400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Р дыбысын мақал-мәтелде, жаңылтпашта машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Р дыбысын мақал-мәтеде және жаңылтпашта айтп машықтануға арналған сабақ жоспары. Жоспар ішінде бірнеше мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 6 апта

Тақырыбы :«Р» дыбысы айтылуын мақал-мәтелде,жаңылтпашта машықтандыру

Мақсаты:«Р» дыбысын жаңылтпашта және мақал-мәтелде анық және таза айтқызу

Міндеті:

Түзету- білімділік:«Р»дыбысын жаңылтпашта анық айту

Түзету-дамытушылық: фонематикалық естуін дамыту, ойын тапсырмалары арқылы ойлау, қабылдау, зейінін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға үйрету.

Түзету-тәрбиелік: тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер:«Р» дыбысының профилі және суреттер, айна, артикуляциялық жаттығудың суреттері, жаңылтпаш және мақал-мәтелдер жинағы.

Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңбе?

Көңіл-күйің қалай?

Жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?



Сәлеметсізбе!

Жақсы.

Оқушының жауаптары.

Негізгі бөлім:

  1. Ең бірінші «Р» дыбысының артикуляциясын қайталайық.

Еріннің қалпы келесі дыбысқа тәуелді;

Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;

Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;

Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.

Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді

  1. «Р» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз

«Жымию»

«түтікше»

  • «Сағат»

  • «тәтті тосап»

  • «Әткеншек»

  • «Ат шауып келеді»

  • «Саңырауқұлақ»

  • «Баян»

3.Жаңылтпашта айтып машықтану



Құрақ құрап көрпе көктеді,

Қырық құрақ көрпе көктеді.


Көктемде шөп өнер жер

Мал келер, мал ерер жер.


Ерді ел елер,

Ер елге еркелер.


Қанар қаптарды қаптап артар,

Шанақ арбаны аттар тартар.


Қаһарлы айдаһар

Шаһарға келіп,

Қаһарланар.


Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,

Алқапты аппақ ақ қар жапты.

«Р» дыбысын мақал-мәтелде айтып машықтану

Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.


Амандасқан да - өнер.


Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар,

Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар.



Р дыбысының артикуляциясын көрсетеді












жаттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды






Логопед соңынан дұрыс қайталау.


Сергіту сәті:

Біз орманда келеміз,

Күн бұлттанды.

Жаңбыр жауды

Жаңбыр қайта жауды.

Күн басылды,

Қабағымыз айдай ашылды.

Қайталап ,орындайды


Түзету ойыны: Д/о:

«Кім тапқыр»


«Р» дыбысына сөздері бар жаңылтпаштарды ауызша айту.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексия:

Өзіңе ұнаған смайлик арқылы көңіл-күйіңді білдір.

Ұнаған смайлигін таңдайды

Қорытынды:

Қандай тапсырмалар орындадық?

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!

Оқушының жауаптары.


Сау болыңыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі