Материалдар / Қызықты қазақ тілі авторлық бағдарлама

Қызықты қазақ тілі авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
643
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМСЫ

75 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ









Қызықты қазақ тілі



(орыс тілінде жүргізілетін мектептердің

7 - сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен

факультативтік курс бағдарламасы)





Құрастырушы:

75 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі пәні мұғалімі

Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы
















Құрастырушы:

75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы


Пікір беруші: Ф.Б.Ғалымжанова, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қ.б. ПҚБАИ аға оқытушысы.








Бұл бағдарлама оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту. Курс бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылды.



























Мазмұны


Түсінік хат

3-4


Оқу курсының қысқаша мазмұны

5-8


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлама

9-10


Оқу курсына арналған қосымша (тапсырмалар жинағы)

11-57



Пайдаланылған әдебиет тізімі

58




























Түсінік хат


Бұл бағдарлама оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту.Сонымен қатар жинаққа туған жер, қазақ халқының тарихи тұлғалары, дәстүрлері туралы алынған мәтіндер оқушыларды туған жерді қадірлеуге, ұлы тұлғалардың өлшеусіз еңбегі оларды алға жетелеуге, салт-дәстүрімен мақтаныш етуге тәрбиелейді.

Оқушыларды теориялық алған білімдерін пайдалана отырып, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін 7 сыныпқа арналған бағдарламаға сәйкес жаттығулар берілді. Жинақта берілген жаттығуларды іріктеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерумен бірге, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында грамматикалық тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп беру жағына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарға байланысты диалогтар, басталған сөйлемді аяқтау, берілген тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін жазу, ойлау белсенділіктерін шыңдайтын қисынды сұрақтар берілді. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар да ұсынылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Ұсынып отырған жинағымыз мұғалімдер мен оқушылар қауымына арналған.


Өзектілігі: Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. «Қызықты қазақ тілі» курсы оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтап, мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі тапсырмалар оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатыны анық.












Мақсаты:

Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру


Міндеті:

1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдету;

2. Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Күтілетін нәтиже: Қазақ тілінде мәтін, жаттығуларды орындай отырып, сөз байлықтары мен сөздік қорлары, сөйлеу тілдері дамиды. Ауызша және жазбаша қазақ тілінің қызметі ерекшеліктерін айқындай алады. Қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриоттық сезімдері қалыптасады. Оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп үйренеді, функционалдық сауаттылығы дамиды.































Оқу курсының қысқаша мазмұны

1.«Отан -отбасынан басталады» модулі екі тақырыптан құрылған. «Отбасымның туған жері»- 1 сағат.Оқушылар өз туған жерлері туралы әңгімелеп беруге үйренеді. Отан туралы мақалдарды жаттайды, әр мақалдың идеясын ашады, өздерінің пікірлерін айтады.

2.«Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз»- 1 сағат Оқушылардың мәтін арқылы сөздік қорлары молаяды, мәтін бойынша түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды, мемлекеттік тілге деген қызуғышылықтары артады.

3. «Отбасындағы сүйіспеншілік»-тақырыбына 1 сағат бөлінді.

Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорлары молаяды, өздерінің отбасындағы дәстүрлері туралы әңгімелей алады, қазақ отбасындағы туыстық атаулармен танысады.

4. «Ата-ананың қадірі»- 1 сағат. Оқушылар сабақта жаңа сөздер арқылы мәтінмен танысады, берілген сөздерді пайдаланып, әңгіме құрайды, тақырыпқа сай іріктелген мақал-мәтелдердің сәйкестігін анықтайды, берілген деректер бойынша оқушылар өз отбасы мүшелері туралы жазады.

5. «Уақытыңды бағалай біл»- 1 сағат. Аталған тақырып бойынша оқушылар өз ойларын жинақы айта алады, уақыттын үнемдеуімен байланысты өздерінің өмірдегі мысалдарымен болған оқиғалармен келтіріп ой бөліседі.

6.«Бос уақытта немен айналысасың?» тақырыбына 1 сағат берілді. Оқушылар тақырып бойынша диалог құрып бір-бірімен сөйлеседі, берілген мәтіннің идеясын ашады және сол мәтінді мазмұндайды.Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгереді. Сызба, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

7. «Қоршаған ортаны қорғау»-1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып сәйкес тақырып таңдайды, мәтін бойынша сұрақ құрастырады, сын тұрғысынан ойланып екі суретті салыстыра байланыстырып өз ойларын ашық жеткізеді. Қазақстанның қорықтары туралы ақпарат жинайды.

8.«Қазақстанның ауа-райы»-1 сағат. Берілген мәтінді пайдаланып, сабақта оқушылар география пәнімен байланыстыра Қазақстанның климаты жайлы әңгімелеуге үйренеді, карта бойынша еліміздің аймақтарын көрсетеді, климаттық өзгерістердің неге байланысты екенін айтады, тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгереді.

9. «Қазақстанның көрікті жерлері»-1 сағат.Оқушылар мәтін, видио, суреттер арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады. Еліміздің ерекше жерлері туралы әңгімелейді және оларды картадан көрсете алады.Мәтін бойынша түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды және жаңа сөздермен танысады оларды диалогта қолданады.

10. «Қазақстанның киелі жерлері»-1 сағат.Мәтінді оқи отырып әр абзацтың негізгі идеясын ашады. Суреттер бойынша киелі жерлер туралы мәтін құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

11. «Салауатты өмір салты»- модулі бойынша екі тақырып берілді. «Спорт және тағам»-1сағат. Сабақта оқушылар зиянды және пайдалы тағамдардың айырмашылықтарын ажыратады. Тағамдардың адам денсаулығына қандай пайда және қандай зиян келтіретінін біледі, суреттер бойынша негізгі ойын айтады.

12. «Менің әуес ісім-спорт»-1 сағат мәтін арқылы жаңа сөздермен танысады.Сөздерді диалогта қолданады.Түрлі тапсырмаларды орындап ойлау қабілеттерін дамытады, кейбір спорт түрлерінің ережелері туралы әңгімелейді. Оқушылар өздерінің сүйікті спорты туралы әңгімелейді.

13. «Мәдениет-салт-дәстүр» модулі екі тақырыптан тұрады. «Тәрбиенің арқауы-әдептілік»-1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып, іріктелген сөздерге синонимдерді табады, жаңа сөздерді меңгереді, «Әке қадірі»-видиоролигін көріп пікірталасқа қатысады, видиороликтің әр кейіпкеріне, олардың жасаған іс-әрекеттеріне байланысты мінездеме жасайды.Видеоролик бойынша сұрақтарға жауап береді.

14. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»-1 сағат. Оқушылар баланың тәрбиесіне байланысты сал-дәстүрлерімен танысады. Шілдехана, Қырқынан шығару, Бесікке салу,Тұсаукесер дәстүрлерінің өткізу рәсімдерін біледі. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Нәтижесінде оқушылар әр дәстүр туралы сипаттайды.

15. «Музыка әлемінде» модулі екі тақырыптан тұрады- «Қазақ сазгерлері»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы қазақтың күйші-композиторларымен танысады. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысады, сөздерді пайдалана отырып сұрақтар құрастырады.

16. «Ата өнері-балаға мұра»-1 сағат. Мәтін арқылы оқушылар қазақ халқының музыкасының ерекшеліктерін біледі. Мәтінді оқып сұрақтар құрастырады, септік жалғауларын қайталап оларды дұрыс жалғайды. Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең. Өлеңмен жер қойныны кірер денең» деген сөздеріне ой-толғаныс жазады.

17. «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» модулі екі тақырыптан тұрады. «Жастар және ғаламтор»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы ғаламтордың шығу және даму тарихымен танысады, мәтін бойынша жаңа сөздермен танысады. Сызба арқылы ғаламтордың мүмкіндігі туралы жазады.

18. «Ғаламтор арқылы байыған жастар»- 1 сағат. Оқушылар мәтінді мұқият оқып мағынасын ашу үшін сызбаларды қолданады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша мәтін құрастырады. Жастардың әкелген жаңалықтары мен жетістіктері туралы әңгімелейді. Тақырыпқа байланысты түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

19. «Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінмен танысып, сұрақтарға ауызша, жүйелі, өз сөздерімен жауап беруге үйренеді. Түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындайды. Тақырыпқа байланысты хат, хабарландыру жазып үйренеді.

20. «Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер»- 1сағат.

Курста мәтінді оқып, оған байланысты өз ойларын, пікірлерін білдіреді. Тақырыпқа байланысты тапсырмаларда сөздерді сәйкестендіріп, халқымыздың жеті атасы, жеті ұрпағы туралы білімдерін кеңейтеді.

21. «Жастар мәдениеті»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінді оқып, оның негізгі идеясын анықтайды. «Келешек, болашақ, ел ертеңі, мақсат, оқу, талап, білім, жетістік» сияқты сөздерінің мағынасымен оқып, танысады. Қазіргі кезде жастар мәселесіне көп көңіл аударып жатқан мәселелерге тоқталады. Курс соңында еліміздің болашағын ойлайтын, еліне деген адал қызмет ететін тұлға қалыптасады. Қазақ мақалы «Асыл тастан- өнер жастан» мақалының идеясын ашып үйренеді, өз пікірін жазады.

22. «Жастар және ұлттық мәдениет»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінді оқып, өз ойын білдіруге үйренеді. Мәтінге сәйкес тест тапсырмаларын орындап үйренеді, сын есім, антонимнің мағыналарын түсінеді, курс қазақ әдебиетімен байланысады, М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін еске түсіріп қана қоймай, мағынасын ашады.

23. «Еліміздегі жаңалықтар»- 1 сағат. Қарқынды дамып келе жатқан еліміздің ғылыми, техникалық жаңалықтары туралы білімдерін кеңейтеді, мәтінге байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын игереді, сурет арқылы ғылым мен техника жаңалықтарымен танысады, өз ойын білдіреді, мәтін құрастырады.

24. «Ең озық технологиялар»- 1сағат. Қазіргі таңда жастар мәселесіне көп көңіл аударып отырғаны мәлім. Оқушылар сабақта тыңдалым дағдысын игереді, Қазақстанның ең атақты, жас ғалымдарымен танысады, тақырыпқа байланысты өлең жолдарын есте сақтайды, «Кім болғың келеді?» деген сұрақтар көлемінде ойланады. Сабақ соңында ғылым мен техникаға қызығушылығы артады.

25. «Туған жер.Демалыс»- 1 сағат. Оқушылар тақырыпқа байланысты қысқаша мәтінді оқып, өз ойымен, өз сөзімен жалғастырады. Диалог бойынша бір-бірлерімен сөйлесіп, ауызша сөйлеу тілі дамиды, қарапайым сұрақтарға ғана емес, жоғары дәрежелі сұрақтарға да жауап беріп үйренеді. «Отан десем ойыма.....» тақырыбына шағын эссе жазады, ойлау қабілеті арта түседі.

26. «Отбасымның жазғы демалысы»- 1 сағат. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысады, өз демалыстары туралы әңгімелеп үйренеді. Тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын орындайды. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттері арта түседі. Ақпараттық-коммуникацияны қолданып үйренеді.

27. «ГМӨ-нің зияны»- 1 сағат. Тақырыпқа байланысты мәтінмен танысады, өз сөзімен әңгімелеп үйренеді, сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастырып, сыни, шапшаң ойлануға үйренеді,мазмұнды сұрақтар көлемінде досымен әңгімелеседі, ойлау қабілеті арта түседі.

28. «Жасанды тағамдар және адам ағзасы»-1 сағат. Оқушылар тақырыпқа байланысты мәтінмен оқып танысады, негізі ойын анықтайды, мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, кестені толтырады, ізденушілік қабілеттері арта түседі.

29. «Адамдардың қарым-қатынасы» -1 сағат. Тақырыпқа байланысты мәтінмен оқып, танысады, мәтіннің негізі идеясын анықтайды, грамматикалық тапсырмаларды, деңгейлік тапсырмаларды орындайды, қазақ тілінде тұрақты тіркестермен танысу арқылы, білімдерін шыңдайды. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді, есте сақтайды.

30. «Қоғамдық орындардағы этикет»- 1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып оның идеясын ашады. Мұғалім оқушыларға түрлі жағдаяттар береді, соған байланысты оқушылар ойларын жалғастырады. Мәтін арқылы этикеттің қарапайым ережелерімен танысады.Топтық жұмыс атқарады, үш топ құралып театрда,мұражайда,кітапханада- ереже құрастырады.

31. «Полиглот болғым келеді» модулі екі тақырыптан тұрады «Үш тілді білу-заман талабы»- 1 сағат.Мәтін арқылы оқушылар дүние жүзіндегі тілдердің қызмет аясын біледі.Тақырыпқа байланысты сұрақтарды талқылайды, тіл туралы мақалдарды толықтырады, шашылған сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

32. «Тіл тағдыры-ел тағдыры»- 1 сағат.Мағжан Жұмабаевтің «Қазақ тілі» өлеңін оқып идеясын ашады, іріктелген сөздерге морфологиялық талдау жасайды, тілдің пайда болуына не себеп болды сұрақ төңірегінде пікірталас жүргізіледі. Ғұламалардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерімен танысады.

33. «Әлемді өзгерту кілті-білімде» модулі екі тақырыптан түрады.

«Әлемді өзгерткен адамдар»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы әйгілі адамдардын өмірбаяндары және олардын жетістіктері туралы біледі. Мәтіндегі берілген ақпаратты қолдана отырып кестені толтырады. Ғаламтор желісін пайдалана отырып тағы белгілі адамдар туралы мәлімет іздейді. Материалмен сыныптастарымен бөліседі.

34. «Егер мен әлемді өзгерте алсам»-1 сағат.Оқушылардын назарына ой толғаныс мәтіні беріледі,олар өздеріне ұнаған сөйлемдерді жазып алып, осы тақырып төңірегінде ары қарай өрбітеді (өздерінің пікірлерін қосады). Мәтіннен іріктелген бірнеше сөздерге синоним табады. Ұсынылған сөздермен сөйлем құрастырады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ