15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Р" дыбысы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы
№3жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің тәрбиешісі
Махуова Гүлден Шынболатовна
ТАҚЫРЫБЫ: Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі |
|||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
|
||
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дыбыстарды ажыратады. Р дыбысы – дауыссыз дыбыс, р дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі р дыбысының орнын ажыратады. Р дыбысының баспа түрін жазу жолдарына жазады. |
||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Сұраққа толық жауап беріп, р əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастырады.Р əрпінің баспа түрін жазады Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Домино ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Бұл суретте не болып жатыр? Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастыр Раушанға қалай көмек береміз? Р əрпі тағы қай затқа ұқсайды? |
||
Өткен ҰОҚ- дан алған білім |
Сөз бен сөйлемді ажыратады.Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды. Əңгіме құрастырады. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
|
Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
|
|
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 20мин. |
Армысың, əлем! Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді). Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға созады). Армысың, менің досым!(Қолдарын бір-біріне қарап созады). (Ұ) Қарғаның суретін көрсетеді. Қарға қалай дыбыстайды? Балалар қарғаның дыбысын келтіреді. Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі. Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Бұл суретте не болып жатыр?
Балалар суреттегі көріністі əңгімелейді. Қарғаның дыбысын келтіреді. Суреттегі заттарды атайды. Р дыбысы естілетін сөздерді анықтайды.
2-тапсырма 1-тапсырмадағы суретпен байланысты. Суреттегі бала санын анықтайды. Санды көрсетеді (төрт). 3-тапсырма. Р əрпінің баспа түрімен таныстырады.Педагог Р дыбысының айтылуын үйретеді (Р – тілдің алдымен жəне дірілмен айтылады). Р əрпімен таныс болады. Р – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз. Р əрпінің бейнесіне қарап ұқсас заттарды атау. Р əрпін ауада жазып көрсетеді. (Ұ) Сергіту сəті Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды. Слайдтан көрсетілген Айя мен Əлидің əнінің негізінде аққала жасауды қимылмен билеп көрсетеді. 4-тапсырма. Р əрпінің жазылуын көрсете отырып, қандай затқа ұқсайтынын елестетеді.
Жылқышының құрығындай, Тіп-тіке тұруын-ай(М. Əлімбай) Педагог жылқышының құрығы туралы түсіндіреді. 5-тапсырма. Домино тастарынан Р əрпін құрастырады. Суреттегі үлгіні педагогтің көмегімен қайталайды. Өз беттерімен Р əрпін құрастырады.Р əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.
|
Əліппе-дəптер.
Сызба сызылған плакат.
Музыка əуені.
Слайд
Р əрпі жазылған плакат немесе слайд.
Əліппе-дəптер. Суреттер. Домино тастары. |
|
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
20-25 мин. |
Педагог балалардың белсенділігін талқылап оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе дəптері |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген