Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ әдіс алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: № 58 жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Райымбекова Қ

Сынып: 6 ә

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар:3

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыруға есептер шығарту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: Бүтін, рационал сандарды салыстыруды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Кейбір оқушылар: Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.


Бағалау критерийі


Бүтін - рационал сандарды салыстырады.

Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оң сандар, теріс сандар

Салыстыру, теңсіздік белгілері, модульдері бойынша салыстыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ... кескінделеді.

Кез келген оң сан ... үлкен.

Кез келген теріс сан ... кіші.

Құндылықтарға баулу

Өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану, геометрия.

Алдыңғы білім

Координаталық сәуледе натурал сандарды салыстыру.

Оң сан, теріс сан. Санның модулі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут


Сәлемдесу.

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

«Сәлемдесу» әдісі арқылы сергіту сәтін өткіземін. Оқушыларға түрлі тілдерде сәлемдесу үлгілері жазылған парақшалар тарқатылады. .«Сәлемдесу» арқылы оқушылар бір – бірлерімен сәлемдеседі. Парақшаның келесі бетінде жазылған сұрақтар бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылармен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау.


Парақша

лар

Сабақ ортасы


7 минут





















2 минут
















7 минут
































7 минут

6 минут












3 минут

«Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар топ ішінде талқыланып, жауап беріледі.

І топ

1.Координаталық түзуде 0-ден оңға қарай бағытта сандар кеми ме, әлде өсе ме?

ІІ топ

2. Координаталық түзуде 0-ден солға қарай бағытта сандар қалай өзгереді?

ІІІ топ

3. Координаталық түзуді пайдаланып, сандарды салыстырыңдар. Жұлдызшаның орнына < немесе > белгісін қойыңдар:

(-5) * (-4); (-4) * (-3); (-3) * (-2); (-2) * (-1); (-1) * (0);

Оқушыларды «координаталық түзуде оң сан 0 санының оң жағында, теріс санның оң жағында орналасады» деген қорытындыға келтіремін.

Есептер шығаруға қажетті материалдарды қайталап өту

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені оң жақта, ал одан кіші сан онаң сол жағында кескінделеді.

Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез-келген теріс саннан үлкен.

Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

Мысалы: С(-3) нүктесі О (0) және D (4,5) нүктелерінің сол жағында. Онда -3<0 ; -3<4,5



Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

Мысалы, онда онда

Оқулықпен жұмыс. «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды.

А деңгей

Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жаз:

1) 4>0; -7<0; 8>0; -1<0;

2)-3/5<0; -1/4<0;

3)8.1>0; -3.7<0;

Сандарды салыстырыңдар:

1) 8,7 >7,8; 2) -4,1 <2; 3) 3/8 >-5/8;

4) -6 >-9,2; 5) -18 <-1,8; 6) 2,9>-9,2;

Дескриптор:

- сандарды 0 санымен салыстырады;

- екі теріс санды салыстырады;

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

В деңгей

Сандарды салыстырыңдар:

1) -2/5 >-2/3; 2) -25/14 >-3; 3) -3/5 < -3/7;

4) -5/9 >-7/9; 5) -7/12 < -5/12; 6) -3/8 < -3/10.

Теңсіздік тура болатын цифрды тауып, жұлдызшаның орнына қой:

1) -7348 > -7349; 2) -4615 < -4605;

3) -2/7<-1/7; 4) -29,31<-19,31;

5) -58,40 > -58,41; 6) -3/4 < -3/5.

Дескриптор:

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

- алымдары (бөлімдері) бірдей бөлшектерді салыстыруды қоданып, екі теріс санды салыстырады;

С деңгей

.Координаталық түзуде белгілеп, салыстырыңдар:

1) -3,5 пен -4 2) ½ мен 2/3 3) - пен -2

Санды модулі бойынша салыстырыңдар

4) |-30| бен |-50|; 5) |-10| мен |-20|;

6) |-70| бен |-82|;

Дескриптор:

- берілген амалдарды орындайды;

- санды модулі бойынша салыстырады;

«Сұрақтар қобдишасы» әдісі бойынша әрбір топ тапсырмалар құрастырып қобдишаға салады да келесі топқа береді. Оқушылар есептерді плакаттарға шығарады.

«Бос орынды толтыр» Әр топқа тапсырма беріледі.


Бағалау критерийі:

-рационал сандардың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады

Дескриптор:

- сандарды 0 санымен салыстырады;

- екі теріс санды салыстырады;

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

Жауаптарын тексеріп, өзара бағалау жүргізіледі.


«Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

1. Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ........

2. Кез келген оң сан 0-ден ..........

3. Кез келген теріс сан 0-ден ........

4.Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан..........

5. Егер «а – оң сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:

6. Егер «в – теріс сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:

7. Бір таңбалы ең кіші бүтін сан...

8. Бір таңбалы ең үлкен сан...

9. Екі таңбалы ең кіші сан...

10. Үш таңбалы ең кіші сан...

Дескриптор:

- тұжырымдарды аяқтайды;

- оң және теріс санның жалпы түрде белгіленуін жазады;

- сандарды атайды;


2-слайд














смайликтер









3-слайд











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12