Материалдар / Қызықты қазақ тілі әлемі. интеллектуалдық сайыс.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қызықты қазақ тілі әлемі. интеллектуалдық сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз таптарын еске түсіру. Сайыс арқылы халқымыздың салт дәстүріне де шолу жасаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2020
409
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін
шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар, суреттер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Қатысушы оқушыларды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
Ана тілі – қазақ халқының мемлекеттік тілі, яғни дамыған, бай, икемді тілдің бірі – қазақ тілі. Тіл қай
ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті.
Ана тілін білмегенАқылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймегенХалқын сүйіп жарытпас, - деп, Байділда Сарноғаев сіздерді ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға
шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілініңқызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Өйткені біз жеке жұмыс істеуіміз керек.
Ережелерді естен шығармайық.
Қатысушылар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз қызықты тапсырмалар
мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру керек.
І тур «Сұраққа -жауап»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
НЕ?

ҚАЙДА?

ҚАШАН?

Домбыра

үстелде

бүгін

Әріп

кітапта

ертең

Ту

бөлмеде

биыл

Құрт

дүкенде

былтыр

Асық

қалада

таңертең

Жылқы

қорада

кешке

Сынып
мектепте
түнде
І турдың қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Полиглот”
(Видео сұрақтарға жауап беру)

1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3. Абай Құнанбаев кім?
4. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
5. ҚР жалауының авторы кім?
6. «Үлкен» сөзіне қарама –қарсы сөзді ата
7. «Ақылды оқушы» сөз тіркесінің орысша баламасын айт
8. «Ежелден ер деген ...............» жалғастыр.
9. Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
10. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған жылы
11. Алфавиттегі алтыншы әріпті ата?
12. 3 «А» сынып жетекшісі?
13. Буынның неше түрі бар? Ата.
14. «Менің Отаным –Қазақстан!» аудару
15. «Я учусь в третьем классе» қазақшаға аудар.
ІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІІІ тур «Әріпті жалғастыр» Әр оқушы мұғалім алдындағы әріптерден бір –бір әріпті таңдап сол
әріп бойынша қазақша сөздерді айтады.
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау
ІҮ тур «Жасырын суретті табу»
1. Сурет –Жылқы
2. Сурет –Елтаңба
3. Сурет –Бәйтерек
4. Сурет –Домбыра
5. Сурет –Бесік
ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.
Ү тур «Көрерменнен көрімдік»
(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат
Жұлдыз
Сандық
Телефон
Той
Кітап
Жол
ит
Сәби
Балмұздақ
Ту
Боран.
Киіз үй
Ү турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІ тур .(Үш оқушы шығып А, Ә мен Б әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған оқушы –сын
есім, Ә әрпін таңдаған оқушы –сан есім, Б –әрпін таңдаған оқушы етістік қатысқан сөздерді айтады.
Дайындыққа 1 минут)
ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІІ. “Жекпе жек”
(Екі оқушы шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс,
Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші
оқушыларды марапаттайды. Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, білімді

екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.
«Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысы аяқталды.

«Тапқыр достар» (интеллектуалдық ойын)
Мектепалды даярлық топ
«Тапқыр достар» интелектуалдық ойыны
Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар,
дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Құрылымы: Ойынға 6 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 8
кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша сақиналармен пирамида құрайды. Барлық
айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады
Шаттық шеңбері.
Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан жағымызға күлкі сыйлайық! Олай
болса балалар күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Дыбыстарға байланысты жұмбақ жасыру.
«Тапқыр достар»
Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады.
Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан».
Бірінші айналымда топтарға туыстық атулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа
сәттілік сақинасын алады.
Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Жиен деген кім?
Бөле деген кім?
Немере деп кімді атайды?
Аға - қарындас деп кімдерді айтамыз?
Екінші кезеңнің аты – «Сөз ойла, тез ойла»
«Ә» және «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап табады
Үшінші кезең «Құрастырмалы пішіндер»
Төртінші кезең «Қызықты тапсырмалар»
1. а) Ол орманда өседі
ә) ол жауыннан қорғайды

б) ол ұшақтан секіреді.
2. «Ең көп желінген тортты тап»
Бесінші кезең Тапқыр достар сөзінен сөздер құрау
Мысалы. Тап, қар, тақыр
Дос, рас, отар
Алтыншы кезең «Салт дәстүр»
а. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?
ә. Бесік деген не?
1. Наурыз – жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Наурыз күн мен түннің
теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Осы уақыттан
бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
2. Бесік жабдықтары бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек
Бесік ырымдары болады.
Бесікті аттауға болмайды, оны ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.
Жетінші кезең «Сиқырлы суреттер»
Мнемокестелер бойынша оқыту.
Сегізінші кезең «Нүктелер»
1 - 10 ға дейін тура және кері санау, таңбалармен таңбалау және оларды нүктелі карточкалармен белгілеу.
Тоғызыншы кезең «Түрлі түсті резеңкелермен сурет салу»
Қорытынды
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!