жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қызықты сағат"
Тақырыбы:
"Қызықты
сағат"
Мақсаты:
Логикалық
есептердің оқушының
ойлау қабілетін
дамытудағы тиімділігін дәлелдеп, сабақта әрі кез-келген уақытта
қолдану мүмкіндігін дамыту.
Міндеттері:
-
Қызығушылығын арттыру;
-
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
-
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Қатысушылар:
7-8
сынып
оқушыларынан 5 оқушыдан 4
команда.
Ойын
ережесі:
Ойынға
әр
сыныптан 5
оқушыдан 4
команда
қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол
үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына
көбірек бағам қою керек. Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады,
ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе,
ұпайлары қосылады және келесі сұрақты олар таңдайды. Команда
мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты, жадыны
дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап
берулері керек.
С Ц Е Н А Р И
І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар, әділ қазылар
алқасы және ойынға
қатысушылар! Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға
өте қуаныштымыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте
жауапты екендігін біле отыра, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат
жасап, оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды
қызықтыра білу.
Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
7 «А» сыныбы
7 «Б» сыныбы
8 «А» сыныбы
8 «Б» сыныбы

Логикалық тапсырмалар
10. Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды.Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар? (адамның 2 аяғы)
20. Бір таяқшаны ғана қозғап, үйді басқа жағына көрінетіндей етіп ауыстыр.

30. Дүкеннен 19 теңгеге сауда
жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік.
Тығырықтан шығар жол бар ма? (24тг)
40. Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде,
ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)
50. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
(12)
Есептер
10. Нәтиже дұрыс болатындай етіп амалдардың таңбаларын қой.

20. Дұрыс теңдік шығатындай берілген сандарын орналастыр.

30. Бос орынды толтыр

40. Заңдылықты анықтап, бос торкөзді толтыр

50. Шаршының торкөздерінде 1, 15, 20 сандары қойылған. Енді сен бос орындарға 2, 3, 4, 5, 6, 8 цифрларын қой. Олардың тігінен және әр жолындағы сандардың көбейтіндісі 120 болуы керек.
|
20 |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
15 |
|
20 |
6 |
1 |
|
3 |
5 |
8 |
|
2 |
4 |
15 |
Жұмбақтар.
10.
мысық-3 мяу
әтеш-8 ку ка ре ку
есек-2 иа
бақа-3 ква
көкек-4 ку ку
ит-? Гав
20. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы
бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара. (жыл, ай, кун мен түн)
30. «К» - ден бастап оқысаң
Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы. (екілік –
кекілік)
40. Егер «М» бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын (май –
ай)
50.
Табиғаттың атауына қоссаң,
Егер бақаны,
Ыстық жерде
Жәндік болып жатады.
(тасбақа)
Ойындар
10. Берілген доминоларды көлденеңінен және тігінен қосқанда 10 шығатындай етіп орналастыр.

20. Берілген фигураларды құрастыр.

30. А, Б, В сатылары сынған. Оларды жөндеу үшін екі-екіден сатыларды бір-біріне қосу арқылы тап.

40. 24 бірдей доп берілген. Әр қатарды 5 топтан болатындай етіп, барлық доптарды 6 қатарға орналастыр. ( дұрыс алтыбұрыш, әр қабырғаға 6 доптан)
50. 5 алманы 6 балаға бірдей етіп қалай бөліп беруге болады?

Тест
10. Шахматтың тақтасында неше қара торлар бар? (32)
20. Қай фигурада жасыл түс көбірек жағылған? (3-ші)
30. Қай фигурада жасыл түс көбірек жағылған? (45)
40. Екі көршілес сандарды қосу арқылы пирамиданың мәнін тап! (48)
50. Екі сөреге қанша алма сияды? (10)
Финал. «Кім көп біледі?»
Төрт топ «А», «П», «С», «К» әріптерінен біреуін таңдап алып осы дыбыстардан басталатын математикалық сөздерді айтады. Көп білетін ойыншы жауабына қарай ұпай алады. 5 пен 10 ұпай беріледі.
Мысалы:
А.Аргумент, арифметика, .....
К.Көбейту,конус,куб,кесінді,көлем,...
С. Синус,сүйір,сектор,стереометрия, ...
П. Пирамида,планиметрия, Пифагор,плюс,порабола,перпендикуляр, ...
Қорытынды, марапаттау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген