400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Р» дыбысын қою (Еліктеу тәсілі арқылы). Менің мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
«Р» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру; Жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

___________________________________________

(сабақтың тақырыбы)

Кезеңі

Дыбысты қою

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Т.М.Исаева

Күні:


Сынып/топ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Р» дыбысын қою (Еліктеу тәсілі арқылы). Менің мектебім

Сабақтың мақсаты

  • «Р» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру;

  • Жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру;

  • Фонематикалық қабылдауын дамыту;

  • «Менің мектебім» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт



Логопедтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе кезеңі

5 мин



















Сабақтың басы 10 минут


























  • Оқушылар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл-күйіміз көтеріңкі, тамаша! Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

Балалар, өткен сабақта біз қандай тапсырмаларды орындадық?

  • -Ендеше, еске түсірейікші.

- Балалар, бүгін біз мектепке саяхат жасаймыз!

-Мына суретке қарап әңгіме құрастырыңдаршы

-Жарайсыңдар!

-Логопед, балаларға мектеп жайлы түсіндіріп берді

«Мектеп» сөзі араб тілінен алынған, «жазу жазатын орын» деген ұғымды білдіреді. Мектеп-жарық әрі кең бөлмелері бар, оқушылардың білім алатын оқу орны. Біз сондай мектептерге шолу жасап көрейік.

Мектепте балалар білім алатын, сабақ орындайтын жерді «сынып» деп атайды, мектепте тамақтанатын орынды – «асхана» деп,кітап оқитын жерді «кітапхана» деп, атайды, дене тәрбиесімен айналысатын жерді- «спорт зал» немесе «спорт алаңы» дейді. Сондай-ақ мектепте мұғалімдер бөлмесі, медициналық бөлме, акт залы болады.

Райхан мен Раушан мектепке өлең жаттап келгенін айтты

Райхан да өлең жаттады

Раушан да өлең жаттады

Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары?

(«Р»)

Райхан мен Раушан мектепке өлең жаттап келгенін айтты.



Р дыбысының артикуляциясына назар аударайық

- Ерін аздап дөңгелентіп тұрады.

- Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді

- Тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі

- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.

- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.

- Жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.

- дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады.

- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.



Артикулияциялық жаттығулар:

«Күрекше» - жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Кесе» – ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек.Тіл асты желбезегін созу. 10-15 рет қайталау қажет.

«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапыстырып ұстап тұру керек.

«Тәтті тосап» - жалпақ тілімен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысынына тереңірек кіргізіп ұстау. 10-15 рет қайталау керек.

«Сылақшы» - ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау керек.

Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі.





Балалар

-Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жасадық

Үйден дос туралы мақал-мәтел жаттап келдік.

-Досы көпті дау алмайды,

Дұшпаны көпті жау алмайды









Балалар мектепке келді. Апайымен сөйлесіп тұр





















































  • Р дыбысынан басталады.

-Балалар артикуляциялық жаттығуларды орындайды
























































































































Сабақтың ортасы

20 минут


Тыныс алу жаттығулары:

- «Алақанды жылыту» - қолымыздың ара қашықтығы 10-15 см алдымызда, аузымыздан жылы дем шығарып, алақанымызға үрлейміз.

- Мұрын ұшына мақта қойып, оны үрлеу.

- Оқушыға тандаған әр түстегі батпырауықты үрлету.

«Р» дыбысын қою (Еліктеу арқылы)

«Мотоцикл айдау» - тілді жоғарғы тіске қарай көтеріп, «Дррррың-дррррың» деп айтқызу.

«Мотор» - тілді қатты таңдайға жабыстырып, мұрынмен тез тыныс алып, тілдің ұшына үрлеу.

Сергіту сәті

Жатыр еді сұр күшік,

Өте берді бір мысық.

Күшік оған: «ЫРР»-деді,

Мысық тұрып: «БРР»-деді.



Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.Қазір мен әр түрлі әндер айтамын,ал сен арыстанның әнін естігенде « рррр...» алақаныңды соқ: ж, ш, м, в, с,р, б

Дыбыс пен таңбаны сәйкестендіру

«Р» дыбысын ермексазбен бастырып шық

-Тыныс алу жаттығуларын жасайды















  • Балалар бірге қайталайды.



















  • Р дыбысын естігенде алақанын соғып жауап береді

























Сурет





Ермексаз



Сабақтың соңы

Логопед: - Бүгін қай дыбыс бойынша жұмыс жүргіздік?

Мектепке сендер не үшін келесіңдер?

Р дыбысы

  • Біз мектепке білім алу үшін, оқу үшін келеміз.



Үйге тапсырма

-Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын қайталау;

- Арыстанның дауысын айтып үйреніп келу;

-«Мектепке не үшін барамын?» сұрағына жауап жазып келу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2025
181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі