400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызықты тапсырмалар" атты логикалық қазақ тілі тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қызықты тапсырмалар" атты логикалық қазақ тілі тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Логикалық тапсырмалар.

Ұсынылып отырған  «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы  қазақ тілінің  бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді  көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.

Берілген  тапсырмаларды  орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой  өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына  ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен  ізденіп  жұмыс жасауына мүмкіндік  береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді. 

«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Тапсырма

 Берілген  сөздерді   алфавит  ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А)  __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________

                                     

 

Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте  орны  бар.

Оқылмайтын  жазса да,

Қай  белгі ол табыңдар. 

Шешуі  _______ ____

 

Тапсырма

Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

 

«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.

 

Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................

 

У - дыбысының жазылуы

У - әрпі  кейде  дауысты,  кейде  дауыссыз  дыбысты  білдіреді. 

Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында  тұр.

Суға  -дауысты  дыбыс,  екі  дауыссыздың  ортасында тұр.

Тауық  -екі  дауыстының  ортасында  келсе,  дауыссыз дыбыс.

У дыбысына  біткен  қимылды  білдіретін  сөздерге  у  дыбыс  қосылғанда  екі  у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу

Тапсырма

  Берілген  сөздердегі  у  қандай дыбыс  екенін  айт

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс. 

 

Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

Тапсырма

Кестені  толтыр.

Дауысты  у                                           Дауыссыз  у

Тулақ                                                                         Уәзір 

__________________                       _________________

__________________                       _________________

__________________                       _________________

__________________                       _________________

 

Я, ю, ё  әріптерінің   жазылуы

 

я=й+а

ю=й+у

ё=й+о

 

я, ю, ё  - әріптердің  дауысты  дыбыстар. Бұл әріптер  жеке  тұрып та,  дауыссыздармен  тіркесіп  келіп  буын  құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

                        Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

      Тапсырма

Сөз жұмбақты  шеш.

 

 

 

я

Кісінің аты 

 

я

 

Кісінің аты

 

 

 

я

 

Шөп 

 

 

 

Шөп

 

 

 

я

 

Жәндік аты 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
06.08.2025
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі