400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Рационал сандарды салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Бөлім:

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Ақмырзаева И.Қ

Күні:

14.10.2024

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12рационал сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде суреттеуді біледі.

Құндылықтар:

Бірлік және ынтымақ

- Командада жұмыс істей білу ;

-Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу ;

- Айналасындағыларға көмек көрсету;

Әділдік және жауапкершілік

- Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну.

- Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу

Сабақ барысы:

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

Сәлемдесу;

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, жағымды ахуал туындату;

Оқушыларды түгелдеу;

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен сәлемдесу;

Сыныпта жағымды ахуал туындату, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру;

Сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну

Ауызша бағалауды қоданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Тақта;

Оқулық;


Сабақтың

басы


10 минут

2.5. Рационал сандарды салыстыру

І. Оң сан мен теріс санды және нөл санын салыстыру.

Координаталық түзу бойында салыстырылатын рационал сандардың үлкені оң жақта, ал одан кіші сан оның сол жағында кескінделеді.

Кез келген теріс сан кез келген оң саннан кіші. Кез келген оң сан 0-ден үлкен; а > 0, мұндағы а – оң сан. Кез келген теріс сан 0-ден кіші; а < 0, мұндағы а – теріс сан.

II. Екі теріс санды салыстыру.

Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

6-сыныбына арн. / Оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова;. - Алматы: Мектеп, 2018

Сабақтың

ортасы


25минут

Беіту тапсырмалары

№344

-5;-7,8;-10 сандарынан үлкен бес санды жаз

№345

-23;-1,9;-25 сандарынан кіші бес санды жаз

№349

Сандарды салыстыр

  1. -2 және -9

  2. -13 және -11

  3. -9 және -10

  4. -0,8 және -0,7

  5. -60 және -63


№348

Сандарды салыстыр

  1. 6 және -8

  2. -15 және 25

  3. 45 және -45

  4. -0,09 және 0,5

  5. -32 және 11

  6. -100 және 1

№350 теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына белгісін қойындар

17 * -1

-20 * 35

-12 *0

1,9 * -0,8

51 * -50

-12 * 0

Светофор адісімен бағалайды

Немесе фигуралар адісімен.

Жасыл-өте жаксы

Сары-жаксы

Кызыл-орташа

6-сыныбына арн. / Оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова;. - Алматы: Мектеп, 2018

Жұппен жұмыс

№1

Сандарды атаңдар:

1) бір таңбалы ең кіші бүтін санды;

2) екі таңбалы ең кіші бүтін санды;

3) бір таңбалы ең үлкен бүтін санды; 4) екі таңбалы ең үлкен бүтін санды

№2

Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар:

  1. 4; –7; 8; –1;

3) 8,1; –3,7; –9,8.

«Басбармақ» әдісімен бір – бірін бағалау жүргізіледі

6-сыныбына арн. / Оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова;. - Алматы: Мектеп, 2018

Жеке жұмыс

№1. Мына сандарды салыстырып, нәтижесін > немесе < белгісі арқылы жазыңдар

1) 8,7 мен 7,8-ді;

4) –6 мен –11-ді;

7) 2,9 бен –9,2-ні;

2) –4,1 мен 2-ні;

5) –18 бен –1,8-ді;

8) –8,5 пен 0-ді;

№2 Салыстырыңдар

|-5| және |3|

|-2| және |4|

|-9| және |6|

|15| және |-16|

|-100| және |99|


Светофор адісімен бағалайды

Немесе фигуралар адісімен.

Жасыл-өте жаксы

Сары-жаксы

Кызыл-орташа


Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

Жұппен жұмыс

№1

Сөйлемдерді теңсіздікпен жазыңдар:

1) 5,7 – оң сан;

2) –99 – теріс сан;

3) x саны 5-тен үлкен, бірақ 7-ден кіші;

4) у саны 6-дан үлкен емес

№2 Сандарды салыстырып, жұлдызшаның орнына > немесе < белгісін қойыңдар:

(-3) * (-1)

(-3) * (-1)

(-3) * (-1)

(-3) * (-1)

(-3) * (-1)

Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.


Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

Сабақтың

соңы

5

минут

Қорытындылау.

1) Теріс сан үлкен бе, әлде оң сан үлкен бе?

  • 2) Қандай сандар 0-ден үлкен?

  • 3) Қандай сандар 0-ден кіші?

  • 4) Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?

ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Не білгім келеді?

Үйрендім





Үйге тапсырма. Оқулықтан №

Анықтамаларды жаттау


Бағалау парақтары бойына жинаған ұпаймен бағалану

ББҮ кестесі;

оқулық





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 қазан
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі