400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Р дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа дыбыстарды үйрете отырып Ғ,Р,Л,У дыбыстары кездісітін сөздерді айтқызу. Буынға бөлгізу, сурет бойынша әңгіме құрау.«Р» дыбысын жеке,буында,сөзде,сөз тіркесінде,сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 11.10.2019

Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа дыбыстарды үйрете отырып Ғ,Р,Л,У дыбыстары кездісітін сөздерді айтқызу. Буынға бөлгізу, сурет бойынша әңгіме құрау.«Р» дыбысын жеке,буында,сөзде,сөз тіркесінде,сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
Түзетушілік мақсаты: «Р» дыбысын басқа буын,,сөз,сөйлем ішінде дұрыс ажырата      білуге үйрету.Оқушының фонематикалық қабылдауын,ойын    тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Топша Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы,артикуляциялық жаттығулар,түрлі   суреттер,тапсырмалар,әріптердің кесіндісі,айна,түрлі-түсті қағаздар т.б.


І.Ұйымдастыру кезеңі: Бір-біріңе жылы тілектер айтыңдар.

Сөздік тынысты дамыту:

Қол алға, тыныс алу қолды екі жаққа созу, тыныс шығару қол жайлап қосылады, тыныс шығарғанда в в в в дыбысын айту, соңында алақанды соғу.

Артикуляциялық жаттығулар:«Сағат»,«Тіс тазалау» ,«Кесе» ,«Саңырауқұлақ», «Тәтті тосап», «Сылақшы», «Ашуланған мысық», « «Тарақ», «Піл», «Бақа»

Дыбыстық жаттығулар: Ішке терең тыныс алып,өкпеден шығарғанда әріптерді атау: «А», «Ә», «Е», «О», «Ө», «У», «Ғ», «Қ», «Р» , «Х»


«Р» дыбысының артикуляциясымен таныстыру.
Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз:
— ерін аздап дөңгеленіп тұрады;
— жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді;
— тілдің ұшы қатты таңдайға  көтеріледі;
— тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
— тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
— жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып,ауаның мұрын
қуысына өту жағын жауып тұрады;
— дауыс шымылдықтары қатайып,бір-біріне жақындап,діріл арқылы дыбыс шығады;
— ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді;


Дыбысты қоюға арналған әдістермен жұмыс:
1.Балаға «Р» дыбысының артикуляциялық кескінін көрсету арқылы;
2. «Р» дыбысын қайталап айтқызу арқылы;
3. «Р» дыбысын айтқызу кезінде тілді жоғары көтеріп ұстап тұру арқылы;
4. «Р» дыбысына байланысты сөздерді буындап айтқызу арқылы;
ра-ра-ра-ара                               ор-ор-ор-тор
ро-ро-ро-рома                            ру-ру-ру-қару
ар-ар-ар-қар                               ур-ур-ур-ура

«Р» дыбысына байланысты балалардан өлең жолдарын сұрау арқылы;
Артикуляциялық жаттығулар жасату.

«Кімнің тісі таза?», «Дәмді тосап», «Кесе», «Сағат тілі» т.б.

«Р» дыбысынан басталатын сөздерді жұмыс дәптеріне жазып келу.

VІ.Қорытынды:

1) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
а) Сөйлемді оқу.Сөйлемдегі қай сөзде «Р» дыбысы кездеседі?
«Менің ағам жоғары сыныпта оқиды»..Жауабы: «Жоғары».
ә) Жоғары деген сөзде «Р» дыбысы қай буында? Жо-ға-ры.Жауабы: Үшінші буында.

2) Жұмбақ арқылы сабақты қорытындылау.

Қорапқа қамалып
Айтары жаңалық. (Радио)

Гүлге қонады
Шырынын сорады. (ара)

Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ. «Р»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі