400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рационал сандарды салыстыру", 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру.

Сабақ

мақсаты

Оқушылар:

  • берілген координаталық түзуде рационал сандарды салыстырып үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • рационал сандарды салыстырады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;

  • координаталық түзуде.... санын белгілеу үшін, бірлік кесінді...

  • координаталық түзудің санақ басының оң (сол) жағына...

Құндылықты

дарыту

Оқушылар жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрметпен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру). Жұптар бірін-бірі тексеру кезінде академиялық адалдықты сақтау дағдылары қалыптасады.

Пәнаралық

байланыстар

Координаталық түзуде берілген нүктелердің координаталарын салыстыру кезінде негізі қаланған білімдерді оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын өткенде қолдана алады.

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар, санның модулі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


1-3мин

  1. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.









Сабақтың ортасы



3-6 мин






6-11 мин






11-15 мин











15-16 мин









16-22 мин

























22-25 мин







25-35 мин

























35-37 мин


Жаңа сабақты түсіну.

Сыныппен жұмыс:

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Сабақ басында оқушылардың сан модулі туралы, рационал сандарды салыстыру туралы білімдерін еске түсіру үшін бір-біріне сұрақ қояды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Білімді жаңарту

Сұрақ: Рационал сандарды салыстырудың қандай тиімді тәсілі бар?

Оқушылардың өздері шешу жолдарын ұсынады.

Мұғалім дер кезінде кері байланыс беріп, рационал сандарды салыстырудың алгоритмін құруға жетелейді.

Тапсырма 1.

Сандарды салыстырыңыздар.

Бұл тапсырманы орындауда, алдында құрылған рационал сандарды салыстыру алгоритмін қолдану керек. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.


  1. | - 15| және |3,5| ; 2) | 10| және | - 10|; 3) | - 1,6| және |1,5|

4) - 3,4 пен – 1; 5) – 0,99 бен -100; 6) - пен - 2 ;

7) - пен - ; 8) - пен - .


Оқушылар тақтадағы дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2.

Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңыздар:

  1. (-5) (-5,7), онда | - 5| |-5,7| ;

  2. (-7) (-6,3), онда | - 7| |-6,3| ;

  3. (-2) (-1,25), онда | - 2| |-1,25| ;

  4. (-9) (-8,7), онда | - 9| |-8,7| ;

Координаталық түзуде берілген сандарды салыстырып, нәтижесін теңсіздік арқылы көрсетіңдер. Мұндағы х пен у сандары – қарама- қарсы сандар:

  1. Координаталық түзудің санақ басы (О нүктесі) болатын нүктені табыңдар:

  1. Салыстырыңыздар: а) mсаны мен nсанын;

ә) dсаны мен k санын;

б) dсаны менnсанын;

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.


Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс:

Тапсырма 1.

Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңыздар:


  1. | -1,5| + | 8| |1,5 + 8| ;

  2. | 7| + | - | |7 - | ;

  3. | - 1 | + | -4 | | 1 + 4 | ;

  4. | 2 | + | - 0,8| | 2 - 0,8 | .


Тапсырма 2.

Суреттегі m және n сандары үшін мына тұжырымдарды сәйкестендіріңіз.

  1. m және n – оң сандар, мұндағы | m | | n |

  2. m және n – теріс сандар, мұндағы | m | | n |

  3. m – теріс сан, n – оң сан, мұндағы | m | | n |

  4. m – оң сан, n – теріс сан, мұндағы | m | | n |


1


а)

2


ә)

3


б)

4


в)


Тапсырма 3.

  1. Сандарды өсу ретімен жазыңыз:

- ; 3; - 2 ; 1,7; - 8; 9,5; - 4.

  1. Сандарды кему ретімен жазыңыз:

3,5; 4,1; - ; 2; 0; - .

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.























Қосымша 1

















Қосымша 2













Қосымша 3



















Қосымша 4

«Математика» оқулығы

6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

«Атамұра» 2011









Қосымша 5







Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылау:

  1. Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

  2. Неліктен?

  3. Жұмыста нені ескермедіңіздер?

  4. Неліктен?

  5. Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көзді демалдыру жаттығуы» жасатылады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі