400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Р дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына арналған р дыбысын қоюға арналған сабақ жоспары. Логопед мамадары қолдануға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 5 апта

Тақырыбы : «Р» дыбысын қою

Мақсаты:«Р» дыбысын қою

Міндеті:

А) Түзету- білімділік:«Р»дыбысын анық , таза айтуға үйрету

Ә) Түзету-дамытушылық:фонематикалық естуін дамыту, артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға үйрету.

Б) Түзету-тәрбиелік: тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:«Р» дыбысының профилі, айна, зондалмастырңыш құрал.

Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңбе?

Көңіл-күйің қалай?

Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!


Сәлеметсізбе!

Жақсы.

Оқушының жауаптары.

Негізгі бөлім:

  1. Ең бірінші «Р» дыбысының артикуляциясын еске түсірейік.

Еріннің қалпы келесі дыбысқа тәуелді;Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді

  1. «Р» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз.

Жымию

Түтікше

Сағат

Тәтті тосап

Әткеншек

ат шауып келеді

Саңырауқұлақ

Баян

  • 3.Р дыбысын қою

  • Дыбысты Д дыбысынан қабылдау қолданылады.

  • Ауыз кең ашық, тілдің алдыңғы шеті жоғарғы тістерге көтеріледі. Бала Ді-Ді-Ді буынымен дыбыстайды. Альвеолға тиген тілдің ұшының соққылары жақсы көрінеді, Балаға Ді-Ді-Ді дыбысын айтқызып, тіл астын зонд арқылы тербеліске келтіру арқылы Р дыбысын шығарамыз.

Р дыбысының артикуляциясн көрсетеді.



аттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды










«Р» дыбысын айтуға дайындалады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Бойымызды жазамыз,

Балықтарға ұқсап біз,

Жүзіп-жүзіп аламыз.

Қайталап ,орындайды

Д/о: «Жалауша»


Дыбыстар қатарынан Р дыбысын естісең жалаушаны көтер.

В,Л,Р, У,Л,Р,Д,В,Р,Ы,Л,Р.

Жалаушаны көтереді.

Рефлексия:

Өзіңе ұнаған смайлик арқылы көңіл-күйіңді білдір.

Ұнаған смайлигін таңдайды

Қорытынды:

Бүгін қай дыбыспен таныстық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!

Оқушының жауаптары.


Сау болыңыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі