жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қызықты қазақ тілі"
«Қарабұйрат орта мектебі» КММ

(5-6-сынып оқушыларының арасында сайыс)
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
М.С.Увалиева
2012-2013 оқу жылы
Қызықты қазақ тілі
Мақсаты:
a)оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту,
озық ойлы оқушыны анықтау.
ә) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру
б) өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны
тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
«Білімді мыңдыжығар, білекті
бірді жығар»
«Оқу-білім азығы, білім- өмір азығы»
Сайыс
бөлімдері:
1-кезең ”Жыр кейіпкерлері
қонақта”
2-кезең “Бұл кім екенін білесің бе?”
3-кезең “Сөзстанға саяхат”
4-кезең “Полиглот”
5-кезең “Жас қалам”
Кіріспе
сөз.
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,-дегендей ой мен білім жарысына қош
келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1. 5- сынып оқушысы Слямбеков Әлішер
2.5-сынып оқушысы Данабек Айзада
3.6-сынып оқушысы Берік Гүлсана
4.6-сынып оқушысы Бердіқан Зерде
5.6-сынып оқушысы Калимжанова Аяулым
6.6-сынып оқушысы Мұхаметқанова Әсем
I.”Жыркейіпкерлеріқонақта”
Бөлімде батырлық жырларға
байланысты сауалдар беріледі.
Ұпайсаны – 10
1.Қобыланды дүниеге келгенде әкесі Тоқтарбайдың жасы нешеде?
2.Бақанбасында ілулі тұрған теңгені атып түсірген жас батыр
Қобыландыны көріп, ғашық болған ханның қызы кім?
3.Қобыландының пырағының аты кім?
4.Ноғайлы жерін, Қырлы, Сырлы қалаларын Қызылбастан азат етуге
аттанғанда Қобыландының қасына ергенер, қырық мың үйлі қияттан
шыққан батыр кім?
5.“Алпамыс батыр” жырындағы Байбөрі байдың “асыранды” баласының аты
кім?
6.Өзін шабуға келе жатқан Алпамысты түсінде көріп шошып оянған
қалмақ ханын ата?
7.Қызы Гүлбаршынды “күйеу баласы” Алпамысқа жалғыз деп бергісі
келмей қашып кеткен бай кім?
8.Жырда айтылатын Алпамыстың жеті жасар баласы кім еді?
9.IV-VII ғасырларда тасқа қашап жазылған көне түркілік ерлік
жыр-дастаны.
10.”Бүкіл түркі халқы үшін,
Түн ұйқымды төрт бөлдім.
Жанып-күйіп өрт болдым”-деп жырлаған түркі халқының қаһаны, інісі
Күлтегін өлгенде жыр-жоқтау шығарып, басына ескерткіш қойған
батырдың ағасы кім?
11.Маңғыстаулық жырау Мұрын Сеңгірбекұлының айтуымен бүгінге жеткен
бірнеше батыр ұрпақтарының ерлігін жырлайтын ұзақ циклды жырды
ата?
12.Қырғыз халқының батырлық эпосын кім
атайды?
II.Бұл кім екенін
білесің бе?
Әдебиет марғасқалары, ел
ағалары...
Шарты – әр оқушыға 1 сұрақ беріледі,ең аз ұпай жинаған 2 оқушы
ойыннан кетеді.
ұпай- 10
1.“Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақжолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да,
Білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақын тұл”
Бұл кімнің қай өлеңінен ?
Жауап – Шәкәрім
Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
2.“Қырық мысал” жинағына енген
“Егіннің бастары”, “Өзіз бен бақа”, “Қара бұлт” мысал өлеңдердің
авторы, аудармашы, ақын, тіл білімінің атасы
кім?
Жауап- Ахмет
Байтұрсынұлы
3.“Ақынмын деп мен қалай айта
аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.”
бұл кімнің, қай өлеңінен үзінді?
Жауап-Мұқағали Мақатаев
«Қара өлең»
4. “Әкесі баласының атын кім
қоям десе де өз еркінде емес пе, өзіне ұнаған есімін қояды.
Шығармада жазушының баласы тәрізді. Дегенмен басты кейіпкердің атын
Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бір бала
болды. Оны да “қара Қожа” дейтінбіз. Шығарма жазу барысында
мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей, тілге оралады да
тұрады. Бірақ ол өте жуас, қой аузынан шөп алмас момын бала
болатұғын. Неге екенін сол баланың атын басты, әрі тентек
кейіпкерге бергенді жөн көрдім.” Бұл кімнің
сөзі?
Жауап – Бердібек
Соқпақбаев
5. 45 қара сөздің авторы,
академик жазушы, қазақтың ұлы ақыны кім?
Жауап-Абай
6. «-Сымайылды шешесімен бірге
неғұрлым алыс жерге апарып, көзімнен таса етсең жақсы болар еді.
Осы екеуін көрсем, не дауысын естісем, өзімді қоярға жер
таппаймын.» Қай ертегіден алынған, кімнің
сөзі?
Екі кезеңнің қорытындысы
бойынша аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан
кетеді.
ІV. “Сөзстанға ”саяхат
Сайыс шарты – әр ұяшықта үш тарауға байланысты сұрақтар
берілген.
Қай сұраққа жауап берсе, сол ұпайды
иеленеді.
Фонетика
20 – Қазақ әліпбиінде қанша
әріп, қанша дыбыс бар? (Жауап – 42 әріп, 37 дыбыс)
30 – Қазақ тілінің төл дыбыстары нешеу? (9 – ғ,ң,ө,ұ,ү,һ,ә,қ,і)
40 – Қазақтар осы күнге дейін қандай әліпбилерді қолданған?
(ҮІІІ-ІХғ. Араб әліпбиі, 1929ж. латын әліпбиі, 1940ж. орыс әліпбиі)
50 – «у» қандай дыбыс? (дауысты, дауыссыз, жуан,
жіңішке)
Лексика
20 - “Қасқыр” сөзіне мәндес
сөзді тап (ұлыма, ит-құс, бөрі)
30 – “Арыстан еді-ау Исатай!” асты сызылған
сөз қандай мағынада қолданылып тұр? (батыл,өжет)
40 – “Т” әрпінен басталатын қазақ тілі терминдерін ата. (тұйық
етістік, тарихи сөз, табу, толықтауыш)
50 – «тышуыр» сөзінің мағынасын түсіндір? (кәсіби сөз, бұрап
тесетін құрал)
Морфология
10 – қандай? деген сұраққа
жауап беретін сөз табы табын ата? (сын есім)
20 –“Кәсіби” сөзінің түбірі қайсы? (кәсіп)
30 – Есімдіктің түрлерін ата ? (жіктеу, сілтеу, өздік, болымсыздық,
жалпылау, белгісіздік, сұрау)
40 - “Шақты, жуық, таяу...” сөздері арқылы жасалатын сан есім
(болжалды сан есім)
50 – “Биыл” үстеуі қалай жасалған?
(бұл+жыл)
IV.Полиглот
Келесі айналым – Полиглот.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл » дегендей, өз ана
тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз
сараланады.
1. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Қар-снег-snow
2. Сөзі дана,үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
Кітап-книга-book
3. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
Сағат-часы-clok
4. Ұшып-қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
Доп-мяч-.bool
5. Қаптап жүрген малым
бар,
Қане, санап алыңдар.
Түнде ғана жаямын,
Күндіз қамап қоямын
Жұлдыз-звезда-star.
6. Қалың әскер бағып жүр,
Сансыз найза тағып жүр
Кірпі-ежик-hedgehog.
7. Қанатым бар ұшпаймын,
Көл астында қыстаймын
Балық – рыба
-fish
8. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан
Сәбіз-морковь-carrot.
9. Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті
Қарбыз-арбуз-watermalon
10.Тысыршықса тұрмайды,
Артқа мойын бұрмайды
Қоян –
заяц-rabbit
(Бұл кезеңде аз ұпай жинаған 2
оқушы ойыннан шығады.)
Жанкүйерлерге
сұрақ
1 жұрнақ 2 етіске ортақ..Ол
қай етістік ?
2.”Орынбасар сөз” деп аталатын сөз табы (есімдік)
3.Фонетикалық 2 ұғым, бірімен бірі сыбайлас,бірі-айтылады да
естіледі, екіншісі – жазылады да көрінеді. (дыбыс,әріп)
4. “Жеті” санымен шектелетін сан есім (жинақтық сан есім)
5.“Қимыл есімі” деп аталатын етістік (тұйық етістік)
6. “Еш” сөзінің қатысынсыз жасалатын болымсыздық есімдігі
7.Алғашқы 3 сөз табының атауларына ортақ сөз (Есім сөздер)
8.Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдік (біреу)
9.Үш, жеті, тоғыз сан есімдеріне қатысты ырым-тыйым, салт-дәстүр
білесің бе? (үш арсыз, жеті жоқ, жеті қазына)
10.Шешеңнің апайының баласы кім болады саған?
(бөле)
V. Жыр толғау
Қызыл парақ
………………………ғажап едің,
………………………жазар едім.
…………………………………………,
………………………қазақ елім.
Көк парақ
………………………….бала сын,
………………………….дана сың.
……………………………………….,
…………………………анашым.
Сары парақ
………………………ержеттім,
……………………….тербеттің.
………………………………………,
………………………сөйлеттің.
Мұғалімсөзі:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі шара өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыны таңдау үшін сөз
қазылар алқасында.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген