Материалдар / "Рационал сандар және оларға амалдар қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рационал сандар және оларға амалдар қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану тақырыбы бойынша 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. №130 бұйрық бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2022
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


37 жалпы орта білім беретін мектебі


Бөлім:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Захарова Ақерке Мергенқызы

Күні:

12.11.2021ж

Сынып: 6 «а», «в», «е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.15 рационал сандарды көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты

- рационал сандарды көбейтуді орындайды;

- рационал сандарды көбейтуде таңбалар ережесін меңгереді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

1)Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Ой-қозғау: (Өткен сабақтар бойынша сұрақтар)

С-1: Таңбалары әр түрлі сандарды қалай көбейтеміз? Мысал келтір.

С-2: Таңбалары бірдей сандарды қалай көбейтеміз? Мысал келтір.

Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша тапсырмалар:

47+(-28) -45+36 -15-75 215+(-117)

-325+144 35-57 -253+435 -63+63

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

Үй тапсырмасы 1 балл

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

35 мин

Екі көбейткіштің таңбалары әр түрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейтінді теріс сан болады.

( – ) ∙ ( + ) = ( – ) ( + ) ∙ ( – ) = ( – )

Таңбалары әр түрлі екі санның көбейту үшін:

  1. осы сандардың модульдерін көбейту керек;

  2. көбейтіндінің мәнінің алдына « - » таңбасын қою керек.

( –a ) ∙ b = – ab, a ∙ ( –b ) = – ab

Мысал 3: –8 ∙ (–11) = 88 талқылау.

Оқушылардан теріс сандарды көбейту ережесін тұжырымдауды және жазуды сұрау.

Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтінді оң сан болады.

( – ) ∙ ( – ) = ( + ) ( + ) ∙ ( + ) = ( + )

Таңбалары бірдей екі санның көбейту үшін:

  1. осы сандардың модульдерін көбейту керек;

  2. көбейтіндінің мәнінің алдына « + » таңбасын қою керек.

( –a ) ∙ ( –b ) = ab.


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



482

Теңдік тура болатындай етіп, жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қойып жазыңыздар:


  1. 7 ∙ (*) = -21

  2. -15 ∙ (*) = 60;

  3. -5 ∙ (*) = -30;

  4. (*) ∙ (-9) = -63;

  5. (-25) ∙ (*) = -100.


Дескриптор:

- таңбалары бірдей рационал сандарды көбейту ережесін қолданады; 1балл

- таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту ережесін қолданады; 1 балл

- теңдік тура болатындай етіп, жұлдызшаның орнына белгісіз санды қояды. 1балл



483

Амалдарды орындаңдар:

  1. -63 ∙ (7-11);

  2. 9,9 ∙ (3-5);

  3. -2,2 ∙ (8-3);

  4. (26-11) ∙ (-0,4);

  5. (32-40) ∙ 3,5;

  6. (0,99-1) ∙ 26;

  7. (6,5 – 8) ∙ 2,4;

  8. (7,2 – 9,6) ∙ (-3,5);

  9. (5,3 – 4,8) ∙ (-6,2).


Дескриптор:

  • Таңбалары бірдей, рационал сандарды азайтуды орындайды; 1балл

  • Таңбалары әртүрлі рационал сандарды азайтуды орындайды; 1балл

  • таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді. 1балл

  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейтеді; 1балл


471

Дескриптор:

- таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді. 1балл

- таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтеді. 1балл


Жұптар бір-бірін бағалайды


Жұбымен бірге орындайды, көршілес жұптармен алмастырып тексереді.











3 балл





























4 балл














2 балл



Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов «Атамұра», 2018






Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов «Атамұра», 2018










Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов «Атамұра», 2018


Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.

  • Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.

  • Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесін тұжырымдағдар.

  • Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді нөлге тең?

Рефлексия:

Үй тапсырмасы:

436; 440 есеп

Қосымша тапсырма

Кесте бойынша температура өзгерісін табыңыз:


Алғашқы көрсетуі, 0С

15

-7

0

-8

Соңғы көрсетуі, 0С

12

-9

-5

-12

Температура өзгерісі






Жауабы:

-3

-2

-5

-4


Дескриптор: Білім алушы:

  • Рационал сандарды азайтуды орындай алады:

  • Температура өзгерісін есептей алады.

Мұғалімнің нұсқауымен өзін – өзі баағалау жүргізіледі.



Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов «Атамұра», 2018





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!