздің жорық алды көңіл күйімізді анықтап алсақ қалай қарайсындар. (8 слайд)

  • Жорыққа дайындалып, кемеге отыру үшін мына ауызша есептерді және амалдарды орындап есізге түсірек.

  • Есеп шығару:

  • 2,5:(2*5)=0,25

  • 0.7*(5.4+4.6)=0,7*10=7

  • (2.6+3.7)*5=6,3*5=31,5

  • (2-0.7)*50= 1,3*50=65


1. «Тренинг» айлағы Процент.

Берілген санның процентін табу.

Процент бойынша санды табу және бөлінді бойынша бөлінгіш бөлшектің неше процентін құрайтынын табу.

1.Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100-ге бөлу керек

2.Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100-ге көбейтіп, процент (% )белгісін тіркеп жазу керек.

3.Берілген санның процентін табу үшін.

1.процентті бөлшекпен өрнектеу керек

2.берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

4.Проценті бойынша санды табу үшін:

1.процентті бөлшекпен өрнектеу керек

2.берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

5.Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу үшін:

1.бірінші санды екінші санға бөлу керек

2. шыққан бөліндіні процентпен өрнектеу керек.

2.. «Біліктілік» айлағы.

Мына тор көздерді толтыр

Процент

Ондық бөлшек

Жай бөлшек

3. «Есте сақта» Тарихи дерек

XIII-XVI ғасырлардағы оқулықтарда процентпен есептеулер енгізіле басталған.

“Процент” латынның “pro centum”- деген сөзінен шыққан, аудармасы “жүзден” дегенді білдіреді.

Голландиялық математик Симон Ствен (1584 ж.) өзінің “Арифметика” кітабына алғашқы проценттік кестені енгізген.

4. «Сиқырлы балықтар әлемі»

Есептер:

Тауар өнімін 1386 мың теңгеге сатқанда 10% пайда әкелді.

Тауардың өз бағасы қанша?

Шешуі:

1386 мың. теңге- 110%

Х мың теңге - 100%

пропорция құру:  ; х= т

ж/б:1260 теңге

2. 1429

Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км. Оның 37% -і шетелдер арқылы, қалғаны Қазақстанның жері арқылы өтеді. Сырдария өзенінің Қазақстанның жері арқылы өтетін бөлігінің ұзындығын таыңдар.

Берілгені

100%-37%=63%

2220 км – 100%

Х км - 63%


3.1437. Тракторшы жыртуға тиіс жердің 76%-ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?

Бе рілгені:

Жыртқан жер – 76%

Қалғаны – 8,4 га ? га


Шешуі:

1) 100-76=24%

24-8,4

100 – х


Ж/Б: 35 га


4. 1443

Автотуристер барлық жолдың бірінші күні 36%-ін, екінші күні 39%-ін, үшінші күні қалған 180 км жолды жүрді. Автотуристер барлығы неше километр жол жүрді?

Берілгені:


І. Күні-36% жол

ІІ. Күні -39% жол ? км

ІІІ. Күні – 180 км


Шешуі:

1. 100-(36-39)= 25%

2. 180 : 

Ж/Б: барлық жол 720 км

5. «Сергіту сәті»

Көзге жаттығулар істейміз

6. «Біліміңді шыңда» айлағы

Тест:

  1. 3%-ті бөлшек түрінде жаз.

а) 3/100; ә) 3/10 б)30/100

  1. 7 м 10 м-дің неше процентін құрайды?

а) 70%; ә) 7% б) 200%

  1. 5,7,10,12,16 сандардың

арифметикалық ортасын тап.

а) 20 ә) 10 б)30

  1. Берілген санның процентін табу формуласы:

а) P%=b/a*100%; ә) a=b:P/100 ; б) b=a*P/100

  1. Сандардың модасын табыңдар:

2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3

а) 3,5 ә)2,1 б) 4,6

7. «Ойлау» айлағы


Формулаларға анықтама беріңдер

Қортынды: Мақсатымыз қандай еді?

-«Проценттер» жағалауы

-Сындардан өтуге не көмектесті?

Достық, білім, өзара көмек


Қортынды кезеңі: «Көңіл –күйін қандай?» анықтау.

8. Үй жұмысы: «Процент» тақырыбын қайталау.№1428 есеп шығару.

Бағалау.










Сабақтың тақырыбы: Бөлшек ұғымы процент

Сабақтың мақсаты: Үлес, бөлшек туралы алғашкы ұғымдарын қалыптастырамын.

Міндеттері:

  1. Бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінік беремін.

  2. Өткен материалдарды бекітемін.

  3. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағыландырамын.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Топтастыру», «ЖИГСО 2»,

«Миға шабуыл», «Рефлексия»

Сабақтың көрнекіліктері: Алма, алмұрт, шоколад, пирог, геометриялық

фигуралар, үлестірме карточкалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгінгі математика сабағы ерекше болмақ. Казір оны өздерің де байқап, куәсі боласыңдар. Ендеше сабағымыз қызықты өтсін, сендерге сәттілік тілеймін!

  1. Топка бөлу (орналастыру)

  • Топта отырған балаларды 1,2,3,4 деп санау арқылы бөлемін. Әр оқушы өздеріне берілген сандар арқылы тотарын ауыстырады

- Балалар, енді әркім өз жанұялық тобын тауып отырсын. Бүгін негізгі 4 топ бойынша жұмыс жүргізіледі. Топ жетекшісі мен бағалаушыларды сайлайық.

  1. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

  • Санды кеміту, бірнеше есе кеміту ұғымдарын пысықтау мақсатында әр топқа карточкалар таратылып, тізбектеп орындаулары сұралады.

  • Қағаздар жиналып, қорытындыланады.

  1. Жана сабақты енгізу.

1.Кіріспе

  • 4 топқа алма, алмұрт, пирог, шоколад таратылады. Берілген заттарды 2,4, 6, 8-ге бөлу тапсырылады

- Балалар, тапсырманы орындау барысында көңіл қойып, өте зеректікпен орындаңдар! Қазір сендер пышақпен жұмыс жасайтындықтан қауіпсіздік ережелерін де естен шығармаңдар!

  • Пышақпен жұмыс кезінде өте абай болу керек!

  • Пышақпен ойнауға болмайды!

  • Пышақты біреуге бергенде сабы жағын ұсынған жөн!

  • Пышақпен жұмыс жасағанда қасындағылардың алыспауын, бөгет жасамауларын қадағалау қажет!

  • Пышақты көрінген жерге тастама!

2. Қорғау.

  • Әр топтан 1 оқушы орындалған жұмыс бойынша сөйлейді, өз жұмысын қорғайды

3. Мұғалімнің қорытындылауы.

  • Мұғалім топ жұмыстарын қорытындылайды, кемшіліктері болса анықтап, түзетеді

4. Жаңа ұғыммен таныстыру.

- Балалар, мінеки сендер бұрын естімеген жаңа ұғым ҮЛЕС ұғымы. Бүгін бізде 4 топ, 4 түс, ендеше 4 әріптен құралған сөзіміз де осы сабақтың негізі болмақ. Ол – Ү Л Е С.

-Кез келген заттың үлесін табуға болады. Ол үшін керекті үлесті бөліп алу арқылы таба аламыз.

- Соған сәйкес бөлшек ұғымы да кірігеді. Мысалы бөлшек сызық арқылы анықталады екен. Сызықтың астындағы сан неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді және бөлшектің бөлімі болады, ал сызықтың үстіндегі сан неше бөлігі алынғанынкөрсетеді және бөлшектің алымы деп аталады.

1 1 1 1

3 5 9 10

5. Пысықтау.

- Балалар, енді сендердің жаңа сабақты қалай түсінгендеріңді тексергім келіп тұр. Қазір мен 4 топқа геометриялық фигураларды таратамын. Сендер сол фигураларды бөлшектерге бөліп үлесін тауып бояйсыңдар. Сонымен, дөңгелектің үштен бірін, шаршының төрттен бірін, жолақтың жетіден бірін, тік төртбұрыштың бестен бір бөлігін табу керек. Уақыт шектеулі, жылдам әрі дұрыс орындауға тырысыңдар!

6. Әр топтан 1 бала шығып сөйлейді.











- Міне, үлес ұғымымен де тыныстық. Мен сендердің казіргі жасаған жұмыстарыңа, еңбектеріне ризамын, алғыс айтамын.


V. Бекіту.

- Осы үлес ұғымы біздің өмірімізде өте қажет нәрсе! Ендеше сабақты қорытындылау үшін өмірмен байланысты мысалдарды шешейік.

1. Біз жақында «Айгөлек» журналына жазылдық. Журналдың 1 жылға жазылу бағасы қанша еді?

  • 1600 теңге

Егер біз 1 жылға емес жарты жылға жазылатын болсақ, қанша төлер едік?(1600:2=800 теңге)

2. Енді 1 жылдың төрттен бір бөлігін тауып көріңдерші.

  • 12:4=3 ай

3 айды басқаша қалай атауға болады? (Маусым)

3. Ал 1 айдың үштен бірі күн болады?

  • 30:3=10 күн

10 күнді басқаша қалай атауға болатынын білесіңдерме? (Декада)

4. Қыс болса, міне, ақ қылышын сүйреп кеп қалды. Бәріміздің үйіміз көмір түсірдіме? Ендеше тыңдаңдар, 24 тонналық жүк машинасына көмір тиелген, оның сегізден бір бөлігін түсірдік делік. Сонда қанша көмір сатып алғанымыз?

  • 24:6=4 тонна

- Бағанадан бері 2-ге, 4-ке бөліп жатырмыз. Оны халық арасында қолданыста былай дейді екен:

1 1 1

2 - жартысы 4 - ширегі 100 - проценті


VI. Сабақты қорытындылау.

  1. Әр топтан бағалаушы шығып, өз топ мүшелерін бағалайды.

  2. Мұғалім өз бағасын қойып, марапаттайды.

  3. Рефлексия.






























Сабақтың тақырыбы: Процент бойынша санды табу бөлігі бойынша санды табу

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену.

3.Тәрбиелік: Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқу – құралдарын дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үй тапсырмасын белгілі бір әдіспен тексеру.

III. Жаңа сабақты меңгерту: Проценті бойынша санды табу бөлігі бойынша санды табу арқылы есептеледі.

Проценті бойынша санды табу үшін:

1) процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу

керек;

2) берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

1 - мысал. Мектептің бастауыш сыныптарында 480 оқушы оқиды. Бұл мектептің барлық оқушыларының 60%-індей. Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?

Шешуі: 1) 480:60=8(оқушы) – мектептегі оқушылардың 1%-і.

2) 8*100=800(оқушы) 100%-ті құрайды.

Жауабы: 800 оқушы.

IV. Бекіту.

№1314.

  1. 3%-і 12;15;21;24;36

  2. 10%-і 0,4; 8,5; 9,25; 12,7; 28.

  3. 60%-і 42; 72; 84; 102; 114.

Шешуі:


№1315. Фермер 72га жерге алма ағаштарын отырғызды. Бұл – оның барлық жерінің 40%-і. Фермердің барлық жерінің ауданы неше гектар?

Шешуі:


Жауабы: 180га


№1317.

Мұздатқыштың 10%-ке арзандатылғаннан кейінгі бағасы 72900 тг. Мұздатқыштың арзандатылғанға дейінгі бағасы неше теңге?

Шешуі:

Жауабы: 155800 тг.


V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма. 

VII. Бағалау. Оқушыларды деңгейіне қарай бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Санның процентін табу, екішаманың процентін табу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру, процент туралы ұғым беру, процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және керісінше бөлшекті процентпен жаза білуге, берілген санның процентін таба білуге үйрету.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік пен ізденгіштік құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Сабақтың түрі: дәріс сабағы (жаңа сабақ)

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, жазу, шығару,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дидактикалық материалдар, тақта

Сабақ барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) дайындау;

в) кезекшімен жұмыс;

г) зейінін, назарын сабаққа аударту.

ΙΙ. Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

Берілген санның процентін табу

Берілген санның процентін табу берілген санның бөлігін табу арқылы есептеледі.

1 – есеп. Алманың 85  - і су. 4 кг алманың неше килограмы су?


Шешуі:

Демек, 4 санын   жай бөлшегіне немесе 0,85 ондық бөлшегіне көбейтіп, 4 санының 85  - ін табуға болады екен.

Егер а=4; Р=85 деп белгілесек, есептің шығару әріптермен мына түрде жазылады:

Бұл – проценттің негізгі формуласы.


Берілген санның процентін табу үшін:

1) процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

2) берiлгел санды осы бөлшекке көбейту керек.

2 - есеп. Мысықтар көрмесiне әкелiнген 60 мысықтың 20% - i - сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелiндi?

Есептi жай бөлшектi пайдаланып та, ондық бөлшектi пайдаланып та есептеуге болады, бiрақ (есептеудi ондық бөлшекпен жүргiзген тиiмдi.


Микрокалькуляторды пайдаланып, берiлген санның процентiн табуды үйренейiк.

60 санының 20% - ін табу үшiн:

1) микрокалькуляторға 60 санын енгiзу керек;

2)  клавишiн басу керек;

3) микрокалькуляторға 20 санын енгізу керек;

4) % клавишін басу керек.

Сонда индикаторда 12 саны көрінеді.

60 санының 20% - ін табу программасы: 60 20 %


ΙΙΙ. Бекіту кезеңі: Сыныпта: № 1573, № 1574, № 1575, № 1576,№ 1577


IV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 1578, № 1579, № 1580, №1582


V. Қорытындылау кезеңі. Оқушылардың алған білімдерін сұрақ қою арқылы тексеру.


Сұрақтар


1) Процент деп нені айтады?

2) Процент бөлшекпен қалай жазылады? Мысал.

3) Бөлшек процентпен қалай жазылады? Мысал.

4) Берілген санның проценті қалай табылады? Оны микрокалькуляторда есептеуді түсіндіріңдер.

VI. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою.




































Сабақтың тақырыбы: Күрделі процент

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Қатынастар және пропорция» тарауы бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

  • Процент

  • Проценттің негізгі қасиеті


ІІІ Есептер шығару:

3. Амалдарды орындаңдар:

4. Бөлігі бойынша санды табыңдар:

Бірінші күні туристер 72км жол жүрді, бұл екінші күнгінің  -іне тең. Екі күнде туристер неше километр жол жүрді?

5. Теңдеу құрып шығарыңдар:

Әкесі 30 жаста болғанда, ұлы 3 жаста болды. Ұлының жасы әкесінің жасынан 4 есе кем болғанда, әкесі неше жаста болады?

6.Теңдеуді шешіңдер:

1. ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар:

а) 72 және 120

ә) 24, 36, 60

2. Бөлшектерді қысқартыңдар:

3. Амалдарды орындаңдар:

4. Бөлігі бойынша санды табыңдар:

Бірінші себетте 48 алма бар, бұл екінші себеттегі алманың  -сына тең. Екі себетте қанша алма бар?

5. Теңдеу құрып шығарыңдар:

Ағасы 11 жаста, інісі 4 жаста. Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 2 есе үлкен болады?

6.Теңдеуді шешіңдер:


Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу.


Үй жұмысы: №199, №205


Сабақтың тақырыбы: Шығыс проценті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға процентті бөлшекпен және бөлшекті процентпен жаза білуді меңгерту;

Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; «санның бөлігін табу» тақырыбы бойынша біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика, геометрия

Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайд-презентация 2. Гүл, жапырақ қималары

3. Семантикалық карта 4. Жетондар «жапырақтар», т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3-мин).

а) сәлемдесу;

ә) класс оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру;

б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) класс бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) назар аудару: Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғатқа серуен жасаймыз. Табиғатқа серуендеудің бір шарты бар. Ол- көңіл күйлеріңнің жақсы болуы. Ол үшін біз психологиялық тренинг жүргіземіз.

д) Психологиялық «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. әр оқушы парталас жолдасына жапырақтарға, гүлге жақсы тілектер жазып, бір-біріне ұсынады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№1251, №1252


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (математикалық диктант алу)

  • Біз «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тарауын аяқтадық, демек ондық бөлшектерге амалдар қолдана аламыз. Бүгін осы тарау бойынша алған білімдерімізді ортаға салатын боламыз. Ендеше балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

  • Біз бүгінгі сабағымызда табиғатқа серуен жасаймыз. Серуен мына бағытпен жүргізіледі:

VI. Жаңа сабақ.

«процент» латынның «pro centum» деген сөзінен алынған аудармасы «жүзден» немесе«жүзге» дегенді білдіреді.

Бір процент – жүзден бір бөлік.

1%= немесе 1%=0,01

Жазылуы: %. ( Мыс: «20 процент» - жазылуы «20%»)

1% = бөлікке тең болғандықтан, толық шама 100%-ке тең болады.

Суреттегі квадрат 100 тор көзге бөлінген. Оның 16 бөлігі боялған.

1 тор көз – квадраттың демек1%.

Боялған 16 тор көз – бөлігі, яғни 16%.

Боялмағаны 84 тор көз – бөлігі, 84%.

Анықтама: процентті бөлшекпен жазу үшін, процент белгісін алдындағы процент санын 100-ге бөлу керек.

Мыс: 5% = = 0,05

45% = = 0,45

600% =

Анықтама: бөлшекті прцентпен жазу үшін, оны 100-ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазу керек.

Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреміз.

Соқпақ дегеніміз не? Жауабы: жалғыз аяқ жол.

Иә, осы жол арқылы алдымен орманға барамыз. Орманның байлығы не? Жауабы: Орманның байлығы-ағаштар. Орман ұзақ уақыт өседі және көп еңбекті қамқорлықты қажет етеді. Ормандағы мына бір ағаш қурап, көктемей тұр екен. Осы ағашты білім нәрімен суарайық. Ағашта өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар жауап беру арқылы ағаштың қурап кетудің алдын алады.

«Кім шапшаң» ойыны.


IV. Оқулықпен жұмыс.

Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен. Табиғатты, орманды ластайтын кімдер? Жауап: адамдар.

Дұрыс, осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек? Жауап: ормандағы қоқысты жинастырайық.

Дұрыс, ол үшін әрбір қоқысқа жазылған тапсырмаларды орындайық.

№1165, №1166, №1168, №1169

№1172, №1173, №1175, №1178 есептерді орындау.

Келесі, баратын бағытымыз–Қорық. Қорық дегеніміз не?

Жауап: Қорық дегеніміз - табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған аумақ. Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық.

V. Семантикалық карта.

Ол үшін мына семантикалық картадағы тапсырманы орындау қажет. Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Жауабы: ҮСТІРТ қорығы.

Үстірт қорығы туралы мәліметпен танысайық.

Орналасқан жері – Маңғыстау облысы, Құрылған мерзімі– 1984 ж. Жер көлемі: 223,28 мың гектар.

VI. Тізбекті жалғастыр.

Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсы жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?

1. Қабылан 2. Қара құйрық

3. Қарақал 4. Үстірт арқары.

Жауабы: қабылан

Мына блок-схема бойынша есептеу жүргізіп, шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауапты табуға болады.

Келесі баратын бағытымыз– «Жасыл ел» ұйымы. «Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіндер? Естігендерін, теледидардан көргендерін бар ма?

Ондағы жастар немен айналысады-?

Жауабы: 2005-2007 жылдары Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары құрылды. Ұйымның жастары орман шаруашылығын дамытуға, елді мекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғызу жұмыстарына үлестерін қосады.

«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр екен. Олар көктем басталғаннан бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?

VII. Кім біледі?

Экологиялық орталық —ауданның экологиясын, жекелеген табиғат объектілерін жан-жақты зерттейді, өсімдіктер, құстар және жануарларын өсірумен айналысады.

Экологиялық орталықта мынандай мәліметтер бар екен:

Көптеген аурулардың себепкері: жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады: ауаның, судың, топырақтың ластануы.

Ауаның ластануы

Қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықтайық.

Жауабы:

Орманның үстінде.

VIII. Үйге тапсырма.

№1268, №1271, №1277 есептер,

«Процент» тақырыбына байланысты тарихи мағлұматтар жинау.

ІХ. Бағалау.

Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі.






Сабақтың тақырыбы: Кіріс проценті

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: процент туралы білімін, кіріс процесін есептеуді үйрену

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін, белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикум, ойын сабағы..

Көрнекіліктері: ноутбуктер, слайд, интерактивті тақта.

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой-толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.

  • Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде" Жағалау" бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.

  • Саяхатты бастамас бұрын логикалық тапсырма және ауызша есептеп шынығып алайық.

Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.

Қымбатты балалар!

Қопа көлінің алыстағы “Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.

Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!

Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?

Жорық қағазын көріп алайық.

-Ал, кемеге отырдық енді дәптерімізід ашып, бүгінгі күнді жазып, мақсатымызды анықтайықтеңіз бетіне шықпас бүрын біздің жорық алды көңіл күйімізді анықтап алсақ қалай қарайсындар. (8 слайд)

  • Жорыққа дайындалып, кемеге отыру үшін мына ауызша есептерді және амалдарды орындап есізге түсірек.

  • Есеп шығару:

  • 2,5:(2*5)=0,25

  • 0.7*(5.4+4.6)=0,7*10=7

  • (2.6+3.7)*5=6,3*5=31,5

  • (2-0.7)*50= 1,3*50=65

«Есте сақта» Тарихи дерек

XIII-XVI ғасырлардағы оқулықтарда процентпен есептеулер енгізіле басталған.

“Процент” латынның “pro centum”- деген сөзінен шыққан, аудармасы “жүзден” дегенді білдіреді.

Голландиялық математик Симон Ствен (1584 ж.) өзінің “Арифметика” кітабына алғашқы проценттік кестені енгізген.

«Сиқырлы балықтар әлемі»

Есептер:

Тауар өнімін 1386 мың теңгеге сатқанда 10% пайда әкелді.

Тауардың өз бағасы қанша?

Шешуі:

1386 мың. теңге- 110%

Х мың теңге - 100%

пропорция құру:  ; х= т

ж/б:1260 теңге

2. 1429

Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км. Оның 37% -і шетелдер арқылы, қалғаны Қазақстанның жері арқылы өтеді. Сырдария өзенінің Қазақстанның жері арқылы өтетін бөлігінің ұзындығын таыңдар.

Берілгені

100%-37%=63%

2220 км – 100%

Х км - 63%


3.1437. Тракторшы жыртуға тиіс жердің 76%-ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?

Бе рілгені:

Жыртқан жер – 76%

Қалғаны – 8,4 га ? га


Шешуі:

1) 100-76=24%

24-8,4

100 – х


Ж/Б: 35 га


4. 1443

Автотуристер барлық жолдың бірінші күні 36%-ін, екінші күні 39%-ін, үшінші күні қалған 180 км жолды жүрді. Автотуристер барлығы неше километр жол жүрді?

Берілгені:


І. Күні-36% жол

ІІ. Күні -39% жол ? км

ІІІ. Күні – 180 км


Шешуі:

1. 100-(36-39)= 25%

2. 180 : 

Ж/Б: барлық жол 720 км

5. «Сергіту сәті»

Көзге жаттығулар істейміз

6. «Біліміңді шыңда» айлағы

Тест:

  1. 3%-ті бөлшек түрінде жаз.

а) 3/100; ә) 3/10 б)30/100

  1. 7 м 10 м-дің неше процентін құрайды?

а) 70%; ә) 7% б) 200%

  1. 5,7,10,12,16 сандардың

арифметикалық ортасын тап.

а) 20 ә) 10 б)30

  1. Берілген санның процентін табу формуласы:

а) P%=b/a*100%; ә) a=b:P/100 ; б) b=a*P/100

  1. Сандардың модасын табыңдар:

2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3

а) 3,5 ә)2,1 б) 4,6

7. «Ойлау» айлағы


Формулаларға анықтама беріңдер

Қортынды: Мақсатымыз қандай еді?

-«Проценттер» жағалауы

-Сындардан өтуге не көмектесті?

Достық, білім, өзара көмек


Қортынды кезеңі: «Көңіл –күйін қандай?» анықтау.

8. Үй жұмысы: Тақырыпты қайталау.




























Тақырыбы: Берілген және ізделінді шамалар арасындағы тәуелділік
Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді
шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын
ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін
дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң
орындай білуге дағды қалыптастыру.
Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп,2 белгі,42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады?
(14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
ІІ. Жаңа сабақ.
«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйық-
талған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық,терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
-км, дм, м, мм-бұлар ұзындық өлшем бірліктері
-т, ц, -бұлар салмақ өлшем бірліктері.

 Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өл-шем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.
ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)
1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген)
2. заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады)
3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді)
Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді,жүгірді,
Отырды, тұрды.
ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)
Дәптермен жұмыс
Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?
Сөз есеп
Оң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кем
Сол ж.-8 қатар орындық ? орындық

Ш: 1) 8-6=2
2) 24:2=12
3) 6•12=72
4) 8•12=96
5) 72+96=168
Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық.
ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)
Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны,екінші көйлектің құны)
Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)
Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)
24480:12=2040 48960:2040=24
Сергіту сәті. Жаза,жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
1,2,3
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты ұғып аламыз.
V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.
Х+х+х=20217
Х=бірінші қосылғыш-ең кіші бес таңбалы сан (10000)
х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)
х=? (үшіншіні тап)
10000+9999+х=20217
19999+х=20217
х=20217-19999
х=218
10000+9999+218=20217
19999+218=20217
20217=20217
Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)
Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?

VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І-ІІнұсқаға )
* І-нұсқа 4310
Х 56
25860
+ 21550
241360 (бөлумен тексереміз)
*ІІ-нұсқа 4300
Х 56
258
+215
240800 (бөлумен тексереміз)
• «7» саны қандай сан? (киелі сан)
«7» саны туралы не білеміз?
Топтастыру

7 қазына 7 ата

7 күн 7 шелпек

 7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, қасиетті күн,
соңғы күн, азына)
7 күнді ата. (дүйсенбі….)
7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
VІІ.
МАБ-ға дайындық. Тест сынағы.
1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?
А)3кг В)10кг с)12кг д)13кг
2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша? А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг
3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған? А) 2т В)5т С)3т Д)4т
4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? А)3 В) 1 С) 2 Д) 4
5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?
А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг
6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады? А) 20т В)10т С)30т Д)40т
7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны? А)9 В)8 С)6 Д)7
Жауабы:

№ 1 2 3 4 5 6 7
жауабы А С В Д А В С

Қорытындылау. Бағалау.




Сабақ тақырыбы: Есеп шығарудың жалпы алгоритмі

Жалпы мақсаттар:

  • «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;

  • Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;

  • Қарапайым алгортмдер құра білу, нәтижесін талдай алу, блок-схемасын сыза білу, ерекшелеп жаза білу;

Оқыту нәтижелері:

Паскаль программалау тілі туралы түсінік беру, программалауды есеп шығаруда қолдануды үйрену, программалау тілінің қарапайым объектілерін меңгеру, Паскаль тілінің стандартты функцияларымен таныстыру, Тілдің өрнектері мен олардың жазылуы бойынша атқаратын міндеттерін түсіндіру, есептеулерде қолдану.

Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, сонымен қатар АКТ – технологияларын есеп шығару мақсатында пайдалануын қалыптастыру.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуының басымдықтарын айқындау.

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс арқылы оқушының білімін ғана емес, алгоритмді еркін есептер шығаруда, сонымен қатар күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың

әдіс-тәсілі

Топтық, жеке оқыту технологиясын пайдалану, теориялық сабақ

Көрнекіліктер:

Басаплық материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультимедиялық-компьютерлік (CD) таратпа материялдар. Флипчарт (көкпен жазылғандар фч-ға салынады).

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушының орындалатын іс-әрекеттері

1.Ұйымдастыру. 3 (мин).

1. Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

а) Оқушылардың өткен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ұйымдастыру.

2. Өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендерін тексеру:

а) Алгоритм дегеніміз не?

ә) Алгоритм түрлері?

б) Алгоритмнің түсініктілігі деп .... ?

в) Алгоритмнің дискреттілігі деп .....?

г) Алгоритмнің анықтылығы деп......?

3. Білімді жан-жақты тексеру:

Оқушылардың алған білімдерін тексеру.

3. Білімді жан-жақты тексеру: Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастыру

а) Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

ә) Компьютерде орындалатын алгоритмдердің қасиеттерін атаңдар?

б) Компьютерде есеп шығару неше кезеңнен тұрады?

в) Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер дегеніміз не?

г) Қадамдық цикл дегеніміз не және олардың қандай ерекшеліктері бар?

4. Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ә) Жаңа тақырып бойынша білетін ақпаратты анықтап, түсініктерін тексеру мен өткен тақырыпты түсінгенін тексеру.

4. Оқушылардың программалау ұғымын қаншалықты түсінетінін анықтау:

Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  • алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;

  • алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;

  • әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;

  • атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп аталады


5. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Паскаль программалау тілі және олардың негізгі қызметі бойынша мәлімет беру.

ә) Паскаль программалау тілінің негізгі элементтері мен алфавитімен таныстыру.

б) Компьютерде есеп шығару кезеңдерінің сипатталуын көрсетіп, түсіндіру.

5. Алгоритмнің 3 түрі бар:

1) Сызықтық

2) Тармақталушы

3) Циклдық

Амалдардың бірінен кейін бірі орындалуын сызықтық алгоритм деп атайды.

Есепте шешуде барлық уақытта сызықтық алгоритм тҥрінде ӛрнектеуге болмайды.

Амалдар тізбегін таңдау қандай да бір шартқа байланысты болса, онда ондай алгоритмді тармақталушы алгоритм деп атайды.

Кейбір амалдар бірнеше рет қайталанатын болса, онда ондай алгоритмді циклдық алгоритм деп атайды.

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру:

а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру.

6. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі:

Төменде сызықтық, тармақталушы және циклдық алгоритмнің тҥрлеріне есептер шығару. Есептер табиғи және блок схема түрінде жазылады.

7. Жаңа материалды бекіту:

а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру.

7. Бекіту :

Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушы жұмбақты шешип, жауабы дұрыс болса, сол затты атап оған сипаттама беріп, жұмыс жасау алгоритмін құрастырып береді.

1. Компьютермен енеді,

Қағазды басып береді. (принтер)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп –кешкентай күн көзін.(элекрт шамы)

3. Жоқ өзінде бас та,қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш)

8. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау.

8. Сабақты қорытындылау:

а) І тараудың 2 - 3 тақырыптары.

(Үй тапсырмасына түсініктеме беріп, орындауға бағыт-бағдар беру).

ә) Сабақ соңында тапсырмалардың қорытындысын жасап, оқушыларды бағалау.






















Тақырыбы: Есептер шығару

Мақсаты:

Еспетерді, логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке 

Логикалық есептер:

1. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин) 
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4) 

 Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия


Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны?
Жауабы қызы болған

1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20) 
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) 
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) 
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады) 



6. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? 
Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере. 

7. Қорада тауықтар және қояндар бар.Олардың барлығы15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? 
Жауабы:5тауық, 10 қоян бар. 

8.. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? 
Жауабы: 33 адам және 43 адам. 

9.. Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста? 
Жауабы:5,7,11,13, 17, 19. 

10. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? 
Жауабы: кеседегі шәй құрғақ болған. 

11. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді? 
Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр. 

12. Бірінші әке баласына 150 қой, екінші әке баласына 100 қой бөліп берді.Сонда екі баланың өз әкелерінен алған барлық қойларының саны-150.
Бұл қалай болғаны. 
13.1 ден 100 ге диін 7 саны канша рет кездеседі 
Жауабы 19 рет

14.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

Сабақты қорытындылау:

Сабақтың тақырыбы: қоспалар мен қорытпалар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Таза заттар және қоспалар туралы оқушыларға таныстыру.

2.Тәрбиелік: Оқушылардың химиядан алған білімдерін пайдалана отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, бір-бірінің жауабын тыңдап,одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың ойын,дүниетанымын,ойлауын,есте сақтауын дамыту,белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: плакат,тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Карточкамен жұмыс

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Үй тапсырмасын беру

6.Қорытынды жасау,бағалау

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Оқушылар,қазір химия сабағы,оқу құралдарыңызды аламыз. Бүгін сыныпта кім кезекші?

Оқушы: Мен.

Мұғалім: Бүгін сабақта кім жоқ?

Оқушы: Бүгін сыныпта түгелміз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Карточкамен жұмыс. Қалған оқушыларға карточка арқылы тексеремін.

Карточкалар:

1) Заттар дегеніміз не? (Заттар – денелерді құраушылар).

2)Химия пәні нені зерттейді? (Заттарды,олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді).

3) Заттардың қасиеттері дегеніміз не? (Заттардың өзара бір – біріне ұқсастығын не айырмашылығын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталды).

4. Жаңа сабақ түсіндіру.

Табиғатта таза заттар көп кездеспейді. Олар көбіне қоспа түрінде болады. Қоспа 2 не одан да көп заттардан тұрады. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге жіктейді: біртекті және әртекті қоспалар. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы жеке бөлшектері байқалмайды. Қоспалардағы заттар өздеріне тән дара қасиеттерін сақтап қалады. Сондықтан қоспаларды түрлі тәсілдермен бөлуге болады. Табиғатта кездесетін қоспалардан жеке химиялық заттарды бөліп алудың және оны тазартудың арнайы жолдары бар.Таза заттар көбіне лабораторияларда және арнайы цехтарда алынады.Таза заттардың өздерін әрі қарай тазарта отырып, аса таза заттарға айналдыруға болады.Олардағы бөгде «қоспаның» мөлшері проценттің миллиондық үлесінен аспайды.Мұндай аса таза заттардың арқасында радиотехника дамып, компьютерлержасалып, ғарыш кемелері күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын күн батареяларына ие болып отыр. Аса таза заттарды алу өте қымбатқа түседі.

Енді оқушылар мынадай тәжірибе жасайық: қанттың кішкене кесегін стакандағы таза суға салып ерітейік.Бастапқыда қант қатты күйдегі таза зат, ал су сұйық күйдегі таза зат болатын.Олардың қоспасы қанттың судағы ерітіндісі-бір ғана сұйық заттан құралғандай көрінеді.Қанттың судағы ерітіндісі біртекті қоспаға жатады.

5.Үй тапсырмасын беру.

Оқушылар үйге тапсырма: &1 оқу және тақырып соңындағы 9,10,11 тапсырмаларды орындау. (Үйге тапсырма мазмұнымен таныстырамын).

6.Қорытынды жасау.Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан,есеп шығарып,сұрақтарға жауап берген оқушылар түгелдей бағаланды. Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!

Қосымша материалдар:

1.Қант және магнидің қасиеттері қандай? (Қант-ақ түсті қатты зат, оңай ұсатылады, тәтті дәмі бар, суда ерігіш, қыздырғанда алдымен балқып, одан соң қоңыр түске түрленіп, ақыры қара көмірге айналып, ауада жанып, ең соңында газ күйіндегі зат түзеді. Магний-ақ түсті қатты зат,металл,суда ерімейді,ауада жанып,ақ түсті ұнтаққа айналады).

2. Мыс (II) оксидін тотықсыздандыруға 44,8л (қ.ж.) сутек жұмсалған болса, реакция нәтижесінде қанша мыс пен су түзілген?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі