400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандарды бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Келтірбаева Б

Сынып:6 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.16 Рационал сандарды бөлуді орындау;

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар: Рационал сандарды  бөлуді біліп,  есептер шығаруда  қолдана білуге үйрету.

Оқушылардың басым бөлігі: Рационал сандарды бөлуде   таңбалар ережесін  ескеріп есептер шығаруға дағдыландыру.

Кейбір оқушылар: Рационал сандарды бөлуді, амалдарды қолдануды меңгеріп,  күрделі есептер шығарады.


Бағалау

критерийлері

-Таңбалары әр түрлі сандарды бөле алады

-Теріс санды теріс санға бөледі

-Өрнектің мәнін таба алады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер . Теріс сан, бөлу, таңба,оң сан, модуль, бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні, рационал сан, тең, нөл. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айтып беріңдер.Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін айтып беріңдер.Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды? Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?


Құндылықтарды

дарыту

Оқушылардың бойында патриоттық сезімі,ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті қасиеттерді жетілдіру. Бір-бірін сыйлауға, топпен жұмыс жасауға, ынтымақтасты болуға баулу.

Пәнаралық

байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

АКТ қолдану

дағдылары

Bilim Land. Kz сайтымен жұмыс

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. Рационал сандарды көбейту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды үш топқа бөлу

(стикерге жазылған тақырыптар бойынша)

Психологиялық  ахуал орнату

Сабаққа деген көңіл-күйіміз қалай? Оқу құралдарымыз дайынба? Ендеше сабағымызды бастаймыз.

Олай болса балалар қазір жылдың  қай мезгілі?

Қыс. Қыстың алғашқы айларында қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ауа райы қандай? Салқын, суық. Күннің салқындығын қандай  санмен жазамыз?Теріс сан. Ал егер жылы болса ше? Оң сан. Демек, бүгінгі сабағымызды ары қарай рационал сандармен есептер шығаруды жалғастырамыз. Сонымен, балалар бүгінгі сабақта бір-бірімізге:

–        Жақсы көңіл күй

–        Бір-бірімізді тыңдаймыз

–        Сабаққа белсенділік танытамыз

–        Алған білімімізді көрсетеміз 

Сабақтың ортасы

«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегия.

1-топ : Оң сандарға тапсырма:  Бөлінгіш пен  бөлгіштің таңбаларына қарай бөліндінің таңбасын анықтау, мысалдар келтіру

2-топ:  Теріс сандарға тапсырма: Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар, мысал келтіріңдер

3-топ:  Бөлшек сандар тобына: Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар, мысалдар келтіріңдер.

Өзара  бағалау . Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс).

І топ. №522(1), №527(1),

ІІ топ. №522(2), №527(2), ІІІ топ. №522(3), №527(3).

“Ойлан, тап!” ойыны ( семантикалық карта). Амалдарды орындап, дұрыс жауап тұрған торкөздегі әріптерді дұрыс орналастырғанда шығатын сөзді табу. (Жұптық жұмыс)

№

Тапсырма

а

а

р

о

ц

и

н

л

1

(-36+45):(-9)

9

-9

-1

1

2

-3

4

-4

2

(23-(-47))·0

70

0

1

-2

60

-70

 -1

 -60

3

-15+(-29)

-54

-34

29

14

-44

-14

34

-29

4

-1,69:1,3

-1,3

13

-13

130

0,13

-0,13

 1,3

-130

5

-4,2·(-2,5)

-105

-1,05

105

10,5

1,05

-10,5

1050

-1050

6

78+(-47)

-125

125

-31

-48

48

115

31

 -115

7

(31-(-14))·1

45

0

1

-2

-45

17

-17

45

8

13+(-37)

14

24

50

40

-50

-40

 -14

-24



ҚБ тапсырмалары: (жеке жұмыс)

Сабақтың соңы

Тест тапсырмасы. Жеке жұмыс

1.         5,4: (-0,9)=                    А) -6  В)6    С) -600

2.         56:( -8)+3=                    А)-0,9   В)4    С)-4

3.         -8:(-1,6) =                      А)0,5   В)5      С)-5

4.         9:(-5) =                           А)1,8   В)-1,08    С)-1,8

5.(10.1/8-17):2,75 – 7,6 А)10,1    В)-10,1    С)-1,1

Дескриптор:

  1. Бөлу амалын орындай алады

  2. Бөліндінің таңбасын анықтай алады

Өзін-өзі бағалау.

Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі арқылы әр оқушы берілген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Сатының суреті, сатының;

1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*,

2 - ші баспалдағы *Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН*


Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі