Ақмола облысы, Целиноград
ауданы
Қоянды орта
мектебі
ТАҚЫРЫБЫ:
«РАЦИОНАЛ САННЫҢ
МОДУЛІ»
(АШЫҚ
САБАҚ)
Өткізген: математика
пәнінің
мұғалімі:
А.С.Ибраева
6 «А» - сынып
2014-2015 оқу
жылы
Сабақ
жоспары
Пән: математика
Сынып: 6
«А»
Күні: 21.10.14ж.
Сабақтың
тақырыбы: Рационал санның
модулі.
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділігі: Рационал санның модулі тақырыбын түсіндіру, алған
білімдерін бір жүйеге келтіріп, білімдерін
арттыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын,
ой
өрістерін, есте сақтау
қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тез ойлап шешім қабылдауға,
жауапкершілікке,
мақсатына жете білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдістері: деңгейлеп оқыту
әдісі
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық,
сөзжұмбақ, координаталық түзу, сандар
т.б.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру
кезеңі.
II. Үй тапсырмасын
тексеру.
III.Қайталау – оқу
айнасы.
IV. Әдістемелік
нұсқаулық.
V. Тақырыптың қысқаша
мазмұны.
VI. Дамыту кезеңі. Есептер
шығару.
VII. Сабақты бекіту
кезеңі.
VIII. Сабақты
қорытындылау.
ІХ. Үй
жұмысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
а)
Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін
тексеру
б) Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Үйге №342 №351 есептері
берілген. Осы есептер тексеріліп оқушылардың сұрақтарына жауап
беру.
№342
1) x=+(-1,9) 2) x=-(+0,75)
3) x=+ 
x=-1,9 x=-0,75
x= 
4) x=-(-2) 5)
x=-
6)
x=+(-1)
x=2
x=-
x=-1
№351
1) –(-27)=27
3)-
5) –(-
m)=m
2) -(+1,9)=-1,9 4)
–(-0,16)=0,16 6) –(+n)=-n
ІІІ.
Қайталау - оқу
айнасы.
-
-5, -4,8, -37 сандары
қандай сандарға жатады? (теріс)
-
-7 және +7, -9 және +9
сандары қалай аталады? (қарама-қарсы)
-
a-ның b-ға, c-ның d-ға
қатнасы қалай аталады?( пропорция)
-
мына түзу қалай аталады?
(координаталық)
-
+12, +0,9, +21 сандары
қандай сандарға жатады? (Оң)
-
Қандай сан оң санға да,
теріс санға да жатпайды?(нөл)
-
Координаталық түзудегі О
нүктесі қалай аталады? (санақ басы)
-
Жиындар нелерден тұрады?
(элнменттерден)
ІV. Әдістемелік
нұсқаулық.
Ағаштың оң жағында одан 3 м
қашықтықта қыз бала тұр, ал сол жағында одан 3 м қашықтықта доп
жатыр.
-
Ағаш санақ басында
орналасқан. Бірлік кесінді 1 м–ге тең деп алып, доптың жатқан
орнына және баланың тұрған орнына сәйкес нүктелердің
координаталарын жазыңдар.
-
Доптың ағаштан арақашықтығы
неше метр? Баланың ағаштан арақашықтығы неше
метр?
-
Осы арақашықтықты
өрнектейтін сандардың ұқсастықтары неде, айырмашылықтары
неде?
V.
Тақырыптың қысқаша
мазмұны.
Координаталық түзу
бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді
есебімен алынған) қашықтығы санның модулі деп
аталады.
Онда -4 санының модулі 4-ке
тең. Жазылуы: |-4|=4; Оқылуы «-4 санының модулі 4- ке
тең».
Модуль латынша modulus-
қазақша «мөлшер» деген мағынаны
білдіреді
Кейбір жағдайда модульдің
орнына абсолюттік шама деп те атайды.
І. Теріс санның
модулі.
|-5,5|=5,6
Теріс санның модулі оған
қарма-қарсы санға тең.
ІІ. Оң санның
модулі.
|16|=16
Оң санның модулі сол санның
өзіне тең
ІІІ. Нөл санының
модулі.
|0|=0
Нөл санының модулі 0-ге
тең.
Қарама-қарасы сандардың
модульдері тең.
VІ. Дамыту кезеңі. Есептер
шығару:
Ауызша орындалатын тапсырма:
№356
Тақтада орындалатын
тапсырмалар: №357, №365, №370
Қосымша тапсырма: №371,
№378
VІІ. Сабақты бекіту
кезеңі:
Математикалық
диктант.
1) |-8|= 4)
|12|=
2)
|6,7|= 5) |0|=
3) |-0,4|= 6) 
VІІІ. Сабақты
қорытындылау: Оқушыларға сабаққа
қатысқанына сай баға қою.
ІХ. Үй
жұмысы: №359, №363,
№371