жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қызықты қыс мезгілі
№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының жоғары санатты тәрбиешісі Рахимбердиева Гульмира Алимбековна
«Айгөлек» кіші тобы
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі»
Апталық тақырып: «Қардың пайдасы»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Шана».
Мақсаты:
Білімділігі: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету..
Дамытушылығы: Қысқы ойындарға қажетті құралдардың бірі- шанамен таныстыру, балаларды қарапайым құрастыру тәсілдеріне үйрету.
Тәрбиелігі:Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Заттық дамыту ортасы: Мазмұнды суреттер, слайд, үлестірмелі материалдар.
Билингвальды компонент: қыс-зима, шана-сани.
Сөздік жұмыс: Аппақ күміс, шананың табаны мен арқалығы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдер. |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық -ізденістік.
|
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң достарым
Қыста ғана болады, Ұстасаң қол тоңады.
Шанамен зырғып келетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Аппақ күміс бар әлем, Зымыраймыз шанамен, Тоғайлар тон киеді Аяз беттен сүйеді Жиналып ап бар бала Тұрғызамыз аққала.
Бүгінгі құрастыру оқу-қызметімізде біз шанаға орындық орнатып құрастырамыз.Шанаға сипаттама слайдтан шана қандай бөліктерден тұратынына назар аударайық. Шананың темірден жасалынған табаны, отыратын орындығы және арқалығы болады. Қазір сендердің алдарыңда шана тұр, балалар біз сол шанаға отырып ойнау үшін немесе үйге, балабақшаға келіп кетерде біз тұрып тұрмаймыз, яғни оған отыруымыз үшін тақтайшалар орналастыруымыз керек, түрлі-түсті: қызыл, сары, көк. Осы түрлі-түсті таяқшаларды орналастырайық.
Билингвальды компонент: қыс-зима, шана-сани.
Сергіту сәті:
Қар жауады сол жақтан. Қар лақтырып ойнаса, Су болады қолғаптар.
«Тіл ұстарту» жаттығуы: Ыс-ыс-ыс, Келіп жетті қыс. Ар-ар-ар, Жауады қар
Дидактикалық ойын. Тақырыбы: аққаланы құрастыр. Шарты: балалар, алдарыңда аққала бірнеше бөлікке бөлінген, осы бөліктерді біріктіріп, аққаланы құрастыруымыз қажет. |
Балалар өлең жолдарын қайталайды.
Балалар зейін қоя тыңдайды.
Бала зейін қоя тыңдайды.
Қалтырайды құс деген. Құлақшыңды кимесең, Құлағыңды тістеген.
Қандай суық қыс деген? Бәрін шебер істеген Бақша, бауды, тауды да Бояған ақ түспенен.
Балалар құрастыруға кіріседі.
Балалар қайталайды: қыс-зима, шана-сани.
Балалар өлең жолдарын қимыл-қозғалыс жасап орындайды.
Балалар аққаланы құрастыруға кіріседі.
|
Рефлексиялық -түзетушілік. |
Қорытынды:
Балалар бүгінгі оқу-қызметіне барлықтарын жақсы қатысып, атсалыстыңдар |
Аққаланы |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қыс мезгілінде ойнайтын ойындарды;
Нені меңгерді:Қыс мезгілі және оның ерекшеліктерін;
Нені біледі:Шананың қандай бөліктерден тұратындығын;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген