400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты өткен апталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сахнаға шығару арқылы оларды үлкен сахнаға дайындау, ата¬-анамен ұстаздардың арасындағы қарым қатынасты арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты өткен апталық

28.01-2.02.2019ж аралығында Құлшар Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебінде «Музыка әлеміне саяхат» атты музыка бөлімінің апталығы өтті.Апталықта 4ашық сабақ, 2сынып сағаты ,Құлшар күйлерінен сайыс және сазды кеш өткізу жоспарланған болатын.Апталықтың безендірілуіне бөлім мұғалімдері түгел атсалысты.Мектептің кіреберісіне стенділер жасақталып, оған музыка бөлімі мұғалімдерінің суреттері ілінді. Апталық бағдарламасы жазылған стендіге мұғалімдер өткізген ашық сабақтары мен сынып сағаттарының суреттерін салып отырды.

28қаңтар күні апталықтың ашылу салтанаты өтіп, хореография және көркемөнер бөлімі мұғалімдеріне апталық бағдарламасы таратылды.

29қаңтар күні домбыра және оркестр сыныбының мұғалімі Маденова Ақерке «Коллоквиум» тақырыбында 5сыныпқа оркестр пәнінен ашық сабағын өткізді..Мұғалім жаңа технологияны сабағында шебер қолдана білді.Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.

30 қаңтар домбыра сыныбының мұғалімдері: Іңірбаев Қанат пен Зейнуллаев Әлібектің өткізген «Домбыра-дастан» атты сынып сағаты апталықтың көркін аша түсті.Келген ата-аналар балаларының өнерін тамашалап, мұғалімдеріне алғыстарын айтты.

31қаңтар күні өткен домбыра сыныбының мұғалімі: Бекходжаева Жаннаның 1сынып оқушысы Сұлтанова Қарақатқа «Шертпе дәстүрінде күй тартып үйрену» тақырыбында десант сабағы өтті.Сабақ жоспарлы, жүйелі түрде өтіп, «өте жақсы» деп бағаланды.

Баян сыныбының мұғалімдері: Есентурлиева Саягүл мен Қарабатырова Гүлнар апайлардың өткізген «Шырқа сырнай, әуелеп» атты сынып сағаты жоғары дәрежеде өтті.Сынып сағаты барысында ата-аналармен өткізілген «Әуенін тап» ойыны өте қызықты өтті. Оқушылар баян аспабы туралы слайдтар дайындап, өздерінің өнерлерін көрсетіп, ата-аналар мен ұстаздарының көңілінен шыға білді.

1ақпан күні бөлім мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік Құлшар күйлерінен сайыс өткізілді.Сайысқа 16оқушы қатысты.Орын алған оқушылар дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды.

2ақпан күні қобыз сыныбы мұғалімдері:Бақтығұлова Айжан, Қозыбаева Рысгүл, Тайманова Нұрлыгүлдің өткізген «Сырлы саз» атты сазды кеші апталықтың «қорытынды кеші» болып есептелді.Сазды кешке көптеген оқушы қатысып,әр аспапта ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.Кештің соңында келген ата-аналар ұстаздарға алғыстарын білдірді.

Апталық методикалық бірлестікте талқыланып, «өте жақсы»деп бағаланды.

«Жақсы ұстаз ол – мектептің жүрегі» деп ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин айтқандай, әр күнгі өткен іс –шара, ашық сабақтар өз дәрежесінде өтті деп ойламын.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздарымыздың еңбегі зор деп ойламын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі