400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Рационал сандарды көбейту» 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға рационал сандарды көбейту тақырыбын жанама әсер ете отырып өз беттерімен меңгерту, алған білімдерін есеп шығаруда қолдануға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сыныбы: 6 «ә»

Пәні: математика Күні: 30.11.2017ж

Тақырыбы

70-сабақ

«Рационал сандарды көбейту»

Мақсаты

Оқушыларға рационал сандарды көбейту тақырыбын жанама әсер ете отырып өз беттерімен меңгерту, алған білімдерін есеп шығаруда қолдануға үйрету

Күтілетін нәтиже

    - Таңбалар ережесін біледі;
    - Рационал сандарды көбейтудің анықтамасын біледі;
    - Рационал сандарды көбейтудің ережесін біледі;
    - Есеп шығаруда қолдана алады

7модульдің қолданылуы

“Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Интервью», «Кім шапшаң», «Джигсо», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Табыс баспалдағы»

Қолданыла-тын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, тақта, бор, оқулық

Ұйымдастыру кезеңі

8 мин

Оқушыларды сандар жазылған парақшалар арқылы 4 топқа бөлу.

Ертеде бір патшалықта «Рационал сан» атты патша өмір сүріпті, ол патшаның .« Оң сандар», «Теріс сандар», «Қарама-қарсы сандар», «Жай сандар» , атты төрт ұлы болыпты. Ұлдарының ақылы көркіне сай болса да, өздерінің патшалықта алатын орны мен маңыздылығы жөніндегі даулары бітпепті. Төрт ұлының дауынан шаршаған патша оларды шақырып:

-Төртеуіңе үлкен сынақ беремін, қайсың содан сүрінбей өтсең, патшалықтың мұрагері атанып, бар байлықты иеленесіңдер депті. «Оң сан», «Теріс сан» мен «Қарама-қарсы сан» , «Жай сан» нөкерлерін жинап сайысқа кірісіп те кетеді.

Мен сіздердің топ басшыларыңызға бағалау парағын таратамын, бүгінгі ертегілер әлеміне саяхатымызды осы парақ арқылы бағалайтын боламыз

«Интервью» әдісі арқылы топтар өздерінің топ мүшелерін таныстырады

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.


Оқушылар топқа бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды. Топ аттарын қорғайды

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

5 мин



«Кім шапшаң» әдісі бойынша, өткен тақырыпқа қатысты тест тапсырмасы




«Кім шапшаң» әдісі бойынша, өткен тақырыпқа қатысты тест тапсырмасын тарату



«Кім шапшаң» әдісі бойынша, өткен тақырыпқа қатысты тест тапсырмасын орындайды


Түсіну

10 мин

«Джигсо» әдісі бойынша «Рационал сандарды көбейту» тақарыбын өздері талқылап, өздері қайталау масатында постер жасау

Оқушылар мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын постер жасайды

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

8 мин

Жеке жұмыс «есептер құрастыру»

    - Таңбалар ережесін пайдалану




Әр оқушыға екі есеп құрастыру тапсырылады

Оқушылар топпен құрастырған есептерін алмасып шығарып, «екі жұлдыз, бір тілек» жазады.

Талдау

5 мин

Оқушыларға оқулықтан тапсырма беру

Тапсырманы орындап шығуға уақыт беру

№

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жеке дара тапсырмаларды орындайды

Жинақтау

2 мин

Топпен жұмыс «Табыс баспалдағы» арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру арқылы тақырыпты жинақтау


Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушыларға стикерлер тарату



Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушылар өз ойларын жазады.


Бағалау

2 мин

Топ басшыларының бағалауы

Патша ұлдарының өнерлеріне тәнті болып, төртеуін де мұрагер етіп, тату – тәтті өмір сүрулерін өсиет етіп айтып кетіпті. Ағайындылар да қателіктерін түсініп «Рационал сандар» патшалығының көркеюіне өз үлестерін қосқан екен.


Топты бағалау

Топ мүшелерін бағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі