Материалдар / Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Рационал көрсеткішті дәреже және рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2022
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Модуль/пән атауы

Математика

Сабақтың тақырыбы

Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Сабақтың түрі

практикалық

Сабақтың мақсаты, міндеттері немесе оқыту нәтижелері

Рационал көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу; Рационал көрсеткішті дәреженің анықтамасы мен қасиеттерін есептерді шығаруда пайдаланады;

Санды өрнектердің мәндерін табуда рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану.

Оқу сабақтары барысын-дағы білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, есептерін шығара алады.

Рационал көрсеткішті дәреже есептерін шығарудың түрлі тәсілдерін қолданады.

Рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, есептерді түрлендіріп таба алады.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Тапсырмалар жазылған түрлі-түсті кеспелер, стикерлер, слайдтар, тест сұрақтары, кесте, бағалау парағы.


Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, ДК.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері


1. Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Сәлемдесу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (шаттық шеңбері).

Стикерлер арқылы топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Жетістік картасын тарату.

2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Семантикалық карта арқылы үй жұмысын тексеру. Топтар бірін-бірі бағалайды.


3. Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

(15 минут)

  1. Түймедақ күлтешелеріне жазылған сұрақтармен «Ой қозғау» әдісі арқылы өтілген тақырыптарды еске түсіру.

1. - квадрат түбірінің мағынасы болады? Жауабы: а≥0

2. теңдеуінен а-неге тең?

3.Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін?

4.Түбір белгісі қалай аталады? (радикал деп аталады)

5.Бүтін және бөлшек көрсеткішті дәреженің ұқсастығы

6.Дәреже көрсеткіші қандай сан болады?

7.Дәреже деген ұғым бізге таныс па?

8.Бүтін сандар дегеніміз не? (Натурал сандар, оған қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды)

9.Рационал сандар дегеніміз не? ( қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал жиынын құрайды, мүндағы, m – бүтін сандарға тиісті, n – натурал сандарға тиісті)

10.Иррационал сандар дегеніміз не? (Кез келген шексіз периодты емес ондық бөлшек иррационал сан деп аталады)

11.Нақты сандар дегеніміз не? (Нақты сандар жиыны деп барлық натурал, бүтін, рационал және иррационал сандардан құралған сандар жиының атаймыз)

12.Натурал сандар дегеніміз не? (Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады).

Әр дұрыс жауап бір балл.


2.Бар нәрсеге білім қолды жеткізер-деп есептер шығаруға дайындық үшін «Бүтін көрсеткішті дәреже», «Рационал көрсеткішті дәреже», «п-ші дәрежелі түбір» анықтамалары мен қасиеттерін постер арқылы топтар айтады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» -кері байланыс

4. Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі

(35 минут)

1.Математика - қызық пән,

Бәріміз оны білеміз.

Қызықты есеп шығарып,

Тез жауабын береміз-деп кеспелерде берілген есептерді әр топтан кезек-кезек шығып таңдап алып, орындайды.

Рационал көрсеткішті дәрежені түбір түрінде жазыңдар:

, , , , ,

Т Түбірді бөлшек көрсеткішті дәреже түрінде жазыңдар:

, , , , .

Әр дұрыс жауап бір балл.

2.«Ортақ нәтижеге жету» әдісі арқылы әр топтан шығып кубик лақтырып, түскен санға сәйкес слайдтағы есепті шығарады.

Сонымен қатар тапсырмада берілген фигура мен денені

  1. Суреттейді

  2. Салыстырады

  3. Қолданылуын айтады.


1)

2) ;

3) ;

4) ;


Әрбір дұрыс жауап бес балл.


3.Сергіту сәті

«Т,Ә,У,Е,Л,С,І,З,Д,І,К» әріптерінен сөздер құрастыру.


4.Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ. /сәйкестендіру тесті /

Берілгені

Жауабы

1

5

1


Топтар бірін-бірі бағалайды.

5. Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі

(10 минут)

Білгенге маржан.

Перфокарта арқылы топпен есептер шығару.

ҚБ: білім алушылар жұмыстарын ауыстырып, дескрипторлар көмегімен слайдтағы дайын жауаппен келесі топ смайлик арқылы бағалайды.


Дескрипторлар:

  • алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады;

  • өрнектің мәнін табады.

6. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (2 минут)

Слайдта берілген тапсырманы орындау туралы түсінік беру.



7. Сабақты қорытындылау және рефлексия (8 минут)

А) Топ ұпай сандары бойынша бағаланады. Топ басшыларының есебі.


Ә) Рефлексия. «Блоб ағашы» бойынша әр білім алушы сабақтағы өзін суреттен белгілейжі.

Б) Кері байланыс. Сабақтың қалай өткені туралы әр білім алушының ойын 321 стратегиясы арқылы бағалауы.

1. Бүгінгі cабақтан есте қалған 3 нәрсені жазыңыз.

2. Сабақ барысында естіген 2 маңызды ұғым жазыңыз.

3. Талқылау барысында туындаған 1 сұрақ жазыңыз.


Білімнің сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына-деп сабағымызды аяқтаймыз. Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!