400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Қызықты қазақ тілі авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМСЫ

№75 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ









Қызықты қазақ тілі



(орыс тілінде жүргізілетін мектептердің

7 - сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен

факультативтік курс бағдарламасы)





Құрастырушы:

№75 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі пәні мұғалімі

Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы
















Құрастырушы:

№75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы


Пікір беруші: Ф.Б.Ғалымжанова, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қ.б. ПҚБАИ аға оқытушысы.








Бұл бағдарлама оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту. Курс бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылды.



























Мазмұны


Түсінік хат

3-4


Оқу курсының қысқаша мазмұны

5-8


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлама

9-10


Оқу курсына арналған қосымша (тапсырмалар жинағы)

11-57



Пайдаланылған әдебиет тізімі

58




























Түсінік хат


Бұл бағдарлама оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту.Сонымен қатар жинаққа туған жер, қазақ халқының тарихи тұлғалары, дәстүрлері туралы алынған мәтіндер оқушыларды туған жерді қадірлеуге, ұлы тұлғалардың өлшеусіз еңбегі оларды алға жетелеуге, салт-дәстүрімен мақтаныш етуге тәрбиелейді.

Оқушыларды теориялық алған білімдерін пайдалана отырып, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін 7 сыныпқа арналған бағдарламаға сәйкес жаттығулар берілді. Жинақта берілген жаттығуларды іріктеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерумен бірге, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында грамматикалық тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп беру жағына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарға байланысты диалогтар, басталған сөйлемді аяқтау, берілген тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін жазу, ойлау белсенділіктерін шыңдайтын қисынды сұрақтар берілді. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар да ұсынылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Ұсынып отырған жинағымыз мұғалімдер мен оқушылар қауымына арналған.


Өзектілігі: Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. «Қызықты қазақ тілі» курсы оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтап, мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі тапсырмалар оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатыны анық.












Мақсаты:

Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру


Міндеті:

1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдету;

2. Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Күтілетін нәтиже: Қазақ тілінде мәтін, жаттығуларды орындай отырып, сөз байлықтары мен сөздік қорлары, сөйлеу тілдері дамиды. Ауызша және жазбаша қазақ тілінің қызметі ерекшеліктерін айқындай алады. Қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриоттық сезімдері қалыптасады. Оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп үйренеді, функционалдық сауаттылығы дамиды.































Оқу курсының қысқаша мазмұны

1.«Отан -отбасынан басталады» модулі екі тақырыптан құрылған. «Отбасымның туған жері»- 1 сағат.Оқушылар өз туған жерлері туралы әңгімелеп беруге үйренеді. Отан туралы мақалдарды жаттайды, әр мақалдың идеясын ашады, өздерінің пікірлерін айтады.

2.«Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз»- 1 сағат Оқушылардың мәтін арқылы сөздік қорлары молаяды, мәтін бойынша түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды, мемлекеттік тілге деген қызуғышылықтары артады.

3. «Отбасындағы сүйіспеншілік»-тақырыбына 1 сағат бөлінді.

Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорлары молаяды, өздерінің отбасындағы дәстүрлері туралы әңгімелей алады, қазақ отбасындағы туыстық атаулармен танысады.

4. «Ата-ананың қадірі»- 1 сағат. Оқушылар сабақта жаңа сөздер арқылы мәтінмен танысады, берілген сөздерді пайдаланып, әңгіме құрайды, тақырыпқа сай іріктелген мақал-мәтелдердің сәйкестігін анықтайды, берілген деректер бойынша оқушылар өз отбасы мүшелері туралы жазады.

5. «Уақытыңды бағалай біл»- 1 сағат. Аталған тақырып бойынша оқушылар өз ойларын жинақы айта алады, уақыттын үнемдеуімен байланысты өздерінің өмірдегі мысалдарымен болған оқиғалармен келтіріп ой бөліседі.

6.«Бос уақытта немен айналысасың?» тақырыбына 1 сағат берілді. Оқушылар тақырып бойынша диалог құрып бір-бірімен сөйлеседі, берілген мәтіннің идеясын ашады және сол мәтінді мазмұндайды.Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгереді. Сызба, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

7. «Қоршаған ортаны қорғау»-1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып сәйкес тақырып таңдайды, мәтін бойынша сұрақ құрастырады, сын тұрғысынан ойланып екі суретті салыстыра байланыстырып өз ойларын ашық жеткізеді. Қазақстанның қорықтары туралы ақпарат жинайды.

8.«Қазақстанның ауа-райы»-1 сағат. Берілген мәтінді пайдаланып, сабақта оқушылар география пәнімен байланыстыра Қазақстанның климаты жайлы әңгімелеуге үйренеді, карта бойынша еліміздің аймақтарын көрсетеді, климаттық өзгерістердің неге байланысты екенін айтады, тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгереді.

9. «Қазақстанның көрікті жерлері»-1 сағат.Оқушылар мәтін, видио, суреттер арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады. Еліміздің ерекше жерлері туралы әңгімелейді және оларды картадан көрсете алады.Мәтін бойынша түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды және жаңа сөздермен танысады оларды диалогта қолданады.

10. «Қазақстанның киелі жерлері»-1 сағат.Мәтінді оқи отырып әр абзацтың негізгі идеясын ашады. Суреттер бойынша киелі жерлер туралы мәтін құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

11. «Салауатты өмір салты»- модулі бойынша екі тақырып берілді. «Спорт және тағам»-1сағат. Сабақта оқушылар зиянды және пайдалы тағамдардың айырмашылықтарын ажыратады. Тағамдардың адам денсаулығына қандай пайда және қандай зиян келтіретінін біледі, суреттер бойынша негізгі ойын айтады.

12. «Менің әуес ісім-спорт»-1 сағат мәтін арқылы жаңа сөздермен танысады.Сөздерді диалогта қолданады.Түрлі тапсырмаларды орындап ойлау қабілеттерін дамытады, кейбір спорт түрлерінің ережелері туралы әңгімелейді. Оқушылар өздерінің сүйікті спорты туралы әңгімелейді.

13. «Мәдениет-салт-дәстүр» модулі екі тақырыптан тұрады. «Тәрбиенің арқауы-әдептілік»-1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып, іріктелген сөздерге синонимдерді табады, жаңа сөздерді меңгереді, «Әке қадірі»-видиоролигін көріп пікірталасқа қатысады, видиороликтің әр кейіпкеріне, олардың жасаған іс-әрекеттеріне байланысты мінездеме жасайды.Видеоролик бойынша сұрақтарға жауап береді.

14. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»-1 сағат. Оқушылар баланың тәрбиесіне байланысты сал-дәстүрлерімен танысады. Шілдехана, Қырқынан шығару, Бесікке салу,Тұсаукесер дәстүрлерінің өткізу рәсімдерін біледі. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Нәтижесінде оқушылар әр дәстүр туралы сипаттайды.

15. «Музыка әлемінде» модулі екі тақырыптан тұрады- «Қазақ сазгерлері»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы қазақтың күйші-композиторларымен танысады. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысады, сөздерді пайдалана отырып сұрақтар құрастырады.

16. «Ата өнері-балаға мұра»-1 сағат. Мәтін арқылы оқушылар қазақ халқының музыкасының ерекшеліктерін біледі. Мәтінді оқып сұрақтар құрастырады, септік жалғауларын қайталап оларды дұрыс жалғайды. Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең. Өлеңмен жер қойныны кірер денең» деген сөздеріне ой-толғаныс жазады.

17. «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» модулі екі тақырыптан тұрады. «Жастар және ғаламтор»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы ғаламтордың шығу және даму тарихымен танысады, мәтін бойынша жаңа сөздермен танысады. Сызба арқылы ғаламтордың мүмкіндігі туралы жазады.

18. «Ғаламтор арқылы байыған жастар»- 1 сағат. Оқушылар мәтінді мұқият оқып мағынасын ашу үшін сызбаларды қолданады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша мәтін құрастырады. Жастардың әкелген жаңалықтары мен жетістіктері туралы әңгімелейді. Тақырыпқа байланысты түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

19. «Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінмен танысып, сұрақтарға ауызша, жүйелі, өз сөздерімен жауап беруге үйренеді. Түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындайды. Тақырыпқа байланысты хат, хабарландыру жазып үйренеді.

20. «Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер»- 1сағат.

Курста мәтінді оқып, оған байланысты өз ойларын, пікірлерін білдіреді. Тақырыпқа байланысты тапсырмаларда сөздерді сәйкестендіріп, халқымыздың жеті атасы, жеті ұрпағы туралы білімдерін кеңейтеді.

21. «Жастар мәдениеті»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінді оқып, оның негізгі идеясын анықтайды. «Келешек, болашақ, ел ертеңі, мақсат, оқу, талап, білім, жетістік» сияқты сөздерінің мағынасымен оқып, танысады. Қазіргі кезде жастар мәселесіне көп көңіл аударып жатқан мәселелерге тоқталады. Курс соңында еліміздің болашағын ойлайтын, еліне деген адал қызмет ететін тұлға қалыптасады. Қазақ мақалы «Асыл тастан- өнер жастан» мақалының идеясын ашып үйренеді, өз пікірін жазады.

22. «Жастар және ұлттық мәдениет»- 1 сағат.

Оқушылар мәтінді оқып, өз ойын білдіруге үйренеді. Мәтінге сәйкес тест тапсырмаларын орындап үйренеді, сын есім, антонимнің мағыналарын түсінеді, курс қазақ әдебиетімен байланысады, М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін еске түсіріп қана қоймай, мағынасын ашады.

23. «Еліміздегі жаңалықтар»- 1 сағат. Қарқынды дамып келе жатқан еліміздің ғылыми, техникалық жаңалықтары туралы білімдерін кеңейтеді, мәтінге байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын игереді, сурет арқылы ғылым мен техника жаңалықтарымен танысады, өз ойын білдіреді, мәтін құрастырады.

24. «Ең озық технологиялар»- 1сағат. Қазіргі таңда жастар мәселесіне көп көңіл аударып отырғаны мәлім. Оқушылар сабақта тыңдалым дағдысын игереді, Қазақстанның ең атақты, жас ғалымдарымен танысады, тақырыпқа байланысты өлең жолдарын есте сақтайды, «Кім болғың келеді?» деген сұрақтар көлемінде ойланады. Сабақ соңында ғылым мен техникаға қызығушылығы артады.

25. «Туған жер.Демалыс»- 1 сағат. Оқушылар тақырыпқа байланысты қысқаша мәтінді оқып, өз ойымен, өз сөзімен жалғастырады. Диалог бойынша бір-бірлерімен сөйлесіп, ауызша сөйлеу тілі дамиды, қарапайым сұрақтарға ғана емес, жоғары дәрежелі сұрақтарға да жауап беріп үйренеді. «Отан десем ойыма.....» тақырыбына шағын эссе жазады, ойлау қабілеті арта түседі.

26. «Отбасымның жазғы демалысы»- 1 сағат. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысады, өз демалыстары туралы әңгімелеп үйренеді. Тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын орындайды. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттері арта түседі. Ақпараттық-коммуникацияны қолданып үйренеді.

27. «ГМӨ-нің зияны»- 1 сағат. Тақырыпқа байланысты мәтінмен танысады, өз сөзімен әңгімелеп үйренеді, сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастырып, сыни, шапшаң ойлануға үйренеді,мазмұнды сұрақтар көлемінде досымен әңгімелеседі, ойлау қабілеті арта түседі.

28. «Жасанды тағамдар және адам ағзасы»-1 сағат. Оқушылар тақырыпқа байланысты мәтінмен оқып танысады, негізі ойын анықтайды, мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, кестені толтырады, ізденушілік қабілеттері арта түседі.

29. «Адамдардың қарым-қатынасы» -1 сағат. Тақырыпқа байланысты мәтінмен оқып, танысады, мәтіннің негізі идеясын анықтайды, грамматикалық тапсырмаларды, деңгейлік тапсырмаларды орындайды, қазақ тілінде тұрақты тіркестермен танысу арқылы, білімдерін шыңдайды. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді, есте сақтайды.

30. «Қоғамдық орындардағы этикет»- 1 сағат. Оқушылар мәтінді оқып оның идеясын ашады. Мұғалім оқушыларға түрлі жағдаяттар береді, соған байланысты оқушылар ойларын жалғастырады. Мәтін арқылы этикеттің қарапайым ережелерімен танысады.Топтық жұмыс атқарады, үш топ құралып театрда,мұражайда,кітапханада- ереже құрастырады.

31. «Полиглот болғым келеді» модулі екі тақырыптан тұрады «Үш тілді білу-заман талабы»- 1 сағат.Мәтін арқылы оқушылар дүние жүзіндегі тілдердің қызмет аясын біледі.Тақырыпқа байланысты сұрақтарды талқылайды, тіл туралы мақалдарды толықтырады, шашылған сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

32. «Тіл тағдыры-ел тағдыры»- 1 сағат.Мағжан Жұмабаевтің «Қазақ тілі» өлеңін оқып идеясын ашады, іріктелген сөздерге морфологиялық талдау жасайды, тілдің пайда болуына не себеп болды сұрақ төңірегінде пікірталас жүргізіледі. Ғұламалардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерімен танысады.

33. «Әлемді өзгерту кілті-білімде» модулі екі тақырыптан түрады.

«Әлемді өзгерткен адамдар»-1 сағат. Оқушылар мәтін арқылы әйгілі адамдардын өмірбаяндары және олардын жетістіктері туралы біледі. Мәтіндегі берілген ақпаратты қолдана отырып кестені толтырады. Ғаламтор желісін пайдалана отырып тағы белгілі адамдар туралы мәлімет іздейді. Материалмен сыныптастарымен бөліседі.

34. «Егер мен әлемді өзгерте алсам»-1 сағат.Оқушылардын назарына ой толғаныс мәтіні беріледі,олар өздеріне ұнаған сөйлемдерді жазып алып, осы тақырып төңірегінде ары қарай өрбітеді (өздерінің пікірлерін қосады). Мәтіннен іріктелген бірнеше сөздерге синоним табады. Ұсынылған сөздермен сөйлем құрастырады.




















Күнтізбелік-тақырыптық жоспары (7-сынып)

№

Тақырыбы

Сабақ түрі

Сағат саны

Өткізілетін

күні

І


Отан-отбасынан басталады

1.

Отбасымның туған жері

әңгімелесу

1


2.

Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз

диалог

1


ІІ.


Қазақ отбасы және отбасылық құндылықтар

3.

Отбасындағы сүйіспеншілік


1


4.

Ата-ананың қадірі


1


ІІІ.


Уақыт-өмір

5.

Уақытыңды бағалай біл

Ой салу мен пікір алмасу

1


6.

Бос уақытта немен айналысасың?

диалог

1


ІҮ.


Бізді қоршаған әлем

7.

Қоршаған ортаны қорғау

зерттеу

1


8.

Қазақстан ауа-райы

талқылау

1


Ү.


Саяхат және көрікті жерлер

9.

Қазақстанның көрікті жерлері

талқылау

1


10.

Қазақстанның киелі жерлері

Ой бөлісу

1


ҮІ.


Салауатты өмір салты

11.

Спорт және тағам

талқылау

1


12.

Менің әуес ісім-спорт

пікірталас

1


ҮІІ.


Мәдениет. Салт-дәстүр

13.

Тәрбиенің арқауы-әдептілік

Пікір айту

1


14.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Ой бөлісу

1


ҮІІІ.


Музыка әлемінде

15.

Қазақтың әншілік өнері .Қазақ сазгерлері

талқылау

1


16.

Ата өнері балаға мұра.


Ой бөлісу

1


ІХ.


Ғаламтор және әлеуметтік желілер

17.

Жастар және ғаламтор

Шығармашылық сабақ

1


18.

Ғаламтор арқылы байыған жастар

Сұхбат құру

1


Х.


Әдет-ғұрып және салт-дәстүр. Наурыз

19.

Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз

талқылау

1


20.

Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер

іздену

1


ХІ.


Жастар және мәтениет

21.

Жастар мәдениеті туралы

Ой толғау

1


22.

Жастар және ұлттық мәдениет

Пікір алмасу

1


ХІІ.


Технология жаңалықтары

23.

Еліміздегі жаңалықтар

Ізденіс сабақ

1


24.

Ең озық технологиялар

іздену

1


ХІІІ.


Туған жер

25.

Туған жер. Демалыс

Ой толғау

1


26.

Отбасымның жазғы демалысы

Пікір алмасу

1


ХІҮ.


Гендік модификацияланған тағамдар (ГМӨ)

27.

ГМӨ-нің зияны

іздену

1


28.

Жасанды тағамдар және адам ағзасы

талқылау

1


ХҮ.


Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау

29.

Адамдардың қарым-қатынасы

пікірталас

1


30.

Қоғамдық орындардағы этикет

Ой толғау

1


ХҮІ.


Полиглот болғым келеді

31.

Үш тілді білу-заман талабы

Ой қозғау

1


32.

Тіл тағдыры-ел тағдыры

Пікір алмасу

1


ХҮІІ.


Әлемді өзгерту кілті-білімде

33.

Әлемді өзгерткен адамдар

Пікір алмасу

1


34.

Егер мен әлемді өзгерте алсам

Ой толғау

1
























Оқу курсына арналған қосымша (тапсырмалар жинағы)


І. Отан-отбасынан басталады.

1. Отбасымның туған жері

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.

Қымыздық теремін,

Көп қызық көремін.

Апама сәукеле

Гүлдерден өремін.

(Ғ.Жұмабаев)

Сөздік

сәукеле – женский головной убор

өремін – сплету

2-жаттығу. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Менің туған елім – қазақ жері. Елімнің жері ұлан-байтақ. Сол кең даламның орталық өңірінде біздің жанұямыз тұрады. Туған жердің табиғатын сүю, оның әр тасына, әр құсына, әр жусанына сүйіспеншілікпен қарау отбасынан басталады.

Біз ауылда тұрамыз. Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті қашан көрсең де мөлдіреп жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Біз сол өзен жағасына жиі барамыз. Осы бір өзенде бұдан басқа шомыла қоятын жер жоқ. Сондықтан бұл өзенді бойлай отырған ауыл- еліміздің көркі.

ІІІ деңгей

1.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Сенің туған елің қай жер?

2) Табиғаты қандай?

3) Өзен еліміздің несі?

ІІ деңгей

1.Тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.

2. Мәтіннен «ел» сөзінің синонимін табыңдар.

І деңгей

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтаңдар.


11

Атам мен әжем ...

сабағына көмектесемін.

22

Сәуле ...

жеміс ағаштары өседі.

33

Үйде інім мен сіңлімнің ...

мақтан етемін.

44

Бау-бақшада ...

зейнеткерлер.

55

Мен отбасымның татулығын

оқу озаты.


4- жаттығу. Берілген мәтінді қолдана отырып, отбасы мүшелеріне сипаттама беріңдер.

Әкем – 45 жаста, мектеп директоры, кенші, жұмысшы, бағдарламашы, инженер, кәсіпкер. Шашы-қара, сары, ұзын, қысқа. Бойы – ұзын бойлы, аласа, орта бойлы. Анам – 40 жаста, мұғалім, аспаз, сатушы, шаштараз, тігінші, менеджер-кеңесші. Ағам, әпкем – оқушы, студент. Інім, сіңлім – оқушы, інім кішкентай, бала бақшаға барады. Атам, әжем – кәрі, жас, құрметті демалыста, жұмыс істейді.

5 – жаттығу. Көп нүктенің орнына ма/ме, ба/бе, па/пе шылауларының тиістісін қойып жазыңдар.

А) Ауылдың жанында өзен бар ...?

В) Аңдары мен құстары көп ...?

С) Анау тау ..., ағаш ...?

Д) Өзенде жүзіп жүрген қаз ..., әлде үйрек ...?

Е) Баланың қолындағы гүл ..., тас ...?

6- жаттығу. Мақалды жаттап алыңдар.

1.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

2.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

3.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


2. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз

1-жаттығу. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген.

Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

22 қыркүйек – Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

Ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз.

Сөздік: мәртебе-статус өркендесе-если будет процветать

Құрмет-честь міндет-обязанность

Құндылық-ценность

ІІІ деңгей

1.Мәтіннен негізгі мазмұнды ашатын сөйлемдерді табыңдар.

2.3 сұрақ құрастыр.

ІІ деңгей

1.Мына етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жазыңдар: жұмсады, көрді, ойлады, кетті, ұйғарды, қуанды.

2. Өз ана тілің туралы әңгімелеп беріңдер.

І деңгей

1)Қазақстан Республикасы мемлекеттік мәртебені нешінші жылы алды?

2) Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды сөйлемін қалай түсінесің?

3) Неліктен мемлекеттік тілді асыл мұра дейміз?

2-жаттығу. Берілген мәтінді пайдалана отырып, өз отбасындағы жағдайды сипаттап жазыңдар.

Біз отбасымызбен ана тілінің қасиетін қастерлей білеміз. Кезінде атамыз тіліміздің құдыреті туралы үнемі айтып, балаларының құлағына құйып отырушы еді. Сол тәрбие әлі де жалғасып жатыр. Атамыз теледидар, күнделікті мерзімді ақпарат құралдарын өзі оқып, сосын бізге оқуға кеңес беретін. Сөз зергері болған атамыз балаларының да өз тілінде білім алғанын қалаушы еді.

3–жаттығу. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңдар.

Дамиды, өркендейді, қадірлеймін, мақтаныш, қазына

4- жаттығу. Мақалдарды жаттап алыңдар.

1. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

2. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

3. Тіл – достықтың алтын көпірі.

4. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

5-жаттығу. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар: ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай.


ІІ. Қазақ отбасы және отбасылық құндылықтар

3. Отбасындағы сүйіспеншілік

Мәтінді тыңдаңыз, мәтінге ат қойып ,тапсырмаларын орындаңыз.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Сөздік

Әлеуметтік орта- социальная среда

Мәдени құндылықтар- культурные ценности

Тәрбие-воспитание

Қамқорлық-забота


1-тапсырма. Берілген түйін сөздердің мағынасын аш: отбасы, отау, отағасы, отау иесі, қара шаңырақ, отбасы берекесі.

Мысалы: Отау – жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй;


2-тапсырма. Досыңмен сұхбаттас.

- «Қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің мағынасы қандай ?

- Қазақ халқының дастарханға отыру мәдениеті қалай?

-«Қара шаңырақ иесі» деген ұғым нені білдіреді?


3- тапсырма.

Шеберлігіңді шыңда! Туыстық атауларды сәйкестендір.

Ана

әкесінің әкесі


әже

өзінен жасы кіші ер адам


әке

бір атадан өрбіген туыстас адамдар


аға

аталас ағайын жұрт


іні

жасы өзінен үлкен ер адам


бауыр

отағасы


жамағайын

әкесінің шешесі


ата

перзент сүйген әйел (шеше)


ұзатылған қыздан туған бала

әйелінің әпке-сіңілілерінің күйеуі.

Қарындас

қайын інінің әйелі


бажа

ер адамдардан жасы кіші әйел


ажын

жиен


абысын

туысқан адамдардың қыздарынан туған бала


бөле

қайын ағаның әйелі


төркін

тұрмысқа шыққан қыздардың ата-ана, ел-жұрты


жиеншар

жиеннен туған бала



3-жаттығу. Мына сөздерді тәуелде: қамқоршы, отбасы

4-жаттығу. 1. «Көмек» сөзіне бес жолды өлең құрастыр.

5-жаттығу. Өздеріңнің отбасыларың туралы шағын әңгіме жазыңдар.


4. Ата-ананың қадірі

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, абзацқа бөліңдер. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп – өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата – ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата аналарын қартайғанда,қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітілген.Ата-аналар балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса,балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Сөздік

Шағын Отан- малое государство

Қарым-қатынас-отношения

Құқық-право

Тәлім-тәрбие-воспитание

2-жаттығу. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып, әңгіме құраңдар

Тату-тәтті тұру, құрметтеу, бір-біріне сену, көмектесу, сүю, жақсы көру

3-жаттығу. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсетіңдер.



1

Әке асқар тау. Ана- бауырындағы бұлақ.......

Алдыңа сол келер

2

Әкеге қарап ұл өсер...........

Бала жағасындағы құрақ


3

Әке балаға .......

Шешеге қарап, қыз өсер


4

Балалы үй –базар

сыншы


5

Атаңа не қылсаң

Баласыз үй-қу мазар


4- жаттығу. Мына деректер бойынша отбасы мүшелері туралы жаз.

  1. Фамилияң, атың, әкеңнің аты

  2. Туған жылың, айың, күнің

  3. Туған жерің, қалаң, ауылың

  4. Отбасың

  5. Ата-анаңның аты-жөні, қызмет орны

  6. Мекенжайың

  7. Үй телефоның

  8. Қолың


5-жаттығу. Есте сақта!

Түн ұйқысын төрт бөлу – ұйықтамау;

Ана сүтін ақтау – ата-ана алдында парызын өтеу;

Анасын көріп, қызын ал – анасының берген тәрбиесі қызына үлгі;

Әке көрген оқ жонар, нна көрген тон пішер – бала ата-анасының берген тәлім-тәрбиесімен өседі.

ІІІ. Уақыт өмір.

5.Уақытыңды бағалай біл

1- жаттығу. Мәтінді тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз, төменгі тапсырмаларды орындаңыз.

Уақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды. Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә – уақыт. Сондықтан біз “уақыт – алтынды” бағалай білейік.

Сөздік.

Қадағалау-следить, наблюдать

Белгілеу-намечать

Тыс-вне

Кері-назад

Куә-свидетель


2-жаттығу. «Уақыт- алтыннан қымбат» деген тұжырым бойынша досыңмен ой бөліс.


3-жаттығу. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жама.

Өзгерістер, тарихтан, халықтың, тіршілігі, тарихи, мәдениеті


4-жаттығу. Берілген сөздердің синонимін жазыңдар

Кері

Қадағала

Бағыт

Тіршілігі

Бағала


5- жаттығу. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Сен уақытты қалай пайдаланасың?

  • Уақытты үнемдей білесің бе?

  • Күнделікті істейтін жұмыстарыңды алды-ала жоспарлайсың ба?

  • Уақытты бағалайсың ба?


6. Бос уақытта немен айналысасың?


1-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңыз. Әр абзац бойынша берілген ойды қысқаша мазмұндаңыз. Мәтіннің негізгі идеясын ашыңыз.


Бос уақытында адам өзінің қалаған ісіңмен айналасып көңілін көтеруге мүмкіндік алады. Бізге берілген аз уақытты әркім әртүрлі өткізеді.Бірі сыртта ойнаса, бірі уақыт тапса кітап беттерінен көзін алмайды.Негізінде өзінің бос уақытынды дұрыс қадағалау өте маңызды. Мысалға мен спортқа жақын адаммын. Сондықтан таңертен өзіме бос уақыт арнап оны күнделікті жүгіруге арнаймын.

Ал сабаққа барар алдында бос уақыт қалса өзімнің ермегім –музыка тыңдаумен айналысамын. Себебі, музыка адамды тыныштатады, өзіңді түсінуге мүмкіндік береді. Егер мен музыкаға уақытымды бөлмесем, мен өзімнің сабырлылығымнан айырылатын секілдімін.

Сабақтан үйге келіп үй жұмысын жасаймын. Кейін, қолым босағасын кітап оқимын. Әсіресе Есениннің өлендерін ұнатамын. Оның өмірге деген көзқарасын ұстанамын.Мен осылайша бос уақытымда өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан дамытамын.


Сөздік

Мүмкіндік- возможность

Іс-дело

Қадағалау-контролировать

Күнделікті-ежедневно

Сабырлық- терпение

2-жаттығу.

Берілген сызба бойынша әңгіме құрастыр.

3-жаттығу. Суреттерді пайдалана отырып, досыңмен сұхбаттас


4- жаттығу.

Мəтіндегі мəлімет бойынша «шын», «өтірік»

Мысалдар

Шын


Өтірік

Бос уақытында адам өзінің қалаған ісіңмен айналасып көңілін көтеруге мүмкіндік алады



Негізінде өзінің бос уақытынды дұрыс қадағалау аса маңызды емес



Мен осылайша бос уақытымда өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан дамытамын.






5-жаттығу. «Менің бос уақытым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


ІҮ. Бізді қоршаған әлем

7. Қоршаған ортаны қорғау.

1- тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, ат қойыңыз, бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан – 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Сөздік:

Аумақ-зона, территория

Бұзушылар-нарушители

Орман ауқаптары-лесные массивы

Жоспарланған-запланировано


2-жаттығу.

Суретке қарап, әңгімелеңіз. Қоршаған ортаны неліктен қорғау керек деп ойлайсыз?


  1. жаттығу. Екі суретті салыстырып, әңгімеле.

4-жаттығу. Кесте бойынша «Қорықтар» деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар.

Қорықтың аты

Құрылған жылы

Орналасқан жері

Қорықтың аумағы

Мақсаты

-

-

-


-


5-жаттығу. Шеберлігіңді шыңда! Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларыңызды жазыңыз.

Адам өміріне не қажет?______________________________________
Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?_________________________
Тірі табиғатты ата. ________________________________________________

Өсімдік өсу үшін не керек?_________________________________________

6- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер:

1.Қоршаған орта дегеніміз не?

2.Жаңбыр жауғаннан кейінгі табиғаттың көрінісі?

3.Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

4.Адам табиғатты қалай аялайды?

8.Қазақстан ауа-райы

  1. Тапсырма: Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз!

Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып

отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны,атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылық жасауы. Ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Сөздік.

Шұғыл континенталды- резкоконтинентальный

Қалыптасуы- формирование

Жер бедері- рельеф

Ықпал- влияние

Төсеніш беті- поверхность земли


2-жаттығу. Жақшаны ашып, сөйлемдерді көшір

Жер шарының кез келген (на территории) климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның (географическое место) ,атмосфера циркуляциясы, (рельеф) мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың (влияние) себепші болады.

3-жаттығу. «Ойлан, жұптас, бөліс»

Көршіңмен талқыла!

1. Ауа-райы жайлы не білесің?

2. Қазақстан ауа-райының ерекшеліктері туралы не айтар едің?

3. Әлемдік жылыну жайлы естігенің бар ма?

4-жаттығу. Төмендегі суреттерге қарап, оларды Қазақстан ауа-райымен қалай байланыстырар едіңіз?

5-жаттығу. Шашылған сөздерді жинап сөйлем құрастырыңыз.

1. Ғасырдан жалпы XIX климатты географиялық заңдылықтар басталған тұрғысында зерттеу.

2. Аудандастыруында Б.П. Алисовтың ішіндегі климаттың өзгерістері белдеу де тексерілген.

3. Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулігінде орналасады және мұнда екі түрлі ауа массасы жыл ішінде алмастырады.


Ү. Саяхат және көрікті жерлер.

9. Қазақстанның көрікті жерлері

1-Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, мәтіннің әр бөлігі бойынша досыңмен сұхбаттас.

Қазақстанның көрікті жерлері.

І. Бурабай

Құстың көптігіне қарап «Орманды» (Боровое) қазақтар «Бурабай» деп атап кеткен.Бурабайдың ауасы таза, әрі хош иісті. Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды. Сол Көкшенің төбесіне тек бура ғана шығыпты деген аңыз бар. Бір күні Абылайдың баласы Қасым хан садағынан жараланған бура көлге жете алмай өліп, тасқа айналыпты. Тас мәңгіліктің, беріктің сұлулықтың символы. Бурабайда қарағай өспейтін жері жоқ. Бурабайды екінші Швейцария деп атайды. Бұл жерге адамдар Қазақстанның түпкір-түпкірінен келіп жатады.

ІІ. Оқжетпес

Абылайхан әскерлері қалмақ қызын қолға түсіріп, бәрі «мен аламын», «мен

аламын» деп таласқанда,қыз оларға өз шартын қояды. «Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсірсе соған тұрмысқа шығамын дейді, «шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен», ешқайсысы сыннан өте алмай, шың «Оқжетпес» деп аталған. Оқжетпес – ең биік шың.

ІІІ. Жұмбақтас

Жұмбақтас – Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады.

Биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17 жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.

2-тапсырма. Мәтін бөлімдерінің реттік нөмеріне сәйкес мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің білдіретін мағынасына қарай реттік номерімен қойыңыз.

Реттік саны

Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер



Сұқтанба қапыда «сұлу» деп құр бетке,


Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.


Туған жер – алтын бесік


Тәні саудың жаны сау


Сақтықта қорлық жоқ


Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.


Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген



3-тапсырма. «Шын», «жалған», «айтылған жоқ».

1. Саяхат кезінде денсаулыққа салғырт қарау қажет.

2. Дәрігердің айтқанына құлақ аспаған жөн.

3. Баратын жеріңіз туралы алдын ала ақпарат жинап алыңыз.

4. Базардан тамақ алып ішпеңіз.

5. Жолға шығарда жеке басыңызға қатысты заттарды алып шығыңыз.

6. Бурабайды Екінші Швейцарияға теңестірген.

7. Қалмақ қызы шарт қоймастан, суға секіріп кетеді.

8. Жұмбақтас – Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас.

9. Жұмбақтастың биіктігі 18 метрге жетпейді.

10. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса кемпірдің бейнесі көрінеді.


4-жаттығу. Талқылау сұрақтары.

1. Қазақстанда туризмнің қай түрі жақсы дамыған?

2. Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде болдың?

3. Қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсың? Не

себептен?

4. Бүгінгі сабақ туралы қандай жаңа ақпарат білдің?


5-жаттығу. Түйін сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыр.

Саяхат, туризм, көрікті жерлер, тарихи орындар.


6-жаттығу. Есте сақта!

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

Өз елің – алтын бесік.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жер – тұғырың!


10.Қазақстанның киелі жерлері

1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқыңдар. Әр абзацтың негізгі идеясын табыңыз.

Арыстан баб кесенесі

Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде ені 30, биіктігі 13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.

Сөздік.

Көріпкел-ясновидящий

Құрылыс-строительство

Мазар-мавзолей

Киелі-священный

2-жаттығу.

Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер. 


№

ақпарат

дұрыс

Дұрыс емес

1

XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды



2

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған жоқ



3

Тарихи деректер бойынша XIIІ-XV ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.




4

XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды.



5

Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады



6

XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1919 жылы қайта салынды.




3-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

Бұл кесене нешінші ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған?

XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, қандай жазбалар бойынша 1909 жылы қайта салынды?

Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген неден қабырғаның сырт жағына салынды?

Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін кімнің киелі жерлерінің бірі болып саналады.?

Аңыз бойынша Арыстан баб кімнің елшісі болған?

Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды ма?


4-жаттығу. Сурет бойынша өз ойыңды жаз.

5-жаттығу. «Арыстан баб» тақырыбында өтілген материалдарды INSERT оқыту стратегиясы бойынша талдаңдар. Ақпаратты немесе тапсырмаға төмендегі белгілерді қойыңдар. Өз ойларыңды қорытып жазыңдар.



«Ү»

«-«

«+»

«?»

Бұрыннан білемін

Менің ойлағаныма қайшы

Мен үшін жаңа ақпарат

Білгім келеді


ҮІ. Салауатты өмір салты.

11. Спорт және тағам.

1-Тапсырма:

.

3-тапсырма Сұрақтарға жауап бер.

1 Сенің сүйікті тағамың қандай?

2 Күніне неше рет тамақтанасың?

3 Қалай ойлайсың адамның денсаулығына пайдалы қандай азық-түліктер?

4 Олар несімен пайдалы?

4 Зиянды азық- түліктерді ата.

5 Олар несімен зиян?

4-тапсырма . Суреттерге қарап «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбына әңгіме кұрастыр.


5-тапсырма (Оқушыларға диетологтардың дұрыс тамақтану туралы айтқандары көрсетіледі) Видионы мұқият көр,тыңда.Сұрақтарға жауап бер.

1. Видио не туралы? Не түсіңдің?

2. Қандай мамандар сөйледі?

3. Денсаулыққа пайдалы қандай азық-түліктер қажет?

12. Менің әуес ісім-спорт.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз,ат қойыңыз тыңдаған мәтін бойынша диалог құрастырыңыз.

Спорттың адам өміріндіе алатын орны зор.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,өзі шыдамды болады.Ата-бабамыз «Тәні саудың- жаны сау» деп бекер айтпаған.Спорттың қай түрімен айналасу адамның қабілетіне байланысты.Ұлы ойшыл Ибн Сина денсаулық пен өмірді дамыту үшін спорттың 33 түрімен жаттығу керектігін айтқан.

Мен кішкентай кезімнен суда жүзумен айналысамын. Маған суда жүзуді әкем үйретті.

Суда жүзу- нерв,жүрек жүйкесін жақсартады,шынықтырады,өкпе ауруларының болуына жол бермейді. Аталған спорт түрінде көптеген жетістіктерім бар.Түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Барлықтарыңа «Суда жүзумен шұғылданыңдар!»-деп кеңес беремін.

Сөздік:

Қабілет-способность

Шынықтырады-закаляет

Жүлделі-призовые

Кеңес беремін-советую

Нығайтады-укрепляет


2-тапсырма Басталған ойды жалғастырыңыз.

1. Менің әкеме алғысым шексіз, себебі .....

2. Суда жүзумен айналысу керек, өйткені ....

3. Суда жүзу денсаулықты нығайтады,сондықтан ....

4. Денсаулықты шынықтыру, үшін ....


3-тапсырма.Жақшаны ашып,сөйлемдерді дұрыс жаз.

1. Менін інім ( любит заниматься плаванием).2 Мен ( с малых лет) суда жүзумен айналысамын.

3. Суда жузуге әкем (научил). Суда жүзу денсаулықты (укрепляет). 4 (Закалять здоровье) ушін суда жүзумен айналасу керек. 5 (Занимайтесь плаванием) деп кеңес беремін.

4-тапсырма.Суреттерге қара.Қалай ойлайсың қандай спорт түрлері бейнеленген? Әр спорт түрі туралы 5-6 сөйлем айт.Соңғы кездері тағы қандай спорт түрі пайда болды?


ҮІІ. Мәдениет.Салт-дәстүр.

13. Тәрбиенің арқауы-әдептілік

1-тапсырма.Мәтінді оқып, төменгі тапсырмаларды орында.

Әдеп

Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады.Жағымды дәстүр,үлкендердің үлгі-өнегесі әдетке,дағдыға айналады.

Мысалы:сауап.кесір,обал,ысырап-күнделікті тәрбиеде қолданылатын ереже.

Сауап-басқаға жақсылық істеу,табиғатқа қамқорлық жасау.

Кесір-қалыптан тыс анайы,теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі.

Обал-жақсы нәрсенің қадір-қасиетін білу,аяққя баспа,тастама деген ұғымды білдіреді.

Ысырап-әр заттың құнын,бағасын білмей,босқа шашуды білдіретін ұғым.

Әдеп сақтау-этикет,яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан халықтық ережесі.Ол ереже бұзылса,халықтың дәстүрі де бұзылады.Ал оны сақтау,қүрметтеу,қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады.


(З.Ш.Ерназарова. т.б. «Елтану» оқу құралынан)

Сөздік:

Сауап-благодеяние

Кесір-злодеяние

Обал-жалко

Ысырап-расточительство

Үлгі-өнеге-пример для подражания

2-тапсырма Төмендегі сөздердің синонимдік қатарымен танысып,сөйлем құраңдар.

Ысырап-шығын,босқа шашу

Кесір-зиян,жамандық

Салт-дәстүр.әдет-ғұрып

Әдеп,сыпайылық


3-Тапсырма «Әке қадірі» видеороликті мұқият көр. (ғаламтор «Yotube» каналы.)

1. Қалай ойлайсың видео не туралы?

2. Видеода қандай кеіпкерлер бар?

3. Кішкентай ұл не себептен ағаш кесе сыйлады?

4. Видеоға қатысты қандай мақал айтар едің?


4-тапсырма Мақалдардың дұрыс аудармасын тауып жаз

Қазақ тілінде

Орыс тіл

1.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем беру

1. Воспитанный ребенок совестливый,невоспитанный ребенок-бессовестный.

2. Үлкенге құрмет.кішіге ізет.

2. Что увидит птенец в гнезде,то и будет повторять когда вылетит.

3. Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала

3. Признак вежливости-приветствие

4. Ойнап сөйлесең де,ойлап

4. Старшим-уважение,младшим-забота

5. Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.

5. Прежде чем пошутить, подумай.


5-тапсырма. Әр мақалдын идеясын ашыңыз, өмірден мысал келтіріңіз

14. Қазақ халқының салт-дәстүрлері

1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тест тапсырмаларын орындаңыз.

Шілдехана-жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.Дастарқанжайылып,жастардомбыра тартып,ән салып,ұлттық ойындар ойналады.Шілдеханадуманды болса,сәби сергек,қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару-нәрестенін туған күніне қырық күн толған соң,ыдысқа қырық қасық су құйып,соған шомылдырады.Сәбидің қарын шашын,тырнағын алады.Алғашқы кигізілген киімі шешіліп,соны сақтап қояды.

Бесікке салу. Халқымызда бесік-қасиетті,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Сөздік:

Шілдехана-застолье по поводу рождения малыша

Қырқынан шығару- традиция отмечать 40 дней со дня рождения малыша

Бесікке салу-укладывание в колыбель

Тұсау кесер-традиция совершается когда малыш делает первые шаги

2-Тапсырма.Берілген суреттерді мәтінмен сәйкестендіріңіз

А) В)


С) Д)


3-Тапсырма. Мақалды жалғастырып жаз

1. Әке – асқар тау…

2. Ананың көңілі балада…

3. Ұядан не көрсе…

4. Жеті атасын білмеген…

5. Әкеге қарап ұл өсер…

6. Әдепті бала-арлы бала…

7. Атаңа не қылсаң…

8. Кәріге құрмет…

9. Балалы үй базар

10. Әке балаға…


4-тапсырма Мақалдарды сәйкестендіріңіз

1

Әке – асқар тау…

1

алдыңа сол келер

2

Ананың көңілі балада…

2

әдепсіз бала-сорлы бала

3

Ұядан не көрсе…

3

балаға міндет

4

Жеті атасын білмеген…

4

ұшқанда соны ілерсің)

5

Әкеге қарап ұл өсер…

5

баласыз үй қу мазар

6

Әдепті бала-арлы бала…

6

бана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

7

Атаңа не қылсаң…

7

анаға қарап қыз өсер

8

Кәріге құрмет…

8

жетімдіктің белгісі

9

Әке балаға…

9

баланың көңілі далада

10

Балалы үй базар…

10

сыншы


5-тапсырма Берілген есімдерді тілек, ырымдармен байланыстырыңыздар


Келесі сәби ұл болсын деген тілек.

Ұзақ, Мыңжасар,Тоқсанбай

Сәбидің денесінде мең болса.

Кежебай,Кенжетай,Кенжегүл

Сәби ұзақ өмір сүрсін деген.

Ұлболсын,Ұлтуған,Ұлтуар

Ең соңғы бала.

Меңдігүл,Меңтай,Меңдібай

Табиғат құбылыстарына байланысты.

Абай,Шоқан,Ахмет,Әлия

Ардақты азаматтардың есімдері

Жауынбай,Боранбек,Борангүл


Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Салт – дәстүр деген сөзінің аудармасы

а) разрезание пут

ә) традиции- обычаи

б) праздник букваря

2. Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін… деген әнді қашан айтады?

А) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

3. «Шілдехана» деген не?

А) ұлттық ойын

ә) салт – дәстүр

б) тұрақты тіркес

4. «Бесікке салу» деген не?

А) ұлттық ойын

ә) салт — дәстүр

б) тұрақты тіркес

5. Шашу сөзінің аудармасы.

А) подарок, приносимый на торжества

ә) предания

б) традиция

6. Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам… деген әнді қай тойда айтады?

А) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

7. Мақалды жалғастыр. Он үште ... .

а) отау иесі

ә) сыншы

б) патша жасы

8. Әже — …

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) әкенің шешесі

9. Мақалды жалғастыр. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап ... .

а) қыз өсер

ә) бала өсер

б) немеренің баласы

10. Ата — …

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) ұлдың әкесі

ҮІІІ. Музыка әлемінде.

15. Қазақтың әншілік өнері. Қазақ сазгерлері

1-тапсырма Мәтінді оқы.Тақырып таңда. Негізгі идеясын анықта.

Дәлеткерей Шығайұлы-күйші, композитор, қазақ күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы.Ол 1869 жылы Құрманғазымен кездесті.Олар өнер арқылы табысып,тікелей тәжірибе алмасып,жақын дос болды.Оның кең тараған күйлері: «Ысқырма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелен», «Қаражан ханым».

Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы,домбырашы,халық аспаптар музыкасының алыбы,әрі классигі.Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққы қарсы күрес жолында өтті.Құрманғазы «Алатау», «Сарыарқа», «Адай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Балбырауын» сияқты күйлерін шығарған.Бұл күйлерде күйшіхалықтыңарманы,қажымас қайрат-жігерін суреттеген.

Аса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды.Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді.Оның күйлерін үйренеді.Халықтың күйші композиторы Дина көптеген күйлерді шығарды. Оның ішінде «Тойбастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» атты күйлері бар

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы –композитор, дирижер, домбырашы.

Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен» күйлері бар.

Сөздік

ақындық өнерімен – поэтическое искусство

әншілік өнерімен – искусство пения

танылған – был известным

дастан поэма қисса – сказка-поэма еркін –свободно

2-тапсырма Мәтіндегі берілген мәліметті пайдаланып кестені толықтырыңыз.

Күйші

Шығармалары






3-Тапсырма.

ІІІ деңгей.

1.Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

2. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жазып, оның емлесін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей

1.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2.Етістіктің шақ түрін анықтаңдар.

І деңгей

Қарағанды облысында туған әнші-сазгерлер туралы мәлімет жазыңдар.

4-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.

А) әйгілі әншісі, қазақтың, Күләш Жасынқызы Бәйсейітова, туды, 1912 жылы, Ақтоғай ауданында, Қарағанды облысы.

Б) воколистердің, байқауы, тұрады, Байсейітова, өткізіліп, Күләш, атындағы, елімізде

в) Күләштің, түседі, дарыны, ерте, әндерін, қызыға, әншілік, тыңдаған, көзге, әкесінің, табиғи, байқалып. (Әкесінің әндерін қызыға тыңдаған Күләштің әншілік табиғи дарыны ерте байқалып көзге түседі.)

5- тапсырма Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсетіңдер.


1

Ақын мен әнші – адамзаттың бұлбұлы.

Песня – царица слова

2

Өлең – алтын, сөз – күміс.

Песня раскрывает красоту души.

3

Өлең өмірді ұзартады.

Для джигита и песня искусство, и ремесло –искусство.

4

Өлең – сөздің патшасы.

Поэт и певец – соловьи человечества

5

Ән – көңілдің ажары.

Слово – серебро, песня-золото.

6

Жігітке өлең де өнер, өнер де –өнер.

Песня лета жизни прибавляет.

6- тапсырма. «Менің сүйікті әншім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


16. Ата өнері балаға мұра.


1-Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда, ат қой, ашық, жабық сұрақтар құрастыр.

Қазақ халқы- өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. «Ата өнері балаға мұра» деп бекер айтылмаған.

Тыңдаңызшы...... Бұл ғасырлар бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз бен домбыраның үні! Төгілген үнде қызғалдақ гүлі жайқалып, дала төсін желпіген қоңыр салқын жібек желдің сыбдыры бар. Елін, жерін қорғап батыр атанған ұлдарының ерлігін жырлайтын үн естіледі. Оларда өткен ұрпақтың күлкісі, қуанышы, дауысы, ерекше үні әрқашанда құлағымыздыан кетпейді.

Музыкалық аспаптың әрқайсысының өзіне тән үні бар, оның техникалық мүмкіндіктері де әртүрлі. Бірі қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісімен сүйегінен және темірден жасалып, ойып-өрнектелген мәуыкалыз аспаптардың өзіндік ерекшелігі бар.

(« Қазақтың музыкалық аспаптары кітабынан»)


  1. Тапсырма. Қазақ халқы ән(..) бай.Біздің әнші-композиторларымыз ұрпақ(...) ұрпақ(...) жалғасатын,құлақ(...) кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлайды.Қазақ(...) ән мен жыры(...) ғажайып сыры,ғасырлық тарихы бар.Сәби(...) бойына ән мен жыр ана сүті(...) дариды. Жыр тыңдап өскен бала(...) қабылдау қабілеті,сана-сезімі,ақылы айрықша дамыған.Ән-адам(...) өмірінің,сезімі мен қөңіл күйнің айнасы.Ән-адам(...) ой-сезімі(...) білдіреді, тәрбиелейді.

  2. Тапсырма. Берілген жаттығудағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, көшір.

Қазақ халқы – өнерсүйгіш халық.Оның музыка (қандай? ) мәдениеті өте бай.Музыка – классикалық және қазіргі жеңіл музыка болып бөлінеді.Классикалық музыка үлкен зал (көптік жалғау+септік ж.) симфоникалық оркестр (с.ж.) орындалады.Жастар (с.ж.) көбі жеңіл музыка (с.ж.) ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно.

Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз, рок, поп, деген бағыт (к.ж., с.ж.) ұнатады.

4 - тапсырма.

Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздерінің мағынасын аш.


ХІ. Ғаламтор және әлеуметтік желілер

17.Жастар және ғаламтор.

1тапсырма. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оны әр түрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс болған жағдайда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, содан ARPА net желiсi пайда болды. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар қолданды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн. компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Yйден шықпай , газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келсе, WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.
Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, қарапайым адам да қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернет - адамзаттың әлемдік қазынасы.


Сөздік

желі –сеть адамзат-человечество

жүйе-система бейбіт-мирный

мүмкіндік –возможность гиперсілтеме-гиперссылка

ІІІ деңгей

1.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Интернет қашан пайда болды?

2) Оны кімдер ойлап тапқан?

3) Сексенінші жылдары қандай термин пайда болды?

4) Интернет не үшін қажет?

2. Сан есімнің түрлерін анықта. Сандарды сөзбен жазыңдар.

ІІ деңгей

1.Термин сөздерді теріп жазыңдар.

2.Мәтінге жоспар құрастырыңдар.

І деңгей

Интернеттің пайдасы мен зияны туралы мәлімет жазу.

2-жаттығу. Кестені пайдаланып, берілген сөздерді септеңдер.


септік атауы

сұрақтары

мысалы

Атау септік

кім? не?

қызметкер,интернет,




















3-жаттығу. Сөздерді сәйкестендіріңдер.

Халықаралық жүйесі

Құрлықтарды мақсат

Бейбіт мүмкіндігі

Гиперсілтеме біріктіру

Интернеттің желі

4-жаттығу. Берілген сөйлемге талдау жасаңдар.

Интернет - адамзаттың әлемдік қазынасы.

Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау;

Әлемдік сөзіне фонетикалық талдау.

5- жаттығу. Шеберлігіңді шыңда!

1. Өзің ойлап жаңа желі, сайт, форум құр. Онда тақырыпқа сәйкес әңгіме, баяндама,

жарнама немесе күнделік жаз.

5Shape8 - жаттығу. Сызба арқылы интернеттің мүмкіндігі туралы жазыңдар.












18.Ғаламтор арқылы байыған жастар.


1-Тапсырма. Мәтіннің әр бөлігін мұқият оқы. Берілген сызба бойынша сұрақтарға жауап бер.

Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында Microsoft компаниясының негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған.Бүгінде оны идеал санап, миллиардердің жолымен жүретін жастар да көп. 1. Бұл тізімде 30 жастағы американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің 1-курс студенті кезінде, яғни 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал Wordpress сайтын құрған болатын. Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі.

 

2. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30 жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары  Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тың иесі Марк Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009-жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады.


3. Үздіктер тізімінде 23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды. Себебі, ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді. Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына жарнама берушілердің қатары көбейген.

 

4. Төртінші орынды 28 жастағы үндістандық Сухас Гопинат иеленді. Бұл жігіт 14 жасында Global Inc интернет компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең жас кәсіпкер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

 

5. Үздік бестікті 37 жастағы американдық Чад Херли қорытындылайды. 2005-жылы әйгілі YouTube видео порталының негізін қалаған ол бір жылдан кейін   Google  компаниясына YouTube-ны 1,65 млрд долларға сатады да, өзіне және өзінің ұрпағына жететін байлықтың иесі атанады.


 

Shape9 Shape10

Ғаламтор арқылы байыған жастар


Shape11



Shape12 не істеді?

Кім?



Қашан?

  1. Тапсырма.Сөздерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап бер.

Ғаламтор, ақпарат, жаңа технологиялар,сайттар, мүмкіндіктер, ақпараттық мәдениет.

1. Ғаламтордың қызметіне көңілің тола ма?

2. Ғаламтордың пайдасы мен зияны қандай?

3. Ғаламторсыз өміріңді елестете аласың ба?Неге?


  1. Тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп жаз. Оларды қатыстырып, сөйлем құра.

Әлеуметтік кіру

ҒShape13 аламторға алмасу

хат хабарласу

достарыңмен желі


  1. Тапсырма. Суретке қарап, мәтін құрастыр.


Х. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр. Наурыз.

19. Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз.

1-тапсырма. Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз!

Наурыз - Жаңа жылдың басы. Бұл күн, яғни наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі.Сондықтан халық санасында ол - Әз Наурыз деп аталады. Бұл күн - сонымен қатаржуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады.Адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тие бастайды.Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарханына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан (еттен жасалатын тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады.Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгi қайын ата мен келiн, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзiл де жарасымды. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Бойжеткендер соғымның соңғы етiн уызға салып пiсiрiп, ұнатқан жiгiттерiне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» деп аталады.

Ұйқы ашардың қарымтасына жiгiттер «селтеткiзер» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша бойжеткенге айна, тарақ, әтiр суын сыйлайды. Айна - пәктiктiң, жастықтың, тарақ - әдемiлiк пен сұлулықтың, ал иiссу - жаңа бүршiгiн жарған жауқазындай құлпыр деген белгi.

  1. тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Бозбалалардың бойжеткендерге осы мерекеде беретін сыйлығы?

Үлкен кісілерге дәл осы күні ұсынылатын жылы-жұмсақ тағам?

Бойжеткендердің бозбалаларға ұсынатын тағамы?

Мерекенің халық арасындағы атаулары? Мерекеде әр үйге келетін қасиетті символдық бейне ?


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Бұл ......................... қазақта «ұйқыашар» деп аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер «..............................» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша ..............., .............., ...............суын сыйлайды. Айна - ...................., жастықтың, ....................... - әдемiлiк пен ................., ал..............- жаңа бүршiгiн жарған ...................... құлпыр деген белгi.


4-тапсырма. Шашылған сөздерден нақыл сөздерді дұрыс құрастырыңыз.

басы, дүниеге, шырайлы, берген, жыл, көрік, Наурыз.

__________________________________________________________________

Наурыз, әз, армысың

__________________________________________________________________

күні, ұлы, ұлыстың

_________________________________________________________________

5-тапсырма. Шеберлігіңді шыңда!

«Наурыз – ең сүйікті мереке», «Наурызды сүйікті мерекеге айналдыру үшін не қажет?» тақырыбынды блогта, e-mail-де хат, хабарландыру жазыңыз.


20.Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер.

1- тапсырма.Мәтінді тыңда Мәтінде не туралы айтылған? Өз ойларың мен пікірлерініңді білдіріңдер.Төменгі тапсырмаларды орындаңыз.

Наурыз - шығыс халықтарында жыл басы мерекесі. Парсы тілінен "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деп аударылады. Жаңа жылдың бірінші күні дейді. Халық наурыз мерекесіне дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, бақта ағаштарды отырғызады. Әдемі ұлттық киімдерін киеді. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды, сыйлық сыйлайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Бұл күні жер иесі Қыдыр Ата даланы аралап, баршаға бақыт пен береке тілейді. Мерекеде жастар ән айтады, би билейді және ұлттық ойындар ойнайды. Үлкен кісілер бата береді. Мереке көңілді өтеді.


Ә) Сөздік жұмысы:

Шығыс халықтырында – у восточных народов

Парсы тілінен – с персидского языка

Жер иесі - «хозяин» земли

Аралайды - обходит

Баршаға – всем

Бата – благословение

2 – тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Күн мен түн .................................... .

Әр үйде наурыз көже ....................... .

Наурызда адамдар ұлттық ойындар ......................... .

Керекті сөздер : пісіреді, теңеледі, ойнайды


3– тапсырма Сөздерді сәйкестендір

Наурыз

теңеледі

Қыдыр Ата

тағам

Күн мен түн

демалыс күні

Наурыз көже

мереке

Жеті түрлі

аралайды

Бұл күн

дайындайды


4-тапсырма. Есте сақта!

Жеті ата. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. «Жеті атасын білген

ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына сүйенген халық жеті атасын осылайша тарқатады:

Бала

Әке

Ата

Арғы ата

Баба

Түп ата

Тек ата (Ата-тек деген сөз – осыдан шыққан сөз).




ХІ. Жастар және мәдениет.

21. Жастар мәдениеті.

1- тапсырма. Мәтінді оқы, негізгі идеясын анықта.

Жастар — мәдени дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушылар. Жастар қашанда жалпы мәдениеттің ішінен қүрып алады. Олардың кей-біреулері мәдениетті мектеп бітіру, жоғары оқу орнында оқу, бірнеше тіл білу, дискотека мен түнгі клубтарға бару деп түсінеді.

Жастардың өзіндік мәдениеті деп макромәдениет ішіндегі жастардың өздерінің бейнесі, қылықтары, стильдері көрініс беретін; олардың санасына сыйымды, қабылдауына жақын; моральдық, көркемдік-эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын микромәдениетті айта­мыз. Екінші сөзбен айтқанда, жастардың өзіндік мәдениеті (субмәдениет) дегеніміз — олардың эстетикалық талғамдарына сай келетін, мәдени сұранысын белгілі деңгейде қанағаттандыратын, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

2-Тапсырма. Келешек, болашақ, ел ертеңі, қуаныш, мақсат, талап, оқу, білім, жетістіктер, мамандық сөздерін қатыстыра отырып, көршіңмен сұхбаттас.

3-Тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс»


Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тырыс. Қазақстан үшін сендер кімсіңдер?


Мен елімнің иесімін.


Мен адаммын.


Мен азаматпын.




4 -тапсырма. «Асыл тастан - өнер жастан шығады», - деп – дарынды халық айтады. Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесің? Өз пікіріңді жаз.


22. Жастар және ұлттық мәдениет.

1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, өз ойыңды 2 сөйлеммен айт. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді.

1. Мәтін мазмұны ... туралы. 
А) жастар
В) елбасы туралы
С) М. Жұмабаев туралы
D) қоршаған орта

2. Сөйлемді жалғастыр.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі...............

А) жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді
В) «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.
С) яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады
D) келешегі жастарға тікелей байланысты.

3. Мәтіннің негізгі ойы....

А) болашақ
В)
ғылым
С)
мемлекет
D)
планета

4 Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

А) Үлкенге – ізет, жасқа – жол.
В) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
С) Қаз келсе, жаз келер,Қарға келсе, қатқақ келер.
D) Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.


3-Тапсырма. Қарсы мағынадағы сын есімдерді жазыңдар:

биік-

жас-

ащы-

үлкен-

ыстық-

болашақ-

  1. Тапсырма. Шеберлігіңді шыңда!

Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы Мен жастарға сенемін» атты өлеңіне өз ойыңды жалғастырып жаз.


ХІІ. Технология жаңалықтары.

23. Еліміздегі жаңалықтар.

1- тапсырма. Мәтінмен оқып, таныс, 3 деңгейлі сұрақ құрастыр.

ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогреске көп көңіл бөлген. Техниканың жаңалықтары ғылым мен техниканың қазiргi табыстары туралы бiлуге мүмкiншiлiк бередi: жаңа технологиялар, электроника, компьютерлер, роботтар, гаджеттер, белгiлi корпорациялардың жылжымалы құрылымдары, қызықты өңдеулерi, коммуникациялардың құралы, футуристиялық концепттер, ғарыштық зерттеулер, архитектура, кеме салу, дизайн. Бiз техника жаңалықтары арқылы жаңа ғылыми зерттеулерді және олардың нәтижелерiн, олардың толық қарастыруы бар әлемнiң бастаушы елдерiнiң ғылыми өңдеулерi туралы бiле аламыз. Барлық жаңалықтар негiзгi бөлiмдер бойынша топталады: автомобилдiк технологиялардың жаңалығы, механика және электроника, қоршаған орта, авиация және ғарыш, көңiл көтеру және ғылым. Әрбір ғалымның мақсаты - қызықты және адам баласының техникалық жасауларын, әлемдегi ең жақсыны жасауды, шындығында бұл көңiл қойған әрбiр адамға ғылымның әлемi және техникадан өзi көкейкестi жаңалықтарды ашып және перспективалы болайын деп жатқан дәлелдерді жеткізіп отыру. Техника жаңалықтары адамға қызмет етіп экономиканың өсуіне көмектеседі.


2-Тапсырма. Суреттермен танысып, ғылым мен техниканың қай саласындағы жаңалықтарына жататыны анықта. 2-3 сөйлем құрастыр.



  1. Тапсырма. Досыңмен «Еліміздегі соңғы жаңалықтар» тақырыбына шағын диалог құрастыр.

4- Тапсырма: Талқылау сұрақтары.

1. Қазақстанда ғылым мен техниканың қай түрі жақсы дамыған?

2. Қазақстанда техника жағынан қандай соңғы жаңалықтарды білесің?

3. Қазақстанда ғылым ба немес техника жақсы дамыған ба қалай ойлайсың? Не себептен?

4. Соңғы жаңалықтарды көресің бе?

5. Бүгінгі сабақ туралы қандай жаңа ақпарат білдің?


24. Ең озық технологиялар.

1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, естіген мәліметтерді қолданып, түсінік ағашын толтырыңыз.

Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған.


  1. тапсырма. Сөйлемдерді оқы, өз ойыңды жалғастыр.

  1. Қазақстанда пластик бөтелкеден мата жасалатын болды..........

  2. Металды 3D басып шығару............

  3. Жасанды эмбрион...............

  4. Ақылды қала.............

  5. Қолжетімді жасанды интеллект.............

  6. Аудармашы құлаққаптар............


3- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндір.Кім болғың келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап бер.

Ғалым болу арманым

Ғалым болғым келеді

Жер байлығын ақтарған.

Жалын болғым келеді

Гүл жасайтын тастардан.

Асқақтаған күй болып,

Шалқып тұрғым келеді.

Жарқыраған күн болып,

Балқып тұрғым келеді.

Артқа тастап ғасырды,

Тасып кеткім келеді.

Алатаудай асылды

Ашып кеткім келеді.

/Х.Талғаров/

  1. Тапсырма. Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.


ХІІІ. Туған жер.

25. Туған жер. Демалыс.

1- тапсырма. Мәтінді оқы, жалғастыр.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер.............


2- тапсырма. Құрастыр, одан кейін жауап бер»әдісі.Берілген сұрақтар бойынша диалог құр.

1.Отан неге оттан да ыстық...?

2.Отан үшін от кешкен кімдер?

3.Сен отан үшін қандай ерлікке барар едің?

4. Патриот болудың қажеттілігі қандай?

3- тапсырма. Жоғары дәрежелі сұрақтар: берілген сұрақтар көлемінде ойланып, жауап бер.

1.Отан неге оттан да ыстық...?

2.Сен үшін Отаннан да құнды не? Неліктен?

3.Сен Отан үшін қандай ерлікке барар едің?

4- тапсырма.

«Еркін жазба » .

«Отан десем ойыма....» тақырыбында эссе жаз.


26. Отбасымның жазғы демалысы.

1- тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, ат қой. Мәтінге сүйене отырып, өз демалысың туралы жаз.Тест тапсырмларын орындаңыз

Жаз мезгілін бала атаулының бәрі де ерекше күтеді. Нағыз демалыс жазда болады.Сондықтан балалар бұл уақытты ерекше өткізгісі келеді. Балалар жазда түрліше демалады. Бірі жазғы лагерьлерде демалса, енді бірі ауылдағы ата- әжелерінің сағынышын басып қайтады. Кейбірі ата- аналарымен қалаларды аралап, шет елдергеде қыдырады. Мезгілдің бұл маусымы бой жазып, еркін тынығуға әбден қолайлы.

Сондықтан жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл болып табылады.



1. Жаз деген не?

а) көктемнің жалғасы

ә) күздің басы

б) қыстың ортасы

2.  Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда саяхатқа ...

а) түсеміз

ә) көреміз

б) шығамыз

3. Жазғы демалысты қайда өткіземіз?

а) мектепте

ә) сыныпта

б) атам мен әжемде

4.  Жазда болатын табиғат өзгерістерін табыңдар.

а) қар жауып боран болады

ә) қар еріп, күн жылиды

б) айнала гүлдеп күн ысиды

5. Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөздерді табыңдар

а) жайлау

ә) боран

б) ыстық

3-Тапсырма. Сөйлемдердегі суреттердің орнына тиісті сөзді жаз.

Мынау- Балқаш . Балқаш көлін түрлі мекендейді. Балқаш көліндегі мыңдаған адамдар демалады. Балқаш көлінде түрлері көп.


4-Тапсырма. «Жұптас-ізден-талқыла» стратегиясы бойынша «Жазғы демалыс орындары» тақырыбында АКТ қолдана отырып ізденеді.


ХІҮ. Гендік модификацияланған өнімдер (ГМӨ).

27. ГМӨ-нің зияны.

1- тапсырма. Мәтінді оқы, мазмұнын өз сөзіңмен әңгімеле.

ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсім­діктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ-өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. ГМО-ның шаруашылықтағы пайдасы өте көп. Мәселен, тағамның дәмділігі мен сапасы артады, тез пісіп, жетілуін жеделдетеді, құнарлылығы жоғарылайды, ұзақ уақыт сақтауға болады, құрт түсуден, зиянды ағзалардан сақтайды, ең бастысы жаңаша өсіру технологиясы арқылы жаңа түр алады.


2- тапсырма. «Венн» диаграммасын толтыр.

Сыни ойлауға тапсырмалар.


Shape16 Shape17

ГМӨ-нің зияны

ГМӨ-нің пайдасы



Shape18




  1. Тапсырма. Жақша ішін ашып жаз, сөйлемдерді көшір.

ГМӨ- бұл гендік кодына (чужие) гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Қазір байқап қарасақ, сатылатын (овощи-фрукты) сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Гендердің өзгеріске ұшырауынан (неизвестные ядовитые) заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін.


4 – тапсырма:

«Салыстыра талдау» әдісі

Жеңіл тағам фастфуд пен ГМӨ-нің ұқасатықтары мен өзіне тән айырмашылықтарын салыстыра сипаттаңыз.


28. Жасанды тағамдар және адам ағзасы.

1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, негізгі ойын анықта.

Қазіргі таңда қалада кез – келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпы аш қалмайсың. Дәрігерлер мен диетологтар айтқандай фаст – фуд адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян. Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар өте көп. Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст – фуд тез әзірленетін тағам қатарына жатады. Фаст – фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп – жеп жүрсе, кейбіреулер анда – санда ғана пайдаланады. Тамақты асықпай үйде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы ірң бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауііпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Дәрігерлер фаст – фудтың қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдар жиі сатып алады.

2- тапсырма: Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап бер.

  • Бізді қызықтыратыны, осы фаст- фуд қайдан шықты?

  • Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал?

  • Олардың сапасы мен құрамында не бар екен?

  • Осындай тағамдармен тамақтану шын мәнінде адам ағзасына зиян ба?

3-тапсырма: Адам ағзасына қауіпті 8 тағамды жаз.


4-тапсырма: Ғаламторды пайдалана отырып, фаст-фуд жайлы қызықты фактілерді жаз.______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

ХҮ. Қоғамдағы орындарда өзін-өзі ұстау.

29. Адамдардың қарым-қатынасы.

1 тапсырма. І- деңгей. Мәтінді мұқият тыңда. Негізгі идеясын аш.
Кино - қазіргі кезде елдің беделін халықаралық деңгейде көтере білетін, халық өнері мен мәдениетін басқа мемлекеттің тұрғындарына насихаттай алатын басты құралға айналған. Әрине бұл жерде режиссерлер мен актерлердің шеберлік, іскерлік қабілеттеріне көп байланысты. Әрине, басты көрермен өзіміз бола отырып, осындай жетістіктер мен кемшіліктерді бір-бірімізбен бөлісіп, кең талқыға салсақ - бұл отандық кино өнерінің дамуына қосылған бір үлес болар еді
2. Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Сыныптасымның аты- ........ Ол ......... жаста. Оның ...... бар. Ол ..... көшесінде тұрады. Мінезі ........................ Оның көзі ......., шашы........, бойы......... Ол .................... адам.
II деңгей Тест орындау.
1. 1.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Қазақстанның ұлттық мерекесі ..............
а/Халықаралық әйелдер күні.
ә/Республика күні
б/Адам құқықтарының күні.
2.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазыңыз.
1 қазан ...........халықаралық күні.
а/Қарт адамдардың 
ә/Біріккен Ұлттар Ұйымының
б/Қауіпсіздік күні
3.Той сөзінің синонимдерін белгілеңіз.
а/мейрам,мереке
ә/би,өлең
б/гүл,өсімдік
4.Антонимді табыңыз.
а/шығыс,солтүстік. 
ә/күз,жаз.
б/күн,түн
5.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Наурыз-........деген мағынаны білдіреді.
а/жаңа күн
ә/жаңа жыл
б/ескі күн
III деңгей
1. Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

3 - тапсырма. Адамның мінезіне қатысты қандай сөз тіркестері мен фразеологизмдерді білесіз?

Үлгі: Қой аузынан шөп алмас.

...........................

............................

.........................

.........................

Мағынасын түсіндір.

1. Көзді ашып-жұмғанша- ..................

2.Таяқ тастам-........................

3.Мұзға отырғызып кету-....................

5.Жұмған аузын ашпау-........................

4- тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.

1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,

Алған жары жақсы болса, мың бақыт.

2. Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің;

Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

3. Ақ жаулығы ананың-

Ақ көрпесі баланың.

4. Ана көрген тон пішер,

Ата көрген оқ жонар.

5. Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келер.

6. Ұлың үйленсе-ырысың,

Қызың орын тапса-өрісің.

7. Туғаным- туырлығым,

Қарындасым- қазынам.

30. Қоғамдық орындардағы этикет.

1- тапсырма: Мәтінді оқы, негізгі идеясын анықта.

Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпайы ғана өткізіп жіберуді сұрайды. Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі. Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.  Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді. 
2- тапсырма. Кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? Ойды жалғастыр.
Кітапханада:
 
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды...................................................................................................................

Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Мұражай мен көрмеде: 
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді. ........................................................................


Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Театрға спектакльдің басталуына 15 - 20 мин. қалғанда келу керек.. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады. Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді. Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді. Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады. 
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді. 


Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай? 
Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Қазіргі кезде мектеп балалары қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Автобуста үлкендерге орын бермейді.Автобусқа мінген мектеп оқушылары дабырлап, айқайлап, үлкендерден ескерту алып жатады. Бірақ бәрі бірдей деп болмайды. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін - өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе балалар мұны қазірден ойға түюі қажет. Менің ойымша балалар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек. 


3- тапсырма. Сіз үлкен сауда орталығында жүрсіз. Осы тақырыптар көлемінде әңгімелеңіз.

Келесі сұрақ бойынша жауап бере отырып: Өз-өзіңізді қалай ұстайсыз?

1.Сіз сыйлықтар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.

2.Сіз киімдер бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.

3. Сіз зергерлік бұйымдар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.

4. Сіз азық-түлік бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.

5. Сіз шаруашылық заттар бөліміндесіз.Әңгімелеңіз.


4- тапсырма. Топтық жұмыс.

1 топ: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу

2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру

ХҮІ. Полиглот болғым келеді.

31. Үш тілді білу-заман талабы.

1-Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтін не туралы?Мәтінде қандай мақалдар қолданылғанын анықтаңыздар.

Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.

Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.



2- тапсырма: Сұрақтарды талқылаңдар.

- Егер мүмкіндігін болса, қай елде білім алар едің?

-Жақсы маман болу үшін тек шетелде білім алу керек пе?

-Биыл Қазақстанда қандай жоғары оқу орны ашылды? (Назарбаев университеті)

- Онда оқығандар қандай білім алады?

-Келешекте кім болғың келеді?

3- тапсырма: Жақсыны көрмек үшін

Берілген сөздерден мағнасына қарай сөйлемдер құрандар.

А) өте, тілін, оңай, қазақ, үйрену.

Ә) барып, үшін, мен, жүрмін, қазақ, курстарға, тілін, арнайы, уйрену.

Б) жақсы, ағылшын, мен, қазақ, білемін, орыс, тілдерін.

В) де, тіл, өнер, бірнеше, білу.

Г) меңгергім, көптеген, келеді, мен, тілдерді.

4- тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.

1.Тіл жетпейтін-.................. дүниенің сәні

2.Тілдің құлпы-................... үйлесе біледі

3.Сөйлесе білген, ............... тіс

4.Тәтті сөз............................ түпкір жоқ

5.Сөз-.................................... тас балқытады

5- тапсырма: Даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөзді қалай тсінесің?. Өз ойыңды жаз.


32. Тіл тағдыры-ел тағдыры.

1- тапсырма: Мәтінді оқып, төменгі тапсырмаларды орында.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

I деңгей

2. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.

Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.


Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!


Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!


Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

(М.Жұмабаев)


II деңгей

  1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.

2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.

Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады./түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/

3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.

Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады

а/ Байрақ, жалау, жалауша

ә/ Таңба, белгі, мөр

б/ Ту, елтаңба, әнұран

2. Қазақ елі туының түсі .....

а/ қызыл

ә/ сары

б/ көк

3. Зеңгір көк ..... белгісі

а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның

ә/ қуаныштың, жеңістің

б/ жамандықтың, бейбітшіліктің

4. Күнге табыну ...... дүниеге келген

а/ батыста

ә/ солтүстікте

б/ шығыста

5. Күн бейнесі ...... белгісі

а/ татулықтың

ә/ байлық пен берекенің

б/ достықтың


III деңгей

1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.

2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.

Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.

4-Тапсырма. Блиц-сұрақ әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ)

1. Тілдің пайда болуына не себеп болды? 
А. Адамзат қоғамының пайда болуы 
В. Ұжымның пайда болуы 
С. Отбасының пайда болуы 
2. Тілді дамытатын кім? 
А.Сөз, сөйлем
В. Оқушы, мұғалім
С. Қоғам, халық
3. Тіл не үшін керек? 
А. Әңгіме айту үшін 
В. Өмір сүру үшін 
С. ЖОО-на түсу үшін 
4. Адамды адам ететін не?
А. Тіл В.Ой С. Ақыл
5. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?
А. 4000 В.2000 С.5000

ХҮІІ. Әлемді өзгерту кілті-білімде.

33. Әлемді өзгерткен адамдар.

1- тапсырма. Мәтінді оқы, мазмұнын айтып бер.

Билл Гейтс – әлем бейнесін өзгерткен адамдардың бірі. Бірақ оның басқа миллиардерлерден айырмашылығы – ол бұл жағдайға газ немесе мұнайдың емес, өз ақылының арқасында жетті. Билл Гейтстің негізгі еңбегі – қолмен ұстап көруге болмайтын нәрседен үстеме табыс көру мүмкіндігін онжыл бұрын көре білуінде, адамның интеллектік қызметінің өнімі болып табылатын – компьютерлік бағдарламалар болып табылады. Стивен Хокинг.Ол физика теориясын зерттеп, тіпті ғаламшар заңдылықтарын ашу­ға да септігін тигізген. Со­ны­мен қатар ол 7 бестселлер мен 14 награданың иесі.
2. Ким Унг-Йонг.
Ким Унг-Йонг – кореядан шық­қан вундеркинд. «Гиннестің ре­кордтар кітабына» енген. Екі жа­сында екі тілді еркін меңгеріп, төрт жасында математикадан қиын есептерді шешкен. Сегіз жа­сында АҚШ-қа НАСА да жұ­мыс істеуге шақырылған.
3. Пол Аллен.
Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақ­шаға айналдырып, 14,2 мил­лиард доллар байлыққа ие болған. Жер шарындағы байлардың тізі­мінде 48 орында тұр.
4. Рик Роснер.
Ол телевидениеде продю­сер­лік­пен айналысады. Былай қарап отыр­саңыз, түкке тұрмайтын кә­сіп. Алайда ақыл-ойының арқа­сын­да танымал болған.
5. Гарри Каспаров.
Шахматтан әлем чемпионы ата­ғын 22 жасында алған. Осы ата­ғын ұзақ жыл сақтаған бірегей адам. 2005 жылы Каспаров спорт­тық мансабын аяқтап, саясат пен жазушылыққа бет бұрды.
6. Сэр Эндрю Уайлс.
Британдық математик Эндрю Уайлс 1995 жылы Ферманың ұлы теориясын ашып, әлемдегі ең қиын есепті шешті. Математика мен ғылымда әлемдік маңызға ие 15 награданың иесі атанған.

  1. Тапсырма. Мәтінге және ғаламторға сүйене отырып, кестені толтыр.

Аты-жөні

жасы

қызметі

Несімен танымал болды






























  1. Тапсырма: Оқы, ойды 7-8 сөйлеммен жалғастыр.

Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды.


34. Егер мен әлемді өзгерте алсам...

1-Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.Мәтінге ат қойыңыз.Мәтін бойынша диалог құрастырыңыздар

Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста.

Адам - әлемнің бір бөлігі. Оның түп негізі де болмыстан, жан мен тәннен құралады. Өмір атты ұзақ жолда барлығымыз да жолаушымыз. Аз ғана ғұмырымызда игі істер жасауға талпынуымыз керек. Сол себепті әлемді өзгертуді өзіңізден бастаңыз.

Айналадағы адамдар әртүрлі. Олардың мінездері де әртүрлі. Біреуі мейірімді, жүрегі сүйіспеншілікке толы болса, енді біреуі мүлдем басқа. Сондықтан әлемді өзгертуді өзінен бастауы керек.

Еліміздің болашағы бұл балалар. Ал балалардың жақсы болып жетілуі, бұл еліміздің дұрыс қарым - қатынаста болуы әсер етеді. Бала тумысынан жаман болмайды, оны тәрбиелеуші ғана жаман болуы мүмкін. Бұл көпке аян ақиқат. Бала мінезін дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің жақсы, шебер тәрбиелік қасиет болу керек. Әсіресе, бұл жерде мектеп пен отбасы бірлігі керек. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу - ата - ана мен мұғалімге жүктелер міндет. Демек, мектеп пен ата - ананың міндеті - баланы ізгілікке жетелеу. Тек ата - аналармен тығыз қатынаста ғана, яғни ортақ күш - жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға дұрыс тәрбие бере алады.

  1. Тапсырма. Мәтіннен асты сызылған сөздерінің түбірін тап. Жалғауларын анықта.

Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.

1. Әдемі, сұлу, ...........................................................................................

2. Батыр, ....................................................................................................

3. Жақсы, ...................................................................................................

4. Тез, .................................................................................................... ....

5. Ағайын,

3- тапсырма. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.

Әлем, ғұмыр, көмек, жаңалық, аян, теріс, ізгілікке жетелеу, бағыт беру, жақсы қасиет, ортақ күш, ата-ананың міндеті.


4-тапсырма. «Егер мен елімнің президенті болсам» тақырыбында орта көлемді әңгіме жаз.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:






  1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

  2. ҚР «Білім туралы Заңы», 2007.

  3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты

  4. Еуропалық стандарт негізінде қазақ тілін деңгейлеп оқыту бағдарламасы - 2013.

  5. Қ. Абинова «Қазақ тілінен дидиактикалық материалдар» (орыс мектебінің 5-7 сыныптарына әдістемелік құрал) Алматы 1996 жыл.

  6. К. Жунусбекова «Казахский язык» пособие для изучающих казахский язык- Алматы Рауан 1995 жыл.

  7. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық» Тусупбекова А.М. Қарағанды- 2013 жыл.

  8. Қазақ тілі мен әдебиеті Бәйшешек. І,ІІ бөлім. 7-сынып Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, Р.С. Рахметова, А.Қ. Рауандина, Б.Қ. Мукеева Көкжиек –Горизонт. 2017

  9. Тіл ұстарту мәтіндері. 5-11 сынып Ж.Адамбаева Алматы «Рауан»1997

  10. Қазақ тілі. 4-7 сынып оқулықтары. Алматы «Рауан» 1993

  11. Білім беру бағдарламалары орталығы. НЗМ. Қазақ тілі – сынып Кіріктірілген білім беру бғдарламасы бойынша оқу-әдістемелік құрал (Т 1) Астана-2014

  12. Білім беру бағдарламалары орталығы. НЗМ. Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары. Оқу-әдістемелік құрал. Астана-2014
















58


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
4281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі