400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Р дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Мен – үлгілі баламын. Р р дыбысы жəне əрпі

Күні:16.10.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД « В »

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.2.1. Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дыбыстарды ажыратады.

Р дыбысы – дауыссыз дыбыс, р дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі р дыбысының орнын ажыратады.

Р дыбысының баспа түрін жазу жолдарына жазады. Көпшілік тəрбиеленушілер: Сұраққа толық жауап беріп, шағын əңгіме құрайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Р дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы р дыбысының орнын ажыратады Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, р əрпінің элементтерін жазады. Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Р дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, р əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазады.





Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Домино

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр? Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастыр Раушанға қалай көмек береміз?

Р əрпі тағы қай затқа ұқсайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.



Армысың, əлем!

Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді).

Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға созады).

Армысың, менің досым!(Қолдарын бір-біріне қарап созады).



(Ұ) Қарғаның суретін көрсетеді.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















Қарға қалай дыбыстайды?

Балалар қарғаның дыбысын келтіреді. Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі.





(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс



1-тапсырма



Бұл суретте не болып жатыр?



Балалар суреттегі көріністі əңгімелейді. Қарғаның дыбысын келтіреді. Суреттегі заттарды атайды. Р дыбысы естілетін сөздерді анықтайды.



2-тапсырма 1-тапсырмадағы суретпен байланысты. Суреттегі бала санын анықтайды. Санды көрсетеді (төрт).



3-тапсырма. Р əрпінің баспа түрімен таныстырады.



Педагог Р дыбысының айтылуын үйретеді (Р – тілдің алдымен жəне дірілмен айтылады).



Р əрпімен таныс болады.



Р – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.



Р əрпінің бейнесіне қарап ұқсас заттарды атау.



Р əрпін ауада жазып көрсетеді.



(Ұ) Сергіту сəті



Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.



Слайдтан көрсетілген Айя мен Əлидің əнінің негізінде аққала жасауды қимылмен билеп көрсетеді.



4-тапсырма. Р əрпінің жазылуын көрсете отырып, қандай затқа ұқсайтынын елестетеді.



Жылқышының құрығындай, Тіп-тіке тұруын-ай. (М. Əлімбай)



Педагог жылқышының құрығы туралы түсіндіреді.



5-тапсырма. Домино тастарынан Р əрпін құрастырады. Суреттегі үлгіні педагогтің көмегімен қайталайды.



Өз беттерімен Р əрпін құрастырады.



Р əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.















Кітапхана бұрышы, кітаптар















Әліппе-дәптер



Сызба сызылған плакат.











































Музыка əуені.







Слайд



Р əрпі жазылған плакат немесе слайд.

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог балалардың белсенділігін талқылап оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі