400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандарды көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға жақсы көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:6.1А

Рационал сандарға амалдар қолдану

Күні:

Сынып: 6

Мектеп:Сам орта мектебі

Мұғалімнің аты –жөні: Алпысбаева Майра

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.15 рационал сандарды көбейтуді орындау

Сабақтың мақсаттары

таңбалары бірдей рацоионал сандарды көбейту;

таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту;

көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттерін қолдану

Бағалау критерийлері

Таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді;

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейтеді;

Тілдік мақсаттар

Көбейтудің қасиеттерін қолдану дағдысын дұрыс қалыптастыру үшін есеп шығару кезінде ауызша тұжырым жасау

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топта жұмыс жасайды . бір –бірінің ойларын тыңдауға , өз ойын ашық айтуға дағдыланады

Пәнаралық байланыс

Уақыт және жылдамдыққа байланысты есептерді шығару кезіндегі негізгі формуланы қолдану арқылы физика пәнімен байланыс орнатылады

Алдыңғы білім

Рационал сандар .

Рационал сандарды қосу.

Рационал сандарды азайту.

Координнаталық түзу.

Кесіндінің үзындығы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Топқа бөлу

Теріс сандар , рационал сандар , оң сандар бойынша 3 топқа бөлемін

«Сен маған , мен саған» ойыны бойынша өтілгенді қайталау үшін топтар бір біріне 2-сұрақтан қояды

1.Рационал сандар дегенді қалай түсінесіңдер

2.Оң сандар қандай сандар ?

3.Теріс сандар қандай сандар

4.Рационал сандарды қалай қосады ?

5.Рационал сандарды азайтуды қалай түсінесіңдер ? 6.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?

Осы сұрақтардың жауаптары арқылы бүгінгі сабаққа кіріспе жасалады


Шаттық шенбері








Сабақтың ортасы

8 минут



  1. Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасындағы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі жаңа сабақ тақырыбын ашу

Есеп . Сүңгуір 1-секундта -3м тереңдікке сүңгиді .

Ол 5 секундта , 2 секундта неше метр тереңдікке сүңгиді?

Жауап: -3*2=-6 ; -3*5= - 15

  1. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландыру үшін

« өз жартыңды тап » оқыта үйрету ойынын қолданамын.

Карточкалар дайындаймын . Біреуінде сұрақ екіншісінде жауап. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түстері бірдей . Оқушылар кез келген түс карточканы таңдап түсі бойынша өз серігін тауып , бірге отырып жұмыс істейді.

1.Сұрақ :Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

Жауап :Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін:

  1. Осы сандардың модульдерін көбейту керек;

  2. Көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.

Мысал :(- 0,35)*6=- 2,1; *( )=

2. Сұрақ : Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

Жауап : Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін :

  1. Осы сандардың модульдерін көбейту керек;

  2. Көбейтіндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.

Мысал : (- 0,2) * (-1,5)=0,3; ( )* ) =0,1

3.Сұрақ : Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең ?

Жауап : Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса ,онда көбейтінді де нөлге тең болады .

а*0=0

Мысал : (-8,9)*0=0 ; 0*(-7,3)= 0

4.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қандай?

ав= ва мысал: (-0,5)*3= 3*(-0,5)= - 1,5

5.Көбейтудің терімділік қасиеті қандай?

(ав)с=а(вс) мысал: (9*(-0,8))*5= 9*((-0,8)*5)= -36

6.1.1.15 Рационал сандарды көбейту мақсатын жүзеге асыру үшін ауызша есептер орындаймыз . «Кім жылдам»

№522 1) -3∙(-18) 3) (-2)∙(-15) 5) ( -30) ∙ ( -2)

2)27 ∙ (-2) 4) 9∙ (-7) 6) (-15) ∙ ( +4)

6.1.1.15 рационал сандарды көбейту мақсатын жүзеге асыру үшін деңгейлік тапсырмалар беремін

Топтық жұмыс :

1. Жер бетінен әрбір 100метрге көтерілген сайын ауаның температурасы С- қа өзгереді . Тау етегінде - С болғанда тау етегінен 1км , 2 км және 3 км биіктіктегі ауаның температурасы неше градус болады?

Ш. 1м = 1000 м 1000: 100=10 10 ∙ (-0,6)+(-4) = - 6+(-4)= -10

2м = 2000м 2000 :100= 20 20 ∙ (-0,6) +(-4)= -12+(-4)= -16

3м = 3000м 3000: 100=30 30 ∙ (-0,6) +( -4)= -18+(- 4) = -22

2.Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар.

0,2·(а + 6) – 11 , мұндағы а= -7

3.Өрнектің мәнін табыңдар .

(-3)·(-4)· (-5) ·(-4,6)·(-1,5)

Дискриптор

  1. Өлшем бірліктерін біледі.

  2. Рационал сандарға амалдар орындай алады.

  3. Әріпті өрнекті ықшамдап , мәнін таба алады.

Жұптық жұмыс :

№ 537 Теңдік тура болатындай етіп , жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қойып жазыңдар:

  1. 7 (*) =- 21 3) -5 ∙ ( *)= - 30 5) ( *) ∙ (-9)= -63

  2. – 15 ∙ (*) = 60 4) ( *) ∙ (-4) = 36 6) (-25) ∙ (*) = - 100

№540 Тиімді тәсілмен есептеңдер :

  1. ( - ) ∙ (- ) ∙ ( = (- ∙ ) ∙ (- ) = - ∙ (- ) =

  2. ( - ) ∙ ( - ) ∙ (- ) - = ( - ) ∙ ( - ) ∙ ( - ) - =

= ( ) ∙ (- - = - - = - = -1

Бағалау критерийі

  1. Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту.

  2. Таңбалары бірдей сандарды көбейту.

  3. Терімділік қасиетін пайдалану.

Жеке жұмыс:

№526 Өрнектің мәнін табыңдар .

1 ) (- =121 2) (- = 0,49 3) ( =

№529

Өрнектің мәнін табыңдар

  1. 3,26 х , мұндағы х= - 10; - 100

  2. (х+у) , мұндағы х = -13 ; у = 2

3,26 ∙(-10) =32,6 3,26 ∙ (- 100) =- 326 ( -13+2)= 2

№534 Автобус аялдамаға жақындағанда тоқтау үшін әр секунд сайын жылдамдығын -2,5 м/с –қа өзгертті .

4 секундта автобустың жылдамдығы қаншаға өзгереді ?

4∙(-2,5 )= -10м/c

Дискриптор

1.Рационал сандарды квадраттай алады.

2.Әріпті өрнектің мәнін таба алады.

3.Рационал сандарды көбейте алады.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Аяқталуы

16 минут





Қызықты тапсырма

8 минут

Рационал сандарды көбейтуге байланысты мақсатқа жету үшін

топтарға шығармашылық тапсырманы зерттеушілік конференция әдісі бойынша беремін :

№550 + + + ... + - - - - ...- ) ( + + +...+ )

10рет 8 рет 15рет

Зерттеушілік әдісінде талқылайды , пікір тудырады , деректердің құндылықтарын жинақтайды, зерттеушілік шеңберінде бағалайды.






«Семантикалық карта» стратегиясы

Оқушылар семантикалық картаны толтырып болған соң тақтадағы дұрыс жауап бойынша өз-өздерін тексеріп, бағалайды.






Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алады


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Математика сабағында

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі